Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасынан мыналар енгізілсін:
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
мәдени даму бөлімінің меңгерушісі;
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Ерік Мазанұлы Мусин және Наталья Артемовна Коржова шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі