Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкіметi арасындағы шекараға iргелес облыстарда ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын еңбекшi-көшiп келушiлердің еңбек кызметi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы келiсiмді бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 16 қаңтар N 29

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2002 жылғы 9 шiлдеде Бiшкек қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы шекараға iргелес облыстарда ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын еңбекшi-көшiп келушiлердiң еңбек қызметi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы шекараға iргелес облыстарда ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын еңбекшi-көшiп келушiлердiң еңбек қызметi және оларды
әлеуметтiк қорғау туралы
келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi
      1997 жылы 8 сәуiрде Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шарттың қағидаттарын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекеттер басшыларының 1998 жылғы 28 сәуiрдегi "Қарапайым адамдарға қарай бағытталған қарапайым он қадам" мәлiмдемесiн басшылыққа ала отырып,
      Тараптардың халықтың еңбек көшi-қоны процестерiн реттеу және еңбекшi-көшiп келушiлердi әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастығы үшiн құқықтық негiздi қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
      1994 жылы 15 сәуiрде Мәскеу қаласында қол қойылған Еңбек көшi-қоны және көшушi еңбекшiлердi әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң ережелерiне сүйене отырып,
      еңбекшi-көшiп келушiлердiң Тараптар мемлекеттерiнiң шекараға iргелес облыстарында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн оңайлатылған тәртiп ұсыну мақсатында,
      Тараптар мемлекеттерi азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етудi басым мiндет деп есептей отырып,
      заңсыз көшi-қонның алдын алу және жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерi аумағында көшi-қон процестерiн реттеудiң маңызды бағыты деп қарай отырып,
      төмендегi туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
      "шекараға iргелес облыстарда ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын еңбекшi-көшiп келушi" - Тараптар мемлекеттерi бiрiнiң азаматы болып табылатын, Кету тарабы мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын және заңды негiзде Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң шекараға iргелес облыстарында ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын адам (бұдан әрi - еңбеккер);
      "жұмыс берушi (жалдаушы)" - Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнде еңбек шарты жағдайларымен жұмыс ұсынушы заңды немесе жеке тұлға;
      "Кету тарабы мемлекетi" - аумағында еңбеккерлер тұрақты тұратын және оның аумағынан басқа мемлекетке ақылы жұмыс алу ниетiмен көшетiн мемлекет;
      "Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетi" - аумағында еңбеккер еңбек шарты (келiсiм-шарт) жағдайларымен еңбек қызметiн жүзеге асыратын мемлекет;
      "Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң шекараға iргелес облыстары" - Тараптар мемлекеттерi арасында белгiленген мемлекеттiк шекараға Тараптар мемлекеттерiнiң тiкелей жанасып жатқан облыстары;
      Қазақстан Республикасының Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстары;
      Қырғыз Республикасының Шу, Ыстық көл және Талас облыстары;
      "еңбек жағдайлары" - еңбекке ақы төлеу, еңбектi қорғау және нормалау жағдайлары, жұмыс тәртiбi, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ еңбек шартының (келiсiм-шартының) өзге де жағдайлары;
      "еңбек жағдайларының елеулi өзгеруi" - бұл еңбек жағдайының (жеңiлдiктердiң, еңбекақы мөлшерiнiң азаюы, қызметiнiң өзгеруi, белгiленген жұмыс уақытының өзгеруi) өзгеруi, оның нәтижесiнде еңбеккер жағдайының ол жұмыс iстеген кездегi жағдайлармен салыстырғанда өзгеруi;
      "еңбек шарты (келiсiм-шарт)" - еңбеккер мен жұмыс берушi (жалдаушы) арасында жазбаша түрде жасалатын екi жақты келiсiм, ол бойынша еңбеккер белгілi бiр мамандық, бiлiк немесе лауазым бойынша iшкi еңбек тәртiбiне бағына отырып жұмыс iстеуге мiндеттенедi, ал жұмыс берушi (жалдаушы) еңбеккерге жалақыны және Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасында көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақтылы әрi толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңнамада көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

2-бап

      Осы Келiсiмнiң күшi Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң шекараға iргелес облыстарында еңбек қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы азаматтарына қолданылады.

3-бап

      Тараптар тиiстi жылдың 1 ақпанынан кешiкпейтiн мерзiмде өзара келiсiм бойынша Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң шекараға iргелес облыстарында күнтiзбелiк жылда ауыл шаруашылығы жұмыстарында еңбек қызметiн жүзеге асыратын еңбекшi-көшiп келушiлер үшiн квота белгiлейдi.

4-бап

      1. Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң аумағында еңбекшi-көшiп келушілердiң келу-кету, тұру және еңбек қызметiн жүзеге асыру тәртiбi Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасымен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
      2. Еңбекшi-көшiп келушi Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасын бұзған жағдайларда Тараптар еңбек қатынастарын мерзiмiнен бұрын тоқтатуды және оның Кету тарабы мемлекетiне қайтуын талап ете алады.

5-бап

      1. Еңбекшi-көшiп келушiлердiң Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнің аумағындағы еңбек қызметi Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда берiлетiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Еңбекшi-көшiп келушiлер мен жұмыс берушiлер (жалдаушылар) арасындағы еңбек қатынастары Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартымен (келiсiм-шартпен) ресiмделедi.

6-бап

      Еңбек шартында (келiсiм-шартта) мiндеттi мәлiметтер мен шарттар ретiнде мыналар болуға тиiс:
      1) шарт (келiсiм-шарт) жасалған күнi мен орны;
      2) еңбеккердiң тегi, аты, әкесiнiң аты және жұмыс берушiнiң (жалдаушының) атауы;
      3) жұмыс берушiнiң (жалдаушының) орналасқан жерi (тiркелген, тұратын жерi);
      4) жұмыс істелуге тиiстi орын (орындар);
      5) еңбек функциясы (тиiстi бiлiктiлiктегi бiр немесе бiрнеше кәсiптер, мамандықтар, лауазымдар);
      6) еңбек шартының (келiсiм-шарттың) қолданылу мерзiмi;
      7) жұмыстың тәртiбi мен жағдайы;
      8) еңбекақының мөлшерi мен нысаны, оның төленетiн орны мен уақыты;
      9) еңбек шартын (келiсiм-шартты) бұзу жағдайлары;
      10) тараптардың қолдары.
      Еңбек шартында (келiсiм-шартта) көзделген еңбек жағдайлары азаматтарға Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес ұсынылатын жағдайлардан төмен болмауы тиiс.
      Кәсiпорынның (мекеменiң, ұйымның) таратылуына немесе қайта құрылуына, қызметкерлер саны немесе штат қысқаруына, еңбек жағдайларының едәуiр өзгеруiне байланысты еңбек шарты (келiсiм-шарт) бұзылған жағдайда Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес көрсетiлген негiздер бойынша босаған қызметкерлер үшiн көзделген жеңiлдiктер мен өтемдер еңбекшi-көшiп келушiлерге қолданылады. Бұл жағдайда еңбекшi-көшiп келушi Кету тарабы мемлекетiндегi тұрақты тұратын жерiне жұмыс берушi (жалдаушы) қаражаты есебiнен қайтарылуға тиiс.

7-бап

      1. Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн еңбекшi-көшiп келушiнiң АҚТҚ-ға зерттеуден өткен халықаралық үлгідегi медициналық анықтамасы болуы тиiс.
      2. Еңбек қызметiн Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң жұмыс берушiсiмен (жалдаушысымен) еңбек шарты (келiсiм-шарт) жағдайларымен жүзеге асырушы еңбекшi-көшiп келушiлерге медициналық жедел жәрдем көрсету Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң аумағында еңбекшi-көшiп келушiлерге жоспарлы медициналық жедел жәрдем жұмыс берушiнiң (жалдаушының) қаражаты есебiнен еңбек шартында (келiсiм-шартта) көзделген тәртiп пен көлемде не азаматтардың жеке қаражаты есебiнен, егер өзгесi Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасымен көзделмеген болса, жүзеге асырылады.
      4. Еңбекші-көшiп келушілердiң еңбек қызметi процесiнде тапқан кәсiптiк ауруларын немесе алған жарақаттарын емдеуге ақы төлеудi Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасында көзделген тәртiппен және шарттарда жұмыс берушi (жалдаушы) жүзеге асырады.

8-бап

      1. Осы Келiсiм Тараптары мемлекеттерiнiң әрқайсысы бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк деңгейi (сатысы) туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды (куәлiктер, аттестаттар мен дипломдар), еңбек және кәсіптiк қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi атақ, разряд пен білiктiлiк берiлгенi туралы басқа да құжаттарды, сондай-ақ мамандығы бойынша жеңiлдiк негiздегi өтiлiн қоса алғанда, еңбек өтiлiн таниды (заңдастырусыз).
      2. Еңбек қатынастарын тоқтатқан және еңбек шартын (келiсiм-шартты) бұзған кезде жұмыс берушi (жалдаушы) еңбекшi-көшiп келушiге жұмысының ұзақтығы мен ай сайынғы жалақысы туралы мәлiметтер бар құжат бередi.

9-бап

      Еңбекшi-көшiп келушiлердiң еңбек табыстарына салық салу Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген тәртiп пен мөлшерде жүзеге асырылады. Тараптар еңбекшi-көшiп келушiлер тапқан қаражатқа қосарланған салық салынуына жол бермейдi.
      Еңбекшi-көшiп келушiлерге салық салу мәселелерi Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы табысқа қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капитал салықтарына қатысты салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы 1997 жылғы 8 сәуiрдегi келiсiммен реттеледi.

10-бап

      Тараптар өз мемлекетiнiң аумағында еңбекшi-көшiп келушілер мен олардың отбасы мүшелерiн лауазымды адамдар тарапынан да, жеке адамдар, топтар, қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да ұйымдар тарапынан да күш көрсету, қоқан-лоққы нысандарында iс-әрекеттерден, сондай-ақ жынысы, нәсiлi, тiлi, дiнге қатыстылығы, сенiмi, саяси көзқарасы, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтiк тегi, экономикалық, мүлiктiк және отбасылық жағдайы белгiсi бойынша өзгe де iс-әрекеттерден қорғауды Тараптар мемлекеттерi заңнамасына сәйкес қамтамасыз етедi.

11-бап

      Еңбекшi-көшiп келушілердiң Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес ақша қаражаттарын қоса алғанда, жеке мүлкiн әкелуге және әкетуге, сондай-ақ 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң жеке тұлғаларының ақша аударымдарын жүзеге асыру рәсiмдерiн оңайлату туралы хаттамаға сәйкес ақша қаражатын аударуға құқығы бар.

12-бап

      Еңбекшi-көшiп келушiлердi зейнетақымен қамсыздандыру мәселесi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарына кепiлдiктер беру туралы 1992 жылғы 3 наурыздағы келiсiмiмен реттеледi.

13-бап

      Өндiрiсте болған жазатайым оқиғаларды тексеру Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Тұрғылықты мемлекетiнен тыс жерлерде жүрген кезде қызметкерлердiң өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға ұшырауын тергеудiң тәртiбi туралы 1994 жылғы 9 желтоқсандағы келiсiмiне сәйкес жүргiзiледi.

14-бап

      Еңбекшi-көшiп келушiнiң еңбек мiндеттерiн атқарумен байланысты оның денсаулығына келтiрілген зиянды өтеу тәртiбi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Еңбектегi мiндетiн атқару кезiндегi қызметкердің жарақаттануына, кәсiптiк ауруға ұшырауына немесе денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты келтiрiлген залалды өтеуге деген құқығын өзара тану туралы 1994 жылғы 9 қыркүйектегi келiсiмiне сәйкес жүргiзiледi.

15-бап

      Еңбекшi-көшiп келушi қайтыс болған жағдайда Жұмысқа орналастыру тарабы мемлекетiнiң жұмыс берушiсi (жалдаушысы) мәйiттi және оның жеке мүлкiн Кету тарабы мемлекетiнiң аумағына тасымалдауды ұйымдастырады және осыған байланысты барлық шығынды көтередi, Кету тарабы мемлекетiнiң дипломатиялық немесе консулдық өкiлдiгiн қайтыс болу фактiсi жөнiндегi материалдарды ұсына отырып, хабардар етедi.

16-бап

      Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiру немесе қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оны консультациялар және келiссөздер арқылы шешетiн болады.
      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге жеке Хаттамамен ресiмделетiн, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

17-бап

      Осы Келiсiм Тараптар мүше болып табылатын халықаралық келiсiмдерден туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

18-бап

      1. Осы Келiсiмдi iске асыру барысында мыналар Тараптардың уәкiлеттi органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) болады:
      Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;
      Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қырғыз Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi.
      2. Осы Келiсiмдi орындаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн уәкiлеттi органдар бiрлескен жұмыс тобын құрады, ол уәкiлеттi органдардың бiреуiнiң ұсынысы бойынша отырыстарды Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында кезек өткiзедi.
      3. Уәкiлеттi орган өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы дереу бiр-бiрiне хабарлайды.

19-бап

      1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған кезден бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және тиiстi кезең аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын егер Тараптардың бiр де бiреуi екiншi Тарапқа оның қолданылуын тоқтатпақ өз ниетi туралы хабарлама жолдамаса, келесi бес жылдық кезеңге өзiнен өзi ұзаратын болады.

      Бішкек қаласында 2002 жылғы 9 шілде екі түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiнiнiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушілiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      Қазақстан Республикасының         Қырғыз Республикасының
           Үкіметi үшiн                      Yкiметi үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады