Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автомобиль жолдарымен мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының салмақтары мен көлемдерi жөнiндегi келiсімді бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 17 қаңтар N 32

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автомобиль жолдармен мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының салмақтары мен көлемдерi жөнiндегi келiсiм (бұдан әрi - Келiсiм) қол қою кезiнде енгiзiлген ескертулерсiз бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Келiсiмге Қазақстан Республикасының ескертулерiн алу туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн хабардар етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң автомобиль жолдарымен мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының салмақтары және
көлемдерi жөнiндегі
КЕЛIСIМ

Ресми расталған мәтін

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмнiң Үкiмет тұлғасындағы қатысушы-мемлекеттерi
      - автомобиль жолдарының технологиялық бiртұтастығын сақтауға және автомобиль көлiгi арқылы тауарлар мен қызметтердiң еркiн өтуi үшiн жағдай жасауға, осы Келiсiмнiң қатысушы-мемлекеттерiнің автомобиль жолдарымен мемлекетаралық тасымалдардың тиiмдiлiгiн арттыруға ұмтыла отырып;
      - автомобиль жолдарының бұзылмай сақталуын және жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң маңыздылығын ұғына отырып,
      төмендегiлер туралы келiсті:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай терминдер пайдаланылды:
      "көлiк құралы" - автомобиль жолдарымен жүктердi немесе жолаушыларды не сонда орнатылған жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы;
      "жүк автомобилi" - автомобиль жолдары арқылы жүк тасымалдауға арналған механикалық жетектi көлiк құралы;
      "тартқыш" - дербес қозғалтқышпен жабдықталған және тiкелей немесе көбiнесе тiркеменi не жартылай тiркеменi жетекке алуға арналған көлiк құралы;
      "тiркеме" - тартқыш немесе жүк автомобилi арқылы жетекке алу жолымен жүктердi тасымалдауға арналған көлiк құралы;
      "жартылай тiркеме" - жүктердi тасымалдау үшiн арнайы жабдықталған көлiк құралы, ол тартқышқа мынадай тәсiлмен бірiктiрiледi: осы көлiк құралының бiр бөлiгi тiкелей тартқышқа орналасады да, салмағының үлкен бөлiгiн тартқышқа аударады;
      "автопоезд" - жүк автомобилi мен тiркемеден (тiркемелi автопоезд), тартқыш пен жартылай тiркемеден (ершiктi автопоезд) тұратын құрастырылған көлiк құралы;
      "автобус" - жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдауға арналған, жүргiзушiнi санамағанда, 8 орыннан астам отырғышы бар көлiк құралы;
      "жалғамалы автобус" - екi немесе одан да көп берiк секциялардан тұратын автобус, олар өзара топсылар арқылы жалғастырылады және әр секцияның жолаушыларға арналған өз салоны болады, жолаушылар салондарға емiн-еркiн қатынай алады;
      "құрастырылған көлiк құралы" - тiркеме немесе жартылай тiркеме арқылы бiрiктiрiлген автомобильден тұратын көлiк құралдарының құрастырылымы;
      "көлiк құралының ең жоғары ұзындығы" - көлiк құралының 1-қосымшада көрсетiлген белгiлерден аспайтын ұзындығы;
      "көлiк құралының ең жоғары биiктiгi" - көлiк құралының 1-қосымшада көрсетiлген белгiлерден аспайтын биiктiгi;
      "көлiк құралының ең жоғары енi (жалпақтығы)" - көлiк құралының 1-қосымшада көрсеткен белгiлер шегiнен аспайтын енi;
      "көлiк құралының ең жоғары салмағы" - көлiк құралының 2-қосымшада көрсетiлген белгiлер шегiнен аспайтын жүк тиелген немесе жүксiз салмағы;
      "ең жоғары білiктiк салмақ" - көлiк құралының автомобиль жолының үстiңгi қабатына бiлiгi арқылы берiлетiн салмақ, оның көлемi 3-қосымшада көрсетілген көлемнен аспауы тиiс;
      "бөлiнбейтiн жүк" - автомобиль жолымен тасымалдау тұсында шектен тыс көп шығын жұмсаусыз немесе оның бұзылу қаупiнсiз екi немесе одан астам бөлiкке бөлiнбейтiн жүк;
      "әуе аспасы" - амортизациялау әсерi кемiнде 75% қамтамасыз ететiн, амортизациялаушы элементi ауа болып табылатын аспа жүйесi;
      "арнаулы рұқсат қағаз" - 1, 2, 3-қосымшаларда көрсетiлген белгiлер шамасынан ең жоғары көлемдерi, салмағы мен білiктiк жүктемесi асатын жүктердi тасымалдауға көлiк құралына берiлетiн бiр жолғы рұқсат қағаз.

2-бап

      Осы Келiсiм арқылы қамтылған көлiк құралдарының ең жоғары көлемдерi мен салмақтары және бiлiктiк салмақтары (1, 2, 3-қосымшалар) аталмыш Келiсiмнiң қатысушы-мемлекеттерi автомобиль жолдары үшiн белгiленген, осы жолдармен ТМД халықаралық автомобиль жолдарын қосқанда, мемлекетаралық және транзиттiк тасымалдар жүзеге асырылады. Жергiлiктi автомобиль жолдарында Тараптар көлiк құралдарының шектi мөлшерлерi мен транзиттiк тасымалдар жүзеге асырылады. Жергiлiктi автомобиль жолдарында Тараптар көлiк құралдарының шектi мөлшерлерi мен ұйғарымды салмаққа басқаша талаптар белгiлей алады, әрi осы шек қоюлар осындай шек қоюды белгiлеген Тараптың көлiк құралдары және басқа Тараптардың көлiк құралдары үшiн тең дәрежеде қолданылады. Тараптар өзге Тараптардың тасымалдаушыларын жергiлiктi автомобиль жолдары үшiн белгіленген басқа талаптар жайлы хабардар етедi.

3-бап

      Тараптардың құзыреттi органдары жекелеген автомобиль жолдарына көлiк құралдарының салмағы мен көлемдерi бойынша шек қоюларды енгiзу тұсында осы шек қоюларды тиiстi жол белгiлерiмен таңбалауы тиiс.

4-бап

      Тараптар өз аумақтары арқылы арнаулы рұқсатсыз, соның ішiнде транзит арқылы да ең жоғары көлемдерi, көлiк құралдарының салмақтары мен бiлiктiк жүктемелерi 1, 2, 3-қосымшаларда көрсетiлген белгiлер шамасынан аспайтын көлiк құралдарын өткiзе беруге міндеттенедi.

5-бап

      Өлшемдiк желiлiк параметрлерiнiң кем дегенде бiреуi 1-қосымшада көрсетiлген белгiлерден артық болатын көлiк құралдары көлемсiз болып саналады.
      Ең жоғары салмағы және/немесе білiктiк салмағы 2- және 3-қосымшаларда көрсетiлген белгілерден асатын көлік құралдары ауыр салмақты болып саналады.

6-бап

      Көлемсiз және ауыр салмақты көлiк құралдары Тараптар аумақтарына тек арнаулы рұқсат болғанда ғана өткiзiледi, ол рұқсатты Тараптардың құзiреттi органдары бередi, олар тек осы арнаулы рұқсатта көрсетiлген нақты белгiленген бағдар бойынша ғана қозғалыс жасайды.
      Өз аумақтары бойынша көлемсiз және ауыр салмақты жүктерге арнаулы рұқсат беру үшiн Тараптар ұлттық нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қамтылған мөлшерде төлем белгiлей алады. Тараптар осы төлемдердiң мөлшерiн жақындастыруға ұмтылатын болады.

7-бап

      Осы Келiсiм арқылы белгiленетiн көлiк құралдарының ең жоғары көлемдерi мен басқа да желiлiк параметрлерi, көлiк құралдарының ең жоғары салмақтары және ең жоғары біліктiк салмақтары, қолданыстағы автомобиль жолдары бойынша кедергiсiз және бақылаусыз өту мүмкiндiктеріне сүйене отырып, көлік құралдарының көлемдерi мен салмақтарына оқшауланған талаптар ретiнде сақталынады. Бұл шектеулердің көлiк құралдары өндiрiсiнiң стандарттары мен талаптарына қатысы жоқ, олар басқа келiсiмдер арқылы белгiленедi.

8-бап

      Автомобиль жолдарымен қозғалыс тұсында Тараптар арқылы белгіленген көлемсiз және ауыр салмақты көлiк құралдары қозғалысының тәртiбi мен ережелерiн реттейтiн талаптар сақталынуы тиiс. Осы мәселе бойынша Тараптар арқылы қабылданатын нормативтiк-құқықтық актiлер аталмыш Келiсiмнің ережелерiн ескеруi тиiс.

9-бап

      Тараптар ауа райы жайсыздығы немесе автомобиль жолдарының техникалық жағдайының нашарлауына байланысты жекелеген автомобиль жолдарында немесе автомобиль жолдарының телiмдерiнде көлiк құралдарының көлемдерiне немесе салмақтарына уақытша шек қоюды негiзге алады, ол үшiн өзге Тараптардың тасымалдаушыларын осы шектеулердiң енгiзілуi және олардың мерзiмi жөнiнде уақытында хабардар етедi, сондай-ақ айналып өтудiң мүмкiн жолдарын көрсетедi.

10-бап

      Көлiк құралы тiркелген Тарап оны тиісті құжаттармен қамтамасыз етедi, көлемдер мен салмақтар бойынша осы Келiсiмде қамтылған шек қоюларды бақылауды қамтамасыз ету үшiн құжатта аталмыш көлiк құралының негізгi техникалық сипаттамасы мазмұндалады.
      Көлемсiз және ауыр салмақты арнаулы рұқсатнамаларды рәсiмдеу үшiн қажеттi құжаттар мен рәсiмдердi сәйкестендiру мақсатында Тараптар барлық қажеттi шараларды қабылдайды.

11-бап

      Тараптардың кез келгенi өздерiнiң өкiлеттi органдары арқылы көлiк құралдарының тiркелген орнына қарамастан, олардың көлемдерi мен салмақтарына бақылау жасауды жүзеге асыруға және тәртiп бұзушыларға ұлттық заңдарда ескерiлген шараларды қолдануға құқылы.

12-бап

      Тасымалдауды жүзеге асыру тұсында Тараптар көлiк құралдарының салмақтары мен көлемдерiн осы Келiсiмде белгiленген шектерден асырмауға ұмтылуға тиiс. Бұл талап бөлiнбейтiн жүктердi тасымалдауға тарамайды және олардың рұқсатнамасы арнаулы рұқсат қағазын рәсiмдеу арқылы жүзеге асырылады.

13-бап

      Тараптар осы Келiсiм қосымшаларында көрсетiлген көлiк құралдарының көлемдерi мен салмақтарын өлшеу әдiстерiн сәйкестендiруге ұмтылады.

14-бап

      Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль жолдары жүйесiне кiретiн, осы Келiсiмiнiң қатысушы-мемлекеттерi автомобиль жолдарының, осы Келiсiм арқылы белгiленген ең жоғары көлемдер мен салмақта көлiк құралдарының өткiзiлу талаптарына толық жауап беруi үшiн шаралар қабылдайды.

15-бап

      Аталмыш Келiсiм басқа, бұрын қол қойылған, өздерi қатысушы болып табылатын халықаралық келiсім-шарттар мен келiсiмдерден, соның iшiнде Тараптар арасында жасалған және басқа халықаралық келiсiм-шарт жасасуға кедергi келтiрмейтiн құжаттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

16-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың ортақ келiсiмiмен хаттамалармен рәсімделетiн өзгерiстер және қосымшалар енгiзiлуі мүмкiн.

17-бап

      Осы Келiсiмнің қолданылуына немесе түсiндiрiлуiне байланысты даулы мәселелер консультациялар немесе мүдделi Тараптардың келiссөздерi арқылы шешiледi.

18-бап

      Осы Келiсiм қол қоюшы Тараптар арқылы қажеттi барлық мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы жөнінде депозитарийге үшiншi хабарламаны сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
      Қажеттi рәсiмдердi кейiнiрек орындаған Тараптар үшiн ол депозитарийге тиiстi құжаттарды сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

19-бап

      Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап 5 жыл мерзiмге қолданылады. Осы мерзiм аяқталған бойда, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, онда Келiсiм әр жолы келесi бес жыл мерзiмге өздiгiнен созылып отырады.

20-бап

      Тараптардың әрқайсысы депозитарийге шығуынан кемiнде 6 ай бұрын жазбаша хабарлама жолдау арқылы осы Келiсiмнен шыға алады.

21-бап

      Осы Келiсiм оның мақсаттары мен қағидаларын бөлiсетiн мемлекеттердің қосылуына қашан да ашық, ол үшiн барлық Тараптардың келiсiмiмен осындай қосылу жөнiнде депозитарийге құжаттар табыс етiлуi тиiс.
      Қосылу депозитарий арқылы осындай қосылуға келiсу жөнiнде соңғы хабарлама алынған күннен бастап күшiне енген болып саналады.

      Минск қаласында 1999 жылдың 4 маусымында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару Комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған мемлекеттердiң әрқайсысына Келiсiмнiң расталған көшiрмесiн жiбередi.

      Әзербайжан Республикасының Үкiметi үшiн
      Армения Республикасының Үкiметi үшiн
      Беларусь Республикасының Үкiметi үшiн
      Грузияның Үкiметi үшiн
      Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн
      Қырғыз Республикасының Үкiметi үшiн
      Молдова Республикасының Үкiметi үшiн
      Ресей Федерациясының Үкiметi үшiн
      Тәжiкстан Республикасының Үкiметi үшiн
      Түркiменстанның Үкiметi үшiн
      Өзбекстан Республикасының Үкiметi үшiн
      Украинаның Үкіметі үшін

1-қосымша 

Көлiк құралдарының ең жоғары көлемдерi мен басқа да желiлiк параметрлерi

      1. Көлiк құралдарының ең жоғары көлемдерi Келiсiмнiң 4-бабы ережелерiн есепке ала отырып, төмендегi белгiлерден аспауы тиiс:
      1.1 Ең жоғары ұзындық:
      - жүк автомобилiнiң                  - 12,00 м
      - автобустың                         - 12,00 м
      - тiркеменің                         - 12,00 м
      - жалғамалы көлiк құралының          - 12,00 м
      - жалғамалы автобустың               - 18,00 м
      - автопоездiң                        - 20,00 м
      1.2. Ең жалпақ енi:
      - барлық көлiк құралдарының          - 2,55 м
      - көлiк құралдарының изометриялық
      шанақтарының (кузовтарының)          - 2,60 м
      1.3. Ең жоғары биiктiк:              - 4,00 м

      2. Көлiк құралдарының осы қосымшаның 1-тармағында көрсеткен ең жоғары көлемдерi, контейнерлердi қоса есептегенде, алынбалы шанақтар мен жүктерге арналған ыдыстардың көлемдерiн қосады.
      3. Кез келген көлiк құралы қозғалыс тұсында мына кеңiстiк ауқымында бұрылу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс, сырты радиус - 12,50 м және ішкі радиус - 5,30 м.
      4. Тiркеу құрылғысының тиек (iлмек) бiлiгi мен құрастырылған көлiк құралының артқы бөлiгiнiң ең үлкен аралығы 12,00 м-ден аспауы тиiс.
      5. Автопоездың бойлық бiлiгiне параллель өлшенген ең үлкен арақашықтық шанақтың алдыңғы сыртқы нүктесi немесе кабина артындағы жүк тиеуге арналған тұғырнама мен тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейiн, тартқыштың артқы бөлiгi және тiркеменiң алдыңғы бөлiгi арасындағы қашықтықты шегергенде, 17,0 м-ден аспауы тиiс.
      6. Автопоездың бойлық бiлiгiне параллель өлшеген ең үлкен қашықтық шанақтың алдыңғы сыртқы нүктесi немесе кабинаның артындағы жүк тиеуге арналған тұғырнама мен жартылай тiркеменiң сыртқы артқы нүктесiне дейiнгi аралық 16,40 м-ден аспауы тиiс.
      7. Көлiк құралына шанағына жайғастырылған жүк автомобильдің немесе тiркеменiң сыртқы артқы нүктесiнен 2,00 артық шығып тұрмауы тиiс.
      8. Жүк автомобилінің артқы бiлiгi мен тiркеменiң алдыңғы бiлiгiнiң арасындағы қашықтық 3,00 м-ден кем болмауы тиiс.
      9. Жартылай тiркеменің топсамен бекiтiлген бiлiгi мен жартылай тiркеменiң алдыңғы бөлiгiнiң кез келген нүктесiнiң арасындағы көлденең өлшенген ұзындық 2,04 м-ден аспауы тиiс.
      10. Көлiк құралының ұзындығы ISO 612-1978 стандартының 6.1. тармағына сәйкес өлшенуi тиiс. Бұл орайда ұзындықты өлшеу тұсында көлiк құралдарына құрастырылған мына құрылғылар есепке алынбайды:
      - әйнектердi (терезе шыныларын) тазалауға арналған құрылғылар және су бүрiккiштер;
      - қарсы алдыңғы және бүйiрлiк таңбалаушы пластинкалар (тілiкшелер);
      - пломбы салуға арналған құрылғылар және олардың қорғаныш бұйымдары;
      - брезент бекiтуге арналған құрылғылар және олардың қорғаныш бұйымдары;
      - электр жарығына арналған жабдық;
      - артқы жақты шолу айналары және автомобильдiң соңынан шолуға арналған бұйымдар;
      - ауа су түтікшелерi;
      - қақпақшалар және тiркемелерден немесе алынбалы шанақтармен қосуға арналған ажыратқыштардың ұзындығы;
      - шанаққа шығуға арналған басқыштар, қосалқы автопокрышкаға арналған көтергiш;
      - көтергiш тұғырнамалар (платформы), шығарушы басқыштар және басқа да осындай жабдықтар, жұмыс үстiндегi жағдайда 200 мм-ден аспауы тиiс және олар былайша орындалуы керек: автомобильге жүк тиеудiң шектi салмағы дайындаушы белгілеген салмақтан аспауы шарт.

      11. Көлiк құралының биiктiгi ISO 612-1978 стандартының 6.3. тармағына сәйкес өлшенуi тиiс. Әрi биiктiктi өлшеу тұсында көлiк құралына орнатылған антенналар тiк тұрғандағы пантографтар есепке алынбайды.
      Бiлiктi көтеруге арналған құрылғысы бар көлік құралдары үшiн осы құрылғы ықпалының тиiмділігi ескерiлуі керек.
      12. Көлiк құралының енi ISO 612-1978 стандартының 6.2 тармағына сәйкес өлшенуi тиiс. Бұл орайда ендіктi өлшеу тұсында көлік құралына қондырылған мына құрылғылар есепке алынбайды:
      - пломбылар, мөрлер үшiн арналған құрылғылар және олардың қорғаныш бұйымдары;
      - брезент бекiтуге арналған құрылғылар және олардың қорғаныш бұйымдары;
      - автопокрышкалардың зақымдалуын анықтауға арналған құрылғылар;
      - су бүрiккiштердiң шығыңқы бөлiктерi;
      - жарықтандыратын жабдық;
      - басқыштар, аспалы тұғырнамалар (платформы), және басқа да ocындай жабдықтар, олар жұмысқа қосылған жағдайда 10 мм-ден артық шықпауға тиiс, iлгерi немесе кейiн қараған басқыш бұрыштарының ең кемi 5 мм иiлу радиусы болады, ал олардың жиектерінің иiлу радиусы кемi 2,55 мм болады.
      - артқы жақты шолу айналары;
      - шинадағы қысымдардың индикаторларын (көрсеткiштерiн);
      - көлiктік қалыпта ішке тартылатын немесе жиналмалы басқыштар не сатылар;
      - жолдың үстіңгі қабатымен жанасу нүктесiнен шығып тұратын автопокрышка сыртының майысқан бөлiгi.

2-қосымша

Көлiк құралдарының ең жоғары салмақтары

      1. Көлiк құралдарының ең жоғары салмақтары төменде келтiрiлген белгiлерден аспауы тиiс:
      1.1. Жүк автомобильдерi:
      - қос біліктi автомобиль                        - 18 т
      - үш бiлiкті автомобиль                         - 24 т
      - қос жұп доңғалақтан тұратын,
      ауа немесе соған ұқсас
      (баламалы) салпыншақпен (аспа)
      жабдықталған жетекшi бiлiктi
      үш бiлiктi автомобиль                           - 25 т
      - қос жетекшi біліктi төрт бiлiкті автомобиль,
      олардың әрқайсысы қос жұп доңғалақтан тұрады
      және олардың әрқайсысы қос жұп доңғалақтан
      тұрады және олардың ауа немесе соған
      баламалы (ұқсас) салпыншағы бар                 - 32 т
      1.2. Құрастырылған көлiк құралының бiр бөлiгiн құрайтын көлiк құралдары:
      - қос биiктi тiркеме                            - 18 т
      - үш бiлiкті тiркеме                            - 24 т
      1.3. Құрастырылған көлiк құралдары
      *1.3.1. отырғышты автопоездар:
_________________________________
      * 1.3.1.1. Өзбекстан Республикасы аумағында мемлекетаралық тасымалдарды жүзеге асыратын (орындайтын) автокөлiк құралдар үшiн:
      Отырғышты автопоездар:
      - дара бiлiктi тiркемелi қос бiлiктi тартқыш    - 28 т
      - жартылай тiркеменің бiлiктерiнің арасындағы
      арақашықтық 1,3 және одан да көп, бiрақ 1,8
      м-ден артық емес қос бiлiктi жартылай
      тiркемелi қос бiлiктi тартқыш                   - 36 т
      - жартылай тiркеменің бiлiктерiнiң арасындағы
      арақашықтық 1,8 м-ден артық қос бiлiктi
      жартылай тiркемелi қос бiлiктi тартқыш          - 40 т
      - үш бiлiктi жартылай тiркемелi қос бiлiктi
      тартқыш                                         - 40 т
      - қос бiлiктi жартылай тiркемелi үш бiлiктi
      тартқыш                                         - 40 т
      - үш бiлiктi жартылай тiркемелi үш бiлiктi
      тартқыш                                         - 40 т
      * 1.3.1.2. Қазақстан Республикасы аумағында мемлекетаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлiктiк құралдар және осы келiсiмнiң басқа қатысушы-мемлекеттерінiң аумақтары бойынша мемлекетаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының автокөлiктiк құралдары үшiн:
      - көлiк құралының ең жоғары cалмағы             - 36 т
      - жартылай тiркеменің бiлiктерiнiң арасындағы
      қашықтық 1,3 және одан да көп, бiрақ
      1,8 м-ден артық емес қос бiлiктi жартылай
      тiркемелi қос білікті тартқыш                   - 36 т
      - жартылай тiркемелi бiлiктерiнiң
      арасындағы арақашықтық 1,8 м-ден
      асатын қос бiлiктi жартылай тiркемелi тартқыш   - 38 т
      - үш бiлiктi жартылай тiркемелi қос
      бiлiктi тартқыш                                 - 38 т
      - қос білiктi жартылай тiркемелi
      үш бiлiктi тартқыш                              - 38 т
      - үш бiлiктi жартылай тiркемелi үш
      бiлiктi тартқыш                                 - 38 т
      Осы қосымшаның 1.3.1. (б) тармағы бойынша 18 тонналық жүк автомобилi мен 20 тонналық жартылай тiркеме үшiн, егер көлiк құралының қосарланған қос доңғалақтан тұратын және ауа немесе соған баламалы (ұқсас) салпыншақпен жабдықталған жетекшi бiлiгi болса, онда ең жоғары салмақ 2 тоннаға көбейтiле алады.
      **1.3.2. Тiркемелi автопоездар:
      - қос бiлiктi тiркемелi қос бiлiктi жүк автомобилi - 36 т
      - үш бiлiктi тiркемелi қос бiлiктi жүк автомобилi  - 42 т
      - қос бiлiктi тiркемелi үш біліктi жүк автомобилi  - 42 т
      - үш бiлiктi тiркемелi үш бiліктi жүк автомобилi   - 44 т
      - төрт бiліктi тiркемелi үш бiліктi жүк автомобилi - 44 т
      1.4. Автобустар:
      - қос бiлiктi                                   - 18 т
      - үш білікті                                    - 24 т
      - үш біліктi топсалы жалғамалы                  - 28 т
      - төрт бiлiктi топсалы жалғамалы                - 28 т
__________________________
      **1.3.2.1. Беларусь Республикасы аумағы бойынша мемлекетаралық тасымалдарды iске асыратын автокөлiктiк құралдар және осы келiсiмнiң басқа да қатысушы-мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша мемлекетаралық тасымалдарды iске асыратын Беларусь Республикасының автокөлiктiк құралдары үшiн:
      Тiркемелi автопоездар:
      - қос бiлiктi тiркемелi қос бiлiктi жүк автомобилi - 36 т
      - басқа автопоездар                                - 33 т

3-қосымша 

Көлiк құралдарының
ең жоғары біліктiк салмақтары***

      Көлiк құралдарының ең жоғары білiктік салмағы төменде келтiрілген белгiлерден аспауы тиiс:
      1.1 Дapa білік үшін:
      - жетектегi                                   - 10,00 т
      - қос шиыршықты доңғалақты жетекшi            - 10,00 т
      1.2. Қосарлы бiлiктер, қос шиыршықты тiркемелер немесе жартылай тiркемелер үшiн біліктілік салмақтардың жиынтығы, білiктер арасындағы мына арақашықтықтарда төмендегі салмақтардан аспауы тиіс:
      - 0,5 м-ден артық, бiрақ 1 м-ден кем          - 12,0 т
      - 1 м-ден 1,3 м-ге дейiн                      - 14,0 т
      - 1,3 м-ден 1,8 м-де дейiн                    - 16,0 т
      - тең немесе 1,8 м-ден артық                  - 18,0 т
      1.3. Қосарлы білiктер, дара шиыршықты доңғалақты тiркемелер немесе жартылай тiркемелер үшiн білiктiк салмақтар жиынтығы, біліктер арасындағы мына арақашықтықтарда төмендегi салмақтардан аспауы тиiс:
      - 0,5 м-ден 1 м-ге дейiн                      - 11,0 т
      - 1 м-ден 1,3 м-ге дейiн                      - 13,0 т
      - 1,3 м-ден 1,8 м-де дейiн                    - 15,0 т
      - тең немесе 1,8 м-ден артық                  - 17,0 т
      1.4. Үш бiлiктi бiлiктер, қос шиыршықты доңғалақты тiркемелер немесе жартылай тiркемелер үшiн бiлiктiк салмақтардың жиынтығы бiлiктер арасындағы мына арақашықтықтарда төмендегi салмақтардан аспауы тиiс:
      - 0,5 м-ден 1 м-ге дейiн                      - 16,5 т
      - 1 м-ден 1,3 м-ге дейiн                      - 19,5 т
      - 1,3 м-ден 1,8 м-де дейiн                    - 22,5 т
      - тең немесе 1,8 м-ден артық                  - 25,5 т
      1.5. Үш біліктi бiлiктер, дара шиыршықты доңғалақты тiркемелер немесе жартылай тiркемелер үшiн білiктер арасындағы мына арақашықтықтар тұсында:
      - 0,5 м-ден 1 м-ге дейiн                      - 15,0 т
      - 1 м-ден 1,3 м-ге дейiн                      - 18,0 т
      - 1,3 м-ден 1,8 м-де дейiн                    - 21,0 т
      - тең немесе 1,8 м-ден артық                  - 24,0 т
      Жүк автомобилiнiң қосарланған жетекшi бiлiктерi немесе қос шиыршықты доңғалақты автобус үшiн бiлiктiлiк салмақтардың жиынтығы бiлiктер арасындағы төмендегi арақашықтықтар тұсында мына салмақтардан аспауы тиiс:
      - 0,5 м-ден 1 м-ге дейiн                      - 12,0 т
      - 1 м-ден 1,3 м-ге дейiн                      - 14,0 т
      - 1,3 м-ден 1,8 м-де дейiн                    - 16,0 т
      - тең немесе 1,8 м-ден артық                  - 18,0 т
      - дәл сондай немесе соған баламалы
      салпыншаққа бекiтiлу тұсында                  - 19,0 т
      1.7. Жүк автомобилiнің қосарлы жетекшi бiлiктерi немесе дара шиыршықты доңғалақты автобус үшiн бiлiктік салмақ жиынтығы бiлiктер арасындағы мына арақашықтықтар тұсында төмендегi салмақтардан аспауы тиiс:
      - 1 м-ге дейiн                                - 11,0 т
      - 1 м-ден 1,3 м-ге дейiн                      - 13,0 т
      - 1,3 м-ден 1,8 м-ге дейiн                    - 15,0 т
      2. Автомобильдің немесе құрастырылған көлiк құралының жетекшi бiлiктерiне берiлетiн салмақ автомобильдiң немесе көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиiс.
__________________________________
      ***Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекетаралық тасымалдарды iске асыратын автокөлiктiк құралдар және осы Келісімнің басқа қатысушы-мемлекеттерінiң аумақтары бойынша мемлекетаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының автокөлiктiк құралдары үшiн:
      1. Көлiк құралдарының ең жоғары бiлiктiк салмағы төменде келтiрiлген белгiлерден аспауы тиiс:
      1.1. Дара білік үшін:
      - Жетектегі                                   - 8,0 т
      - қос шиыршықты доңғалақты жетекшi            - 8,0 т
      1.2. Қосарланған бiлiктер, қос шиыршықты доңғалақты тiркемелер немесе жартылай тiркемелер үшiн бiлiктiк салмақтардың жиынтығы бiлiктер арасындағы мына арақашықтықтар тұсында төмендегi салмақтардан аспауы тиiс:
      - 0,5 м-ден артық, бiрақ 1 м-ден кем          - 12,0 т
      - тең немесе 1 м-ден артық, бiрақ
      1,3 м-ден кем                                 - 13,0 т
      - тең немесе 1,3 м-ден артық, бiрақ
      1,8-ден кем                                   - 14,2 т
      - тең немесе 1,8 м-ден артық                  - 14,4 т
      Дара шиыршықты доңғалақты тiркемелердің немесе жартылай тiркемелердiң қосарлы бiлiктерi үшiн бiлiктiк салмақтардың жиынтығы бiлiктер арасындағы мына арақашықтықтарда төмендегі салмақтардан аспауы тиiс:
      - 0,5 м-ден артық бiрақ 1 м-ден кем           - 11,0 т
      - тең немесе 1 м-ден артық, бiрақ
      1,3 м-ден кем                                 - 12,0 т
      - тең немесе 1,3 м-ден артық, бiрақ
      1,8 м-ден кем                                 - 13,2 т
      - тең немесе 1,8 м-ден артық                  - 13,6 т
_____________________________________________
      1.4. Қос шиыршықты доңғалақты тiркемелер немесе жартылай тiркемелердің үш бiлiктi бiлiктерi үшiн бiлiктiк салмақтардың жиынтығы бiлiктер арасындағы мына арақашықтықтарда төмендегi салмақтардан аспауы тиiс:

      - 0,5 м-ден артық бiрақ, 1 м-ден кем          - 17,4 т
      - тең немесе 1 м-ден артық, бiрақ
      1,3 м-ден кем                                 - 18,4 т
      - тең немесе 1,3 м-ден артық, бiрақ
      1,8 м-ден кем                                 - 21,2 т
      - тең немесе 1,3 м-ден артық                  - 21,9
      1.5. Дара шиыршықты доңғалақтар тiркемелер немесе жартылай тiркемелердiң үш бiлiктi бiлiктерi үшiн бiлiктер арасындағы мына арақашықтықтар тұсында:

      - 0,5 м-ден артық, бiрақ 1 м-ден кем          - 15,9 т
      - тең немесе 1 м-ден артық, бiрақ
      1,3 м-ден кем                                 - 17,2 т
      - тең немесе 1,3 м-ден артық, бiрақ
      1,8 м-ден кем                                 - 19,7 т
      - тең немесе 1,8 м-ден артық                  - 20,4

      1.6. Жүк автомобилiнiң қосарлы жетекшi бiлiктерi немесе қос шиыршықты доңғалақты автобус үшiн бiліктiк салмақтардың жиынтығы бiлiктер арасындағы мына арақашықтықтар тұсында төмендегi салмақтардан аспауы тиiс:
      - 0,5 м-ден артық, бiрақ 1 м-ден кем          - 12,0 т
      - тең немесе 1 м-ден артық, бiрақ
      1,3 м-ден кем                                 - 14,0 т
      - тең немесе 1,3 м-ден артық, бiрақ
      1,8 м-ден кем                                 - 16,0 т
      - тең немесе 1,8 м-ден артық                  - 18,0 т
      - дәл сондай ауа немесе соған баламалы
      салпыншаққа бекіту тұсында                    - 19,0 т
      1.7. Жүк автомобильдерiнің қосарлы жетекшi бiлiктерi немесе дара шиыршықты доңғалақты автобус үшiн бiлiктiк салмақ жиынтығы бiлiктер арасындағы мына арақашықтықтар тұсында төмендегi салмақтардан аспауы тиiс:
      - 1 м-ге дейiн                                - 11,0 т
      - 1 м-ден 1,3 м-ге дейiн                      - 13,0 т
      - 1,3 м-ден 1,8 м-ге дейiн                    - 15,0 т

      2. Автомобильдің немесе құрастырылған көлiк құралының жетекшi білігіне немесе жетекшi бiлiктерiне берiлетiн салмақ автомобильдің немесе көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады