Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2002 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Бұқаралық ақпаратты таратудағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Бұқаралық ақпаратты таратудағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталған Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
осы Келiсiмге халықтар мен қатысушы-мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға, бiрыңғай (жалпы) ақпараттық кеңiстiкті қалыптастыруға ұмтыла отырып,
ақпаратқа және оның кең таралуына еркiн және тең құқықты байланыс жасауға өзiнiң бейiлдiлiгiн растай отырып,
мемлекеттердiң егемендi құқықтарын құрметтей және бiр-бiрiнiң iшкі iстерiне қол сұқпаушылық принципiн қолдай отырып,
1998 жылғы 28 сәуiрдегi Мемлекетаралық Кеңестiң шешiмiмен қабылданған "қарапайым адамдарға қарсы қарапайым оң қадам туралы" Мәлiмдеменi, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы Шартты және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығын (бұдан әрi - ЕурАз ЭҚ) бекiту туралы Шартты басшылыққа ала отырып,
1992 жылғы 9 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi, 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң мерзiмдi баспасөз саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi және 1996 жылғы 18 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ақпарат кеңiстігін қалыптастыру Тұжырымдамасының ережелерiн назарға ала отырып,
1948 жылғы 10 желтоқсандағы жалпыға бiрдей адам құқықтары декларациясының ережелерiнен, 1975 жылғы 1 тамыздағы Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi Кеңестiң қорытынды актiсiнен соң,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
Тараптар өз мемлекеттерi халықтарының өмiрi туралы бiлiмдерiн одан әрi тереңдету мақсатында бұқаралық ақпараттың өзара кең және еркiн таралуы үшiн қолайлы жағдайлар жасауға мүмкiндiк туғызады.
Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң әр түрлi бұқаралық ақпарат құралдары арасында, сондай-ақ ақпарат саласында жұмыс істейтін тиісті мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары арасындағы өзара тиiмді ынтымақтастықты қуаттайды, қолдайды, жетiлдiредi. Олардың ынтымақтастығының нақты шарттары мен нысандарын уағдаластық бойынша немесе жеке келiсiмдер жасасу жолымен оның тiкелей қатысушылары белгiлейтiн болады.
Тараптардың әрқайсысы өзара негiзде осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң тiркелген өкiлдерiне және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiне ақпараттық материалдарды, телевизиялық репортаждарды дайындау кезiнде iскерлiк байланыстар орнатуға жәрдемдi қоса алғанда, олардың өз кәсiптiк мiндеттерiн орындауға көмек көрсетедi.
Осы баптың ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптар жеке келiсiм жасасады.
Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес тiркелген және өз қызметiн жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiне өз мемлекеттерi азаматтарының еркiн және тең құқықты қол жеткiзуiне кепiлдiк береді.
Тараптар осы мақсатпен Тараптар мемлекеттерiнiң заңнама талаптарына қайшы келмесе, осындай өнiмдердi құрайтын мәлiметтер мен материалдарды таратқан жағдайда өз мемлекеттерiнiң аумағында аталған өнiмдердiң таралуына кедергi келтiрмейдi.
Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң дипломатиялық және өзге де ресми өкiлдіктерiнiң хабарлары мен ақпараттарын таратуға кедергi келтiрмейдi.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес өз мемлекеттерiнiң аумағында құрылған және бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн шығарумен және таратумен айналысатын бiрлескен құрылымдардың қызметiне қолайлы жағдайлар жасауға мүмкiндiк туғызады.
Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатымен тиiстi бағдарламалар мен жобалар әзiрленуде және жүзеге асырылуда.
Осы Келiсiмнiң нысанасымен байланысты бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру Тараптардың қосымша шарттарымен ресiмделедi.
Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде қажетiне қарай тиiстi мемлекеттiк органдар басшыларының кездесулерiн қоса алғанда, (әрбiр Келiсiмге қатысушы-мемлекетте кезекпен) ақпарат саласында әрекеттегi басқа да ұйымдар өкiлдерінiң қатысуымен ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасу өткiзедi.
Қажет кезiнде осы Келiсiмдi орындау жөнiнде өзара iс-қимылды үйлестiру үшiн тиiстi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнен, сондай-ақ ақпарат саласында әрекеттегi кәсiпорындар мен ұйымдардың өкiлдерiнен жұмысшы топтары құрылады.
Көрсетiлген кездесулердi өткiзуге арналған шығындарды қабылдайтын мемлекеттiң мемлекеттiк органдары өтейдi. Тиiстi мемлекеттiк органдардың басшылары мен өкiлдерiн iссапарға жiберу жөнiндегi шығындарды көрсетiлген органдар дербес өтейдi, кәсiпорындар мен ұйымдардың өкiлдерiн iссапарға жiберу жөнiндегi шығындарды жiберетiн кәсiпорындар мен ұйымдар дербес өтейдi.
Тараптар бұқаралық ақпаратпен еркiн алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi шараларды қолданады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiне қосылған құнға салық салу тәртiбi, сондай-ақ Тараптардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасында өзара сауда да полиграфиялық материалдар мен жабдықтар егер Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық шарттарымен өзгеше көзделмесе, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларымен белгiленедi.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағында Келiсiмге қатысушы- мемлекеттер халықтарының тiлдерiндегi бұқаралық ақпарат құралдарының, соның iшiнде олардың ұлттық-мәдени ұйымдары мен бiрлестiктерiнiң қызметi үшiн қолайлы жағдайлар жасайды.
Тараптар бұқаралық ақпарат саласында кадрлар дайындауға өзара көмек көрсетедi және бiлiм беру және ғылыми-зерттеу мекемелерi мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты қолдайды.
Тараптар ақпарат саласында мамандар алмасуды, олардың кәсiптiк ұйымдарымен ынтымақтастықты қолдайды, Тараптар мемлекеттерi аумағында өткiзiлетiн және осы Келiсiм нысанасымен байланысты бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға, жәрмеңкелерге, көрмелерге, семинарларға, симпозиумдарға және басқа да iс-шараларға қатысуға өз мемлекеттерiнiң мамандары мен ұйымдарын тартуға көмектеседi.
Тараптаp бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс iстеуi үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн таратумен айналысатын ұйымдардың қызметiн қаржылық реттеу бөлiгiнде, осы Келiсiмнiң нысанасымен, соның iшiнде салық, кеден, валютамен байланысты салаларда өз мемлекеттерiнiң заңнамаларын жақындату жөнiнде шаралар қолданады.
Осы заңнама Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Осы Келiсiмдi түсiндiру және орындау кезiнде дау туындаған жағдайда олар Тараптар белгiлейтiн құзыреттi органдар арасында келiссөз немесе консультация арқылы шешiледi.
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн оған оның мақсаттары мен принциптерiн мойындайтын басқа да мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
Келiсiмге қатысушы болып табылмайтын Тараптар 1950 жылғы 22 қарашадағы бiлiм беру, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды әкелу туралы және 1976 жылғы 26 қарашадағы оның Хаттамасын өз мемлекеттерiнiң аталған құжаттарға қосылуы туралы мәселенi қарайды.
Осы Келiсiм iшкi мемлекеттiк рәсiмдер үшiн қажет соңғы хабарламаны Тараптардың орындағаны туралы депозитарийi Еуразия экономикалық қоғамдастығының интеграциялық Комитетi алған күннен бастап күшiне енедi.
Қосылатын мемлекет үшін Осы Келiсiм қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап күшiне енедi.
Тараптардың әрқайсысы депозитарийге тиiстi жазбаша хабарлама жiберiп осы Келiсiмнен шыға алады. Келiсiмнiң iс-әрекетi осындай Тараптар үшiн депозитарий тиiстi хабарламаны алған күннен алты ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
Тараптардың бiрiне қатысты Осы Келiсiмнiң iс-әрекетiнiң тоқтатылуы жүзеге асырылуы әлдеқашан басталған бағдарламалар мен жобаларға әсер етпейдi, сондай-ақ оның негiзiнде жасалған шарттар мен келiсiмдердiң iс-әрекетiн қозғамайды.
Тараптар өзара келiсiм бойынша Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен рәсiмделедi және белгiленген тәртiппен осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес күшiне енедi.
2002 жылы 20 қыркүйекте Астана қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiнде сақталады, ол куәландырылған көшiрменi оған қол қойған мемлекетке жiбередi.
Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметі үшін Үкiметi үшiн
Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн