Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2015 № 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу мәселелерін түсіндіру қажеттігі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 9 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы N 3 нормативтік қаулысының 8-тармағына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) бірінші абзацта "Қазақстан Республикасының азаматтарының жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (2001 жылдың 19 қаңтардағы Заңымен енгізілген өзгерістерімен бірге) 1999 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңның 22-бабының қолданылуы 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды" деген сөздер алынып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Соттар "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңның 26-бабындағы осы Заңның 18-24-баптарының күшінің Заң күшіне енгенге дейін ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына қолданылатыны туралы нұсқауын Заң қабылданғаннан кейін ақталған адамдардың құқықтарын шектеместен 18-24-баптардың қолданылуына кері күш береді деп түсіну қажет.".
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |