Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң ведомстволық наградалары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 20 қаңтар N 57. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 21-бабы1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалі;
      2) "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағы;
      3) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құрмет грамотасы Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары болып табылады деп белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) дипломатиялық қызметтің ведомстволық наградаларының сипаттамасы мен үлгілері;
      2) "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" Нәзір Төреқұлов атындағы медальға берілетін куәліктің сипаттамасы мен үлгісі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң ведомстволық наградаларына ұсынудың және оларды тапсырудың ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.

      4. Осы қаулы қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2003 жылғы 20 қаңтардағы      
N 57 қаулысымен          
бекiтiлген          

Омырауға тағатын "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi" белгісiнiң сипаттамасы

      Омырауға тағатын "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi" белгiсiнiң (бұдан әрi - белгi) диаметрi 35 мм көлемдi дөңгелек пiшiнi болады. Дөңгелектiң iшiнде көк түспен орындалған ендiктер мен бойлықтардың сызбалары бар диаметрi 23 мм жер шарының мәнерленген рельефтiк бейнесi орналасады. Жер шарының аясында жоғарғы жағында диаметрi 12 мм Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының (бұдан әрi - елтаңба) барельефтiк бейнесi орналасқан. Алтын түспен орындалған жер шарының аясында елтаңбаның астында қалықтап ұшқан қыранның бейнесi орналасқан.
      Белгi дөңгелектеп иiрiлiп келген және жер шарының астымен өтетiн енi 5 мм алтын түстi көлемдi көмкерме лентамен жиектелген. Лентаның жоғарғы бөлiгі елтаңба бейнесiнiң жоғарғы бөлiгіне тиедi. Лентаның жоғарғы бөлiгiнде "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi" мәтiнi шырқай көк түстi эмальмен жазылған. Әрiптердiң биiктiгi лентаның жоғарғы бөлiгiнде 2 мм, төменгi бөлiгiнде - 1,5 мм. Лента мен жер шарының бейнесi арасында енi 1,5 мм ақ түстi лента өтедi. Лентаның үстiнен жан-жақтарынан жасыл түспен орындалған лаврлар орналасқан.
      Белгi алтын түстi металдан жасалады, бұл оған көрiктi түр бередi. Белгiнiң сыртқы жағында оның реттiк нөмiрi және наградталушының киiмiне қадауға арналған тиiстi бекіткiш болады.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң   
2003 жылғы 20 қаңтардағы       
N 7 қаулысымен            
бекiтiлген            

      РҚАО-ның ескертуі: Омырауға тағатын белгінің суретін қағаздағы мәтіннен қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң   
2003 жылғы 20 қаңтардағы       
N 7 қаулысымен            
бекiтiлген            

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi құрмет грамотасының сипаттамасы

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi құрмет грамотасының (бұдан әрi - грамота) көлемi 297 х 210 мм тiкбұрышты пiшiнi болады және тығыздығы кемiнде 200 грамм х 1 ш.м. қағаздан әзiрленедi.
      Грамотаның периметрi бойынша шетiнен 5 мм аралықта алтын фольгадан жасалған, енi 15 мм мәнерленген қазақ ою-өрнегiнiң суретi орналасады. Жоғарғы шетiнен 26 мм аралықта орта тұсында диаметрi 38 мм толық түстi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы орналасқан.
      Жоғарғы жиектен 78 мм аралықтағы орта тұсында decorKAZ, кегель 26-28 типографиялық қарпiмен орындалған "Құрмет грамотасы" мәтiнi жазылған. Көрсетiлген мәтiннiң төменгі жағындағы 13 мм аралықта Times New Roman, кегель 18 қарпiмен орындалған наградтау мәтiнi орналасады.
      Грамотаның жоғарғы жиегiнен 122 мм аралықтағы орта тұста decorKAZ, кегель 26-28 типографиялық қарпiмен орындалған наградталушының тегi, аты және әкесiнiң аты орналасады.
      Төменгі жиектен 52 мм әрi сол және оң жақ жиектен 41 мм аралықта тиiстi мемлекеттік орган басшысының қызметi және аты-жөнi бар мәтiн жазылады. Төменгi жиектен 27 мм аралықтағы орта тұсына марапаттаудың орны мен жылына сiлтемесi бар мәтiн орналасады.  Жоғарыда көрсетiлген мәтiндер Times New Roman, кегель 14 қарпiмен орындалады.
      Наградталушының тегi, аты және әкесiнiң аты жазылған мәтiн алтын түстi фольгадан, қалған мәтiн - күлгiн көк түстi фольгада орындалады.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң   
2003 жылғы 20 қаңтардағы       
N 7 қаулысымен            
бекiтiлген            

      РҚАО-ның ескертуі: Құрмет грамотасының суретін қағаздағы мәтіннен қараңыз.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 қаңтардағы   
N 57 қаулысымен      
бекітілген      

Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы
саясатына қосқан үлесі үшін" медалінің
сипаттамасы

      Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалі алтынға ұқсас жезден жасалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдің алдыңғы бетінде, ортасында Нәзір Төреқұловтың барельефтік бейнесі орналасқан. Суреттің айналасы лавр бұтақтарымен көмкерілген. Медальдің шеттеріндегі ернеуі мен лавр бұтақтарының арасында "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" деген жазу орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде Нәзір Төреқұловтың суретінің астында "Нәзір Төреқұлов" деп жазылған.
      Медальдің сыртқы бетінде, ортасында "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген жазу орналасқан, жазудың астында екі лавр бұтағы орналасқан. Төменгі бөлігінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен алтынға ұқсас жезден жасалған ені 30 мм және биіктігі 24 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның тік бұрышты бөлігі Қазақстан Республикасының туы түстес ені 20 мм жібек қатқыл лентамен қапталған.
      Медаль түйреуіштің көмегімен киімге тағылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 қаңтардағы    
N 57 қаулысымен       
бекітілген       

"Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі
үшін" Нәзір Төреқұлов атындағы медаль үлгісі

       РҚАО-ның ескертуі: Медаль үлгісінің суретін қағаздағы мәтіннен қараңыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 қаңтардағы   
N 57 қаулысымен      
бекітілген       

Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы
саясатына қосқан үлесі үшін" медаліне берілетін куәліктің
сипаттамасы

      Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалінің куәлігі екі парақты, 8х10 см көлемді кітапша болып табылады. Куәліктің тысы көк түсті бумвинилді негіздегі қатырма қағаздан жасалған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен жазулар батыңқы түсірілген алтын түспен жасалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 қаңтардағы    
N 57 қаулысымен       
бекітілген        

"Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі
үшін" Нәзір Төреқұлов атындағы медальға қоса берілетін
куәліктің үлгісі

      РҚАО-ның ескертуі: Куәліктің үлгісінің суретін қағаздағы мәтіннен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады