Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 22 қаңтар N 77. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.20. N 367 қаулысымен

      "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетін өнiмдердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесінің нормативтiк құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

      3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң   
2003 жылғы 22 қаңтардағы       
N 77 қаулысымен           
бекiтiлген           

Сәйкестiк туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тiзбесi

------------------------------------------------------------------
СЭҚ TH                   Өнiмнің атауы
коды
------------------------------------------------------------------
   1                           2
------------------------------------------------------------------
                     Байланыс құралдары
------------------------------------------------------------------
851711000    сымсыз трубкалы сымды байланысқа арналған телефон
             аппараттарын қоса алғанда, электр телефон аппараттары
851719900    таксофондар

851711000    факсимильдi байланысқа арналған аппаратура
852520910    транктiк және ұялы радиобайланыс жүйелерiне арналған
852521990    таратушы аппаратура
852520990    құрамдас бөлшектерiн қоса алғанда, таратушы аппаратура

852510900    радиотелефонды және радиотелеграфты байланысқа
             арналған таратушы аппаратура
------------------------------------------------------------------
                      Медициналық бұйымдар
------------------------------------------------------------------
300650000    алғашқы көмек көрceтугe арналған дәрi-дәрмектер
------------------------------------------------------------------
             Адамның терiсiмен жанасатын халық тұтынатын тауарлар
------------------------------------------------------------------
             вулканизацияланған резеңкеден жасалған гигиеналық
             немесе фармацевтикалық бұйымдар:
401490900    су астында жүзуге арналған резеңке маскалар және
             ерінқаптар, шомылуға арналған бас киiмдер

401490900    резеңке жылытқыштар
401490900    резеңке маталы төсенiш клеенка
------------------------------------------------------------------
            Қаупi ықтимал өндiрiске арналған жабдықтар
------------------------------------------------------------------
731210590    болат арқандар (жалпы мақсаттағы, пайдалануға және
731210820    терең барлау бұрғылауына арналған көтергiш тұйық,
731210840    тартатын тұйық, тальдiк, арматуралық)
731210860
731210880
731210990
------------------------------------------------------------------
                  Құрылыс материалдары
------------------------------------------------------------------
6806**       дыбыс тұтқыш, жылу сақтағыш және дыбыс сiңiргiш
392111000    материалдардан жасалған бұйымдар
392112000
392113*
392114000

701690300    шыны пакеттер
701690900
------------------------------------------------------------------
                   Буып-түю ыдыстары
------------------------------------------------------------------
732399910    шыны ыдыстарға арналған металл қақпақшалар
------------------------------------------------------------------
                     Жеңіл өнеркәсiп өнiмдерi
------------------------------------------------------------------
5208**       мақта маталар
5209**
5210**
5211**
5212**

5111**       жүн маталар
5112**
511300000    жануарлардың немесе жылқының қылшық жүнiнен
             тоқылған маталар

6401**       былғарыдан, резеңкеден, тоқымадан және былғары мен
6402**       резеңке алмастырғыштардан жасалған аяқ киiм
6403**
6405**
------------------------------------------------------------------
                  Өңделген ағаш тауарлары
------------------------------------------------------------------
360500000    сіріңкелер

940130100    тұрмыстық жиһаз
940130900
940140000
940150000
940161000
940169000
940171000
940179000
940180000
------------------------------------------------------------------

      *1-бағанда тауарлық позицияны көрсеткен кезде (CЭҚ ТН кодының алғашқы алты саны) барлық тауарлық қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының алты саны) және осы қосалқы позицияға кiретiн кiшi қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының тоғыз саны) өнiм түрлерi декларациялауға жатады.
      **1-бағанда тауарлық позицияны көрсеткен кезде (CЭҚ TH кодының алғашқы төрт саны) барлық тауарлық қосалқы позициялардың (СЭҚ TH кодының алты саны) және осы тауарлық позицияға кiретiн кiшi қосалқы позициялардың (СЭҚ ТН кодының тоғыз саны) өнiм түрлерi декларациялауға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады