Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1207 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2003 жылғы 28 қаңтар N 98

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 32, 424-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөнiндегi агенттiгiне", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы іс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламада:
      мәтiндегi "ДСА", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттігi", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер тиiсiнше "ҚР ДСМ", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Паспорт" деген 1-бөлімде:
      "Қаржыландырудың көздерi мен көлемi" деген жолда:
      бiрiншi абзацта:
      "47,264" деген сандар "30,615" деген сандармен ауыстырылсын;
      "12,943" деген сандар "8,405" деген сандармен ауыстырылсын;
      "11,015" деген сандар "8,405" деген сандармен ауыстырылсын;
      "11,015" деген сандар "8,405" деген сандармен ауыстырылсын;
      "15,668" деген сандар "15,115" деген сандармен ауыстырылсын;
      "17,601" деген сандар "12,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қорғаныс министрлiгi - 12,805 млн. теңге, Бiлiм және ғылым министрлiгi - 1,190 млн. теңге" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Iшкi iстер министрлiгi - 3,5 млн. теңге" деген сөздермен толықтырылсын;
      екіншi абзацта:
      "358,483" деген сандар "358,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      "80,547" деген сандар "80,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      "92,645" деген сандар "92,6" деген сандармен ауыстырылсын;
      "92,646" деген сандар "92,6" деген сандармен ауыстырылсын;
      "92,645" деген сандар "92,6" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қаржыландырудың қажеттi ресурстары және көздерi" деген 6-бөлімде:
      екіншi абзацтың кестесi мынадай редакцияда жазылсын:
___________________________________________________________________
Қаражат           |2002 жыл |2003 жыл |2004 жыл |2005 жыл |Барлығы
__________________|_________|_________|_________|_________|________
Республикалық         5,4      8,405     8,405     8,405    30,615
бюджет
Жергiлiктi           80,5      92,6      92,6      92,6     358,3
бюджеттер
___________________________________________________________________

      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың жоспары" деген 8-бөлімде:
      "ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы жөнiндегi ақпараттық-бiлiм беру жұмысы" деген 8.2-тарауда:
      реттiк нөмiрi 8.2.3-жолдың "республикалық бюджет" деген бағанындағы "0,534" деген сандар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 8.2.4-жолдың "республикалық бюджет" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2002 жыл - 3,5
      2003 жыл - 4,0
      2004 жыл - 4,0
      2005 жыл - 4,0
      барлығы - 15,5";
      реттік нөмiрi 8.2.5-жолдың "республикалық бюджет" деген бағанындағы "12,805" деген сандар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 8.2.7-жолдың "республикалық бюджет" деген бағанындағы "0,656" деген сандар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 8.2.11-жолда:
      "Орындалу мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2003-2004 жж.";
      "республикалық бюджет" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2003 жыл - 1,005
      2004 жыл - 1,005
      барлығы - 2,01";
      реттiк нөмiрi 8.2.12-жолдың "республикалық бюджет" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2002 жыл - 1,9
      2003 жыл - 3,4
      2004 жыл - 3,4
      2005 жыл - 4,405
      барлығы - 13,105";
      "Мiнез-құлқы қатерлi контингенттер арасында АҚТҚ таратылуының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар" деген 8.3-тарауда:
      реттiк нөмiрi 8.3.6-жолдың "республикалық бюджет" деген бағанындағы "0,656" деген сан алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады