"Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасы туралы шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 30 қаңтар N 107

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасы туралы шартты
бекiту туралы

      2001 жылғы 16 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шарт бекiтiлсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасы туралы
ШАРТ

      Бұдан әрi Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы,
      достық пен тату көршiлiк, өзара құрмет тұту және тең құқылық рухында,
      екi мемлекеттiң тәуелсiздiгiн, егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, шекараларының мызғымастығын құрмет тұту, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, өзара түсiнiстiк және өзара сенiм бiлдiру қағидаттарының негiзiнде,
      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мемлекеттiк шекара сызығының (бұдан әрi - Мемлекеттiк шекара) өтуiн нақтылау және анықтау мақсатында,
      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы 1998 жылғы 31 қазандағы шарттың ережелерiне сәйкес,
      барлық егемендi мемлекеттердiң өздерiнiң мемлекеттiк шекараларын тиiстi түрде қорғау үшiн қажеттi шаралар қабылдайтын ажырамас құқығын тани отырып,
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiр-бiрiне қандай да бiр аумақтық талаптары жоқ екенiн растай отырып,
      Мемлекеттiк шекарада халықаралық құқықтық режимдi қолдау қажеттiгiн назарға ала отырып,
      бақылаудың шекаралық, кедендiк, санитариялық және басқа да қажеттi нысандарын қамтамасыз ету мақсатында,
      халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей қабылданған нормаларына сәйкес,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасы және Өзбек Кеңес Социалистiк Республикасы арасындағы әкiмшiлiк-аумақтық межелеу негiзiнде Мемлекеттiк шекара сызығының өтуiн белгiледі.

2-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мемлекеттiк шекара сызығы осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының өту сипаттамасына, бұдан әрi - Сипаттама (1-Қосымша), толық сәйкес өтедi деп уағдаласты.

3-бап

      Мемлекеттiк шекара сызығы 1:100 000 масштабтағы топографиялық карталардың және Арал теңiзiнiң айдынына қатысты 1:200 000 масштабтағы ғарыштық фотокартаның парақтарына қызыл түспен түсiрiлген (2-Қосымша). Құрылысы тығыз және белсендi шаруашылық қызметi жүрiп жатқан учаскелерде Мемлекеттiк шекара сызығы 1:10 000
және 1:5 000 масштабтағы топографиялық карта парақтарына түсiрiлген (3-Қосымша). Екi Қосымша да осы Шарттың ажырамас бөлiктерi болып табылады.
      Қазақ, өзбек және орыс тiлдерiндегі Сипаттамалардың мәтiндерiнде пайдаланылатын географиялық жеке атаулардың жазылуы жоғарыда көрсетiлген карталарға сәйкес келеді.
      Сипаттамада аталатын барлық арақашықтықтар және координаттар осы карталар бойынша өлшенген.

4-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы N 18 шекаралық нүктеден N 19 шекаралық нүктеге дейiн, N 84 шекаралық нүктеден N 85 шекаралық нүктеге дейiн, N 115 шекаралық нүктеден N 117 шекаралық нүктеге дейiн Мемлекеттік шекара сызығының өтуi туралы мәселелердi шешу үшiн келiссөздердi жалғастырудың және тиiстi шарт дайындаудың қажеттiгi туралы уағдаласты.

5-бап

      Қазақстан Республикасының, Түрiкменстанның және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйiсу нүктесi осы мемлекеттер арасындағы жеке шартпен белгiленетiн болады.

6-бап

      Шекаралық белдеуде, оның iшінде шекаралық өзендерде болуы мүмкiн кез келген табиғи өзгерiстер Мемлекеттiк шекара сызығының өтуiн өзгертуге әкеп соқпайды.

7-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Бiрлескен демаркациялық комиссия құруға және осы комиссияға Мемлекеттiк шекара демаркациясын жүзеге асыруды, сондай-ақ егжей-тегжейлi демаркациялық карталар жасауды және демаркациялау нәтижелерi бойынша құжаттар жобаларын әзiрлеудi тапсыруға уағдаласты.

8-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Мемлекеттiк шекара режимiн жеке шартпенен айқындайды.

9-бап

      Осы Шарттың ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты барлық мәселелердi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар консультациялар және келiссөздер арқылы шешетiн болады.

10-бап

      Осы Шарттың мерзiмi шексiз болып табылады және күшi жойылуға жатпайды.
      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшiне енедi.

      Астана қаласында 2001 жылғы 15 қарашада қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi данадан жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы шарттың ережелерiн түсiндiруде келiспеушілiктер туындаған жағдайда, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегі мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасы үшiн     Өзбекстан Республикасы үшiн

Қазақстан Республикасы мен       
Өзбекстан Республикасы         
арасындағы Қазақстан-Өзбекстан    
Мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 
1-Қосымша               

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы
арасындағы Мемлекеттiк шекара сызығы өтуiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiнен бастап мемлекеттiк шекара сызығы (К-42-70 карта парағы, снеголавин. ст. ОЙГАИНГ, 1970 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1982 жылғы басылым) Майдантальский жотасының су айырығы бойынша жалпы оңтүстiк-батыс бағытта өтедi, Майдантал өзенiн Қазақстан Республикасының аумағында, ал ОЙГАИНГ өзенiн Өзбекстан Республикасының аумағында қалдырып, 3807.1, 4012.1, 3842.2 биiктiк белгiлерi бар нүктелер, 4139.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункт, 4046.3, 4258.0, 4269.0 биiктiк белгiлерi бар нүктелер, 4135.7 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункт, 3848.9, 3588.6, 3376.0 биiктiк белгiлерi бар нүктелер, 3356.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункт, 3990.5, 2410.5 биiктiк белгiлерi бар нүктелер арқылы N 1 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 45.72 километр құрайды.
      N 1 шекаралық нүкте (К-42-70 карта парағы, снеголавин. ст. ОЙГАИНГ, 1970 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1982 жылғы басылым) 2403.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 3.18 километр қашықтықта, 3417.5 биiктiк белгiсi бар Ахчар геодезиялық пунктінен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 5.00 километр қашықтықта 1938.0 биіктік белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 2.40 километр қашықтықта Майдантальский жотасының су айырығында орналасқан. N 1 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк бағытта N 2 шекаралық нүктеге дейiн өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.20 километр құрайды.
      N 2 шекаралық нүкте (К-42-70 карта парағы, снеголавин. ст. ОЙГАИНГ, 1970 жылғы жергiлiкті жердiң жағдайы, 1982 жылғы басылым) 2403.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 2.49 километр қашықтықта, 3417.5 биiктiк белгiсi бap, Ахчар геодезиялық пунктінен шығысқа қарай 4.60 километр қашықтықта, 1938.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 3.62 километр қашықтықта Майдантал өзенiнiң ортасында орналасқан. N 2 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы 2945.5 биiктiк белгiсi бар нүктеге дейін Угамский жотасындағы атаусыз сiлемінiң су айырығы бойынша жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта өтедi, одан кейiн бағытын жалпы солтүстiк-батысқа өзгертiп, Угамский жотасындағы атаусыз сiлемнiң су айырығы бойынша өтуiн жалғастырады да 3417.5 биiктiк белгiсi бар Ахчар геодезиялык пункт, 3430.8 биiктiк белгiсi бар нүкте, 3644.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункт, Турпакбель асуы, 3394.1, 3718.0, 3889.5 биiктiк белгiлерi бар нүктелер арқылы өтедi, әрi қарай К-42-69 карта парағына көшiп, 3846.9 биiктiк белгiсi бар нүкте арқылы N 3 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 21.90 километр құрайды.
      N 3 шекаралық нүкте (К-42-69 карта парағы, ГЕОРГИЕВКА, 1985 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1991 жылғы басылым) Сайрамский шыңындағы 4236.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 3.15 километр қашықтықта, 3319.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 8.63 километр қашықтықта 3348.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 9.93 километр қашықтықта Угамский жотасының су айырығында орналасқан. N 3 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Каракызсай өзенiнiң бастауларын Өзбекстан Республикасының аумағында, ал Сайрамсу мен Сарыайгыр өзендерiнiң бастауларын Қазақстан Республикасының аумағында қалдыра отырып, жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта Угамский жотасының су айырығы бойынша 3786.0, 3641.7, 3629.4 биiктiк белгiлерi бар нүктелер, 3872.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункт, 3358.8 биiктiк белгiсi бар нүкте арқылы N 4 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 17.50 километр құрайды.
      N 4 шекаралық нүкте (К-42-69 карта парағы, ГЕОРГИЕВКА, 1985 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1991 жылғы басылым) Угамский жотасының су айырығында орналасқан 3502.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пунктпен бiріктірiлген. N 4 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Угамский жотасының су айырығы бойынша алдымен жалпы оңтүстiк бағытта 3359.4, 3168.4 биiктiк белгiлерi бар нүктелер арқылы К-42-81 карта парағына көшеді, 3610.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункт арқылы өтедi де 3508.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пунктке жетедi, одан кейiн бағытын жалпы оңтүстiк-батысқа өзгертедi де Яхаксай өзенiнiң бастауларын Өзбекстан Республикасының аумағында, ал Минтукумсай өзенiнiң бастауларын Қазақстан Республикасының аумағында қалдыра отырып, 3387.0 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгi, 3334.0 биiктiк белгiсi бар Курумжол асуы, 3572.1, 3615.1 биiктiк белгiлерi бар геодезиялық пункттер, 3503.1, 3429.0, 3353.7, 3352.0 биiктiк белгiлерi бар нүктелер, 3377.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункт, 3225.9 биiктiк белгiсi бар нүкте, 2617.4 биіктiк белгiсi бар Биркол асуы, 2542.6 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункт арқылы өтедi, одан әрi 2360.8 биiктiк белгiсi бар Яхак асуы арқылы су айырығы бойымен жүрiп, N 5 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 46.50 километр құрайды.
      N 5 шекаралық нүкте (К-42-81 карта парағы, СИДЖАК, 1983 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) 2542.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 3.22 километр қашықтықта, 2716.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 3.32 километр қашықтықта, 2501.5 биiктік белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 2.64 километр қашықтықта 2386.5 биiктiк белгісi бар Минчукурбель асуында орналасқан. N 5 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы батыс-солтүстiк-батыс бағытта Терссай өзенiн қия отырып, N 6 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.40 километр құрайды.
      N 6 шекаралық нүкте (К-42-81 карта парағы, СИДЖАК, 1983 жылғы жергiлiкті жердің жағдайы, 1989 жылғы басылым) 2716.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 5.24 километр қашықтықта, 2501.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 3.12 километр қашықтықта 1699.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 6.60 километр қашықтықта орналасқан. N 6 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк бағытта өтеді де N 7 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.23 километр құрайды.
      N 7 шекаралық нүкте (К-42-81 карта парағы, СИДЖАК, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) 2716.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 5.26 километр қашықтықта, 2501.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстік-батысқа қарай 4.30 километр қашықтықта, 1699.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстікке қарай 5.40 километр қашықтықта орналасқан. N 7 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта N 8 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.15 километр құрайды.
      N 8 шекаралық нүкте (К-42-81 карта парағы, СИДЖАК, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) 2716.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 6.40 километр қашықтықта, 2501.5 - биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 4.81 километр қашықтықта, 1699.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 5.29 километр қашықтықта орналасқан. N 8 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы оңтүстiк бағытта түзу сызық бойынша N 9 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.71 километр құрайды.
      N 9 шекаралық нүкте (К-42-81 карта парағы, СИДЖАК, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) 716.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 6.44 километр қашықтықта, 2501.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 4.22 километр қашықтықта, 1699.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 6.03 километр қашықтықта орналасқан. N 9 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта К-42-80 карта парағына көшедi де N 10 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.01 километр құрайды.
      N 10 шекаралық нүкте (К-42-80 карта парағы, ХУМСАН, 1980 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым) Керагил жотасының су айырығында орналасқан 2317.2 биiктiк белгісi бар нүктемен сәйкес келедi және Гиза асуынан солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 238 километр қашықтықта, 2347.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 2.40 километр қашықтықта, 1074.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiкке қарай 3.35 километр қашықтықта орналасқан. N 10 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Керагил жотасының су айырығы бойынша жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта 2373.7 биiктік белгiсi бар геодезиялық пункт арқылы 2056.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пунктке дейiн өтедi, ол жерде бағытын батыс-солтүстiк-батысқа қарай өзгертiп, 0.40 километр ұзақтықта түзу сызық бойынша өтедi де бағытын батыс-оңтүстiк-батысқа өзгертеді, сөйтiп атауы жоқ жылғаны бойлап, оның Угам өзенiне құятын жерiне дейiн төмен түсiп N 11 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 8.80 километр құрайды.
      N 11 шекаралық нүкте (К-42-80 карта парағы, XУМСАН, 1980 жылы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым) 981.0 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгіден оңтүстiкке қарай 2.90 километр қашықтықта, 2056.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 2.73 километр қашықтықта, Угам өзенiне Каракузысай өзенi құятын жерден оңтүстiкке қарай 0.13 километр қашықтықта Угам өзенiнiң ортасында орналасқан. N 11 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта Угам өзенiнiң ортасы бойынша ағысты бойлап төмен қарай оған Курганташсай жылғасы құятын жерге дейiн 1.50 километр өтедi, одан соң, бағытын жалпы батысқа қарай өзгертiп, мемлекеттік шекара сызығы Курганташсай жылғасының ортасы бойынша 4.30 километр ұзақтықта өтіп, N 12 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 5.80 километр құрайды.
      N 12 шекаралық нүкте (К-42-80 карта парағы, ХУМСАН, 1980 жылы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым) 1259.7 биiктiк белгісі бар нивелирлiк белгіден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 4.12 километр қашықтықта, 2319.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстікке қарай 6.59 километр қашықтықта, Мингбулак тауында орналасқан 2823.8 биiктiк белгici бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 3.77 километр қашықтықта Курганташсай жылғасының ортасында орналасқан. N 12 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы соқпақ бойымен 1.80 километр ұзақтықта жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта өтеді де Каржантау жотасы сiлемiнiң су айырығына шығады, әрi қарай Каржантау жотасы сiлемінiң су айырығы бойынша 1.16 километр ұзақтықта жалпы батыс-солтүстiк-батыс батытта Каржантау жотасының су айырығына шығады, одан кейiн аталған жотаның су айырығы бойынша жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытта Мингбулак тауында орналасқан 2823.8 биiктiк белгісі бар геодезиялық пункт арқылы, 2751.7 биiктік белгici бар геодезиялық пункт, 2570.2, 2508.1, 2211.6 биiктiк бeлгiлepi бар нүктелер, Актам тауында орналасқан 2303.5 биiктік белгісi бар геодезиялық пункт арқылы N 13 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегі мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 14.30 километр құрайды.
      N 13 шекаралық нүкте (К-42-80 карта парағы, XУMCAH, 1980 жылғы жергілікті жердің жағдайы, 1985 жылғы басылым) 1478.8 биiктiк белгісі бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-шығысқа қарай 5.18 километр қашықтықта, Актам тауында орналасқан 2303.5 биiктік белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстік-батысқа қарай 1.40 километр қашықтықта, 2164.2 биiктiк белгісi бар Чимган тауынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 1.99 километр қашықтықта соқпақтардың айырығында орналасқан. N 13 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта соқпақты бойлап N 14 шекаралық нүктеге дейiн өтедi. Осы учаскедегі мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 8.50 километр құрайды.
      N 14 шекаралық нүкте (К-42-80 карта парағы, ХУМСАН, 1980 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым) 1309.5 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 6.70 километр қашықтықта, 1768.3. биiктік белгiсi бар Лагерная тауынан солтүстiк-батысқа қарай 2.31 километр қашықтықта Сарытепа тауында орналасқан 1717.4 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстік-батысқа қарай 3.93 километр қашықтықта Кошнар шатқалындағы соқпақта орналасқан. N 14 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстік-батыс бағытта жүредi де, К-42-92 карта парағына көшiп, N 15 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.32 километр құрайды.
      N 15 шекаралық нүкте (К-42-92 карта парағы, ЧИРЧИК, 1978-83 жылдардағы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1986 жылғы басылым) Азадбаш тауында орналасқан 1279.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 5.70 километр қашықтықта, Сарытeпa тауында орналасқан 1717.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 3.98 километр қашықтықта, 1309.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 5.63 километр қашықтықта дала жолында орналасқан. N 15 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы дала жолы бойымен жалпы оңтүстiк-батыс бағытта өтiп, одан кейiн сол бағытта дала жолынан шығып түзу сызық бойынша 0.26 километр ұзақтықта N 16 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 5.50 километр құрайды.
      N 16 шекаралық нүкте (К-42-92, ЧИРЧИК, 1978-83 жылдардағы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1986 жылғы басылым) Сарытепа тауының шыңындағы 1717.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 6.54 километр қашықтықта, 1046.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 4.16 километр қашықтықта, 868.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен онтүстiк-шығысқа қарай 6.04 километр қашықтықта 1285.7 биiктiк белгiсi бар Кокпак тауында орналасқан. N 16 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы 0.59 километр ұзақтықта түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта Сарытобе тауының алқабына шығады да одан кейiн алқапты бойлап жалпы оңтүстiк бағытта тартылып бара жатқан атаусыз жылғаға жетiп, әрi қарай аталған жылға бойынша төмен қарай жалпы оңтүстiк-батыс бағытта N 17 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 9.20 километр құрайды.
      N 17 шекаралық нүкте (К-42-92, ЧИРЧИК, 1978-83 жылдардағы жергілiктi жердiң жағдайы, 1986 жылғы басылым) Ташбулак тауында орналасқан 798.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 4.74 километр қашықтықта, 702.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 0.95 километр қашықтықта, ЖБ 33-7/60 сипаты бар көпiрден оңтүстiкке қарай 0.80 километр қашықтықта тартылып бара жатқан атаусыз жылғаның арнасында орналасқан. N 17 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта N 18 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.69 километр құрайды.
      N 18 шекаралық нүкте (К-42-92, ЧИРЧИК, 1978-83 жылдардағы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1986 жылғы басылым) ЖБ 33-7/60 сипаты бар көпiрден оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 3.41 километр қашықтықта, Ташбулак тауында орналасқан 798.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 4.28 километр қашықтықта, 671.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 2.08 километр қашықтықта Кокмуюнсай жылғасы мен Чирчик - Багиж ауыл жолының қиылысында орналасқан.
      N 18 және N 19 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығын сипаттау жүргiзiлген жоқ.
      N 19 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-Г-б-2 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) Вышка тауындағы 666.6/666.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 2.89 километр қашықтықта, 618.8 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-шығысқа қарай 0.54 километр қашықтықта Зах каналының ортасында орналасқан. N 19 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы (1:10 000 масштабтағы К-42-91-Г-б-2 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым, К-42-91-Г-б-1, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым, К-42-91-Г-а-2, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым,) Зах каналының ортасы бойынша жалпы алғанда батыс бағытта N 20 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 9.00 километр құрайды.
      N 20 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-Г-а-2 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 569.2/568.7 белгісi бар биiктiктегі геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.90 километр қашықтықта, Зах каналы арқылы өтетiн ЖБ 38-14/40 автожол көпiрiнің ортасынан шығысқа қарай 1.25 километр қашықтықта Зах каналының ортасында орналасқан. N 20 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Зах каналынан су қашыртқысы бойынша Ханарык арығына шығып, осы арықтың ортасымен 1.20 километр ұзақтықта жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта өтедi, әрi қарай атаусыз арыққа өтедi, оны бойлап 0.26 километрден кейiн жалпы солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта екi мемлекеттiк кедендік бекеттерiне, олардың арасы арқылы жүрiп отырып, Исаков көшесiне шығады, әрi қарай қисық сызықпен үй жанындағы учаскелерді бөлетiн шарбақтармен атаусыз арыққа шығып, осы арықтың ортасымен оңтүстiк бағытта N 21 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.56 километр құрайды. (N 20 шекаралық нүктеден N 21 шекаралық нүктеге дейінгі мемлекеттiк шекара сызығының өтуiн сипаттау 1:5000 масштабтағы сызба бойынша орындалған, 2000 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы).
      N 21 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-Г-а-2 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 569.2/568.7 белгiсi бар биiктiктегi геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.07 километр қашықтықта, Зах каналы арқылы өтетiн ЖБ 38-14/40 сипаты бар автожол көпiрiнiң ортасынан батысқа қарай 0.14 километр қашықтықта, Зах каналының ортасында, оған атаусыз арықтың құятын жерiнде орналасқан. N 21 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы (1:10 000 масштабтағы К-42-91-Г-а-2 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым, К-42-91-Г-а-4, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым, К-42-91-Г-а-3, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 басылым) Зах каналының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай бойлап жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта N 22 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 10.90 километр құрайды.
      N 22 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-Г-а-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 516.9 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 0.90 километр қашықтықта, 532.3 биiктiк белгiсi бар Калмакчеккан төбесiндегi геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 0.89 километр қашықтықта Зах каналының ортасында, одан Заур арығының шығатын жерiнде орналасқан. N 22 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы (1:10 000 масштабтағы К-42-91-Г-а-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым, К-42-91-Г-а-1, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) жалпы солтүстiк-батыс бағытта 3aуp арығының ортасы бойынша ағысты бойлап төмен қарай N 3 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 4.30 километр құрайды.
      N 23 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-Г-а-1 карта парағы, 1987 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) Таскулакский су қашыртқысынан өтетiн көпiрдiң ортасынан оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.48 километр қашықтықта Заур арығынан өтетiн өткелден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 0.20 километр қашықтықта Келес өзенiнiң ортасында, оған Заур арығының құятын жерiнде орналасқан. N 23 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы (1:10 000 масштабтағы карта парақтары -К-42-91-Г-а-1, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым, К-42-91-В-б-2, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1990 жылғы басылым) жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта Келес өзенiнiң ортасы бойынша ағысты бойлап төмен қарай N 24 шекаралық нүктеге дейiн өтеді. Осы учаскедегі мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.50 километр құрайды.
      N 24 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-б-2 карта парағы, 1987 жылғы жергіліктi жердiң жағдайы, 1990 жылғы басылым) су айдайтын мұнарадан оңтүстiк-батысқа қарай 1.49 километр қашықтықта, 430.2/429.8 биіктiк белгiсi бар нивелирлiк белгіден солтүстiк-солтүстік-шығысқа қарай 2.14 километр қашықтықта, Келес өзенiнiң ортасында, одан Кескен каналының шығатын жерiнде орналасқан. N 24 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы (1:10 000 масштабтағы карта парақтары - К-42-91-В-б-2, 1987 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1990 жылғы басылым, К-42-91-В-б-4, 1994 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым, К-42-91-В-б-3, 1994 жылғы жергiлiкті жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) Келес өзенiнiң ортасы бойынша ағысты бойлап төмен қарай жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта N 25 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 5.15 километр құрайды.
      N 25 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-б-3 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердің жағдайы, 1999 жылғы басылым) Ташкент-Арысь темiр жолы Келес өзенiнің ортасымен қиылысатын жердегі темiр жол көпiрiнде орналасқан. N 25 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта Келес өзенiнiң ортасымен ағысты бойлап төмен қарай N 26 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегі мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.60 километр құрайды.
      N 26 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-б-3 карта парағы, 1994 жылғы жергілiкті жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) cу айдайтын мұнарадан батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 0.54 километр қашықтықта, Келес өзенi арқылы өтетiн ЖБ 57-8/60 сипаты бар автожол көпiрiнің ортасынан солтүстік-шығысқа қарай 0.68 километр қашықтықта Келес өзенiнің ортасында орналасқан. N 26 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы дала жолына дейiн 0.40 километр ұзақтықта атаусыз арық бойымен жалпы алғанда солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта өтедi, одан кейiн бағытын жалпы батыс-солтүстiк-батысқа өзгертiп, Кескен каналына дейiн 0.62 километр ұзақтықта дала жолымен өтедi, әрi қарай Кескен каналынан атаусыз арық шығатын жерге дейiн 0.46 километр ұзақтықта жалпы батыс бағытта Кескен каналының ортасымен ағысты бойлап төмен қарай өтедi, содан соң жалпы оңтүстiк-оңтүстік-шығыс бағытта атаусыз арық бойымен N 27 шекаралық нүктеге дейiн етедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.70 километр құрайды.
      N 27 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-б-3 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) трансформатор будкасынан шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.95 километр қашықтықта, Келес өзенi арқылы өтетiн ЖБ 57-8/60 сипаты бар автожол көпірінің ортасынан батыс-солтүстiк-батысқа қарай 0.13 километр қашықтықта Келес өзенiнiң ортасында орналасқан. N 27 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-б-3 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым және К-42-91-В-г-1, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) Келес өзенiнiң ортасы бойынша оған атаусыз коллектор енетiн тұсқа дейін 3.60 километр ұзақтықта ағысты бойлап төмен қарай өтедi, әрi қарай атаусыз коллектордың ортасы бойынша жалпы шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта өтеді, екi коллектордың түйiскен жерiнде бағытын жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай өзгертедi де атаусыз коллектордың ортасы бойынша N 28 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 7.50 километр құрайды.
      N 28 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-г-1 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 441.1 белгiсi бар биiктiктен шығысқа қарай 1.20 километр қашықтықта, су айдайтын мұнарадан солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 1.32 километр қашықтықта Зах каналының ортасында, одан Ашынау каналының шығатын жерiнде орналасқан. N 28 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-г-1 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым, К-42-91-В-в-2, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым, К-42-91-В-в-4, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) Зах каналының ортасы бойынша 2.90 километр ұзақтықта жалпы оңтүстiк-батыс бағытта өтiп, бағытын жалпы батысқа қарай өзгертеді, атаусыз каналдың ортасы бойынша өтедi, әрi қарай бағытын жалпы солтүстiкке қарай өзгертеді де әуелi тас жолдың шығыс қапталы бойынша, одан кейiн атаусыз коллекторға дейiн дала жолымен жалпы солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта өтедi, осы коллектор бойынша жалпы батыс бағытта Рамадан елдi мекенiне дейiн өтедi, әрi қарай көше ортасымен батыс бағытта өтіп, 0.28 километрден кейiн оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай бағытын өзгертедi де көше ортасымен 0.27 километрден кейiн атаусыз коллекторға шығады, осы коллектордың ортасымен 0.70 километр ұзақтықта жалпы алғанда солтүстiк-батыс бағытта атаусыз екi коллектордың тоғысқан жерiне дейiн жүрiп отырып, одан әрi жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта ағысты бойлап төмен қарай Аччисай коллекторының ортасымен N 29 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 12.30 километр құрайды.
      N 29 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-B-в-4, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 429.9/430.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 1.07 километр қашықтықта, 421.3 биiктiк белгiсiнен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 0.97 километр қашықтықта Аччисай коллекторының ортасында орналасқан. N 29 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы көше бойымен 0.06 километр ұзақтықта батыс-солтүстiк-батыс бағытта өтедi, әрі қарай осы көшеден солтүстiкке бұрылып, 0.03 километр өтедi де батысқа бұрылады, көше бойымен 0.16 километр өтіп, оңтүстікке бұрылады, көшемен 0.04 километр өтедi, одан кейiн батысқа бұрылады, атаусыз арыққа дейiн 0.16 километр түзу сызықпен өтедi, ол жерде оңтүстікке бұрылады және аталған арық бойымен 0.09 километр ұзақтықта оның атаусыз коллекторға құятын жерiне дейiн барады, әрi қарай батысқа бұрылады және атаусыз коллектордың ортасы бойынша оған атаусыз арық құятын жерге дейiн 0.48 километр ұзақтықта өтiп, сосын солтүстік-батыс бағытта бұрылады да аталған арық бойымен 0.09 километр ұзақтықта жүредi, одан кейiн батысқа бұрылады да Безводный (Гулистан) елдi мекенi көшесiнiң ортасы бойынша Т-бейнелi қиылысқа дейiн өтiп, сол бағытта түзу сызық бойынша N 30 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.63 километр құрайды.
      N 30 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-в-4 карта парағы, 1994 жылғы жергіліктi жердің жағдайы, 1999 жылғы басылым) Аччинау каналынан өтетін автожол көпiрдің ортасында орналасқан. N 30 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттік шекара сызығы (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-в-4 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым, К-42-91-В-в-2, 1994 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) Аччинау каналының ортасымен ағысты бойлап жоғары қарай жалпы солтүстік-солтүстік-шығыс бағытта өтедi, 2.00 километрден кейiн бағытын солтүстік-батысқа өзгертедi және 0.30 километр көше бойымен өтіп, одан кейiн жалпы солтүстiк-батыс бағытта атаусыз коллектордың ортасымен N 31 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегі мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.30 километр құрайды.
      N 31 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-в-2 карта парағы, 1994 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) трансформатор будкасынан оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.92 километр қашықтықта, 403.5 биiктiк белгісiнен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 0.42 километр қашықтықта атаусыз коллектордың ортасында орналасқан. N 31 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтiп, К-42-91-В-в-4 карта парағына көшедi де N 32 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.53 километрдi құрайды.
      N 32 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-в-4 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 429.91430.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 2.22 километр қашықтықта, трансформатор будкасынан солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 2.45 километр қашықтықта Көктерек елдi мекенi көшелерiнiң T-бейнелi қиылысында орналасқан. N 32 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойымен оңтүстiк-батыс бағытта өтiп, К-42-91-В-в-3 парағына көшеді де N 33 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.46 километр құрайды.
      N 33 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-в-3 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) 428.3/428.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 1.46 километр қашықтықта, ескерткiштен солтүстiкке қарай 0.72 километр қашықтықта Көктерек елді мекенi көшелерiнiң және Красино - Кауыншы тас жолының T-бейнелi қиылысында орналасқан. N 33 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойымен оңтүстiк-батыс бағытта өтедi де N 34 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.93 километр құрайды.
      N 34 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-в-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) 428.31428.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.75 километр қашықтықта, ескерткiштен батысқа қарай 0.67 километр қашықтықта ауыл жолы мен дала жолының қиылысында орналасқан. N 34 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойымен батыс-оңтүстiк-батыс бағытта өтедi де N 35 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.36 километр құрайды.
      N 35 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-в-3 карта парағы, 1994 жылғы жергіліктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) 428.31428.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 1.84 километр қашықтықта, су айдайтын мұнарадан батысқа қарай 1.26 километр қашықтықта орналасқан. N 35 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойымен оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта өтеді де N 36 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.56 километр құрайды.
      N 36 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-47-91-В-в-3 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) 403.1/402.6 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 1.44 километр қашықтықта су айдайтын мұнарадан батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 1.18 километр қашықтықта орналасқан. N 36 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойымен шығыс бағытта өтедi де N 37 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.98 километр құрайды.
      N 37 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-91-В-в-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) су айдайтын мұнарадан солтүстік-солтүстiк-шығысқа қарай 1.42 километр қашықтықта, трансформатор будкасынан батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 0.74 километр қашықтықта орналасқан. N 37 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойымен оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта К-42-103-А-а-1 карта парағына өтедi де N 38 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.84 километр құрайды.
      N 38 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-а-1 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) электр шағын станциясынан оңтүстiк-шығысқа қарай 1.08 километр қашықтықта, 431.4 биiктiк белгiсiнен батысқа қарай 1.57 километр қашықтықта орналасқан. N 38 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойымен шығыс бағытта өтедi де N 39 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.06 километр құрайды.
      N 39 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-а-1 карта парағы, 1994 жылғы жергiлікті жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 404.6 биiктік белгісінен шығысқа қарай 0.85 километр қашықтықта, 431.4 биiктiк белгiсiнен батысқа қарай 1.51 километр қашықтықта орналасқан. N 39 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойымен шығыс бағытта өтедi де N 40 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.30 километр құрайды.
      N 40 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-а-1 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 431.4 белгісi бар биiктіктен батысқа қарай 1.54 километр қашықтықта, кiшi электрстанциядан оңтүстiк-шығысқа қарай 1.32 километр қашықтықта орналасқан. N 40 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-шығыс бағытта N 41 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.76 километр құрайды.
      N 41 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-а-1 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 431.4 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 1.37 километр қашықтықта кіші электрстанциядан оңтүстiк-шығысқа қарай 2.08 километр қашықтықта орналасқан. N 41 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк бағытта N 42 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.72 километр құрайды.
      N 42 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-а-1 карта парағы, 1994 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 421.1 белгiсi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 0.42 километр қашықтықта 412.4 белгiсi бар биiктiктен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 0.78 километр қашықтықта атаусыз арықтың ортасында орналасқан. N 42 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-батыс бағытта атаусыз арық бойымен 1.20 километр ұзақтықта жүрiп, басқа атаусыз арыққа өтедi де жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта атаған арықтың ортасымен 2.00 километр ұзақтықта N 43 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.20 километр құрайды.
      N 43 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-A-а-1 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 380.4 белгiсi бар биiктiктен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 0.62 километр қашықтықта, 393.4 белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 1.04 километр қашықтықта атаусыз арықтың ортасында орналасқан. N 43 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта шосселiк жолдың шығыс жиегiнiң бойымен өтедi, К-42-103-А-а-3 картаның парағына өтедi де N 44 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.12 километр құрайды.
      N 44 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-а-3 карта парағы, 1994 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 380.4 белгici бар биiктiктен солтүстiк-батысқа қарай 0.38 километр қашықтықта, 360.7 белгiсi бар биiктiктен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.53 километр қашықтықта шосселiк жолда орналасқан. N 44 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта шосселiк жолмен 0.05 километр ұзақтықта жүредi, одан әрi бұрылады да түзу сызық бойынша оңтүстiк бағытта 0.27 километр ұзақтықта өтiп, одан кейiн бағытын оңтүстiк-шығысқа қарай өзгертедi де түзу сызық бойынша 0.26 километр ұзақтықта жүрiп отырып, атаусыз коллекторге дейiн жүрiп отырып, ол арқылы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта N 45 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.88 километр құрайды.
      N 45 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-а-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) су айдайтын мұнарадан батысқа қарай 1.23 километр қашықтықта, трансформатор будкасынан солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 1.31 километр қашықтықта атаусыз коллектордың ортасында орналасқан. N 45 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта атаусыз коллектордың ортасымен N 46 шекаралық нүктеге дейін өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.31 километр құрайды.
      N 46 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-а-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) су айдайтын мұнарадан оңтүстiк-шығысқа қарай 1.22 километр қашықтықта, 409.2 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 1.62 километр қашықтықта атаусыз коллектордың ортасында орналасқан. N 46 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта атаусыз коллектордың бойымен N 47 шекаралық нүктеге дейiн өтеді. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.80 километр құрайды.
      N 47 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-A-а-3 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) трансформатор будкасынан батысқа қарай 1.57 километр қашықтықта, 409.2 биiктік белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 1.15 километр қашықтықта атаусыз коллектор мен каналдың түйiсуiнде орналасқан. N 47 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта атаусыз каналдың ортасымен 0.07 километр ұзақтықта өтедi және СТФ шарбағының солтүстiк-батыс бұрышына жетiп, әрi қарай СТФ шарбағының батыс қапталымен өтеді, одан кейiн автожолдың батыс қапталымен 0.38 километр ұзақтықта атаусыз арыққа жетеді де аталған арық бойымен жалпы оңтүстiк-батыс бағытта N 48 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.17 километр құрайды.
      N 48 шекаралық нүкте (К-42-103-А-а-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 409.2 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.49 километр қашықтықта, ЛЭП 110 кВ бұрылыс бағанасынан батысқа қарай 2.00 километр қашықтықта атаусыз арықтардың түйiсуiнде орналасқан. N 48 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы алқап бойымен жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытта 0.26 километрден кейiн атаусыз коллекторға жетедi, әрi қарай осы коллектордың бойымен К-42-103-А-в-1 карта парағына көше отырып, N 49 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.20 километр құрайды.
      N 49 шекаралық нүкте (К-42-103-А-в-1 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 386.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 0.41 километр қашықтықта, су айдайтын мұнарадан батысқа қарай 0.59 километр қашықтықта атаусыз коллекторлардың қиылысында орналасқан. N 49 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы атаусыз коллектордың ортасымен 1.16 километр ұзақтықта жалпы оңтүстiк-шығыс бағытта жүрiп, әрi қарай алқап бойымен жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта N 50 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.70 километр құрайды.
      N 50 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-в-1 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) Янгиабад елдi мекенiнiң батыс шетiне орналасқан 411.2/411.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пунктпен бiрiктiрiлген. N 50 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта алқап бойымен арыққа дейiн 0.12 километр жүредi, одан әрi арық бойымен Гулистан елдi мекенiне дейiн (қазақстандық атауы Достық) жүрiп, одан кейiн ауларалық жолмен жүрiп, алқап бойымен N 51 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.50 километр құрайды. Гулистан (Достық) елдi мекенiнiң учаскесiндегі шекаралық сызықтың нақтыланған өтуi 1:5 000, масштабтағы топографиялық сызба фрагментiнде көрсетiлген, 2000 жылғы түсiрiлiм)
      N 51 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-в-1 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 411.2/411.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 1.16 километр қашықтықта, 390.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 0.96 километр қашықтықта Янгиюльский су қашыртқысының басында орналасқан. N 51 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы солтүстiк-батыс бағытта Янгиюльский су қашыртқысының ортасымен N 52 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.25 километр құрайды.
      N 52 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-в-1 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 386.8 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 1.47 километр қашықтықта, 374.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 0.89 километр қашықтықта Янгиюльский су қашыртқысының далалық жолмен қиылысында орналасқан. N 52 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта N 53 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.13 километр құрайды.
      N 53 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-103-А-в-1 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым, К-42-102-Б-г-2, 1988 жылғы жағдайы, 1994 жылғы басылым) 386.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 1.59 километр қашықтықта, 374.1 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстік-солтүстiк-батысқа қарай 0.92 километр қашықтықта орналасқан. N 53 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша 0.43 километрден кейiн ауыларалық және дала жолдарының қиылысына шығады, одан әрi далалық жол бойымен жүрiп отырып, сол бағытта 0.08 километр ұзақтықта атаусыз арыққа өтедi, оның бойымен жалпы дәл сол оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта 0.52 километр ұзақтықта, одан әрi түзу сызық бойынша оңтүстiк-шығыс бағытта 0.05 километрден кейiн атаусыз коллекторға өтедi, осы коллектордың ортасымен жалпы оңтүстiк-батыс бағытта 0.16 километрден кейiн коллекторлардың түйiсуiне жетедi, жалпы оңтүстiк-шығысқа қарай бағытты өзгертедi де басқа коллектордың ортасымен 0.47 километрден кейiн коллекторлардың келесi түйiсуiне жетедi, жалпы оңтүстік-оңтүстiк-батысқа қарай бағытты өзгертедi де атаусыз коллектордың ортасымен 1.29 километр өтедi, одан кейiн түзу сызық бойынша оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта 0.32 километрден кейiн тас жолға шығады, одан әрi бағытты оңтүстiк-батысқа қарай өзгертедi де түзу сызық бойынша, К-42-102-Б-г-4 парағына көше отырып, 1.17 километрден кейiн N 54 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 4.49 километр құрайды.
      N 54 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Б-г-4 карта парағы, 1994 жылғы жергiліктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 356.1 белгiсi бар биiктіктен шығысқа қарай 0.67 километр қашықтықта, атаусыз коллектор үстiмен өтетiн ЖБ 24-8140 көпiрiнен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 0.33 километр қашықтықта, Навои eлді мекенiнiң батыс жағындағы атаусыз коллекторлардың түйiсуiнде орналасқан. N 54 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы батыс-оңтүстік-батыс бағытта түзу сызық бойынша N 55 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.82 километр құрайды.
      N 55 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Б-г-4 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 361.1 белгісi бар биіктіктен оңтүстікке қарай 1.24 километр қашықтықта трансформатордан солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 1.10 километр қашықтықта арықтардың түйiсуiнде орналасқан. N 55 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта арықтың ортасымен N 56 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.48 километр құрайды.
      N 56 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Б-г-4 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 361.1 белгісi бар биiктiктен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.15 километр қашықтықта, трансформатордан солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 1.30 километр қашықтықта арықтардың түйiсуiнде орналасқан. N 56 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта К-42-102-Б-г-3 карта парағына көшедi де N 57 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.02 километр құрайды.
      N 57 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Б-г-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 368.8 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-шығысқа қарай 0.67 километр қашықтықта ЛЭП 220 кB бұрылыс бағанасынан шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 1.14 километр қашықтықта орналасқан. N 57 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы батыс бағытта түзу сызық бойынша 0.74 километр жүрiп отырып, одан әрi жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта 0.15 километр ұзақтықта далалық жолмен өтедi, одан соң алқаппен жалпы алғанда батыс бағыттa 0.54 километрден кейiн N 58 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.43 километр құрайды.
      N 58 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Б-г-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 368.8 белгiсi бар биiктiктен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 0.97 километр қашықтықта, ЛЭП 220 кВ бұрылыс бағанасынан солтүстiк-батысқа қарай 0.51 километр қашықтықта орналасқан. N 58 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы оңтүстiк бағытта түзу сызық бойынша атаусыз арықтың Северный Ташкентский каналынан бөлiнетiн тұсына жетедi, одан кейiн атаусыз каналдың ортасымен оңтүстiк бағытта N 59 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.05 километр құрайды.
      N 59 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Б-г-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 345.4 белгiсi бар биiктiктен шығысқа қарай 0.68 километр қашықтықта, ЛЭП 220 кВ бұрылыс бағанасынан оңтүстiк-батысқа қарай 0.74 километр қашықтықта атаусыз каналдың ортасында орналасқан. N 59 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша жүрiп, К-42-102-Г-б-1 карта парағы (1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) арқылы К-42-102-Г-а-2 карта парағына көшедi де N 60 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 4.68 километр құрайды.
      N 60 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Г-а-2 карта парағы 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы. 1998 жылғы басылым) 359.7 биіктік белгісі бар нивелирлік белгіден солтүстік-шығысқа қарай 0.06 километр қашықтықта, 355.1 белгісі бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 0.52 километр қашықтықта орналасқан. N 60 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта N 61 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.97 километр құрайды.
      N 61 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Г-а-2 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы. 1998 жылғы басылым) 327.7 белгiсi бар биiктiктен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.78 километр қашықтықта, 333.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 0.94 километр қашықтықта орналасқан. N 61 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта N 62 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.16 километр құрайды.
      N 62 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Г-а-2 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) 327.7 белгiсi бар биiктiктен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.62 километр қашықтықта, 333.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстік-солтүстiк-батысқа қарай 1.01 километр қашықтықта орналасқан. N 62 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта N 63 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.26 километр құрайды.
      N 63 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Г-а-2 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылымы 327.7 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-шығысқа қарай 0.63 километр қашықтықта, 333.9 биiктік белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 0.89 километр қашықтықта орналасқан. N 63 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта К-42-102-Г-а-4 карта парағына көшедi де N 64 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.00 километр құрайды.
      N 64 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Г-а-4 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) 313.2 белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.27 километр қашықтықта, 312.2 белгiсi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 0.82 километр қашықтықта, Галаба елдi мекенiнен солтүстiкке қарай атаусыз коллекторлардың түйiсуiнде орналасқан. N 64 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытта 0.45 километр коллектор ортасымен өтiп, К-42-102-Г-а-3 карта парағына көшеді, одан әрi 0.34 километрден кейiн түзу сызық бойынша арыққа жетеді, осы арықпен жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта 0.40 километр жүреді, одан кейiн жалпы оңтүстiк бағытта басқа арықтың ортасымен N 65 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.54 километр құрайды.
      N 65 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Г-а-3 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 336.2/336.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.15 километр қашықтықта, су қысымы мұнарасынан батысқа қарай 0.43 километр қашықтықта атаусыз арықтардың түйiсуiнде орналасқан. N 65 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-батыс бағытта арықтың ортасымен 3.60 километр ұзақтықта далалық жолдардың қиылысына дейiн өтедi, одан әрi далалық жолмен сол бағытта 0.90 километр ұзақтықта далалық жолдардың келесi қиылысына жетедi, одан кейiн бағытты жалпы батысқа өзгертедi де далалық жолмен 0.20 километр өтедi, жалпы оңтүстiк-батысқа қарай бағытты өзгертеді де далалық жолмен К-42-102-Г-в-1 карта парағына көше отырып, 1.00 километрден кейiн N 66 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 5.70 километр құрайды.
      N 66 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-Г-в-1 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 313.1 белгiсi бар биіктіктен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 0.40 километр қашықтықта, трансформатордан батыс-солтүстiк-батысқа қарай 0.60 километр қашықтықта далалық жолдардың айырығында орналасқан. N 66 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша 0.45 километрден кейiн су беру науасына жетедi, ол арқылы К-42-102-В-г-2 карта парағына көше отырып 1.35 километр өтедi, одан әрi оңтүстiк-батыс бағытта 2.45 километрден кейiн түзу сызық бойынша N 67 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 4.25 километр құрайды.
      N 67 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-В-г-2 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) Сабырколькудук (г.-сол.) құдығынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 1.31 километр қашықтықта, 299.5 белгiсi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.50 километр қашықтықта орналасқан. N 67 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта К-42-102-В-г-4 карта парағына көшедi де N 68 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.76 километр құрайды.
      N 68 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-В-г-4 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) 319.0/318.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 0.28 километр қашықтықта, насостан батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 1.69 километр қашықтықта бетондалған атаусыз каналдың ортасында орналасқан. N 68 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта бетондалған канал арқылы жүрiп, одан әрi түзу сызық бойынша 0.16 километрден кейiн N 69 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.95 километр құрайды.
      N 69 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-В-г-4 карта парағы, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) 319.0/318.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 1.18 километр қашықтықта, насостан оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.22 километр қашықтықта орналасқан. N 69 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта N 70 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.04 километр құрайды.
      N 70 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-102-В-г-4 карта парағы, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1998 жылғы басылым) 294.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пунктпен бiрiктiрiлген. N 70 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта бордақылау базасын Өзбекстан Республикасының аумағында қалдыра отырып, автожолдың батыс жиегiмен өтедi, одан әрi далалық жолмен дала қосына дейiн, оны Қазақстан Республикасының аумағында қалдыра отырып, өтедi, одан кейiн бағытты шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай өзгерте отырып, түзу сызық бойынша 0.50 километр өтедi, одан әрi бағытты солтүстiк-шығысқа қарай өзгертiп, түзу сызық бойынша К-42-102-Г-в-3 карта парағына көшеді де 0.81 километрден кейiн N 71 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.18 километр құрайды.
      N 71 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы K-42-102-Г-в-3 карта парағы, 1994 жылғы жергіліктi жердiң жағдайы, 1997 жылғы басылым) 281.1 биiктік белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 0.60 километр қашықтықта, трансформаторлық будкадан солтүстiк-батысқа қарай 0.85 километр қашықтықта Бозсу каналының ортасында орналасқан. N 71 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк бағытта Бозсу каналының ортасымен жүредi, К-42-114-Б-а-1 карта парағы (1992 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 199_ басылым) арқылы К-42-114-А-б-2 карта парағына көше отырып, N 72 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 9.60 километр құрайды.
      N 72 шекаралық нүкте (1:10 000 масштабтағы К-42-114-А-б-2 карта парағы, 1955 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1957 жылғы басылым) 306,9 биiктік белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 3.18 километр қашықтықта, 264.8 биiктiк белгiсi бар ауыларалық жолдардың қиылысынан солтүстiк-шығысқа қарай 1.53 километр қашықтықта Бозсу каналының ортасында орналасқан. N 72 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта 0.28 километрден кейiн атаусыз арыққа шығып, оның бойымен жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта 1.08 километр өтедi, бағытын батысқа қарай өзгертедi де түзу сызық бойынша 0.27 километрден кейiн ауыларалық жолға шығады, онымен жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта 1.48 километр өтедi, одан әрi атаусыз арықпен жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта К-42-114-А-б-1 (1955 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1957 ж. басылым) карта парағына өтедi де N 73 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 4.90 километр құрайды.
      N 73 шекаралық нүкте (К-42-114 карта парағы, СЫРДАРЬЯ. 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 2001 жылғы басылым) 306.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 4.98 километр қашықтықта, 270.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 6.30 километр қашықтықта, 258.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 9.92 километр қашықтықта Бозсу каналының ортасында орналасқан. N 73 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-батыс бағытта Бозсу каналының ортасы бойынша ағысты төмен қарай бойлап N 74 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.98 километр құрайды.
      N 74 шекаралық нүкте (К-42-114 карта парағы, СЫРДАРЬЯ, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы 2001 жылғы басылым) 306.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 8.53 километр қашықтықта, 270.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 7.66 километр қашықтықта, 258.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 6.50 километр қашықтықта Сырдарья өзенiнiң ортасында оған Бозсу каналының құятын тұсына қарама-қарсы орналасқан. N 74 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта Сырдарья өзенiнiң ағысын бойлап төмен қарай К-42-102 карта парағына көше отырып, 21.00 километр ұзақтықта жүредi, одан кейiн солтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша 2.99 километрден кейiн N 75 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 23.99 километр құрайды.
      N 75 шекаралық нүкте (К-42-102 карта парағы, ПАХТА, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 2001 жылғы басылым) X=4543390 метр, Y=12460270 метр тiкбұрышты координаттары бap нүктеде орналасқан. N 75 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта өтедi де N 76 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.10 километр құрайды.
      N 76 шекаралық нүкте (К-42-102 карта парағы, ПАХТА, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 2001 жылғы басылым) Х=4540955 метр, Y=12458390 метр тiкбұрышты координаттары бар нүктеде орналасқан. N 76 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк бағытта жүредi, К-42-114 картаның парағына көшедi де N 77 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.14 километр құрайды.
      N 77 шекаралық нүкте (К-42-114 карта парағы, СЫРДАРЬЯ, 1984 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 2001 жылғы басылым) X=4539760 метр, Y=12458325 метр тiкбұрышты координаттары бар нүктеде орналасқан. N 77 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстік-оңтүстiк-батыс бағытта жүредi, К-42-113 картаның парағына көшедi де N 78 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.42 километр құрайды.
      N 78 шекаралық нүкте (К-42-113 карта парағы, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1988 жылғы басылым) X=4537580 метр, Y=12457190 метр тiкбұрышты координаттары бар нүктеде Копытное көлiнiң ескі арнасында орналасқан. N 78 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта N 79 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы, 1.60 километр құрайды.
      N 79 шекаралық нүкте (К-42-113 карта парағы, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1988 жылғы басылым) X=4536860 метр, Y=12455680 метр тiкбұрышты координаттары бар нүктеде Копытное көлiнiң ecкі арнасында орналасқан. N 79 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы шығыс бағытта Копытное көлінiң ескі арнасының ортасымен 2.30 километр ұзақтықта, атаусыз аралды Қазақстан Республикасының аумағында қалдырып, одан кейiн түзу сызық бойынша шығыс-солтүстiк-шығыс бағытта 1.30 километр ұзақтықта, К-42-114 картасының парағына көшедi де N 80 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.60 километр құрайды.
      N 80 шекаралық нүкте (К-42-114 карта парағы, СЫРДАРЬЯ, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 2001 жылғы басылым) 254.0 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгіден оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 0.90 километр қашықтықта, 259.9 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiкке қарай 4.70 километр қашықтықта орналасқан. N 80 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстік-оңтүстiк-шығыс бағытта N 81 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.15 километр құрайды.
      N 81 шекаралық нүкте (К-42-114 карта парағы, СЫРДАРЬЯ, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 2001 жылғы басылым) 259.9 биіктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiкке қарай 2.70 километр қашықтықта 254.0 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiкке қарай 2.72 километр қашықтықта орналасқан. N 81 шекаралық нүктеден  мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда оңтүстiк бағытта атаусыз коллектордың бойымен N 82 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.10 километр құрайды.
      N 82 шекаралық нүкте (К-42-114 карта парағы, СЫРДАРЬЯ, 1984 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 2001 жылғы басылым) 254.0 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiкке қарай 3.55 километр қашықтықта, 254.3 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгіден оңтүстiк-батысқа қарай 3.11 километр қашықтықта, 258.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 4.40 километр қашықтықта Западный қашыртқысының түйiсуi мен атаусыз коллектордың ортасында орналасқан. N 82 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы алдымен жалпы шығыс бағытта атаусыз коллектордың ортасымен 2.70 километр ұзақтықта, одан әрi жалпы алғанда оңтүстiк бағытта Пограничный қашыртқысының ортасымен өтіп, 23.60 километрден кейiн Ташкент-Джизак М-39 автомобиль жолын қиып өтедi, одан соң 9.00 километрден кейiн Пограничный қашыртқысынан жалпы шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта Катастрофический атты қашыртқыға өтiп, оның ортасымен 3.00 километр жүрiп, одан әрi атаусыз каналдың бойымен 1.30 километрден кейiн шығыс бағытта басқа каналға шығады да оның бойымен солтүстiк бағытта 0.40 километрден кейiн Малик каналының иініне шығады, оның ортасымен оңтүстiк-шығыс және одан әрi оңтүстiк-батыс бағытта 2.20 километрден кейiн атаусыз каналға шығады да оның ортасымен жалпы оңтүстiк бағытта К-42-126 карта парағына өтiп, N 83 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Мемлекеттiк шекара сызығының осы учаскедегi жалпы ұзақтығы 49.00 километр құрайды.
      N 83 шекаралық нүкте (К-42-126 карта парағы, ГУЛИСТАН, 1984 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) Киров атындағы канал арқылы өтетін ЖБ 55-8/30 көпiрiнен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.57 километр қашықтықта, 267.2 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден батысқа қарай 11.85 километр қашықтықта, 264.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 7.48 километр қашықтықта Киров атындағы каналдың ортасында орналасқан. N 83 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-шығыс бағытта Киров атындағы каналдың бойымен Сардобинский коллекторымен пiсуiне дейiн 5.00 километр ұзақтықта өтедi. Одан әрi, Сардобинский коллекторының ортасымен жалпы батыс бағытта Сардобинский су қашыртқысының 2-ші бұтағын қиып өтiп, К-42-125 (ГАГАРИН, 1984 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) карта парағына көшедi де 24.00 километрден кейiн Центральный Голодностепский коллекторына кiрiп, оның ортасымен батыс-солтүстiк-батыс бағытта өтедi, Ташкент-Джизак М-39 автомобиль жолын қиып өтiп, К-42-113 карта парағына көшедi. Одан әрi мемлекеттiк шекара сызығы солтүстiк-батыс бағытта жоғарыда аталған коллектордың ортасымен N 84 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 67.60 километр құрайды.
      N 84 шекаралық нүкте (К-42-113 карта парағы, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1988 жылғы басылым) 261.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстік-шығысқа қарай 1.98 километр қашықтықта, 263.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 5.97 километр қашықтықта, 261.5 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгіден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 5.03 километр қашықтықта орналасқан.
      N 84 және N 85 шекаралық нүктелер арасында мемлекеттiк шекара сызығын сипаттау жүргiзiлген жоқ.
      N 85 шекаралық нүкте (К-42-100 карта парағы, ЧАРДАРА, 1984 жылғы жергiлiкті жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) 268.1 биiктік белгісi бар нивелирлiк белгіден оңтүстiк-шығысқа қарай 3.70 километр қашықтықта, 258.4 биiктік белгiсi бар Алтыбай құдығынан шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 3.25 километр қашықтықта, 288.9 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстік-шығысқа қарай 3.45 километр қашықтықта орналасқан. N 85 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы түзу сызық бойынша темiр жол мен автомобиль жолдарын қиып батыс бағытта өтедi де N 86 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 6.25 километр құрайды.
      N 86 шекаралық нүктe (К-42-100 карта парағы, ЧАРДАРА, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) 308.7 биiктiк белгiсi бap геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.20 километр қашықтықта, Кальтакудук құдығынан шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.30 километр қашықтықта, 271.8 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 0.96 километр қашықтықта орналасқан. N 86 Шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстiк-батыс бағытта N 87 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.80 километр құрайды.
      N 87 шекаралық нүкте (К-42-100 карта парағы, ЧАРДАРА, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) 312.9 биiктiк белгiсi бар Сарыбек геодезиялық пунктiнен оңтүстiк-шығысқа қарай 3.85 километр қашықтықта, 271.8 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 2.89 километр қашықтықта, 270.0 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-батысқа қарай 3.09 километр қашықтықта орналасқан. N 87 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта N 88 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 5.09 километр құрайды.
      N 88 шекаралық нүкте (К-42-100 карта парағы, ЧАРДАРА, 1984 жылғы жергiлiктi жердің жағдайы, 1987 жылғы басылым) 312.5 биiктiк белгiсi бар Сарыбек геодезиялық пунктінен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 2.01 километр қашықтықта, 271.1 биiктiк белгiсi бар Нуримбай құдығынан оңтүстiкке қарай 1.80 километр қашықтықта 264.8 биiктiк белгiсi бар Сарыбек құдығынан шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 1.25 километр қашықтықта орналасқан. N 88 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта N 89 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 7.10 километр құрайды.
      N 89 шекаралық нүкте (К-42-100 карта парағы, ЧАРДАРА, 1984 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) 68.3 биiктiк белгiсi бар Жингильдыапан құдығынан (құрғақ) оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.50 километр қашықтықта Молоколдас құдығынан батысқа қарай 3.76 километр қашықтықта, 1-шi Тамды құдығынан солтүстiкке қарай 2.08 километр қашықтықта орналасқан. N 89 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта N 90 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 4.39 километр құрайды.
      N 90 шекаралық нүкте (К-42-100 карта парағы, ЧАРДАРА 1984 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) 278.3 биiктiк белгiсi бар Жилкыкудук құдығынан оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.77 километр қашықтықта, 322.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 1.10 километр қашықтықта, 1-шi Тамды құдығынан батыс-солтүстiк-батысқа қарай 4.20 километр қашықтықта орналасқан. N 90 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта N 91 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 9.70 километр құрайды.
      N 91 шекаралық нүкте (К-42-100 карта парағы, ЧАРДАРА 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) 279.4 биiктік белгiсi бар 1-шi Сайлов құдығынан оңтүстiкке қарай 1.22 километр қашықтықта Сайлов құдығынан батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.29 километр қашықтықта, 331.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 1.30 километр қашықтықта орналасқан. N 91 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта К-42-99 карта парағына көшеді де N 92 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 17.74 километр құрайды.
      N 92 шекаралық нүкте (К-42-99 карта парағы, отд. N 1 свх. КОГАЛЫ, 1984-90 жылдарғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 328.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пунктпен бiрiктiрiлген. N 92 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы тузу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта N 93 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 4.49 километр құрайды.
      N 93 шекаралық нүкте (К-42-99 карта парағы, отд. N 1 свх. КОГАЛЫ, 1984-90 жылдарғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 326.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 4.10 километр қашықтықта 290.1 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден шығысқа қарай 2.11 километр қашықтықта, 315.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен coлтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 3.25 километр қашықтықта орналасқан. N 93 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта N 94 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 24.95 километр құрайды.
      N 94 шекаралық нүкте (К-42-99 карта парағы, отд. N 1 снк. КОГАЛЫ, 1984-90 жылдарғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1999 жылғы басылым) 299.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пунктпен бiрiктiрiлген. N 94 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта N 95 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 140 километр құрайды.
      N 95 шекаралық нүкте (К-42-99 карта парағы, отд. N 1 свх. КОГАЛЫ, 1984-90 жылдардағы жергiлiктi жердiң жағдайы. 1999 жылғы басылым, К-42-98 карта парағы фер. N 3 им. АХУНБАБАЕВА, 1984 жылғы жергiлiкті жердiң жағдайы, 1986 жылғы басылым) 60.4 биiктiк белгiсi бар Наливайка құдығынан оңтүстiк-батысқа қарай 2.10 километр қашықтықта, 312.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 10.90 километр қашықтықта орналасқан. N 95 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта N 96 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 24.42 километр құрайды.
      N 96 шекаралық нүкте (К-42-98 карта парағы, фер. N 3 им. БАБАЕВА, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1986 жылғы басылым) 275.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 0.92 километр кашықтықта, 283.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 4.45 километр қашықтықта, 275.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 5.90 километр қашықтықта орналасқан. N 96 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта К-42-86 карта парағына көшедi де N 97 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 23.70 километр құрайды.
      N 97 шекаралық нүкте (К-42-86 карта парағы, НАЙМАН-БУХАРБАЙ, 1982 жылғы жергiлiкті жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым) 263.7 биiктiк белгiсi бар Жапар құдығымен бiрiктiрiлген және 276.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 8.00 километр қашықтықта, 275.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 4.03 километр қашықтықта, 282.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 3.93 километр қашықтықта орналасқан. N 97 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шeкapa сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк бағытта N 98 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 16.60 километр құрайды.
      N 98 шекаралық нүкте (К-42-86 карта парағы, НАЙМАН-БУХАРБАЙ, 1982 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым) 276.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 5.08 километр қашықтықта, 275.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 2.40 километр қашықтықта, 271.3 биiктік белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 4.40 километр қашықтықта орналасқан. N 98 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы, 1-шi Кембай (засып.) және Коширкудук құдықтарын Қазақстан Республикасының аумағында қалдырып, түзу сызық бойынша солтүстiк бағытта өтедi, К-42-74 карта парағына көшiп, N 99 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 42.90 километр құрайды.
      N 99 шекаралық нүкте (К-42-74 карта парағы, ЖИБЕКШИ, 1982 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1986 жылғы басылым) 251.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 1.20 километр қашықтықта, 23.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 4.70 километр қашықтықта, 247.2 биіктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 7.15 километр қашықтықта орналасқан. N 99 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта өтедi, 213.8 биiктiк белгiсi бар атаусыз құдықты Өзбекстан Республикасының аумағында қалдырып, К-42-73 карта парағына көшедi де N 100 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 44.97 километр құрайды.
      N 100 шекаралық нүкте (К-42-73 карта парағы, ТАЛДЫ, 1984 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1990 жылғы басылым, К-41-84 карта парағы, фер. N 1 свх. им. КАЛИНИНА, 1983 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1986 жылғы басылым) 230.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 6.09 километр қашықтықта, 228.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 3.50 километр қашықтықта және 232.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.63 километр қашықтықта орналасқан. N 100 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы 66 о 00'00" градус шығыс бойлықтағы меридиан бойынша солтүстiк бағытта К-42-61 (К-41-72) карта парағы арқылы өтiп, К-42-49 (К-41-60) карта парағына көшедi де N 101 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 47.20 километр құрайды.
      N 101 шекаралық нүкте (К-42-49 карта парағы, фер. N 2 свх. им. КАЛИНИНА, 1981 жылғы жергiлiкті жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым, К-41-60 карта парағы, ОТФ свх. ПРОГРЕСС, 1985 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) 224.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 5.45 километр қашықтықта, 2-шi Жанакудук құдығынан батыс-солтүстiк-батысқа қарай 6.21 километр қашықтықта, 230.8 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 3.86 километр қашықтықта орналасқан. N 101 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта N 102 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 7.50 километр құрайды.
      N 102 шекаралық нүкте (К-42-49 карта парағы, фер. N 2 свх. им. КАЛИНИНА, 1981 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым) 206.0 биiктiк белгісi бар нивелирлiк белгiмен бiрiктiрiлген және 224.7 биiктiк белгісi бар геодезиялық-пункттен оңтүстiк-оңтүстік-шығысқа қарай 4.60 километр қашықтықта, 01.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстік-оңтүстiк-батысқа қарай 8.20 километр қашықтықта, 218.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 9.60 километр қашықтықта орналасқан. N 102 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы солтүстiк бағытта түзу сызық бойынша N 103 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 24.60 километр құрайды.
      N 103 шекаралық нүкте (К-42-49 карта парағы, фер. N 2 свх. им. КАЛИНИНА 1981 жылғы жергiлiктi жердiң жағдай, 1985 жылғы басылым) 196.1 биiктiк белгісi бар нивелирлiк белгiмен бiрiктiрiлген және 224.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 6.10 километр қашықтықта, 214.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 7.95 километр қашықтықта, 222.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 4.20 километр қашықтықта орналасқан. N 103 шекаралық, нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық, бойынша солтүстiк бағытта жалғасып, К-42-37 карта парағына көшедi де N 104 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 41.05 километр құрайды.
      N 104 шекаралық нүкте (К-42-37 карта парағы, фер. N 3 свх. им. ПРОГPECC, 1981 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым) 223.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 2.80 километр қашықтықта, 188.3 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 6.45 километр қашықтықта, 225.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 7.80 километр қашықтықта орналасқан. N 104 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта өтiп, К-41-48 карта парағына көшедi де N 105 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 22.50 километр құрайды.
      N 105 шекаралық нүктe (К-41-48 карта парағы фер. N 3 клх. им. ЛЕНИНА, 1985 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) 234.5 биiктiк белгiсi бар Шопкын геодезиялық пунктiнен оңтүстiк-шығысқа қарай 4.60 километр қашықтықта, 219.7 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 4.00 километр қашықтықта, 230.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 8.20 километр қашықтықта орналасқан. N 105 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта N 106 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 17.90 километр құрайды.
      N 106 шекаралық нүкте (К-41-48 карта парағы, фер. N 3 клх. им. ЛЕНИНА, 1985 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым, К-41-36 карта парағы, к. УКИБАИ, 1985 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) 250.9 биiктiк белгiсi бар Турумбет төбесiндегi геодезиялық пункттен шығысқа қарай 6.15 километр қашықтықта, 224.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 5.84 километр қашықтықта, 215.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 3.50 километр қашықтықта орналасқан. N 106 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта N 107 шекаралық нүктеге дейiн барады. Ocы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 35.40 километр құрайды.
      N 107 шекаралық нүкте (К-41-36 карта парағы, к. УКИБАЙ, 1985 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) 171.2 биiктiк белгiсi бар құдықпен (засып.) бiрiктiрiлген және 209.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 9.00 километр қашықтықта, 209.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 3.05 километр қашықтықта, 211.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 4.75 километр қашықтықта орналасқан. N 107 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк-батыс бағытта N 108 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.60 километр құрайды.
      N 108 шекаралық нүкте (К-41-36 карта парағы, к. УКИМБАЙ, 1985 жылғы жергiлiкті жердің жағдайы, 1989 жылғы басылым) Кампир құдығымен бiрiктiрiлген және 211.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 2.32 километр қашықтықта, 209.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 10.75 километр қашықтықта 209.7 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 6.65 километр қашықтықта орналасқан. N 108 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк-батыс бағытта өтiп, К-41-35 карта парағы арқылы (к. ТАСКЫНБАЙ, 1985 жылғы жергiлiкті жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) К-41-23 карта парағына көшедi де N 109 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 34.90 километр құрайды.
      N 109 шекаралық нүкте (К-41-23 карта парағы, к. МАРАТ, 1965-66 жылдардағы жергілiктi жердiң жағдайы, 1977 жылғы басылым) 185.3 биiктiк белгiсi бар Сакал геодезиялық пунктiнен оңтүстiкке қарай 7.60 километр қашықтықта, 188.6 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 3.65 километр қашықтықта, 200.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 7.12 километр қашықтықта орналасқан. N 109 Шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта өтіп, К-41-11 карта парағына көшедi де N 110 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 28.50 километр құрайды.
      N 110 шекаралық нүкте (К-41-11 карта парағы, к. МОТОРЛЫ ұжымшары, 1966 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1976 жылғы басылым) 159.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 15.10 километр қашықтықта 170.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 13.90 километр қашықтықта, 164.4 биiктік белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 8.20 километр қашықтықта орналасқан. N 110 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта өтiп, К-41-10 карта парағына көшедi де N 111 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 5.90 километр құрайды.
      N 111 шекаралық нүкте (К-41-10 карта парағы, арт. к. АЛТЫКУЛАШ 1966-67 жылдардағы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1976 жылғы басылым) Наган құдығымен бiрiктiрiлген және 170.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 3.48 километр қашықтықта, 165.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 5.31 километр қашықтықта, 166.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 7.70 километр қашықтықта орналасқан. N 111 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта өтiп, К-41-22 карта парағына көшедi де N 112 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 37.10 километр құрайды.
      N 112 шекаралық нүкте (К-41-22 карта парағы, фер. свх. ЖАНА-ШАРУА, 1985 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) 176.6 биiктік белгісi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.30 километр қашықтықта, 165.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 7.32 километр) қашықтықта, 179.4 биiктiк белгiсi бар Джахан геодезиялық пунктiнен батысқа қарай 8.90 километр қашықтықта орналасқан. N 112 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта өтiп, К-41-21 карта парағы (КОКАЯЗ, 1985 жылғы жергiліктi жердiң жағдайы, 1987 жылғы басылым) арқылы К-41-20 карта парағына көшедi де N 113 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 55.00 километр құрайды.
      N 113 шекаралық нүкте (К-41-20 карта парағы, ОТФ клх. им. КАЛИНИНА, 1985 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1989 жылғы басылым) Коскудук құдығымен бiрiктiрiлген және 161.3 биiктiк белгiсi бap геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 3.28 километр қашықтықта, Косшин тауындағы 175.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 6.52 километр қашықтықта, 163.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 6.20 километр қашықтықта орналасқан. N 113 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс бағытта өтiп, К-41-19 карта парағына көшеді де N 114 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 45.50 километр құрайды.
      N 114 шекаралық нүкте (К-41-19 карта парағы, к. ДАУТОБЕ, 1985 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1988 жылғы басылым) 151.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 13.05 километр қашықтықта, 159.8 биiктiк белгici бар Зангартобе төбесiндегi геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 0.65 километр қашықтықта, 144.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 7.60 километр қашықтықта орналасқан. N 114 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстiк-батыс бағытта өтiп, К-41-18 карта парағына көшедi (арт. к. ШАКИНТАУ, 1986 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1993 жылғы басылым), К-41-17 карта парағына көшедi де N 115 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 69.85 километр құрайды.
      N 115 шекаралық нүкте (К-41-17 карта парағы, НСАН, 1986 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1993 жылғы басылым) 97.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 8.46 километр қашықтықта, 105.7 биiктік белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 8.84 километр қашықтықта, 96.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 7.20 километр қашықтықта 101.0 биiктiк белгiсi бар Алдаяр төбесiнде орналасқан.
      N 115 және N 117 шекаралық нүктелер арасында мемлекеттiк шекара сызығын сипаттау жүргізiлген жоқ.
      N 117 шекаралық нүкте (К-41-3 карта парағы, фер. свх. им. ДИМИТРОВА, 1981 жылғы жергiлiкті жердiң жағдайы, 1984 жылғы басылым, L-41-135 карта парағы, оз. ЖАКСЫЖАРМОЛА, 1990 жылғы жергiлікті жердiң жағдайы, 1992 жылғы басылым) 76.1 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 5.75 километр қашықтықта 67.9 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 10.10 километр қашықтықта, 68.8 биiктiк белгісi бар бейіттен оңтүстiк-шығысқа қарай 8.80 километр қашықтықта орналасқан. N 117 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк-батыс бағытта өтiп, N 118 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегі мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 34.00 километр құрайды.
      N 118 шекаралық нүкте (L-41-135 карта парағы, оз. ЖАКСЫЖАРМОЛА, 1990 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1992 жылғы басылым) 70.3 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстік- батысқа қарай 3.48 километр қашықтықта, 65.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 6.69 километр қашықтықта 69.7 биіктік белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстік- солтүстiк-шығысқа қарай 4.45 километр қашықтықта орналасқан. N 118 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша солтүстiк бағытта Алтынколь соры арқылы өтiп, L-41-123 карта парағына көшеді де N 119 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 15.35 километр құрайды.
      N 119 шекаралық нүкте (L-41-123 карта парағы, ШЕНГЕЛЬДЫ, 1990 жылғы жергiлiктi жердің жағдайы, 1993 жылғы басылым) 70.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 15.60 километр қашықтықта, 70.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 9.18 километр қашықтықта, 68.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 13.51 километр қашықтықта Алтынколь сорында орналасқан. N 119 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта N 120 шекаралық нүктеге дейiн барады. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.45 километр құрайды.
      N 120 шекаралық нүкте (L-41-123 карта парағы, ШЕНГЕЛЬДЫ, 1990 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1993 жылғы басылым) 70.0 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 13.98 километр қашықтықта, 70.4 биіктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 11.37 километр қашықтықта 68.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 16.45 километр қашықтықта орналасқан. N 120 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы B=44 о 38'38.3" солтүстiк ендiгi L = 60 о 34'44.1" шығыс бойлығы геодезиялық координаттары бар N 121 шекаралық нүкте арқылы, В=45 о 22'09.3" солтүстiк ендiгі, L=58 о 59'28.8'' шығыс бойлығы геодезиялық координаттары бар N 122 шекаралық нүкте арқылы солтүстiк-батыс бағытта N 123 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 238.6 километрдi құрайды, оның iшiнде 108.4 километрiн Арал теңiзiнiң су бетi құрайды (Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығы өтуiнiң сипаттамасы 1:200 000 масштабтағы ғарыштық фотокарта бойынша орындалған).
      N 123 шекаралық нүкте (L- 40-94 карта парағы, ур. БАЙГУБЕКМУРЫН, 1990 жылғы жергiлiктi жердiң жағдайы, 1992 жылғы басылым) 209.9 биiктік белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк- оңтүстiк-батысқа қарай 3.30 километр қашықтықта, 195.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 5.50 километр қашықтықта, 197.1 биiктiк белгiсi бар нивелирлік белгiден шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 0.66 километр қашықтықта орналасқан. N 123 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы түзу сызық бойынша батыс-оңтүстік-батыс бағытта L-40-93 (к. КЫРГАН, 1990 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1992 жылғы басылым), L-40-92 (к. ШИЙОБА, 1989 жылғы жергілiктi жердiң жағдайы, 1990 жылғы басылым), L-40-91 (зим. МАТАЙ, 1989 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1990 жылғы басылым), L-40-103 (к. РЫСПАЙ, 1981 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1986 жылғы басылым), L-40-102 (к. КАРАКУДЫК, 1981 жылғы жергілікті жердің жағдайы, 1986 жылғы басылым) карталар парақтары арқылы өтіп L-40-101 карта парағына көшедi де N 124 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегі мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 213.14 километр құрайды.
      N 124 шекаралық нүкте (L-40-101 карта парағы, COPШA, 1981 жылғы жергілікті жердің жағдайы, 1985 жылғы басылым, L-40-113 карта парағы, КАРАКАЛПАКИЯ, 1987 жылғы жергілiкті жердің жағдайы, 1989 жылғы басылым, L-40-112 карта парағы, ОАЗИС разв. 1989 жылғы жергілікті жердің жағдайы, 1992 жылғы басылым, L-40-100 карта парағы, АКЖИГИТ, 1989 жылғы жергілікті жердің жағдайы, 1992 жылғы басылым,) B=45 о 00'00"-солтүстік ендігі, L=56 о 00'00" шығыс бойлығы геодезиялық координаттары бар нүктедегі Жарыккудук сорында орналасқан. N 124 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы түзу сызық бойынша оңтүстік бағытта L-10-112 (L-40-113) ол жерде газ құбыры мен Бейне-Тахиаташ темiр жолын кесiп өтедi,  L-40-124 (L-40-125), L-40-136 (L-40-137), К-40-4(К-40-5), К-40-16 (К-40-17),  К-40-28(К-40-29), К-40-40 (К-40-41), К-40-52 (К-40-53), К-40-64 (К-40-65), К-40-76 (К-40-77) карталар парақтары арқылы жүрiп отырып, 56 о 00'00" шығыс бойлықтағы меридиан бойынша К-40-88 (К-40-89) карта парағына көшедi де N 125 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 407.16 километр құрайды.
      N 125 шекаралық нүкте (К-40-88 карта парағы, п.трианг. ТОВЕ, 1960 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1963-65 жылдардағы басылым, К-40-89 қ. КАЗАКЛЫ, 1977 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1984 жылғы басылым, К-40-101 к. ДАХЛЫ, 1980 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1985 жылғы басылым) К-40-100 карта парағы, қ. КУМСЕБШЕН, 1974 жылғы жергілікті жердiң жағдайы, 1984 жылғы басылым) В=41 о 20'00" солтүстiк ендiгі, L=56 о 00'00" шығыс бойлығы геодезиялық координаттары бар нүктесi Шорқазаклы сорында орналасқан.
      N 125 шекаралық нүкте мен үш мемлекеттің шекараларының түйісу нүктесі арасында мемлекеттік шекара сызығын сипаттау жүргізілген жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады