Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1."Қазақстан Республикасы, Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегi 2000 жылғы 12 мамырдағы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы ноталар алмасу нысанындағы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы, Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегi 2000 жылғы 12 мамырдағы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы ноталар алмасу нысанындағы шартты бекiту туралы
Қазақстан Республикасы, Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегi 2000 жылғы 12 мамырдағы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы ноталар алмасу нысанындағы шарт бекiтілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҚТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӨНIНДЕГI
КЕЛІСІМ
Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының, Еуропалық Қоғамдастық
Комиссиясының, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ)(бұдан әрi - Тараптар) арасында жасалады.
Экологиялық проблемаларды шешу Орталық Азия елдерi (бұдан әрi - ОАА) Үкiметтерiнің, жергiлiктi өкiмет орындарының, үкiметтiк емес ұйымдарының (ассоцияцияларының) және азаматтарының бiрлескен күш-жiгерiн талап ететіндiгiн;
Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің Орхустағы (Дания, 1998 жылғы маусым) Пан-Еуропалық Конференциясының 4-шi Декларациясы Орталық Азияда Аймақтық Экологиялық Орталық (бұдан әрi - Орталық) құруды қолдайтындығын;
Орталық Азия мемлекеттерiнiң (Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы, Түрiкменстан және Өзбекстан Республикасы) мұндай Орталық Қазақстан Республикасында, Алматыда құрылатын болады деп шешкендерiн;
1999 жылғы 20 шілдеде қол қойылған Орталықтың Жарғысы осы Келiсiммен бiрге Орталықты құруға және оның қызметiне заңдық негiз болып табылатындығын ескере отырып;
ТАРАПТАР төмендегiлер туралы КЕЛIСТI:
1-бап
1. Қазақстан Республикасының, Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясының, БҰҰДБ-ның арасындағы осы Келiсiм Орталықтың мақсаттарына қол жеткiзу үшін оның қызметiн қолдау жөнiндегi Тараптардың міндеттемелерiн белгiлейді.
2. Орталықтың қызметi Орталықтың Жарғысына, осы Келiсiмге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
3. Орталық халықаралық сипаттағы тәуелсiз, коммерциялық емес,
саяси емес ұйым (ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны - мекеме) ретiнде құрылады.
4. Орталық шектелмеген мерзiмге құрылады.
5. Орталық Қазақстанда, Алматы қаласына орналасады.
2-бап
1. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны мемлекеттiк тiркеген кезден бастап заңды тұлға ретiнде құрылған болып есептеледі және:
- өзiнің меншiктi жеке активтерi болады;
- мұндай активтердi кеңейту жөнiндегi өзiнің міндеттемелерi үшiн жауап беретiн болады;
- өз атынан келiсiм-шарттар мен келiсімдер жасаса алады;
- мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды сатып ала алады және
жүзеге асыра алады;
- мiндеттемелер ала алады және сот алдында талапкер немесе жауапкер ретiнде шыға алады.
3-бап
Орталық Орталық Азияда филиалдарын ашады және Орталықтың Жарғысы мен ОАА мемлекеттерiнің заңдарына сәйкес бөлiмшелерiн құра алады.
4-бап
1. Тараптар Орталықтың міндеттемелерi бойынша жауап бермейді
және Орталық Тараптардың міндеттемелерi бойынша жауап бермейді.
2. Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы, БҰҰДБ:
- ашық және тиiстi қорларға қатысты Орталықты қолдауды қамтамасыз етеді;
- Жарғыда келтiрiлген мақсаттарға сәйкес орталықты құруға жәрдемдеседi;
- Орталықтың қызметiне консультациялармен, ақпаратпен және ұсыныстармен жәрдемдеседі.
3. Қазақстан Республикасы:
Осы Келiсiмге қол қойғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Орталықты заңды тұлғаның мәртебесi бар халықаралық
сипаттағы тәуелсiз, коммерциялық емес, саяси емес ұйым ретiнде 6 айдың iшiнде тiркеудi қамтамасыз етедi;
- Орталықтың тиiмдi жұмыс iстеуi үшін тиiстi ұйымдық жағдайлар жасайды, байланыс арналарын ұсынады, сондай-ақ Алматы қаласындағы АЭО кеңсесi үшiн орталықтың меншiгiне үй мен ғимаратты (үй-жайды) тегiн береді.
5-бап
1. Орталық Жарғыға сәйкес жергiлiкті, аймақтық және халықаралық деңгейлерде үкiметтiк емес ұйымдардың (ассоцияциялардың), үкiметтердің, iскерлiк топтардың және басқа да мүдделi ұйымдардың арасында ақпараттарды epкін алмасудағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседi; жарғылық мақсаттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғауға тартылған кез келген ұйымға немесе тұлғаға тiкелей көмегiн ұсынады.
2. Орталық қоғамның (қоғамдардың) қоршаған ортаға және орнықты дамуға қатысы бар шешімдер қабылдау процесiне жұртшылықтың атсалысуына жәрдемдеседi.
3. Орталықтың қызметi Жарғыға және Орталық әзiрлейтiн, сондай-ақ оның құрылтайшылары бекiтетiн Жұмыс Бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi.
6-бап
1. Орталық басқа елдердегi Аймақтық Экологиялық Орталықтармен бiрлесiп жұмыс iстейді.
2. Тараптар Аймақтық Экологиялық Орталықтардың қызметтерiне
байланысты құрылған халықаралық үйлестiру комитеттерiмен және ұйымдарымен ынтымақтастық жасауда және олардың жұмысына атсалысуда Орталықты көтермелеуі және көмектесуі тиiс.
3. Орталықтың жұмыс тілдерi орыс және ағылшын тілдерi болып табылады. Орталық қажет болған жағдайда ОАА елдерiнің мемлекеттiк тiлдерiн пайдалана алады.
7-бап
1. Қаржылық бақылаумен, нормативтермен немесе кез келген түрдегi мораториймен шектелмеген Орталық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
- Орталықтың меншігіне жататын құрылыстарды, ғимараттарды, жабдықтарды, құралдарды иемденедi, пайдаланады және оларға билiк жүргiзе алады;
- Орталықтың меншігіне жататын кез келген қорлар мен активтердi немесе кез келген түрдегi валютаны иемдене алады және кез келген валютамен есеп айырысу жүргiзе алады;
- өзiнің қорлары мен активтерi немесе валюталарын бiр елден екiншi елге беруде және өзiне тиесiлi валютаны кез келген басқа валютаға өтімділендiруде epікті.
2. Орталық активтерi: тұрақты және бiр жолғы төлейтiн салымдардан, үйлерден (үй-жайлардан), автокөлiк құралдары, ұйымдастыру техникасы, кеңсе жиhазы және оған жиынтықтайтын лабораториялық жабдық (экологиялық проблемаларды зерттеу үшiн) болып табылатын және Тараптардың тегiн негiзде Орталықтың және оның, ұлттық филиалдарына беруiне және пайдалануына арналған иелiктен алуға жатпайтын тауарлардан сондай-ақ техникалық жәрдемдесудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ерiктi салымдардан және қайырмалдықтардан тұрады.
3. Орталықтың активтерi тек қана ОАА-ның экологиялық проблемаларын шешуге жұмсалады.
4. Орталық өз қызметiн осы Келiсiм мен Жарғының шеңберiнде жүзеге асыруы мақсатында:
- Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген салықтардан, Орталықтық активтерiне жататын үйлер (үй-жайлар);
- кеден баждары және салық заңдарымен белгіленген, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) импорты (экспорты) кезiнде алынатын кеден баждары мен салықтарынан, Орталықтың тауарлар түрiндегi активтерi, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес ұсынылатын көрсетiлетiн қызметтер;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, осы Келiсiмнiң 2-тармағында аталған Орталыққа және оның ұлттық филиалдарына берiлетiн тауарлардың импортына (экспортына) тыйым салулар мен шектеулерден босатылуға тиiс.
8-бап
1. Жарғыда көзделгенiндей Орталықтың құрамына Басқарушылар Keңeci, Атқарушы Директор, Консультативтiк Кеңес, басқа да лауазымды тұлғалар, сондай-ақ Орталықтың қызметi үшiн қажет болатын міндеттердi орындау үшiн әкiмшiлiк және техникалық штат кiретiн болады.
2. Орталықтың жұмысына басшылық жасайтын Атқарушы Директор Орталықтың өкiлі болып табылады. Атқарушы Директор Жарғыға сәйкес тағайындалады.
9-бап
Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты барлық даулар мен келiспеушіліктер Тараптардың арасындағы өзара консультациялар және келiссөздер арқылы шешiлетiн болады.
10-бап
Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге түзетулер құжаттар алмасу жолымен енгiзiлуі мүмкiн. Мұндай құжаттар
Келiсiмнің ажырамас бөлiктерi болып табылады.
11-бап
Осы Келiсiм тараптар арасындағы келiссөздер орындалғаннан кейін iшкi рәсiмдерге сәйкес қабылданады.
Осы Келiсiм тараптардың өзара уағдаластығы бойынша iшкi рәсiмдердiң орындалғанын хабарлаған күннен кейiн екіншi айдың бiрiншi күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм басқа да мүдделi ұйымдардың қатысуы үшiн ашық.
12-бап
Тараптар Келiсiмнен шығу жөнiндегi өз ниетiн Кеңестің Төрағасына өздерiнiң Келiсiм Тараптары ретiндегi статусы өзгеруінен
6 ай бұрын жазбаша хабарлама білдiру арқылы Тараптар статусынан баc тарта алады.
Орталықты қайта ұйымдастыру немесе тарату Орталықтың Жарғысы мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Алматы қаласында 2000 жылғы 12 мамыр әрқайсысы қазақ, ағылшын
және орыс тiлдерінде екі данадан жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Еуропалық Қоғамдық Комиссиясы үшін
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы үшін
N 12-03/264
Қазақстан Республикасының сыртқы iстер Министрлiгi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының даму Бағдарламасына өз құрметін бiлдiре отырып, 2000 жылы 12 мамырда Алматы қаласында жасалынған Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс iстеу шарттарының Келiсiмiне
өзгертулер енгізiлуiн қолдайды.
7 баптың 4 пунктi мынадай мәтiнде мазмұндалсын:
"4. Орталық өз қызметiн осы Келiсiм мен Жарғы аумағында жүзеге асыра отырып:
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бюджетке берiлетiн барлық алым, салық және басқа да міндеттi төлемдерден; - Орталықтың қолдану мақсатында сырттан әкелiнетiн және шығарылатын ресми заттарына, сонымен қатар оларды жариялауына шек қоюдан және кедендiк баждан босатылады".
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының даму Бағдарламасы ұсынылған мәтiнмен
келiскен жағдайда, Министрлiк осы нота мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының
даму Бағдарламасының 2000 жылы 12 мамырда Алматы қаласында жасаған жауап нотасын Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс iстеу шарттарының Келiсiмiнiң ажырамас бөлiгi болуы мүмкiн деп есептейдi.
Министрлiк осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының даму Бағдарламасына өз тарапынан қарым-қатынастарын жаңартатындарына зор сенiм бiлдiредi.
Астана қаласы, 01 маусым 2001 жыл
БIРIККЕH ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Нью-Йорк қаласы
N12-03/267
Қазақстан Республикасының сыртқы iстер Министрлiгi Европалық Комиссия Қоғамдастығына өз құрметiн бiлдiре отырып, 2000 жылы 12 мамырда Алматы қаласында жасалынған Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс iстеу шарттарының Келiсiмiне өзгертулер енгiзiлуiн қолдайды.
7 баптың 4 пунктi мынадай мәтiнде мазмұндалсын:
"4. Орталық өз қызметiн осы Келiсiм мен Жарғы аумағында жүзеге асыра отырып:
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бюджетке берiлетiн барлық алым, салық және басқа да міндеттi төлемдерден; - Орталықтың қолдану мақсатында сырттан әкелiнетiн және шығарылатын ресми заттарына, сонымен қатар оларды жариялауына шек қоюдан және кедендiк баждан босатылады".
Европалық Комиссия Қоғамдастығы ұсынылған мәтiнмен келiскен жағдайда, Министрлiк осы нота мен Европалық Комиссия Қоғамдастығы 2000 жылы 12 мамырда Алматы қаласында жасаған жауап нотасын Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс iстеу шарттарының Келiсiмiнiң ажырамас бөлiгi болуы мүмкiн деп есептейдi.
Министрлiк осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, Европалық Комиссия Қоғамдастығына өз тарапынан қарым-қатынастарын жаңартатындарына зор сенiм бiлдiредi.
Астана қаласы, 01 маусым 2001 жыл
ЕВРОПАЛЫҚ КОМИССИЯ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ
Брюссель қаласы
ЕВРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Қазақстан Республикасындағы Европалық Комиссия Делегациясы
НВ/2001/461
АУЫЗША НОТА
Қазақстан Республикасындағы Европалық Комиссиясының Өкiлдiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы Iстер Министрлiгiне өзiнiң құрметiн бiлдiредi және Министрлiктiң 2001 жылғы 4 маусымдағы N 12-03/267 нотасына жауап бере отырып, Европалық Комиссияның "Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының қызмет жасау шарттарының Келiсiмiндегi" 7 бабының 4 пунктiне қатысты ұсынылған өзгертулермен келiсетiнiн растайды.
Қазақстан Республикасындағы Европалық Комиссиясының Өкiлдiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы Iстер Министрлiгiне өздерiнiң жоғарғы құрметiн бiлдiре отырып, қарым-қатынастарын одан әрi жалғастыратындарына сенiм бiлдiредi.
Алматы, 24 шiлде 2001
Қазақстан Республикасы Сыртқы Iстер Министрлiгi
Астана қаласы
Мөр таңбасы