"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 114 Қаулысы. Қаулының 1-тармағын қоспағанда күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі 387 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының 1-тармағын қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі) 15-бабына сәйкес және кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.03 N 101 қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң бекiтiлген штат саны лимиттерi шегiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Аймақаралық комитет) құрылсын.
      2-3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1127 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады