Азия және Тынық мұхит аймағында (Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жанынан) ғарыш ғылымы және технологиялары жөнiндегі бiлiм орталығын құру жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 31 қаңтар N 116

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1995 жылғы 1 қарашада Нью-Дели қаласында жасалған Азия және Тынық мұхит аймағында (Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жанынан) ғарыш ғылымы және технологиялары жөнiндегi бiлiм орталығын құру жөнiндегi келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Азия және Тынық мұхит аймағында (Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жанынан) ғарыш ғылымы және технологиялары жөнiндегi бiлiм орталығын құру жөнiндегі
Келісім

      Уағдаласушы тараптар

      (І) Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Ғарыш кеңiстігі мәселелерi жөнiндегi басқармасының (БҰҰ ҒКМБ) ғарышты пайдалану жөнiндегі сарапшысының қатысуымен;
      (II) Бiрiккен Ұлттар Бас Ассамблеясы өзiнiң 1982 жылғы 10 желтоқсандағы 37/90 қарарында (UNISPASE 82) БҰҰ-ның ғарыштық техникаларды қолдану жөнiндегi Бағдарламасы назарының фокусын басқа бағыттармен қатар жергiлiктi мүмкiндiктердi локалды деңгейде дамытуға аударуға тиiс екендiгi жөнiндегi 1982 жылы Венада өткен Ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсатта зерттеу және пайдалану жөнiндегi БҰҰ Екiншi конференциясының ұсынымын мақұлдағанын ЕСКЕ САЛА ОТЫРЫП;
      (III) Бiрiккен Ұлттар Бас Ассамблеясы (БҰҰ БА) өзiнiң 1990 жылғы 11 желтоқсандағы 445/72 қарарында Ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсатқа пайдалану жөнiндегi комитеттiң "БҰҰ өзiнiң арнайы мамандандырылған мекемелермен өзге де халықаралық ұйымдардың белсендi қолдауымен дамушы елдердегi бар ұлттық аймақтық бiлiм беру мекемелерiнде ғарыш ғылымы және технологиялары бойынша аймақтық бiлiм орталықтарын құрудағы халықаралық күш-жiгер жұмсауды басқаруы кepeк" деген ұсынымын мақұлдағанын ЕСКЕ САЛА ОТЫРЫП;
      (IV) БҰҰ БА 1991 жылғы 9 желтоқсандағы 46/45 1992 жылғы 14 желтоқсандағы 47/67, 1993 жылғы 10 желтоқсандағы 48/39 қарарларын АТАЙ ОТЫРЫП;
      (V) 1994 жылғы 23-24 қыркүйекте Пекинде өткен Азия және Тынық мұхиты аймағындағы дамуға қатысты ғарышты технологияны пайдалану Министрлiк Конференциясының iс-шаралар Жоспары осы аймақта ашу жобаланған ғарыш ғылымы және технологиялары жөнiнде БҰҰ-ның ұсынған бiлiм орталығымен байланысты (Экономикалық және Әлеуметтiк Комиссиясы Азия және Тынық мұхит (ЭCKATO) үшiн космостық технология жөнiндегi БҰҰ аймақтық ғарышты пайдалану жөнiндегі бағдарламасы арқылы) дамытуды қолдайтындығын ТАҒЫ ДА РАСТАЙ ОТЫРЫП;
      (VI) Ғарыштық iстер жөнiндегi басқарма жариялаған осындай Орталықты Азия және Тынық мұхиты аймағы үшiн құру жөнiндегі Бағалау Комиссиясының қорытынды баяндамасын және Yндiстанның осы Орталықты ұйымдастырушы ел ретiнде таңдап алынғаны туралы келесi 1994 жылғы қарашада жарияланған мәлiмдеменi одан әрi АТАЙ ОТЫРЫП;
      (VII) Осы Келiсiм арқылы Азия Тынық мұхит аймағы үшiн Ғарыш ғылымы және технологиялары жөнiндегi Аймақтық Бiлiм Орталығын құруға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП;
      төмендегiлер туралы КЕЛIСТI:

I бап: ОРТАЛЫҚТЫ ҚҰРУ

      1. Азия және Тынық мұхиты елдерi үшiн Ғарыш ғылымы және технологиялары бойынша Аймақтық бiлiм Орталығы (бұдан әрi - Орталық) Үндiстанда құрылады және аймақтың ресурстары мен мүмкiншiлiктерiн толық пайдалану үшiн белгiленген тәртiппен және Басқару Кеңесi қолдауымен (IV бапта анықталған) тораптық орталықтар жүйесiне айналады. Орталықтың қызметi мен бағдарламалары, ең алдымен Азия және Тынық мұхиты аймағының барлық елдерiнiң пайдасына бағытталған.
      2. Азия және Тынық мұхит аймағын анықтау БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтiк комиссиясы қабылдаған және БҰҰ БА әртүрлi қарарларының нәтижесiнде қайта қаралған.

II бап: ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫ

      1. Орталық алғашында қашықтықтан зондылау, жер серiктiк байланыстарға, жер серiктiк метрологияға және атмосфера туралы ғылымда көңiл аудара отырып бейбiт мақсаттар шеңберiндегi тереңдетiлген оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын болады. Соның iшiнде, Орталықтың мақсаттары мыналар болып табылады:
      (а) қоршаған ортаны зерттеу саласындағы университеттер оқытушыларының, ғалымдарының және қашықтықтан зондылауды және тиiстi технологияларды жобалау, әзiрлеу және қолдану жөнiндегi инженерлiк персоналдардың дағдылары мен бiлiмдерiн ұлттық және аймақтық дамытуда, қоршаған ортаны басқару жөнiндегi бағдарламаларда, оның iшiнде био-көптүрлiлiктi қорғауды дамыту;
      (b) оқытушыларға өздерiнiң институттарындағы/елдерiндегi студенттердiң бiлiмiн арттыруға олардың пайдалана алатын қоршаған орта және атмосфера туралы ғылымы жөнiндегi оқу курстарын әзiрлеуге көмек;
      (с) ауылды дамытуға, сырттай оқуға, денсаулық сақтау бойынша қызмет көрсетуге, апаттарды жұмсартуға, әуе және теңiз навигациясымен және аймақтың, мемлекеттiк мекемелердiң және өнеркәсiп салаларының мамандары мен ғалымдары жүйесiне/байланысына қатыстыларды қоса алғанда, жер серiгі саласындағы дағдыларды дамыту жаңа идеялармен, мәлiметтермен және бiлiмдерiмен алмасуға әрекет ету;
      (d) ғарышпен байланысты ақпараттарды ұлттық және аймақтық даму бағдарламаларына жауапты саясаткерлер мен басшы адамдарға беруге зерттеушi және қолданушы ғалымдардың дайындауда көмек көрсету;
      (e) Азия Тынық мұхит аймағындағы экологиялық қауіпсiздiгiмен тұрақты даму үшiн ғарыштық технологияны пайдалану Пекин декларациясында қабылдаған Стратегия және Іс-әрекет Жоспарында көзделгендей ғарыштық ғылым, технологиялық және қолданбалы бағдарламалар бойынша аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты күшейту;
      (f) халықтың арасында ғарыш ғылымы мен технологиясының, олардың күнделiктi өмiрiнiң сапасы жақсартудағы мәнiн түсiнуi таратуда көмек көрсету;
      (g) аймақтың ғылыми жолмен дамуын күшейтетiн өзге де қатысы бар белсендiлiктердi қолдау.

III бап: ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

      1. Орталық құрылымы мынандай болады:
      (а) Басқару Кеңесi;
      (b) Консультативтік комитет;
      (с) Орталықтың Директоры және басқа персоналдары;
      (d) Кампус және Орталықтың филиалы.

IV бап: БАСҚАРУ КЕҢЕСI

      1. Басқару Кеңесi (БК) орталықтың негiзгi шешiм шығарушы органы болып табылады. БК құрамына әрбiр Уағдаласушы Тараптардың бiр өкiлi кiредi. БК әрбiр мүшесi БК мәжiлiстерiнде бiр дауысқа ие болады. Орталықпен Келiсiм жасаған кез келген басқа ел, халықаралық ұйым немесе қаржыландырушы орган осы Келiсiмнiң VIII бабында көзделгендей БК кездесулерiне бақылаушы ретiнде шақырылатын болады.
      2. БК жылына кемiнде бiр рет Yндiстанда немесе аймақтың қандай да бiр БК белгiлейтiн елiнде мәжiлiс өткiзедi. БК мүшелерiнiң ең кемiнде жартысының қатысуы БК мәжiлiсi үшiн кворум болып табылады.
      3. БК Орталықтың саясатын анықтайтын, ұзақ мерзiмдi жоспарларды, жыл сайынғы бағдарламаларды және ұсынылған бюджеттердi бекiтетiн болады. Ол, сондай-ақ, қаржы саясатын және рәсiмдеулерiн бекiтетiн болады және өз рәсiмдеулерi мен нормаларын және Орталықтың қызметiнiң атқарылуын бағалайтын болады.
      4. БК Консультативтiк Комитеттiң құрамын және функциясын анықтайтын болады.
      5. БК Орталықтың директоры мен директордың орынбасарын тағайындайды, БК әрбiр мүшесi ол лауазымға өзiнiң кандидатын ұсына алады. БК директор мен директордың орынбасарының мiндетi мен функциясын анықтайтын болады.
      6. БК өзiнiң төрағасын екi жыл мерзiмге сайлайды. Бұл мерзiм тағы бiр екi жылдық кезеңге бiр-ақ рет ұзартылады. Төраға консенсус жолымен сайланады. БК бiрiншi Төрағасы қабылдаушы елден сайланатын болады.
      7. Директор мен директордың орынбасары БК барлық мәжiлiсiне қатысады. Бұл мәжiлiсте директор мен директордың орынбасары төрағаның келiсiмiмен кез келген уақытта ауызша немесе жазбаша өтiнiш жасай алады.
      8. БК басқа мемлекеттердi, ұйымдарды және сарапшыларды Орталықтың қызметiне өзi белгiлеген шарт жағдайында қатысуға шақыра алады.
      9. Орталықтың директоры БК хатшысы болып табылады.

V бап: КОНСУЛЬТАТИВТIК КОМИТЕТ

      1. Консультативтiк Комитет (КК) Yкiметтiк өнеркәсiптiк және академиялық және ғылыми топтардың көрнектi қайраткерлерiнен құралатын болады. КК мүшелерi БК сайлайды және БК белгiлеген кезеңде қызмет ететiн болады. КК-ның функцияларын БК белгiлейтiн болады.
      2. КК қажеттiлiгiне қарай жиi кездесетiн болады және оның мәжiлiстерi Үндiстанда немесе аймақтың БК белгiлейтiн бiр елiнде өтетiн болады.

VI бап: ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЖӘНЕ БAСҚА ПЕРСОНАЛЫ

      1. Орталықты, оның бағдарламасын тұтастай жүргiзетiн директор басқарады. Орталықты күнделiктi басқаруда оған директордың орынбасары көмектесетiн болады. Директор мен директордың орынбасары Үндiстанда орналастырылады.
      2. Директор мен директордың орынбасары үш жылға тағайындалатын болады және БК солай шешсе, қосымша екі жылдық мерзiмге қайта тағайындала алады.
      3. Директор мен директордың орынбасары әр түрлi елден болуы керек.

VII бап: ОРТАЛЫҚТЫҢ КАМПУСЫ ЖӘНЕ ФИЛИАЛДАРЫ

      1. Орталықтың кампусы Декрадун қаласында (Үндiстан), Декрадундағы үндiлiк қашықтықтан зондылау институты бар инфрақұрылымның маңында орналасады.
      2. Өзiнiң бағдарламаларын орындау үшiн Орталық жер серiктiк байланысқа және жер серiгiнiң метеорологияға қатысты бағдарламалары бойынша қабылдаушы мекеме ретiнде болатын Ахмедабад қаласындағы Ғарышты пайдалану орталығын және ғарыштық ғылымдар бойынша Ахмедабадтағы Физикалық зерттеулер лабораториясымен келiсiм жасаса алады.
      3. Бағдарламалардың дамуына қарай аймақтың мекемелерiн қамтитын қосымша қосылған мекемелер Орталықтың жетекшiлiгiмен және КБ басқаруымен әзiрленедi.

VIII бап: ҮКIМЕТТЕРМЕН, ҰЙЫМДАРМЕН ЖӘНЕ ИНСТИТУТТАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

      1. Аймақтың мемлекеттерi және ұйымдары, сондай-ақ басқа мүдделi елдер Орталықтың жұмысына қатысуды және қолдауды Орталықпен келiсiлген жағдайда жүргiзе алады. Сонымен қатар, олар Орталық мақсатының орындалуына жәрдемдесу үшiн оқыту және зерттеу бойынша мамандар берiп, сондай ақ қаржы және басқа да салымдар бере алады.
      2. Орталық БҰҰ және әсiресе Ғарыш кеңiстiгі iстерi басқармасымен және БҰҰ Азия және Тынық мұхит аймағы елдерiнiң әлеуметтiк экономикалық мәселелерi жөнiндегi комитетiмен тығыз қызметтiк өзара қатынас орната алады. Ол сонымен қатар БҰҰ-нан және басқа ұйымдарынан сараптық кеңес, техникалық қолдау құжаттармен және басқа сәйкес көмек қамтамасыз етуде көмек сұрай алады. Орталықтың бұл ұйымдармен ынтымақтастығы Орталық пен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы Келiсiммен белгiленедi.

IX бап: ҚАБЫЛДАУШЫ ЕЛМЕН КЕЛIСIМ

      1. Үндiстандағы Орталық заңды тұлға болып табылады және сонымен қатар, шарттар жасасуға, жылжымалы және заңды жылжымайтын мүлiктi сатып алуға, иелiк етуге және заңды жұмыстарды жүргiзуге құқылы. Ол өзiнiң функциялары мен мақсаттарын орындау үшiн қажеттi жеңiлдiктер мен иммунитеттерге ие болады.
      2. Орталықтың жиналысына және Орталықпен байланысты басқа шараларға қатысушы оның Директоры, Директордың орынбасары, персоналы және филиалдары, сондай-ақ онымен жұмыс iстейтiн немесе қатынас жасаушы тұлғалар, БК мүшелерi және КК мүшелерi Орталықтың функциялары үшiн қажеттi жеңiлдiктер мен иммунитеттерге ие болады және бұл жеңiлдiктер басқа халықаралық ұйымдарға, әсiресе БҰҰ-на берiлетiн жеңiлдiктер мен иммунитеттерге теңестiрiледi.
      3. Орталық Үндiстан Yкiметiмен, "қабылдаушы елмен" осы баптың (1) және (2)-тармақтарында көрсетiлген мәселелердi қамтитын қажеттi келiсiмдер жасайды. Орталық, сондай-ақ, алдағы уақытта Орталықтың негiзгi мекемелерi құрылатын елдердiң Үкіметтерiмен осындай келiсiмдердi жасайды.
      4. Үндiстанның Үкiметi осы Келiсiмнiң VII бабында аталған инфрақұрылым бойынша Орталықтың қызметiне үй-жай бередi.
      5. Үндiстанның Yкiметi Орталық қызметi үшiн қажеттi қауiпсiздiк және басқа қолдаушы персоналмен қамтамасыз етедi және тиiстi институттарға, оның iшiнде Дехрадундегi үндiстандық қашықтықтық зондылау институтына, Ахмедабадтағы Ғарыштық қолданыстар орталығына және Физикалық зерттеулер лабораториясына енуге әрекеттестiк етедi.

X бап: ОРТАЛЫҚТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      БК Орталықтың қызметi үшiн бюджеттiк қажеттiлiктi және қаржымен қолдау көздерiн анықтайтын болады. Бұл қаржыландыру көздерi басқаларға қоса былайша бола алады:
      а) Қабылдаушы елдiң қаржыландыруы мен қолдауы
      b) Орталыққа қатысушы-елдердiң epiкті салымдары
      с) Басқа елдердiң ерiктi салымдары
      d) Көп жақты ведомствалардың ерiктi салымдары.

XI бап: ҚАБЫЛДАНАТЫН ЗАҢ

      Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмде көзделген қызметті оның қолданылатын заңдары мен нормаларын сақтай отырып жүргізетiн болады.

XII бап: ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап шартты түрде және алғашқы сигнаторлар қабылдаушы елдi оның күшiне енуi үшiн қажетті рәсiмдеулердiң аяқталғаны туралы соңғы хабарламасын алғаннан соң (30) күннен кейiн күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiмге Уағдаласушы Тараптар арасындағы жазбаша келiсiмi арқылы түрi өзгертілуi немесе оған өзгертулер мен түзетулер енгiзiлуi.
      3. Осы Келiсiмдi түсiндiруде немесе iске асыруда Уағдаласушы Тараптар арасында дау-дамай БК қабылдаған рәсiмдердiң ережесiне негiзделiп шешiлетiн болады.
      4. Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн төрт жылдан соң БК осы Келiсiмнiң қалай iске асырылғандығын қарап, баға бередi.
      5. Бұл Келiсiм күшiне енгеннен кейiн БҰҰ Жарғысының 102-бабына және Шаржар туралы Заң жөнiндегі 1969 жылғы Вена Конвенциясының 80-бабындағы 1-бағанның ережелерiне сәйкес iс-әрекет ету үшiн ашық болады.
      6. Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн кез келген уақытта оның Тарапы бола алатын Азия және Тынық мұхит аймағындағы кез келген БҰҰ-на мүше мемлекет үшiн ашық болады.

XIII бап: ҚАЙТА ШАҚЫРУ

      1. Уағдаласушы Тарап Депозитор (Келiсiм сенiп тапсырылған тұлға) ретінде болатын Үндiстан Үкiметiне жазбаша хабарлама жiберiп, Келiсiмдi кез-келген уақытта қайта шақырып ала алады. Қайта шақыру Депозитор қайта шақыру туралы хабарлауды алғаннан кейiн алпыс күннен соң күшiне енедi.

XIV бап: ТYПНҰСҚАЛЫҚ МӘТIН ЖӘНЕ КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШIРМЕЛЕР

      1. Осы Келiсiм оның куәландырған көшiрмелерiн аймақтың барлық мемлекеттерiне беретiн Депозиторда сақталатын болады.
      Үндiстанда, Нью-Делиде 1995 жылғы 1 қарашада ағылшын тiлiнде жасалды.

      ҚАЗАҚСТАН Үкiметi үшiн
      елшi Р.П.Ибраев ___________________
                           (қолы)

      Азия және Тынық мұхит аймағында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жанынан ғарыш ғылымы және технологиялары жөнiндегi оқу орталығын құру туралы осы келiсiмнiң қазақша мәтiнi аталған келiсiмнiң ағылшын тiлiндегi нұсқасына сәйкес келедi.

      ҚP Сыртқы iстер министрлiгi Аппаратының
      Құжаттарды мемлекеттiк тiлде қалыптастыру
      бөлiмiнiң бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады