Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкiлдiгiнiң жаңа объектiлерiн салу үшiн Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне жер учаскесiн беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Заңы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкiлдігінiң жаңа объектілерiн салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне жер учаскесiн беру туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Yкiметi арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумды бекiту туралы
2002 жылғы 3 қазанда Алматы қаласында жасалған Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкілдігiнiң жаңа объектiлерiн салу үшiн Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне жер учаскесiн беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандум бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкілдiгiнiң жаңа объектiлерiн салу үшін Америка Құрама Штаттарының Yкіметіне жер учаскесiн беру туралы Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Америка Құрама Штаттарының Yкiметi арасындағы
ӨЗАРА ТҮСIНIСТIК ТУРАЛЫ MEMOPАНДУМ
1-бап
Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiн орналастыру үшiн Вашингтон қаласындағы (Колумбия округі): Солтүстік-батыс жағындағы 16-шы көше, 1401, мекен-жай бойынша орналасқан мүлiктердi жекеменшiкке сатып алуға берген құқығына айырбас ретiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметі Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне Астана қаласындағы Манас көшесiне орналасқан ("Ақбұлақ- 4" шағын ауданы ауданындағы) 8,614 га жер учаскесi алаңын 49 жылға жалға бередi, ол - Америка Құрама Штаттарының дипломатиялық өкiлдiгi ғимараттарының құрылысын cалу мақсатында қосымша төлемсiз аталған мерзiмдi әрқайсысы 49 жылдан тұратын ең кемi үш қосымша мерзiмге ұзарту мүмкiндiгімен, Құрама Штаттар 300 000 (үш жүз мың) АҚШ доллары көлемiндегi бiржолғы төлем төлеудi жүзеге асырады деген шартпен берiледi.
2-бап
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына шет мемлекеттерге жер учаскелерiн жекеменшiкке сатып алу құқығын беретін өзгерiстер енгізiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Меморандум негізiнде Құрама Штаттар Yкiметіне Қазақстан Республикасының Вашингтон қаласындағы (Колумбия округі) Солтүстiк-батыс жағындағы 16-шы көше, 1401, мекен-жайы бойынша ғимараттар сатып алуға айырбас ретiнде өзара кепiлдiк беру принципiмен қосымша төлемсiз, жалға алу шеңберiнде жер пайдалану құқығын осы жер учаскесiне арналған жекеменшiк құқығына қайта ресiмдеуге құқық бередi.
3-бап
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң және АҚШ-тың Мемлекеттiк департаментiнiң Дипломатиялық миссиялар басқармасының алдын ала мақұлдауын алған жағдайда, Тараптар бiр-бiрiне мүлiктердi иелену мен басқаға беру құқықтарының, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан елдерде дипломатиялық миссиялар алған ғимараттар мен жер учаскелерiне иелiк ету құқықтарының өзгермейтiндiгіне кепiлдiк бередi.
4-бап
Америка Құрама Штаттарының Yкiметі қала салу мен сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайтын болады.
5-бап
Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның 1-бабында көрсетiлген жалға алынған жер учаскесi борыштардан, ауыртпалықтардан және үшiншi тұлғалардың құқықтарынан азат күйiнде берiледі.
6-бап
Халықаралық құқық нормаларына, 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына және 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Меморандумның негiзiнде, Америка Құрама Штаттарының Yкiметiне берiлетiн жер учаскесiне қатысты салық пен алымның барлық түрлерiнен және басқа да төлемдер төлеуден, сондай-ақ Жалға алу шартын жасасуға және тiркеуге байланысты барлық шығыстарды төлеуден, оның iшiнде (бiрақ мұнымен шектелмей), жер учаскесi жөнiндегі барлық құжаттарды ресiмдеу кезiндегi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндiрiлiнiп алынатын нотариаттық, тiркеуге қатысты және басқа алымдардан босатады.
7-бап
Дипломатиялық өкiлдiк ғимараттарының құрылысын салуға жұмсалатын барлық шығыстарды, сондай-ақ оларды күтiп ұстау мен жөндеудiң, электрмен, газбен, сумен және жылумен қамтамасыз етудiң, байланыс қызметiнiң шығыстарын Америка Құрама Штаттарының Үкiметi Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтер мен тарифтерге сәйкес дербес төлейтiн болады.
8-бап
Америка Құрама Штаттарының Yкiметі жалға алған учаскедегi коммуналдық құрылыстардың техникалық жағдайын жасағаннан кейiн, Қазақстан Республикасының Yкiметі өз есебiнен немесе Астана қаласы әкiмшiлiгiнiң есебiнен коммуналдық құрылыстарға барлық қажеттi қосуларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қажеттi жәрдемді уақытылы көpcетуге келiседi.
9-бап
Қазақстан Республикасының өз күшiнде қалған заңнамаларында қарастырылған қолданыстағы барлық рәсiмдердi Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мiндетті түрде сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi жер учаскесiнде жаңа ғимараттарды жобалау және салу үшiн қажеттi, құрылысқа арналған барлық рұқсаттарды, келiсiмдер мен бекітулердiң берiлуiн ұйымдастыруға уақытылы жәрдемдесуге келiседі.
10-бап
Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның ережелерiн түсiндiру мен қолдану кезiнде даулар мен пікiралшақтық туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер арқылы шешуге мiндеттенеді.
11-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға, соның iшiнде осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның 2-бабында көзделген, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделеді.
12-бап
Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және Тараптар осы Меморандумның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны жiберген күннен бастап түбегейлi күшiне енеді.
Алматы қаласында 2002 жылғы 3 қазанда ағылшын және орыс тiлдерiнде екi данадан жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей. Тап осындай заңдық күшi бар қазақ тiлiндегi мәтiнге оның ағылшын тiлiндегi мәтiнiнiң сәйкестiгiн растайтын дипломатиялық ноталар алмасу арқылы қол қойылатын болады.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының
Yкiметi үшін Yкiметi үшiн