Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпан N 202 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 265 қаулысымен.

      Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты сипаттағы маңызды мәселелерi жөніндегі келісілген көзқарастар мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құрылсын.
      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы;
      2) Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 № 934 қаулысымен.
      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкіметiнің       
2003 жылғы 25 ақпандағы
№ 202 қаулысымен    
бекiтілген       

Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы

      Ескерту. Лауазымдық құрамы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 № 934 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

Кеңес мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнің      
2003 жылғы 25 ақпандағы
№ 202 қаулысымен   
бекiтiлген      

Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.04.2014 № 349 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - ЭCK) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады, Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттары, экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ететін стратегияны және оны іске асыру шараларын, тетіктерін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
      2. ЭCK өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженi басшылыққа алады.

2. ЭСК-тiң мiндеттерi

      3. ЭСК-тiң негiзгi мiндеттерi:
      1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлеу және iске асыру жөнінде келiсілген тәсілдерді әзiрлеу;
      2) экономиканы және әлеуметтiк саланы дамытудың орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған қағидатты маңызды мәселелерi, экономикадағы дағдарысты құбылыстардың туындауын болдырмау немесе олардың ықтимал терiс салдарын жұмсарту жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

3. ЭСК-тің функциялары

      4. ЭCK қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлейдi;
      2) iшкi және сыртқы факторлардың әсерiнен туындаған ел экономикасындағы дағдарысты құбылыстардың туындау ықтималдығын талқылайды және оларды болдырмау бойынша барабар шаралар әзiрлейдi.

4. ЭСК-тiң құқықтары

      5. ЭCK-тің заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегінде:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының неғұрлым өзекті мәселелерiн енгiзуге;
      2) қаралатын мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы тиiстi шешiмдер қабылдауға;
      3) ЭСК құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де органдардың мамандарын тартуға;
      4) ЭСК жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

5. ЭСК-тің жұмысын ұйымдастыру

      6. ЭСК лауазымдық құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Бекітілген лауазымдық құрамның негізінде ЭСК-тің дербес құрамы ЭСК-тің хаттамалық шешімімен айқындалады.
      7. ЭСК төрағасы оның қызметін басқарады, ЭСК-тің отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды. ЭСК төрағасы болмаған кезде оның функцияларын ЭСК төрағасының орынбасары орындайды.
      8. ЭСК хатшысы ЭСК отырысы өткізілгеннен кейін хаттаманы ресімдейді. Хатшы ЭСК мүшесі болып табылмайды.
      9. ЭСК-тің мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
      10. ЭСК отырыстары қажеттілігіне қарай ай сайын, бiрақ оның мүшелерiнің кемiнде жартысы болған кезде кемінде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
      11. ЭСК-тің жұмыс жоспарын тоқсан сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ ЭСК мүшелерінің ұсыныстары бойынша жұмыс органы қалыптастырады.
      ЭСК-тің кезекті отырысының күн тәртібін ЭСК төрағасымен келісім бойынша жұмыс органы қалыптастырады.
      12. ЭСК-тің отырысына материалдарды (хаттама жобасына ұсыныстар және ақпараттық-талдамалық материал) мүдделі мемлекеттік және өзге де органдар жұмыс органы айқындаған мерзімде жұмыс органына ұсынады. Материалдар уақтылы ұсынылмаған жағдайда, мәселе ЭСК отырысының күн тәртібінен алынып тасталуы мүмкін.
      13. ЭСК отырысының күн тәртібі, хаттаманың жобасы және «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдарды қоспағанда, ЭСК отырысына материалдар оның мүшелеріне және шақырылғандарға электрондық түрде ғана «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы және/немесе ресми (қызметтік) электрондық мекенжайларға жіберіледі.
      14. ЭСК-тiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға ЭСК мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру ЭСК отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдары мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, ЭСК-тiң төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      ЭСК мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген ЭСК-тің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
      ЭСК отырысын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға және хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ЭСК-тің хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын ЭСК-тің мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      ЭСК-тің мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісу немесе себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ЭСК-тің жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 № 934 қаулысымен.
      16. Дауыс беру парақтарымен қоса, ЭСК материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды жұмыс органы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнің      
2003 жылғы 25 ақпандағы
N 202 қаулысына   
қосымша     

Қазақстан Pecпубликасы Үкiметінің күші жойылған
кейбiр шешімдерінің тiзбесi

      1. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысы.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 24 қарашадағы N 1192 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 170 қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1585 қаулысы.
      5. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 29 қазандағы N 1624 қаулысы.
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1942 қаулысы.
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 16 қаулысы.
      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 мамырдағы N 801 қаулысы.
      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 101 қаулысы.
      10. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 сәуiрдегi N 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 164-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегi N 1133 қаулысы.
      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1559 қаулысы.
      13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 176 қаулысы.
      14. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметiне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
      15. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 шілдедегi N 732 қаулысы.
      16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1083 қаулысы.
      17. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1163 қаулысы.

О создании Совета по экономической политике

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2003 года N 202. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2016 года № 265

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.05.2016 № 265.

      В целях выработки согласованных подходов и рекомендаций по принципиально важным вопросам развития социально-экономической политики государства Правительство Республики Казахстан постановляет:

     1. Создать Совет по экономической политике.

     2. Утвердить прилагаемые:
     1) Должностной состав Совета по экономической политике;
     2) Положение о Совете по экономической политике.

     3. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению.

     4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 25 февраля 2003 года № 202

Должностной состав Совета по экономической политике

      Сноска. Должностной состав в редакции постановления Правительства РК от 15.08.2014 № 934.

      Премьер-Министр Республики Казахстан, председатель
      Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, заместитель председателя
      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан, секретарь

Члены Совета:

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан
      Министр финансов Республики Казахстан
      Министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан
      Председатель Национального Банка Республики Казахстан (по согласованию)
      Помощник Президента Республики Казахстан (по согласованию)
      Министр национальной экономики Республики Казахстан
      Руководитель Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан
      Председатель правления акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» (по согласованию)

Утверждено        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 25 февраля 2003 года N 202

Положение о Совете по экономической политике

      Сноска. Положение в редакции постановления Правительства РК от 12.04.2014 № 349.

1. Общие положения

     1. Совет по экономической политике (далее - СЭП) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан, рассматривает предложения по основным направлениям социально-экономической политики Республики Казахстан, определению стратегии и мер ее реализации, механизмов, обеспечивающих устойчивое развитие экономики.
     2. СЭП в своей деятельности руководствуется действующим законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.

2. Задачи СЭП

     3. Основными задачами СЭП являются:
      1) выработка согласованных подходов по разработке и реализации основных направлений социально-экономической политики государства;
      2) выработка рекомендаций по принципиально важным вопросам развития экономики и социальной сферы на средне- и долгосрочную перспективу, предотвращению возникновения кризисных явлений в экономике или смягчения их возможных негативных последствий.

3. Функции СЭП

     4. СЭП в соответствии с поставленными задачами осуществляет следующие функции:
      1) вырабатывает предложения и рекомендации по основным направлениям социально-экономического развития на средне- и долгосрочную перспективу;
      2) обсуждает вероятность возникновения кризисных явлений в экономике страны, вызванных воздействием внутренних и внешних факторов, и вырабатывает адекватные меры по их предотвращению.

4. Права СЭП

     5. СЭП имеет право в установленном законодательством порядке и в пределах своей компетенции:
      1) вносить на рассмотрение Правительства Республики Казахстан наиболее актуальные вопросы социально-экономического развития страны;
      2) принимать соответствующие решения по рассматриваемым вопросам, которые носят рекомендательный характер;
      3) привлекать специалистов заинтересованных государственных органов, квазигосударственного сектора, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан и иных органов для решения вопросов, входящих в компетенцию СЭП;
      4) осуществлять иные права, необходимые для осуществления возложенных на СЭП задач.

5. Организация работы СЭП

     6. Должностной состав СЭП утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан. Персональный состав СЭП на основе утвержденного должностного состава определяется протокольным решением СЭП.
     7. Председатель СЭП руководит его деятельностью, председательствует на заседаниях СЭП, планирует его работу. Во время отсутствия председателя СЭП его функции выполняет заместитель председателя СЭП.
     8. Секретарь СЭП оформляет протокол после проведения заседания СЭП. Секретарь не является членом СЭП.
     9. Члены СЭП на заседаниях принимают участие без права замены.
     10. Заседания СЭП проводятся по мере необходимости ежемесячно, но не реже одного раза в квартал при наличии не менее половины его членов.
     11. План работы СЭП формируется рабочим органом на ежеквартальной основе в соответствии с поручениями Президента Республики Казахстан, руководства Правительства, а также по предложениям членов СЭП.
      Повестка дня очередного заседания СЭП формируется рабочим органом по согласованию с председателем СЭП.
     12. Материалы к заседанию СЭП (предложения к проекту протокола и информационно-аналитический материал) представляются заинтересованными государственными и иными органами в рабочий орган в сроки, определенные рабочим органом. В случае несвоевременного представления материалов вопрос может быть снят с повестки заседания СЭП.
      13. Повестка заседания СЭП, проект протокола и материалы к заседанию СЭП, за исключением материалов с грифом «для служебного пользования», рассылаются его членам и приглашенным только в электронном виде через информационную систему «Мобильный офис Правительства Республики Казахстан» и/или на официальные (служебные) электронные адреса.
      14. Решения СЭП принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов СЭП. Голосование проводится путем заполнения на заседании СЭП листа голосования по форме согласно приложению к Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп (далее – Инструкция), утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от
16 марта 1999 года № 247. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель СЭП.
      Члены СЭП имеют право на особое мнение, которое в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму-отчету СЭП, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.
      По результатам проведения заседаний СЭП и на основании листов голосования в течение 3 (три) рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.
      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь СЭП направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам СЭП для согласования.
      Члены СЭП после получения листа голосования направляют в течение 1 (один) рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.
      15. Рабочим органом СЭП является Министерство национальной экономики Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 15 в редакции постановления Правительства РК от 15.08.2014 № 934.
      16. Учет и хранение материалов и протокольных решений СЭП с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган СЭП.

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 25 февраля 2003 года N 202

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

     1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983 "О создании Совета по экономической политике".
     2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 1998 года N 1192 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 1999 года N 170 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 1999 года N 1585 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 1999 года N 1624 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 1999 года N 1942 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     7. Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2000 года N 16 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     8. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 мая 2000 года N 801 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     9. Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 января 2001 года N 101 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     10. Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2001 года N 467 "Об утверждении Положения о Совете по экономической политике" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 13, ст. 164).
     11. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2001 года N 1133 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     12. Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2001 года N 1559 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     13. Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2002 года N 176 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     14. Пункт 2 изменений и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2002 года N 704 "Отдельные вопросы, связанные с деятельностью Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 20, ст. 215).
     15. Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июля 2002 года N 732 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     16. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2002 года N 1083 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".
     17. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2002 года N 1163 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 1998 года N 983".