Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Кеңес басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Кеңес басшысының орынбасары";
2) "Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының
Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)";
3) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі