"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы шекаралық өкiлдердiң қызметi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 ақпан N 210 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2015 № 107 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы шекаралық өкiлдердiң қызметi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы шекаралық өкiлдердiң қызметi туралы келiсiмдi бекiту туралы

      2001 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы шекаралық өкілдердiң қызметi туралы келiсiм бекiтілсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы шекаралық өкілдердiң қызметi туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi,
      тату көршiлiк қатынасты дамытуға және мемлекеттiк шекара тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып,
      өзiнiң мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi шаралар қабылдауда тәуелсiз мемлекеттердiң ажырамас құқығын тани отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкiлдерiнiң шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алу iсiне, ал олар туындаған жағдайда - шұғыл тергеу және оларды реттеудi қамтамасыз етуге қатысудың қажеттiгiн атап өтiп,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкiлдерi мен шекаралық өкiлдерiнiң орынбасарларын Тараптар немесе Тараптардың өзге де құзыретті органдары тағайындайды. Тараптар шекаралық өкiлдер мен олардың орынбасарлары тағайындалғаны туралы, олардың тегiн, атын және әкесiнiң атын, лауазымын, қызмет ету учаскесi мен болу орнын көрсете отырып дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiне хабарлайды.
      Шекаралық өкiлдер орынбасарларының шекаралық өкiл мiндеттерiн орындау кезiнде шекара өкiлдерi сияқты құқығы мен мiндеттерi болады.

2-бап

      Шекаралық өкiлдер өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға, осы Келiсiмде белгiленген өкiлеттiктерiне сәйкес, Шекаралық өкiлдердiң қызмет учаскелерi туралы хаттамада (1-қосымша) белгiленген, Қазақстан Қырғыз мемлекеттiк шекарасының учаскелерi шектерiнде бiр-бiрiмен ынтымақтаса отырып, өз мiндеттерiн орындайды.
      Жазбаша өкiлеттiктердi (2-қосымша):
      Қазақстан Республикасының шекаралық өкiлдерiне және олардың орынбасарларына - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары - Шекара қызметiнiң директоры;
      Қырғыз Республикасының шекаралық өкiлдерiне және олардың орынбасарларына - шекара мәселелерiне жетекшiлiк ететiн Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасары, Қырғыз Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк қызметi төрағасының орынбасары бередi.

3-бап

      Шекаралық өкiлдердiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн көмекшiлер, хатшылар, қызметтiк хат-хабар қабылдау-жiберу жөнiндегi уәкiлеттi адамдар тағайындалады, сондай-ақ сарапшылар мен басқа да тұлғалар тартылады.
      Шекаралық өкiлдер көмекшiлерiнiң жазбаша өкiлеттiктерiн, хатшылар куәлiктерiн, шекара арқылы екi жаққа өтуге арналған бiр жолғы куәлiктердi (2-4 қосымша) шекаралық өкiлдер бередi.

4-бап

      Шекаралық өкiлдер өз қызметiнiң учаскелерi шектерiнде:
      шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алу және туындаған жағдайда оларды реттеу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды;
      Тараптар белгiлеген мемлекеттiк шекарадан өту ережелерiнiң сақталуын бақылайды және бекiтiлген тәртiптi бұза отырып, шекарадан өтудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, бағалы заттар мен валютаның, сондай-ақ радиоактивтi заттардың контрабандасына қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды;
      адамдардың мәйiтiн тануға қатысады және қажеттi жағдайда оларды тапсыру бойынша шаралар қабылдайды;
      табиғатты мемлекеттiк басқару мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, шекара жанындағы аудандарда шаруашылық жұмыстары мен өзге де қызметтiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ шекаралық суаттардағы су пайдалануды тиiстi түрде бақылауды қамтамасыз етедi;
      мемлекеттiк шекара арқылы өрттердiң, жұқпалы аурулардың, iндеттердiң және ауыл шаруашылығы зиянкестерiнiң таралу қаупi туралы бiр-бiрiн дер кезiнде хабардар етедi.
      мемлекеттiк шекара тәртiбiн сақтауға байланысты басқа да мәселелердi шешедi.

5-бап

      1. Шекаралық өкiлдер, әдетте, мәжiлiстерде немесе кездесулерде бiрлескен жұмысты жүргiзедi. Шекаралық өкiлдердiң арасындағы уағдаластық бойынша олардың орынбасарлары мен көмекшiлерiнiң кездесулерi өткiзiлуi мүмкiн.
      2. Шекаралық өкiлдердiң мәжiлiстерi немесе кездесулерi олардың бiреуiнiң ұсынысы бойынша өткiзiледi. Ұсыныста мәжiлiстiң немесе кездесулердiң күн тәртiбi, қатысушылардың құрамы, мәжiлiстiң немесе кездесулердiң өткiзiлетiн орны мен уақыты көрсетiлуi тиiс.
      Жекелеген жағдайларда мәжiлiстер немесе кездесулерде шекаралық өкiлдер арасында өзара уағдаластық бойынша бұрын талқылауға ұсынылмаған мәселелер қаралуы мүмкiн.
      Мәжiлiстiң немесе кездесудiң өткiзiлуi туралы ұсыныстарға шекаралық өкiлдер мүмкiндiгiнше, қысқа мерзiм iшiнде, бiрақ осындай ұсынысты қызметтiк хат-хабар қабылдау-жiберу бойынша уәкiлеттiлер қабылдаған кезден бастап 48 сағаттан кешiктiрместен жауап беруi тиiс. Бұл орайда талқылауға қосымша мәселелер, сондай-ақ мәжiлiстi немесе кездесудi өткiзетiн басқа уақыт мен орын ұсынылуы мүмкiн.
      3. Шекаралық өкiл ұсынған мәжiлiске немесе кездесуге шектес мемлекеттің шекаралық өкiлi өзi келуi тиiс. Егер бұл мүмкiн болмаса, онда мәжiлiске немесе кездесуге оның орынбасары келедi деп, мәжiлiс немесе кездесу басталардан 24 сағат бұрын кездесудi ұсынған шекаралық өкiлге ескертiледi.
      4. Шекаралық өкiлдердiң мәжiлiстерiне немесе кездесулерiне олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары және қатысуы қажет болып табылатын адамдар (сарапшылар, куәгерлер, жәбiрленушiлер мен басқа да адамдар) қатыса алады.
      Шекаралық өкiлдер көмекшiлерiнiң кездесулерiне хатшылар, ал қажет болған жағдайда сарапшылар мен басқа да тұлғалар қатыса алады.
      5. Жеке кездесулердi талап етпейтiн мәселелер хат алысу арқылы немесе байланыстардың техникалық құралдарын пайдалану арқылы шешiлетiн болады.
      6. Шекаралық өкiлдер өзара уағдаластық бойынша мәжiлiстерде немесе кездесулерде қабылданған шешiмдердi орындау жөнiнде қабылданған шаралар туралы бiрiн-бiрi хабардар етедi.

6-бап

      Шекаралық өкiлдердiң және олардың орынбасарларының жоспарланған мәжiлiстерi немесе кездесулерi, әдетте, алма-кезек Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумақтарында, ал жоспардан тыс болатындары - оларды өткiзудi ұсынған Тарап мемлекетiнiң аумағында өткiзiледi.
      Шекаралық өкiлдер көмекшiлерiнiң бiрлескен жұмысы шекаралық өкiлдердiң тапсырмасы бойынша әдетте, кездесулер кезiнде жүргiзiледi. Шекаралық өкiлдер көмекшiлерiнiң қабылдаған шешiмдерi тиiстi Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық өкiлдерi оларды бекiткеннен кейiн күшiне енедi. Шекаралық өкiлдердiң көмекшiлерi келiсе алмаған мәселелер тиiстi шекаралық өкiлдердiң қарауына берiледi.

7-бап

      Шекаралық өкiлдердiң мәжiлiстерiнiң, кездесулерiнiң қорытындысы бойынша бiрлескен хаттама жасалады, онда мәжiлiстердiң немесе кездесулердiң күн тәртiбi, қатысушылардың құрамы, мәжiлiстiң немесе кездесудiң жалпы барысы, қабылданған шешiмдер мен олардың орындалу мерзiмi көрсетiледi.
      Мәжiлiстердiң, кездесулердiң хаттамасы әрқайсысы орыс тiлiнде екi данада жасалады, шекаралық өкiлдер немесе олардың орынбасарлары болып табылатын тұлғалардың қолы қойылады және елтаңбалық мөрлермен бекiтiледi.

8-бап

      1. Шекаралық өкiлдер өзара келiсiм бойынша мемлекеттiк шекарада кездесу пункттерiн, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар алмасу және техникалық байланыс құралдарының пункттерi мен тәртiбiн белгiлейдi. Қызметтiк хат-хабар қабылдау-жiберу бойынша уәкiлеттi адамдар қызметтiк хат-хабарды мемлекеттiк шекарада қабылдау және жiберудi тәулiк бойы жүзеге асыруға мiндеттi.
      2. Шекаралық өкiлдер ұсталған тұлғаларды, сондай-ақ үй жануарларын, мүлік пен адамдар мәйiттерiн тапсыруды әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Осындай әрбiр тапсырудың уақыты мен тәртiбiн шекаралық өкiлдер жеке белгiлейдi.
      3. Шекаралық өкiлдер өзара уағдаластық бойынша адамдарды, жануарларды, мүлiктердi, адамдардың мәйiттерiн, қызметтiк хат-хабарды қабылдау-тапсыру кезiнде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң ережесiне сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде ресiмделетiн актiлердiң, қолхаттардың және басқа да құжаттардың үлгiлерiн белгiлейдi.
      Адамдарды, жануарларды, мүлiктердi, адамдардың мәйiттерiн тапсыруды шекаралық өкiлдер, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi жүзеге асыра алады.

9-бап

      1. Осы Келiсiмге сәйкес өз мiндеттерiн орындау үшiн шекаралық өкiлдер, олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары мен сарапшылары ол үшiн белгiленген пункттерде немесе келiсiлген жерлерде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
      2. Шекаралық өкiлдер, олардың орынбасарлары және көмекшiлерi жазбаша өкiлеттiк (1, 2 қосымшалар) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
      3. Хатшылар куәлiк (үлгiсi - 3 қосымша) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
      4. Сарапшылар және бiрлесiп жұмыс жасау үшiн тартылған басқа да адамдар шекараның екi жағына да өтуге арналған бiр жолғы куәлiктер (4-қосымша) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
      5. Мәжiлiстерде шекаралық өкiлдердiң уағдаластығы бойынша шекаралық өкiлдер көмекшiлерiнiң өкiлеттiктерiне, хатшылар мен қызмет көрсетушi персоналдың куәлiктерiне қол қою жүзеге асырылады.
      6. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес шекарадан өтуге құқық беретiн құжаттарын жоғалтқан жағдайда, олардың иелерi шұғыл түрде өз мемлекетiнiң шекаралық өкiлдерiне мәлiмдеуi тиiс, ол шектес мемлекеттiң шекаралық өкiлiне болған жағдай туралы хабар бередi.

10-бап

      1. Шекаралық өкiлдерге, олардың орынбасарларына, көмекшiлерiне, хатшылары мен сарапшыларына осы Келiсiмге сәйкес өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында жеке басына қол сұғылмаушылығына, сондай-ақ оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуына қажеттi құжаттарына және мүлкiне қол сұғылмайтындығына кепiлдiк берiледi.
      Жоғарыда көрсетiлген лауазымды тұлғалар екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген киiм нысанын киюге, өзiмен бiрге Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларында көзделген нормаларға сәйкес, бажсыз және салықтар мен алымдар салынбайтын жеке пайдаланатын тауарларын (кейiн сатылмайтын) алып жүре алады.
      2. Әрбiр Тарап осы Келiсiмдi өз аумағында орындауға байланысты шығындарды көтередi және де мәжiлiстердi немесе кездесулердi өткiзудегi шығындарды, оларды аумағында өткiзетiн Тарап көтередi.

11-бап

      Шекаралық өкiлдер төмендегiдей ақпаратты:
      мемлекеттiк шекараны заңсыз кесiп өту фактiлерi туралы;
      мемлекеттiк шекара арқылы қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, құнды заттар мен валюталардың, радиоактивтiк заттардың контрабандасын заңсыз өткiзумен айналысатын адамдардың iс-әрекетi туралы;
      әрбiр Тарап мемлекеттiң қауiпсiздiгiне және мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн ықтимал iс-әрекеттер туралы, сондай-ақ шекаралық қақтығыстардың алдын алу жөнiндегi қабылданған шаралар туралы;
      мемлекеттiк шекара тәртiбiн қамтамасыз етуге әсерiн тигiзетiн басқа да мәселелер жөнiнде ақпарат алмасады.

12-бап

      Шекаралық өкiлдер шекаралық қақтығыстарды болдырмау жөнiндегi ынтымақтастықты жүзеге асырады, шекаралық қақтығыстарды тергейді және оларды шешедi, оның iшiнде:
      мемлекеттiк шекара арқылы адамдарға және аумақтарға қарай атыс жүргiзу, сонымен бiрге адамдардың қаза табуына немесе жарақат алуына, мүлiктiң бүлiнуiне және басқа да ауыр салдарға душар ететiн жағдайлар;
      адамдардың, көлiк құралдарының мемлекеттiк шекараны заңсыз кесiп өтуi;
      жүзу құралдарымен және ұшатын аппараттармен мемлекеттiк шекараны бұзу;
      контрабандаларды мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу;
      Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық ведомстволарының лауазымды тұлғалары қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк шекарадан аңдаусызда өтуi;
      табиғат апатына немесе өзге де жағдайларға байланысты екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында пайда болған мүлiктердi табу;
      шекаралық белгiлердi және басқа да шекаралық құрылыстарды өз бетiмен немесе кездейсоқ жылжыту, бүлдiру немесе қирату;
      үй жануарларының мемлекеттiк шекара арқылы өтуi;
      өрттiң мемлекеттiк шекара арқылы тарауы;
      Тараптардың мемлекеттiк мүддесiне нұқсан келтіретін, бірақ дипломатиялық арналар бойынша шешудi талап етпейтiн мемлекеттiк шекара тәртiбiн бұзудың басқа да заңсыздықтары.

13-бап

      1. Шекаралық өкiлдер осы Келiсiмнiң 12-бабында көрсетiлген шекаралық қақтығыстардың мән-жайын айқындауды келiсiлген тәртіппен жүргiзедi. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тергеу аумағында шекаралық қақтығыс болған шекаралық өкiлдiң басшылығымен жүзеге асырылады.
      2. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тергеудiң нәтижелерi туралы акті, ал қажет болған жағдайда, мәжiлiстің хаттамасына қосымша ретiнде қоса берiлетiн басқа да құжаттар жасалады.
      3. Шекаралық өкiлдер, осы Келiсiммен оларға берiлген өкілеттiк шеңберiнде, екiншi Тараптың аумағында табылған үй жануарларын, мүлiктердi қайтару мәселелерiн шешедi.
      4. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тергеу, құқық қорғау органдарының құзырына жататын ic-қимылдардың орнын ауыстыра алмайды.
      5. Реттелуiне қатысты шекаралық өкiлдер келiсiмге келе алмаған шекаралық қақтығыстар дипломатиялық арналар арқылы шешiледi.

14-бап

      1-4 қосымшалар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады. Тараптар, осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес, аталған қосымшаларға өзгерiстер енгiзу туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.

15-бап

      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы қатысушылары болып табылатын басқа да қолданыстағы халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.

16-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы консультациялар және келiссөздер арқылы шешiлетiн болады.

17-бап

      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.

18-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығы туралы Тараптардың бiрiнiң соңғы жазбаша хабарламасындағы күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды және егер Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң қолданыста болу мерзiмi аяқталардан алты ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда хабарламаса, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.

      Астана қаласында 2001 жылғы 15 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге қатысты келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының          Қырғыз Республикасының
           Yкiметi үшін                        Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Үкiметi 
мен Қырғыз Республикасының Yкiметi 
арасындағы шекаралық өкiлдердiң  
қызметi туралы келiсiмге     
N 1-қосымша             

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКIЛДЕР МЕН ОЛАРДЫҢ
ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
      1-бет - ӨКIЛЕТТIК
      2-бет -
      3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
      4-бет - Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы шекаралық өкiлдердiң қызметi туралы _______ жылғы "___" ____________ келiсiмнiң негізiнде

      ____________________________________________________________
                  (атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты)

Қазақстан-Қырғыз шекарасының __________________ бойынша
                               (учаске атауы)

___________________ шекаралық өкiлi (шекаралық өкiлдiң орынбасары)
(мемлекеттiң атауы)

__________________________________________________________________
                           (атағы, тегі)

болып тағайындалды.

      Жоғарыда аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн уәкiлеттiк берiлдi және осыған байланысты Қазақстан Қырғыз шекарасынан өтуге____________және шекаралық алқабында болуға құқылы.
              (мемлекеттiң атауы)

      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
         (өкiлеттiк қол қоюға құқы бар лауазымды адамның аты)
      ____________________________________________________________
                            (атағы, тегi, қолы)
      Мөрдiң орны
      ______ жылғы "_____" ____________
      5-бет - 4 беттiң мәтiнi ____________ тілінде
      6-бет -
      7-бет -
      8-бет -

Қазақстан Республикасының Үкiметi 
мен Қырғыз Республикасының Yкiметi 
арасындағы шекаралық өкiлдердiң  
қызметi туралы келiсiмге     
N 2-қосымша             

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКIЛДІҢ КӨМЕКШIСІНІҢ ӨКIЛЕТТІГІ

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
      1-бет - ӨКIЛЕТТIК
      2-бет -
      3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
      4-бет - Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы шекаралық өкiлдердiң қызметi туралы _____ жылғы "___" ___________ келiсiмнiң негiзiнде

      ____________________________________________________________
                   (атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан-Қырғыз шекарасының _____________________________ бойынша
                                   (учаскенiң атауы)
_________________________
(мемлекеттiң атауы)
шекаралық өкiлiнiң көмекшiсi болып тағайындалды.

      ____________________________________________________________
                            (атағы, тегi)

      Жоғарыда аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн уәкiлеттiк берiлдi және осыған байланысты Қазақстан-Қырғыз шекарасынан өтуге және ___________шекаралық алқабында болуға құқылы.
                   (мемлекеттiң атауы)

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКIЛ

      ____________________________________________________________
                        (мемлекеттiң атауы)
___________________________________________________________________
                        (атағы, тегi, қолы)

      Мөрдiң орны
      ______ жылғы "___" ____________ тiлiнде
      5-бет - 4 беттiң мәтiнi
      6-бет -
      7-бет -
      8-бет -

Қазақстан Республикасының Үкiметi 
мен Қырғыз Республикасының Yкiметi 
арасындағы шекаралық өкiлдердiң  
қызметi туралы келiсiмге     
N 3-қосымша             

ХАТШЫНЫҢ КУӘЛIГI

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
      1-бет - ӨКIЛЕТТIК
      2-бет -
      3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
      4-бет - Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы шекаралық өкiлдердiң қызметi туралы _____ жылғы "____" ____________ келiсiмнiң негiзiнде

      ____________________________________________________________
                      (атағы тегi, аты, әкесiнiң аты)
 
      Қазақстан-Қырғыз шекарасының ____________________________ бойынша
                                    (учаскенiң атауы)
______________________ шекаралық өкiлiнiң ________________ болып
(мемлекеттiң атауы)                         (лауазымы)

табылады және Қазақстан-Қырғыз шекарасынан өтуге және ______________
___________________ шекаралық алқабында болуға құқылы.
(мемлекеттiң атауы)

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКIЛ

       ____________________________________________________________
                          (мемлекеттiң атауы)
       ____________________________________________________________
                          (атағы, тегі, қолы)

Мөрдiң орны
_____ жылғы "____" ____________ тiлiнде
5-бет - 4 беттiң мәтiнi
6-бет -
7-бет -
8-бет -

Қазақстан Республикасының Үкiметi 
мен Қырғыз Республикасының Yкiметi 
арасындағы шекаралық өкiлдердiң  
қызметi туралы келiсiмге     
N 4-қосымша            

EКI ЖАҚҚА ДА ШЕКАРАДАН БIР ЖОЛҒЫ ӨТУГЕ АРНАЛҒАН КУӘЛIК

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
      1-бет - Қазақстан-Қырғыз шекарасынан бiр жолғы өтуге арналған КУӘЛIК
      2-бет - Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы шекаралық өкiлдердiң қызметi туралы _______ жылғы "____" ____________ келiсiмнiң негiзiнде

      _____________________________________________________________
                     (атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты)

      Қазақстан-Қырғыз шекарасының екi жағына да өтуге және __________________ шекаралық алқабында бoлуғa құқылы.
(мемлекеттiң атауы)
      Иесiнiң жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жарамды.
      ________ жылғы "____"____________
      ________ жылғы "____"____________ дейін жарамды.

ШЕКАРАЛЫҚ ӨКIЛ

      _____________________________________________________________
                          (мемлекеттiң атауы)
      _____________________________________________________________
                          (атағы, тегі, қолы)

Мөрдiң орны
______ жылғы "___"____________ тiлiнде
3-бет - 4 беттiң мәтiнi
4-бет -

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады