Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеудiң 2003 жылға арналған ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы N 227 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына  сәйкес және элиталық тұқыммен және асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеудiң 2003 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003 жылғы 7 наурыздағы     
N 227 қаулысымен        
бекiтiлген           

Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын
асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеудiң
2003 жылға арналған ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 038 "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтау және дамыту" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және соның шегінде мал тұқымын асылдандыру зауыттарын, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын, мал тұқымын асылдандыру мен дистрибьютерлiк орталықтарын (бұдан әрi - асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi) және элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарын элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

      2. Субсидиялар:
      1) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдары мен асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) құнын iшiнара арзандату үшiн;
      2) асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға және күтiп ұстауға, олардың ұрығын мал шаруашылығы жөнiндегi мал тұқымын асылдандыру орталығында сақтау бойынша шығындарды толық өтеуге;
      3) еттi құс өсiру жөнiндегi асыл тұқымды шаруашылықта асыл тұқымды мекиендердi күтiп ұстауға арналған шығындарды iшiнара өтеуге;
      4) селекциялық-генетикалық орталықтарда коллекциялық табындар құру үшiн сатып алынатын саны аз және жоғалып бара жатқан мал түрлерiнiң құнын толық өтеуге;
      5) мал тұқымын асылдандыру iсi үшiн сатып алынатын арнаулы технологиялық жабдықтардың (бұдан әрi - арнаулы жабдықтар) құнын толық өтеуге арналады.

      3. Осы Ереженiң 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға жiберiлген және (немесе) перспективасы бар деп танылған ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары элиталық тұқымының және асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) элиталық тұқым шаруашылығы мен мал тұқымын асылдандыру iсiне белгiлеген квоталар шегiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құны бойынша нақты көлемiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен аттестатталған элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарына және асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiне төленедi.

      4. Осы Ереженiң 2-тармағындағы 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген iс-шараларды субсидиялау Ауылшарминi мал тұқымын асылдандыру iсiне белгiлеген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылады.

      5. Элиталық тұқымның және асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидия нормативтерi қосымшаға сәйкес белгiленедi. Бұл ретте элиталық тұқымның әр түрiне бөлiнетiн субсидияның белгiленген нормативi шегiнде ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары бойынша субсидиялар мөлшерiн Ауылшарминi белгiлейдi.

      6. Элиталық тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарын және асыл тұқымды өнiмдi (материалды) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминiмен келiсiлген, төленетiн субсидия мөлшерiне кемiтiлген баға бойынша дербес сатады.

2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтауға және дамытуға
арналған субсидияларды төлеу тәртiбi

      7. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) арзандатылған құн бойынша сатқанына субсидия алу үшiн:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектiлерi мәмiленiң жасалу шамасына қарай, бiрақ 2003 жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық органына (бұдан әрi - аудандық аумақтық басқарма) мынадай:
      асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шарты;
      төлем құжаттарының көшiрмелерi (төлем түрлерiне қарай: аударым - банктiң төлем тапсырмасы; қолма-қол есеп айырысу - кассалық кiрiс ордерi) құжаттарын ұсынады;
      2) аудандық аумақтық басқарманың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы (бұдан әрi - мемасылдандыруинспекторы) ай сайын 5 күнiне, бiрақ 2003 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктiрмей, алдыңғы ай үшiн асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы аудандық аумақтық басқарма бастығы бекiткен аудан бойынша жиынтық актiнi және мақсатты пайдалану актiсiн, сатып алу-сату шарттарының түпнұсқаларын қоса Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық органына (бұдан әрi - облыстық аумақтық басқарма) ұсынады;
      3) облыстық аумақтық басқарма ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi. Облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы бекiтiлген жиынтық актiлерi бойынша, оларда көрсетiлген көлемдер мен асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне нормативтер негiзiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн айқындайды және облыс бойынша белгiленген квоталар шегiнде асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидияларды төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостi жасайды. Облыстық аумақтық басқарма республикалық бюджеттен бюджеттiк ақшаның бөлiну шамасына қарай күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн тиiстi асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң есеп айырысу шотына тиесiлi субсидияны аударады. Облыстық аумақтық басқарма ай сайын 10 күнiне қарай, бiрақ 2003 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидияларды төлеу жөнiндегi бiрiктiрiлген жиынтық ведомостердiң көшiрмелерiн сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есепті Ауылшарминiне ұсынады;
      4) облыстық аумақтық басқарма Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына мынадай құжаттар:
      асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидиялар төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостi;
      төлем есебiн ұсынады;
      5) аудан бойынша, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып aлу-сату шартының, оларды мақсатты пайдалану актiсiнiң, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы жиынтық актiлердiң, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидиялар төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостiң ұсынымдық нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.

      8. Асыл тұқымды бұқаларды және арнаулы жабдықтарды мал тұқымын асылдандыру орталығына сатып алу шығындарын толық өтеу үшін:
      1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминiне отандық немесе шетелдiк селекциялық асыл тұқымды бұқаларды және арнаулы жабдықтарды сатып aлу шартының бiр данасын ұсынады;
      2) Ауылшарминi жасалған шарттардың дұрыстығын тексередi және асыл тұқымды бұқалар мен арнаулы жабдықтарды сатып алу үшiн мал тұқымын асылдандыру орталығының есеп айырысу шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Мал тұқымын асылдандыру орталығы асыл тұқымды бұқалар мен арнаулы жабдықтарды сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Ауылшарминiне барлық төлем құжаттарының және кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.

      9. Мал тұқымын асылдандыру орталығында асыл тұқымдық бұқаларды күтiп ұстау, олардың ұрықтарын сақтау шығындарын толық өтеу үшiн:
      1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминiне асыл тұқымды бұқаларды күтiп ұстау және олардың ұрығын сақтау жөнiндегi есеп-қисаптың бiр данасын және асыл тұқымды бұқаларды күтiп ұстау мен олардың ұрығын сақтау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
      2) Ауылшарминi ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымдық бұқаларды күтiп ұстау, олардың ұрығын сақтауға бюджеттiк ақшаны мал тұқымын асылдандыру орталығының есеп айырысу шотына аударады.

      10. Еттi құс өсiру жөнiндегi асылдандыру шаруашылығында асыл тұқымды мекиендердi күтiп ұстау шығындарын iшiнара өтеу үшiн:
      1) құс өсiру жөнiндегi асылдандыру шаруашылығы Ауылшарминiне оларды күтiп ұстау жөнiндегi есеп-қисаптың бip данасын және асыл тұқымды мекиендердi күтiп ұстау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
      2) Ауылшарминi ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды мекиендердi күтiп ұcтayғa бюджеттік aқшаны құс өсіру жөніндегі асылдандыру шаруашылығының есеп айырысу шотына аударады.

      11. Селекциялық-генетикалық орталықтарда коллекциялық табындарды құруға арналған саны аз және жоғалып бара жатқан жануарлар түрлерiнiң, сондай-ақ сатып алынатын арнаулы жабдықтардың құнын толық өтеу үшiн:
      1) Ауылшарминi коллекциялық табындар қалыптастыру үшiн сатып алынатын арнаулы жабдықтардың, саны аз және жоғалып бара жатқан жануарлар түрлерiнiң тiзбесi мен санын белгiлейдi;
      2) саны аз және жоғалып бара жатқан жануарлар түрлерiн және арнаулы жабдықтарды сатып алуға бюджеттiк қаражат алу үшiн селекциялық-генетикалық орталықтар Ауылшарминiне сатып алу-сату шартының бiр данасын ұсынады;
      3) Ауылшарминi сатып алу-сату шарттарының дұрыстығын тексередi және бюджеттiк ақшаны селекциялық-генетикалық орталықтардың есеп айырысу шотына аударады. Селекциялық-генетикалық орталықтар 2003 жылғы 15 қазаннан кешiктiрмей асыл тұқымды малдар мен арнаулы жабдықтарды сатып алады және келесi айдың iшiнде Ауылшарминiне барлық төлем құжаттарының және кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.

      12. Ауылшарминi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы ереженiң 8, 9, 10, 11-тармақтары бойынша төлем есебiн ұсынады.

3. Элиталық тұқым шаруашылығын сақтауға және
дамытуға субсидиялар төлеу тәртiбi

      13. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдарын арзандатылған құн бойынша сатуға субсидия алу үшiн:
      1) элиталық тұқым өсiрушi шаруашылықтар облыстық аумақтық басқармаларға белгiленген квоталар шегiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құн бойынша элиталық тұқым көлемiн сату фактiсiн, ал аудандық аумақтық басқармаларға - отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер сатылған элиталық тұқымды мақсатты пайдалану фактiсiн растау үшiн құжаттарды мынадай мерзiмдерде ұсынады:
      күздік дақылдар және көшеттер бойынша - 2003 жылғы 24 желтоқсанға дейін; <*>
      жаздық дақылдар бойынша - 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiн;
      2) элиталық тұқымды сату фактiсiн растау және субсидия алу үшiн элиталық тұқым өсiрушi шаруашылықтар аудандық аумақтық басқармаларға:
      элиталық тұқым өсiру шаруашылығының нақты сатқан элиталық тұқым көлемi жөнiндегi екi дана жиынтық тiзiлiмдi: бiрi - аудандық аумақтық басқарма үшiн, екiншiсi - облыстық аумақтық басқарма үшін;
      элиталық тұқымды өндiруге арналған бастапқы материалдың шығу тегiн растайтын құжаттарды (түпнұсқалық тұқымды және элитаны апробациялау актiсi мен апробациялау туралы есепті, ал түпнұсқалық тұқымды сатып алған жағдайда - тұқым аттестатының көшiрмесiн);
      белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аудандық зертхананың көшеттерді қоспағанда, тексерiлген элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы анықтамасын;<*>
      сатылған элиталық тұқымның төлем құжаттарының (төлем түрiне байланысты: аударым арқылы есеп айырысу кезiнде - банктiң белгiсi бар төлем тапсырмаларының; қолма-қол ақшамен есеп айырысу кезiнде -
кассалық кiрiс ордерлердiң), сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелту жүкқұжаттарының және есеп фактуралардың көшiрмелерiн;
      сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқым өсiру шаруашылығы мен элиталық тұқымды сатып алушының арасындағы сатып алу-сату шартын ұсынады. Сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: бiрiншiсi - элиталық тұқым өсiрушi шаруашылық үшiн, екiншiсi - сатып алушы үшiн, үшiншiсi - аудандық аумақтық басқарма үшiн, төртiншiсi - облыстық аумақтық басқарма үшін;
      3) аудандық аумақтық басқармалар ұсынылған төлем құжаттарының, көшiрмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзiнiң мөрiмен куәландырады. Куәландырылған төлем құжаттарының көшiрмелерi, элиталық тұқымның нақты сатылған көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң бiр данасы және сатып алу-сату шартының бiр данасы аудандық аумақтық басқармада сақтауға қалдырылады;
      4) аудандық аумақтық басқарма облыстық аумақтық басқармаға:
      элиталық тұқым өсiрушi шаруашылықтардың нақты сатқан элиталық тұқым көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
      сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқым өсiру шаруашылығы мен элиталық тұқымды сатып алушы арасындағы сатып алу-сату шартын элиталық тұқымды мақсатты пайдалану туралы актiнi;
      аудандық зертхананың белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқымның сапасына сараптама жөнiндегi, тексерiлген элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы анықтаманы ұсынады;
      5) облыстық аумақтық басқарма ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiнде жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi. Облыс бойынша нақты сатылған элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, ондағы көрсетiлген ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымының көлемi мен белгiленген нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн анықтайды және әрбiр элиталық тұқым өсiрушi шаруашылыққа белгiленген квоталар шегiнде элиталық тұқым шаруашылығын сақтауға және дамытуға арналған субсидиялар төлеуге жиынтық ведомостi жасайды. Республикалық бюджеттен бюджеттiк ақшаның бөлiнуiне қарай облыстық аумақтық басқарма күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн тиесiлi субсидияларды элиталық тұқым өсiрушi шаруашылықтардың есеп-шоттарына аударады. Ай сайын 25-не қарай, бiрақ 2003 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, облыстық аумақтық басқарма элиталық тұқым шаруашылығын сақтауға және дамытуға субсидияларды төлеу ведомостерiнiң көшiрмелерiн, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi Ауылшарминiне ұсынады.
      Облыстық аумақтық басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына:
      элиталық тұқым шаруашылығын сақтау және дамыту субсидиясын төлеу үшiн жиынтық ведомосi;
      төлемге шот құжаттарын ұсынады;
      6) ұсынымдық сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымды мақсатты пайдалану актiсiнiң, элиталық тұқым өсiрушi шаруашылықтың нақты сатқан элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық актiнiң, элиталық тұқым шаруашылығын сақтауға және дамытуға субсидияларды төлеу ведомосiнiң нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1293 қаулысымен .

Ережеге 
қосымша 

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1293 қаулысымен .

Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) және ауыл
шаруашылығы дақылдары элиталық тұқымдарының әрбiр
түрiне субсидиялар нормативтерi

      1) сатылатын асыл тұқымды төлдерге субсидиялар нормативтерi:

___________________________________________________________________
   Мал мен құстың түрлері   !  Асыл  ! Сатылатын 1 кг тірі салмақ.
       және тұқымдары       !тұқымды ! қа арналған субсидиялар
                            !өнімнің ! нормативтері (теңгеге дейін)
                            ! құнын  !-----------------------------
                            !арзанда.!асыл тұқымдық!асыл тұқымдық
                            !ту (%-ға!зауыттар үшін!шаруашылықтар
                            ! дейін  !             !үшін
-------------------------------------------------------------------
               1            !    2   !      3      !        4
-------------------------------------------------------------------
Ірі қара мал:
соның ішінде сүтті бағыттағы:
Қара-ала
(соның ішінде әулиеата сиыры)     50         76            69
Қызыл
(соның ішінде қырдың қызыл сиыры) 50         76            69
Қоңыр (соның ішінде алатау сиыры) 50         76            69
Қуаң сары-ала
(соның ішінде симментал сиыры)    50         76            69
Айршир сиыры                      50         76            69
соның ішінде етті бағыттағы:
Қазақтың ақбас сиыры              50         69            63
Әулиекөл сиыры                    50         69            63
Герефорд сиыры                    50         66            60
Қалмақ сиыры                      50         69            63
Caнтa-гертруда сиыры              25         34            31
Галловей сиыры                    25         34            31

Қойлар:
соның ішінде биязы жүнді бағыттағы:
Қазақтың арқар мериносы           50         79            72
Солтүстік қазақ мериносы          50         79            72
Оңтүстік қазақ мериносы           50         79            72
Қазақтың биязы жүнді қойы         50         79            72
Австралия мериносы
(жақсартушы тұқым)                50        330           300
Биязылау жүнді бағыттағы:
Қазақтың биязылау жүнді қойы      50         79            72
Қазақтың етті-жүнді қойы          50         79            72
Ақжайық етті-жүнді қойы           50         79            72
Дегерес қойы (биязылау жүнді)     50         79            72
Цигай қойы                        50         79            72
Етті-майлы бағыттағы:
Еділбай қойы                      50         74            67
Гиссар қойы                       50         72            65
Қазақтың қылшық жүнді
құйрықты қойы                     50         72            65
Сарыарқа қойы                     50         72            65
Қазақтың ұяң жүнді
құйрықты қойы                     50         72            65
Дегерес қойы (ұяң жүнді)          50         72            65
Атырау елтірілік құйрықты қойы    50         72            65
Қаракөл қойы                      50         68            62

Шошқалар:
соның ішінде:
Ірі ақ шошқа                      50         94            84
Немістің асыл текті шошқасы       30         55            50
Ақсай қара-ала шошқасы            25         47            42
Жетісу шошқасы                    25         47            42

Жылқылар:
соның ішінде:
Спорт бағытындағы:
Таза тұқымды мініс жылқысы        25         45            41
Ақалтеке жылқысы                  25         45            41
Араб жылқысы                      25         45            41
Қостанай жылқысы                  25         45            41
Дон жылқысы                       25         45            41
Орыстың желіс жылқысы             20         35            32
Орлов желіс жылқысы               20         35            32
Қарабайыр жылқысы                 20         35            32

Өнімдік бағыттағы:
Қазақтың жабы жылқысы             50         83            75
Мұғалжар жылқысы                  50         83            75
Көшім жылқысы                     50         83            75
Адай жылқысы                      50         83            75

Түйелер:
соның ішінде:
Қазақтың айыр түйесі              50         77            68
Түрікменнің аруанасы              50         72            65
--------------------------------------------------------------------

      2) тұқымдық бұқалардың сатылған ұрығының бiр дозасына субсидиялар нормативi:

__________________________________________________________________
         Асыл тұқымды           ! Асыл тұқымды  ! Сатылған ұрықтың
         өнiмнiң түрi           ! материалдың   !    1 дозасына
                                !    құнын      !     субсидия
                                !  арзандату    !     нормативі
                                ! (%-ға дейін)  ! (теңгеге дейін)
-------------------------------------------------------------------
   Тұқымдық бұқалардың ұрығы           50              140
-------------------------------------------------------------------

      3) сатылған асыл тұқымды бiр жұмыртқаға субсидиялар нормативтерi:

__________________________________________________________________
         Асыл тұқымды           ! Асыл тұқымды  ! Сатылған асыл
         өнiмнiң түрi           ! материалдың   ! тұқымды жұмырт.
                                !    құнын      ! қаның 1 данасына
                                !  арзандату    ! субсидиялар нор.
                                ! (%-ға дейін)  !    мативтері
                                !               ! (теңгеге дейін)
-------------------------------------------------------------------
   Тұқымды асылдандыру мақсаттарына     50                8
   арналған тауық жұмыртқасы (ұрықтық)
  
   Тұқымды асылдандыру мақсаттарына     50                20
   арналған тауық жұмыртқасы (еттік)

   Тұқымды асылдандыру мақсаттарына     25                12
   арналған үйрек жұмыртқасы
-------------------------------------------------------------------

      4) мыналардың:
      селекциялық-генетикалық орталықтарда коллекциялық табындар құру үшiн сатып алынатын саны аз, жоғалып бара жатқан асыл тұқымды жануарлар түрлерiнiң;
      жануарлардың саны аз, жоғалып бара жатқан түрлерiнiң коллекциялық табындары күтiп ұсталатын селекциялық-генетикалық орталықтар, мал өсiру жөнiндегi асылдандыру орталығы үшiн сатып алынатын арнаулы жабдықтардың құнын толық (100 %) өтеуге субсидиялар нормативтерi;
      5) асыл тұқымды бұқаларды сатып алу және мал тұқымын асылдандыру орталығында күтiп ұстау, олардың ұрығын сақтау бойынша шығындарды толық (100%) өтеуге субсидиялар нормативтерi;
      6) еттi құс өсiру жөнiндегі асыл тұқымды шаруашылықта асыл тұқымды мекиендердi күтiп ұстау бойынша шығындарды iшiнара (40%-ға дейiн) өтеуге субсидиялар нормативтерi;
      7) сатылған ауыл шаруашылығы дақылдары элиталық тұқымдарының 1 тоннасына (данасына) субсидиялар нормативтері:
_________________________________________________________________
   Өнімнің түрі              Элиталық            Сатылған
                             тұқымдардың         элиталық
                             1 тоннасының        тұқымдардың
                             (данасының)         1 тоннасына
                             құнын арзандату     (данасына)
                             (%, дейін)          субсидиялар
                                                 нормативті
                                                 (теңге, дейін)
_________________________________________________________________
Жүгері мен күрішті            40                  12073
қоспағанда, дәнді
және дәнді-бұршақты
дақылдар
Жүгері, бірінші               40                  74000
буындағы будандарды
қоса алғанда
Күріш                         40                  16960
Күнбағыс, бірінші             40                  60000
буындағы будандарды
қоса алғанда
Өзге де майлы дақылдар        40                  36000
Картоп                        40                  27630
Жоңышқа                       40                  127200
Өзге де көп жылдық            40                  48800
шөптер
Бір жылдық шөптер             40                  12680
Қант қызылшасы                40                  468500
Мақта, бірінші                40                  23320
репродукциясын қоса
алғанда
Жеміс көшеттері               40                  48
_________________________________________________________________     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады