Қазақcтан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы

      Елдiң агроөнеркәсiптiк кешенiн ғылыми қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесi оған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қолдансын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады