Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1993 жылғы 12 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Жәрдемдесу жөніндегі комиссияны құру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім), 1993 жылғы 15 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Келісімге түзету енгізу туралы хаттаманың және 1993 жылғы 13 қазанда Токио қаласында жасалған Келісімге қайталама түзетулер енгізу туралы хаттаманың күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттардың күшін жою ниеті туралы депозитарийді - Жапонияның Үкіметін хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі