Астана қаласы телекоммуникацияларын дамытудың бас схемасының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 272 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574 Жарлығымен бекітілген "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және "Астана қаласының бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы N 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарында белгіленген негізгі жобаларды іске асыруда бірыңғай саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Астана қаласының Бас жоспары шеңберінде осы жобаны қаржыландыру үшін инвестор тарта отырып, объектіні салу және толық тапсыру әдісімен Есіл өзені сол жағалауының телекоммуникациялық инфрақұрылымын кешенді жобалау мен салуды жүзеге асыру жөніндегі "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазақтелеком" ААҚ) мен "Астананы дамыту корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Астананы дамыту корпорациясы" ЖАҚ) ұсынысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады