Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 наурыздағы N 292 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.07. N 1116 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Приозерный разрезi" Қазақстан-Ресей компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне Қостанай облысындағы Приозерное қоңыр көмiр кен орнын өндiруге Қазақстан Республикасының Үкiметi 1999 жылғы 10 қыркүйекте берген АИ N 163Д сериялы Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрсын.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыға сәйкес көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарлама дайындасын және жiберсiн.

      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарлама берiлген күнiнен баcтап лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан себептердi жою үшiн бiр ай мерзiм белгiленсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады