"Қазақстан Pecубликасының кейбiр заң актілерiне вексель айналысы, ақша төлемi мен аударымы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Pecпубликасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 313 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне вексель айналысы, ақша төлемi мен аударымы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                                        Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне вексель
айналысы, ақша төлемi мен аударымы мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат;   N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 41-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N  11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат):
      1) 8-баптың:
      з) тармақшасындағы "қамтамасыз ететiн төлем жүйесiнің жұмыc iстеуiн ұйымдастырады" деген сөздер "қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады және қадағалауды жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы з-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережесiн белгiлейдi;";
      2) 48-баптың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйесінің қызметiн ұйымдастырады, үйлестiредi және реттейді, сондай-ақ" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйелерiнің қызметiн ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады және" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3) 62-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Төлем жүйелерiнің жұмыс iстеуiне қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:
      - төлем жүйелерiнің жұмыс iстеуiн реттейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға;
      - төлем жүйелерiнің жұмыс iстеуiне мониторингті жүзеге асыруға;
      - төлем жүйелерiн ұйымдастыруға және жұмыс iстеуiн тексеруге, төлем жүйелерiне қатысушылар мен операторлардан олардың қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін ақпарат алуға өкілетті.";

      2. "Қазақстан Республикасындағы банктеp және банк қызметi туралы" Қазақтан Pecпубликасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Осы баптың 2-тармағында келтiрілген банк операциялары Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асырылуы мүмкiн.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 87-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      1) Осы Заңда қолданылатын ұғымдарда:
      бiрiншi, он екiншi, он төртіншi, он сегiзiншi, отыз бiрiншi және отыз сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аваль - вексель кепілдігі, оны жасаған кезде вексель бойынша мiндеттi адам үшін вексель жөнiнде төлем жасауға (толық немесе бір бөлiгiне) тұлға өзiне міндеттеме қабылдайды.
      Дисконт - төлем мерзiмi басталғанға дейiн вексельдерді есепке алу және қайта есепке алу кезiнде алынатын процент.
      Достық вексельдерi - вексель беруші ол бойынша төлем жасау ниетiнде емес, осы вексельдерді екiншi деңгейдегi банктерде өзара есепке алу арқылы ақша алу мақсатымен ғана бір тұлға басқа тұлғаға беретiн вексельдері.
      Коммерциялық вексель - тауарларды сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызмет көрсету (қаржылық қызмет көрсетуден басқасы) туралы мәмiле негiзiнде берiлген вексель.
      Есеп кеңсесi - есеп операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банк (бұдан әрi - банк).
      Қаржы векселi - ақша тарту мақсатында, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсету туралы мәмiлелер негiзiнде берілген вексель.";
      он бесiншi абзацтағы "вексель сыртында" деген сөздерден кейiн "немесе қосымша парақта (аллонжда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 37-баптың eкінші және үшiншi бөлiктерi алынып тасталсын;
      3) 51-баптың екiншi бөлігінде "бен елтаңба алым" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 78-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы Қазақстан Республикасының аумағында және коммерциялық аударым вексельдерiн шығаруды, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын берудi, осындай вексельдер жөнiндегi мiндеттемелер мен оларға байланысты операцияларды орындауды, оларды есеп кеңселерінің есепке алуын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта есепке алуын қамтиды.";
      5) 80-баптың:
      бiрінші бөлігіндегі "тауар жеткiзу жөніндегі" деген сөздер "тауарларды сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызмет көрсету (қаржылық қызмет көрсетудi қоспағанда) туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлігіндегi "және оның жарамдылығы елтаңба алымын төлеу тәртiбiн сақтаумен сабақтас болмаса" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) 82-баптың бiрiншi бөлігіндегі "елтаңба алымы" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) 83 және 83-1-баптар мынадай редaкцияда жазылсын:
      "83-бап.
      Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар тиiстi лицензиясы болған жағдайда, вексельдермен операциялардың мынадай түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
      вексельдердi инкассоға қабылдау;
      төлем жасаушының вексельдердi төлеуi бойынша қызмет көрсету;
      домицильдендiрiлген вексельдердi төлеу;
      вексельдердің делдалдық тәртiппен жасалған акцептi.
      Вексельдердi есепке алу жөнiндегi операцияларды есеп кеңселерi ғана жүзеге асырады.
      Банктер ақшалай нысанда орындауды көздейтін банктік кепiлдiктер беруге лицензиясы болғанда ғана вексельдердi авальдауға құқылы.
      83-1-бап.
      Вексельдер Қазақстан Республикасының аумағында жай және вексель қағазына шығарылуы мүмкін.
      Қазақстан Pecпубликасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетін вексель қағазының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлейді.
      Beкceльдi вексель қағазына шығарған жағдайда мұндай вексельдің мәтіні мемлекеттiк және орыс тілдерінде жазылуға тиіс. Басқа шет тiлдердi қосымша пайдалануға жол беріледi.
      Вексель қағазын шығаруға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға жатады.";
      8) 85-бап алынып тасталсын;
      9) 86-баптың төртiншi бөлігінде "қайта есепке aлу" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың вексельдермен операцияларды жүзеге асыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 87-бап алынып тасталсын;
      11) 89-баптың бiрiншi бөлiгінде "несиенiң" деген сөз "заемның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) 16-1-тарау және 92-1-бап алынып тасталсын;
      13) 93-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Вексель бойынша акцепт бермеу немесе төлем жасамау туралы наразылықты нотариус өзiне вексель берiлген кезден бастап бір жұмыс күнi iшінде оған тиiстi жазба жасау және акцепт бермеу немесе төлем жасалмау фактiсiн куәландыратын жазбаша акт жасау арқылы жасайды.
      Акцепт күнінің қойылмауына наразылық вексельге акцепт бермеуге наразылық жасау үшін белгіленген тәртiппен және мерзімде жасалуға тиiс.";
      14) 94-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Вексель бойынша төлем жасаушының мүлкін өндіріп алу сот бұйрығы немесе сот шешiмi негізінде ғана жүргiзіледi.";
      15) 95-баптың:
      үшінші бөлігі алынып тасталсын;
      бесiншi бөлігіндегi "қолданылып жүрген заңдарына" деген сөздер "заң актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 96-баптың бiрiншi бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Вексельді жоғалту тәуекелiн вексель ұстаушы көтередi. Вексель беруші жоғалған вексельдi берудi мойындағаннан басқа жағдайларды қоспағанда, вексель ұстаушының вексельдi жоғалтуы ол бойынша талап ету құқығын жоғалтуға әкелiп соқтырады. Жоғалған вексель бойынша төлем жасау ол бойынша талап ету құқығын сот тәртiбiмен қалпына келтірген жағдайда жүргiзiлуi мүмкін".
      17) 97-бап алынып тасталсын.

      4. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесі - бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар жиынтығы, оларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актiлерiмен талаптар белгіленеді.";
      2) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банк шоты - банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктік қызмет көрсету жөнiндегi шарттық қарым-қатынастарды көрсету тәсілі.
      Банк шоттары банк пен клиент арасында банк шотының шарты, банктiк салым шарты немесе карт-шотының шарты жасалған кезде ашылады.";
      2-тармақта "және жинақ шоттары" деген сөздер ", жинақ шоттары және кapт-шоттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Ағымдағы шот - банк шотының шарты негiзiнде банктің клиентке ашатын банк шоты, ол бойынша:
      1) клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге және банктің пайдалануына;
      2) клиенттiң пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге);
      3) банк шотының шартында көзделген тәртiппен үшiншi тұлғаның пайдасына ақша аудару туралы клиeнттiң өкiмiн орындауға;
      4) заң актiлерiнде және/немесе шартта көзделген негiздер бойынша клиенттің ақшасын алу туралы үшінші тұлғаның өкімін орындауға;
      5) банк шотының шартында белгiленген тәртіппен қолма-қол ақшаны клиенттен қабылдауды және оған берудi жүзеге асыруға;
      6) банк шотының шартында белгiленген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;
      7) клиенттiң талап етуi бойынша банк шотының шартында көзделген тәртіппен клиенттің банктегі ақшасының сомасы және жасалған операциялары туралы ақпарат беруге;
      8) клиентке шартта, заңдарда және банк тәжiрибесiнде қолданылатын iскер айналым дағдыларында көзделген басқа да банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады.
      Жинақ шоты - банк салымының шарты негізінде банктің клиентке ашатын банк шоты, ол бойынша:
      1) клиентке тиесілі ақшаның (салымның) болуын қамтамасыз етуге және банктің пайдалануына;
      2) клиенттен немесе үшінші тұлғадан ақшаны қолма-қол, сол сияқты қолма-қол жасалмайтын тәсілмен қабылдауды жүзеге асыруға;
      3) банк салымының шартында белгіленген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге;
      4) клиентке ақшаны (салымды) банк салымы шартында және Қазақстан Pеспубликасының заң актілерінде көзделген талаптар бойынша, оның iшiнде оны клиенттiң басқа банк шотына аудару арқылы қайтаруға байланысты операциялар орындалады.
      Карт-шот - карт-шот шарты негiзiнде банктің клиентке ашатын банк шоты, ол бойынша:
      1) клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге;
      2) клиенттiң пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге);
      3) клиенттің карт-шот шартында көзделген тәртiппен төлем карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдердi жүзеге асыруына;
      4) заң актілерiнде және/немесе карт-шот шартында көзделген негiздер бойынша клиенттiң ақшасын алу туралы үшiншi тұлғалардың өкiмiн орындауға;
      5) заңдарда және/немесе карт-шот шартында белгiленген тәртiппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды жүзеге асыруға;
      6) төлем карточкасын пайдалана отырып клиентке қолма-қол ақша беруге;
      7) карт-шот шартында белгiленген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге байланысты операциялар орындалады.";
      Корреспонденттік шот - банктің және оның клиенттерiнің банктік операциялары жүзеге асырылатын корреспонденттік шот шарты бойынша банкке басқа банкте ашылған банктік шот.";
      3-тармақта "1" деген сан "2-1" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) 7-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 11-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру немесе қызмет көрсету кезiнде сауда (қызмет көрсету) ұйымдары төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға мiндеттi. Сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарын Қазақстан Республикасының Yкiметі белгілейді.";
      5) мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:
      "11-1-бап. Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi
      1. Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құруға және оның жұмыс iстеуiне жол беріледі.
      2. Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнің жұмыс iстеуiне жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерiнде белгiленедi.
      11-2-бап. Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн басқару
      1. Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн басқаруды жүйеге қатысушы банктер арнайы құрған орган жүзеге асырады.
      2. Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнің арнайы органын құру тәртiбi және өкілеттіктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актiлерiмен айқындалады.";
      6) 16-5-тармағында мемлекеттік тілдегi мәтінiнде "38-бабында" деген сөздерден кейiн "және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық Кодексiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 21-баптың 4-1-тармағында мемлекеттік тiлдегi мәтінінде "4000 айлық көрсеткіштен асатын сомадағы" деген сөздер "сомасы 4000 айлық көрсеткіштен асатын мәміле бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 34-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Ақша аудару аяқталған кезде ақшаны қайтару қате берілген нұсқау орындалған жағдайда жүзеге асырылады.".

      5. 1999 жылғы 1 шілдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат):
      756-баптың екінші бөлігіндегі "банк қызметін реттейтін заң актілерінде" деген сөздер "банк заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 1999 жылғы 13 шілдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргiзу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      159-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мемлекеттiк тілдегi мәтінінде "тыйым салу" деген сөздерден кейiн "(банктің корреспонденттiк шотындағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 784-құжат; 2001 ж., N 21-22, 282-құжат):
      1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "аваль - оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндетті басқа тұлға үшін вексель бойынша төлемдi (толық немесе бір бөлiгiн) жүзеге асыруға өзiне мiндеттеме қабылдайтын вексельдiк кепілдiк;".

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады