Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасын шұғыл қаралады ден жариялау ережесiн бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасын шұғыл қаралады деп жариялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясы 45-бабының 1-тармағына және 61-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса беріліп отырған Заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасын шұғыл қаралады деп жариялау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметi бiр ай мерзiмде өз шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшінe енеді.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы "______"
N _____ Жарлығымен
бекiтiлген
Заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасын шұғыл қаралады деп жариялау ережесi
Осы Ереже Мемлекет басшысының заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеу, сондай-ақ заң жобаларын жедел қаралады деп жариялау конституциялық құқығын іске асыру тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi.
1. Қазақстан Республикасының Президентi заң жобасын қарауды басым деп белгiлеуге немесе оны жедел қаралады деп жариялауға шешім қабылдаған кезде Мемлекет басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкімшілігi тиісті мемлекеттік органның назарына осы заң жобасының қаралуы басым деп белгілеу немесе шұғыл деп жариялау жоспарланатынын жеткізеді.
2. Әдетте, басым ретінде қарауды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізiлген немесе енгiзуге заң жобаларына қатысы бойынша белгiлейдi.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен басым деп белгiленген және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілiсiнiң қарауына әлi енгiзiлмеген заңдар жобалары тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiлуi және Қазақстан Республикасы Үкiметi екi ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне қарауға ұсынылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлігімен келiсілгеннен кейiн мұндай заңдар жобалары Қазақстан Республикасының Үкiметi он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзіледi.
4. Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобасы тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiлуi және Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің қарауына осы Ереженiң 1-тармағына сәйкес хабарлама түскен күннен бастап жиырма күн мерзiмде енгiзiлуi тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшiлiгiмен келiсiлгеннен кейiн мұндай заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi жетi күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзедi.
5. Қазақстан Республикасының Президентi шұғыл деп жариялаған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентіндe арнайы жолдауын жариялағаннан немесе Қазақстан Республикасының Парламентiне жолдағаннан кейiн келесi күннен кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзіледі.
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi өзi әзiрлеген заң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Президентiне заң жобасын қарауды басым деп белгілеу немесе оны шұғыл қаралады деп жариялау туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
7. Осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген ұсынысқа тиiстi заңның жобасы және:
1) Парламенттің заң жобасын қарауын басым деп белгiлеу немесе оны шұғыл қаралады деп жариялау қажеттілігiне негiздеме;
2) заң жобасының нақты мақсаттары және онымен шешілетiн міндеттер қамтылуы тиiс түсіндiрме жазба қоса беріледi.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі он күн мерзiмде заң жобасын басым деп белгілеудің немесе оны шұғыл қаралады деп жариялау туралы қорытындыны ұсынады.
9. Мемлекет басшысының шешімі бойынша қаралуын басым деп белгілеу немесе оны шұғыл деп жариялау жоспарланған заңдар жобаларын дайындау мен келiсудiң өзгеше тәртiбi, мерзiмi белгiленуi мүмкін.