Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 5 сәуiрдегi N 414 және 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 мамырдағы N 427 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.18. N 246 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының су қоймаларындағы балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 сәуiрдегi N 414  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 12, 140-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесiн бекiту туралы";
      "Қазақстан Республикасының су қоймаларындағы балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр)" деген сөздер "Қоса берiлiп отырған Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесi бекiтiлсiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының су қоймаларындағы балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi ережеде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесi";
      мәтiнде:
      "балық қорғау органдары", "балық қорғау органдарының", "балық қорғау органдарымен", "балық қорын қорғау органдарының", "балық қорғау" деген сөздер "арнайы уәкiлеттi органдар", "арнайы уәкiлеттi органдардың", "арнайы уәкiлеттi органдармен", "арнайы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "бақылау" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      "балық аулау ережелерiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жәндiктерiн аулау ережесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "балық қорғау органдары" деген сөздер "балық ресурстарын және басқа да су жәндiктерiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - арнайы уәкiлеттi орган) деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Yкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан  Республикасында балық аулау және басқа да су жәндiктерiн аулау ережесiн арнайы уәкiлеттi орган тиiстi ғылыми ұйымдардың ұсынымдары мен табиғат пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) ұсыныстары негiзiнде әзiрлейдi";
      4-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Атқарушы өкiмет органдарының көрсетiлген шешiмдерi конкурстық (тендер) комиссияның шешiмi негiзiнде қабылданады. Табиғат пайдаланушылар арасында балықтар мен басқа да су жәндiктерiн аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiндегi шешiмдердi арнайы уәкiлеттi орган конкурстық (тендер) комиссия шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды";
      7-тармақта:
      "Ғылыми-зерттеу мекемелерi" деген сөздер "Ғылыми ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "келiсiм бойынша" деген сөздерден кейiн "заңнамада белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақтағы "Балық аулау мен балық қорларын қорғаудың белгiленген ережесiн, сондай-ақ су пайдалану ережесiн сақтай отырып, қорықтардан, балық питомниктерiнен, тоған және басқа қолдан өсiрiлетiн балық шаруашылықтарынан басқа" деген сөздер "Табиғат қорғау заңнамасы мен осы Ереженiң талаптарын сақтай отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақта:
      "тыйым салынуы және шек қойылуы" деген сөздер "шаралар мен шек қойылуы" деген сөздермен ауыстырылсын";
      бiрiншi абзацтағы "тыйым салу" деген сөздер "шаралар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақтағы "тыйым салынады" деген сөздер "рұқсат етiлмейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтағы "бiрлестiктер, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар" деген сөздерден кейiн "меншiк нысанына қарамастан, табиғат пайдаланушылар" деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақтың а) тармақшасында: "мекемелердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, колхоздардың, кооперативтердiң және басқа да шаруашылық жүргiзушi ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жекелеген азаматтардан" деген сөздер "меншiк нысанына қарамастан, табиғат пайдаланушылардың лауазымды адамдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мен балық аулау тәртiбiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жәндiктерiн аулау ережесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 49, 479-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережесiнде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа су жануарларын аулау ережесiмен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, балық қорларын және басқа су жануарларын қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк басқару органдарының (бұдан әрi - арнайы уәкiлетті орган) және табиғат пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) қатынастары реттеледi.";
      3-тармақтағы және 7-тармақтың бесiншi абзацындағы "Экология және биоресурстар министрлiгi", "Экология және биоресурстар министрлiгiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Ауыл шаруашылығы министрлiгi", "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "биоресурстарын" деген сөздер "балық қорларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта бiрiншi абзацтағы "конкурстық (тендерлiк) негiзде" деген сөздердiң алдынан "облыстық атқарушы өкiмет органы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "меншiк нысанына қарамастан балық және теңiз аңдарын кәсiпшiлiк аулауға мамандандырылған ұйымдар басым түрде" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Табиғат пайдаланушылар арасында лимиттер мен квоталарды бөлудi конкурстық (тендер) комиссия шешiмiнiң негiзiнде арнайы уәкiлеттi орган жүргiзедi";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Арнайы уәкiлеттi орган конкурстық (тендер) комиссия шешiмiнiң негiзiнде балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға және су айдындарын (телiмдерiн) бекiтiп беруге шарттар жасасады, балық аулауға және басқа су жануарларын аулауға рұқсат береді.";
      Екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан су айдындары бойынша конкурстық (тендер) комиссияның төрағасы арнайы уәкiлеттi органның өкiлi болып табылады";
      6-тармақ "атқарушы органдар мен" деген сөздерден кейiн "облыстық" деген сөзбен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 сәуiрдегi N 414 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының су қоймаларындағы балық қорларын қорғау мен балық аулауды реттеу туралы Ережемен тыйым салынған" деген сөздер "Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесiмен рұқсат етiлмеген" деген сөздермен ауыстырылсын";
      үшiншi абзацтағы "тыйым салынады" деген сөздер "рұқсат етiлмейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ескерту. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңiнде, сондай-ақ тыйым салынған су айдындарында (телiмдерiнде) су көлiгiнiң қозғалыс тәртiбiн арнайы уәкiлетті орган белгiлейдi";
      8-тармақтың он үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының балық қорларын қорғау мен су қоймаларындағы балық аулауды ретке келтiру туралы Ереженi" деген сөздер "Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесiн" деген сөздермен ауыстырылсын";
      9-тармақта:
      екiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы абзацтардағы және б) тармақшасының үшiншi абзацындағы "ғылыми-зерттеу" деген сөздер "ғылыми" деген сөзбен ауыстырылсын;
      а) тармақшасындағы "биологиялық негiздеуiне" деген сөздерден кейiн "және қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық сараптамасына" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақтағы "ғылыми ұйымдардың ұсынымы, мемлекеттiк балық шаруашылығы басқармасы республикалық органының ұсынысы және мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы негiзiнде арнайы өкiлеттi органдардың" деген сөздер "ғылыми ұйымдардың ұсынымдары және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады