"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы лизингi мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 438 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы лизингі мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы лизингi мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат.; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат, N 4, 25-құжат):
      565-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.".
      2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      140-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес лизинг нысанасын даусыз алу туралы талап мәлiмделген болса;".
      3. "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 10, 247-құжат):
      1) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "лизинг берушi, лизинг алушы және сатушы" деген сөздер "лизинг берушi және лизинг алушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 5-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемi алынып тасталсын;
      3) 15 баптың 2-тармағының 10) және 11) тармақшалары алынып тасталсын;
      4) 16-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      5) 17-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) егер лизинг алушы қатарынан екi және одан да көп рет шартта көзделген мерзiмде лизинг шарты бойынша белгiленген көлемде лизинг төлемiн жасамаса, лизинг берушiнiң талап етуi бойынша бұзылуы, ал лизинг нысанасы лизинг алушының есебiнен лизинг берушiге қайтарылуы мүмкiн.";
      6) 24-баптың 1-тармағында:
      "Лизинг берушi" деген сөзден кейiн ", егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) егер лизинг алушы қатарынан екi немесе одан да көп рет шартта көзделген мерзiмде лизинг шарты бойынша белгiленген көлемде лизинг төлемiн жасамаса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лизинг нысанасын даусыз сұратып алуға құқығы бap.";
      7) 25-баптың 1-тармағындағы "шетелдiк инвестициялар туралы және тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" деген сөздер "инвестициялар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады