"Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрi қарай өтеу үшiн беру туралы шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 мамырдағы N 474 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрi қарай өтеу үшін беру туралы шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрi қарай өтеу үшiн беру туралы шартты бекiту туралы

      2001 жылғы 5 шiлдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрi қарай өтеу үшiн беру туралы шарт бекiтiлсiн.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
      ПРЕЗИДЕНТI

"Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрі қарай өтеу үшін беру туралы
Шарт

      Бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан,
      мемлекеттік егемендік, тең құқықтық және өзара сыйластық принциптеріне сүйене отырып,
      халықаралық құқық нормаларын негізге ала отырып және қылмыстық құқық саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға тілек білдіре отырып,
      сотталғандардың өздерi азаматтары болып табылатын мемлекетте жазасын өтеуi жазаның орындалу мақсатының анағұрлым тиiмдiлiгiне қол жеткiзуге, құқық бұзушылардың қалыпты қоғамдық өмiрге қайта оралуына септiгiн тигiзетiндiгiн ескере отырып,
      адамгершілік және адам құқықтарын құрметтеу принциптерiн басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Терминдердiң анықтамасы

      Осы Шарттың мақсаттарына қол жеткiзу үшiн төменде көрсетiлген терминдер мынадай мағына бередi:
      а) "үкiм шығарушы мемлекет" - соты адамды бас бостандығынан айыру түрiнде жазалауға соттау туралы үкiм шығарған Уағдаласушы Тарап;
      ә) "үкімдi орындаушы мемлекет" - бас бостандығынан айыруға сотталған және оның азаматы болып табылатын адам жазасын әрi қарай өтеу үшiн берiлетiн Уағдаласушы Тарап;
      б) "сотталушы" - қылмыс жасағаны үшiн Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң соты бас бостандығынан айыруға сотталған адам;
      в) "жақын туыстары" - Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес жақын туыстары болып табылатын адамдар;
      г) "заңды өкілдерi" - Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңдары белгiлеген тәртiппен заңды өкілдерi деп танылған адамдар;
      д) "құзыретті органдар" - Уағдаласушы Тараптардың сотталушыны беру туралы шешiм қабылдайтын органдары;
      е) "жазаның орындалуын жүзеге асырушы органдар" - Уағдаласушы Тараптардың сотталушыны беру туралы шешiмдi орындайтын органдары.

2-бап
Жалпы принциптер

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тарап бас бостандығынан айыру жазасына соттаған азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын бас бостандығынан айыру жазасына сотталған азаматтығы жоқ адамдар осы Шарттың ережелерiне сәйкес жазасын өтеу үшiн оның азаматтары болып табылатын немесе аумағында тұрақты тұратын адамдар сол Уағдаласушы Тарапқа берiлуi мүмкін.
      2. Сотталушыны беру туралы өтiнiштi үкiм шығарушы мемлекет те, сондай-ақ үкiмдi орындаушы мемлекет те жасауы мүмкiн.

3-бап
Сотталушыны беру рәсімдерiн қозғаудың негiзi

      Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын сотталушыны, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ сотталушыны осы Тарапқа беру рәсiмдерiн қозғау үшiн бұл адамның немесе оның жақын туыстарының не оның заңды өкілдерiнің кез келген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органына жолдаған арызы негiз болып табылады.

4-бап
Құзыреттi органдар

      Осы Шарттың орындалуына қатысты барлық мәселелер бойынша бiр-бiрiмен ынтымақтастықты тiкелей жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы мен Түрiкменстанның Бас Прокуратурасы Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары болып табылады.

5-бап
Сотталушыны беру туралы сұрау салу және қажетті құжаттар

      1. Сотталушыны беру туралы сұрау салу жазбаша түрде жасалып, оған мыналар қоса тiркеледi:
      а) сотталушының жеке басы туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған уақыты мен жерi);
      ә) сотталушының азаматтығын немесе оның тұрақты тұратын жерiн растайтын құжат;
      б) адамды соттауда негiз болған қылмыстық заң баптарының мәтiнi;
      в) сотталушының немесе оның заңды өкiлiнiң жазаны әрi қарай өтеу үшiн беруге келiсетiндiгi туралы өтiнiшi;
      г) жоғары тұрған сот органдарының iс бойынша қолда бар шешімдерiнің, үкiмнің және оның заңды күшiне енгендiгi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
      д) жазаның өтелген бөлiгi мен жазаның әрi қарай өтелуге тиiс бөлiгi туралы құжат;
      e) қосымша жаза тағайындалған болса, оның орындалғандығы туралы құжат;
      ж) сотталушының денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды және мiнез-құлқындағы ерекшелiктерi туралы мәлiметтер;
      з) сотталушы жасаған қылмыс арқылы келтiрiлген материалдық шығынның өтелгендiгi туралы мәлiметтер.
      Қажет болған жағдайда сотталушы оның азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары қосымша құжаттар немесе мәлiметтер сұратуы мүмкiн.
      2. Аталған барлық құжаттарға уәкiлеттiк берiлген адам қол қойып, олар елтаңбалы мөрмен куәландырылуы тиiс.

6-бап
Сотталушыны берудiң шарттары

      1. Сотты осы Шартқа сәйкес мынадай жағдайларда:
      а) егер ол үкiмдi орындаушы мемлекеттiң азаматы, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам болып табылса;
      ә) егер үкiм заңды күшіне енсе;
      б) егер сотталушы беруге келiссе не жасына, денсаулығына немесе психикалық жағдайына байланысты сотталушы өзiнiң еркiн білдіре алмаса - оның заңды өкiлi беруге келiссе;
      в) егер үкiм шығарылған iс-әрекет үкiмдi орындаушы мемлекеттің ұлттық заңына сәйкес қылмыс болып табылса және ол үшiн бас бостандығынан айыру түрiнде жазаның белгiленуiне әкеп соқса;
      г) егер үкiм шығарушы мемлекет пен үкiмдi орындаушы мемлекет сотталушыны беруге келiссе берiлуi мүмкiн.
      2. Сотталушыға не оның заңды өкiлiне үкiм шығарушы мемлекеттiң құзыреттi органдарының лауазымды адамдары беру мүмкiндiгi және оның құқықтық салдары туралы түсiндiруi тиiс.

7-бап
Сотталушыны беруден бас тартудың негiздерi

      1. Егер:
      а) бұл Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мүдделерiне нұқсан келтiретiн болса;
      ә) беру туралы өтiнiштi алған сәтте сотталушының бас бостандығынан айыру жазасын әлі де өтеу мерзiмi алты айдан кем болса;
      б) қылмыс арқылы келтiрiлген материалдық шығын өтелмесе;
      в) сұрау салушы Уағдаласушы Тарап осы Шарттың 6-бабындағы талаптарды тиiстi түрде орындамаса, сотталушыны беруден бас тартылуы мүмкiн.
      2. Ерекше жағдайларда Уағдаласушы Тараптар сотталушыны беруге, тiптi оның жазасын өтеп шығуына алты айдан аз уақыт қалса да немесе қылмыс арқылы келтiрiлген материалдық шығын толық көлемде өтелмесе де, келiсiм беруi мүмкін.

8-бап
Сотталушыны беру туралы сұрау салу бойынша шешiм

      Сотталушыны беру туралы келiп түскен сұрау салу бойынша келiсу немесе бас тарту жөнiндегi шешiмдi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары осы Шарттың 5-бабында көрсетiлген құжаттарды алған күннен бастап 40 күн iшiнде қабылдайды. Қабылданған шешiм туралы жазбаша түрде сұрау салған құзыреттi органға, сондай-ақ оған қатысты сұрау салынған адамға немесе беру туралы өтiнiш жасаған адамға хабарланады, бас тартылған жағдайда беруге кeдергi болған себептер міндеттi түрде көрсетiледi.

9-бап
Сотталушыны беру рәсiмi

      Сотталушыны берудің орнын, уақытын және тәртiбiн Уағдаласушы Тараптардың жазаның орындалуын жүзеге асырушы органдары белгілейдi.

10-бап
Шығыстар

      Yкiм шығарған мемлекеттiң аумағында ғана пайда болған шығыстардан басқа сотталушыларды беруге байланысты барлық шығыстарды үкiмдi орындаушы мемлекет көтередi.

11-бап
Жазаны орындау

      1. Үкімді орындаушы мемлекет өзiнiң ұлттық заңдарын басшылыққа ала отырып, үкімді толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Үкiмдi орындаушы мемлекет сотталушының жағдайын қиындатпай өзiнiң ұлттық заңдарына сәйкес оның жазаны өтеудi жалғастыруын қамтамасыз етедi.
      3. Сотталушыға белгiленген жаза үкiм шығарушы мемлекеттiң соты үкiмiнiң негiзінде өтеледi. Үкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты шығарылған үкiмдi негiзге ала отырып, оны орындау туралы шешiм қабылдайды.
      4. Егер үкiмдi орындаушы мемлекеттiң ұлттық заңдары бойынша осы әрекет үшiн бас бостандығынан айырудың шектi мерзiмi үкiмде тағайындалған мерзiмнен аз болса, үкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты мұндай әрекет үшiн бас бостандығынан айырудың осы мемлекеттiң ұлттық заңдарында көзделген ең көп мерзiмiн белгілейдi.
      5. Егер үкiм екi немесе одан да көп әрекеттерге байланысты болса, олардың бipeуi немесе бiрнешеуi үкiмдi орындаушы мемлекетте қылмыс болып танылмаса, осы мемлекеттің соты қылмыс болып табылатын әрекет үшiн жазаның қандай бөлiгi қолданылатындығын анықтайды.
      6. Қосымша жазаны орындау жөнiндегi шешiмдi, егер жасалған әрекет үшiн сол мемлекеттiң ұлттық заңдарында осындай жаза қолдану көзделсе, үкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты қабылдайды.
      7. Үкiмдi орындаушы мемлекеттiң құзыреттi органы бiр ай iшiнде үкiм шығарушы мемлекеттiң құзыреттi органына үкімдi орындау бойынша қабылданған сот шешiмi туралы хабарлайды.

12-бап
Кешiрiм және рақымшылық жасау

      Әрбiр Уағдаласушы Тарап берiлген сотталушыға кешiрiм немесе рақымшылық жасауға құқылы.

13-бап
Соттар құзыретi

      1. Берiлген сотталушыға қатысты үкiмнiң негiздiлiгiн қарауға үкiм шығарушы мемлекеттiң соты ғана құқылы.
      2. Егер сотталушы жазасын өтеу үшiн берiлгеннен кейiн үкiмдi шығарушы мемлекетте ол үкiм бұзылса және жаңа тергеу немесе соттың iстi қарауы көзделсе, бұл жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi, қылмыстық iстiң материалдары және сотталушының жоқ кезiнде болуы мүмкiн қажеттi iстердi жүргiзу нәтижелерi бойынша басқа да материалдар үкiмдi орындаушы мемлекетке осы мемлекеттiң ұлттық заңдары бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшiн жiберiледi.
      3. Ақтау негiздерi бар қосымша тергеу нәтижелерi бойынша қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда немесе сот ақтау үкiмiн шығарса, қылмыстық жауапкершiлiкке негiзсiз тартылған адамға келтiрiлген шығынды негiзсiз үкiм шығарушы мемлекет өтейдi.
      4. Сотталушы жазасын өтеу үшiн берiлгеннен кейiн, егер де үкiмдi оны шығарушы мемлекет өзгертетiн болса, бұл туралы шешiмнiң куәландырылған көшiрмесi және басқа да қажетті құжаттар үкiмдi орындаушы мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi. Үкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты осы Шарттың 11-бабында көзделген тәртiппен ол шешiмдi орындау туралы мәселенi шешедi.

14-бап
Сотталушыны берудiң құқықтық салдарлары

      1. Жазасын өтеу үшiн үкiмдi орындаушы мемлекетке берiлген адамға қатысты осындай iс-әрекет жасаған үшiн сол мемлекеттiң аумағында сотталғандарға қатысты болатындай сотталудың құқықтық салдары туындайды.
      2. Екiншi Уағдаласушы Тараптың соты шығарған үкiмдi орындау үшiн берiлген адам үкiмдi орындаушы мемлекеттiң аумағында заңды күшiне енген үкiм шығарылған іс-әрекетiне байланысты қайтадан қылмыстық жауапкершілiкке тартылмайды.

15-бап
Транзиттiк тасымалдау

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша өзiнiң аумағы арқылы осы Уағдаласушы Тарап үшiншi бiр мемлекетке беретiн сотталушыларды транзиттiк тасымалдауға рұқсат етедi. Бұл ретте сотталушыны қамауда ұстаудың жағдайларына қойылатын қажеттi заңды талаптар қамтамасыз eтiледi.
      2. Бұл ереже әуе көлiгiн пайдалану кезiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында қону жоспарланбаған жағдайда қолданылмайды.
      3. Әуе кемесiнiң жоспарланбаған қонуы кезiнде оның аумағы арқылы ұшып өту жүзеге асырылатын Уағдаласушы Тарап сотталушыны алып келе жатқан екiншi Уағдаласушы Тарап өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес берiлетiн транзиттiк тасымалдау туралы өтiнiш алынғанға дейiн сотталушыны 72 сағат бойы қамауда ұстауы мүмкiн. Мұндай өтiнiш телеграф, телекс, телефакс, электрондық поштаны қоса алғанда байланыстың техникалық құралдары арқылы берiлуi мүмкiн.
      4. Сотталушыны транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды осылайша тасымалдау туралы өтiнiш бiлдiрген Уағдаласушы Тарап көтередi.

16-бап
Дауларды шешу

      Осы Шартты түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындайтын даулар Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдарының арасындағы кеңесулер мен Келiссөздер арқылы шешiледi.

17-бап
Екi жақты байланыс жасау тiлi

      1. Осы Шартты орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң мемлекеттiк тілдерiн немесе орыс тiлiн пайдаланады.
      2. Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк тілдерiнде әзiрленген құжаттарға куәландырылған орыс тiлiндегi аудармалары қоса тiркеледi.

18-бап
Шарттың қолданыста болу уақыты

      Осы Шарттың күшi Уағдаласушы Тараптардың соттары бұл Шарт күшiне енгенге дейiн сотталған адамдарға да қолданылады.

19-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Шартқа қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Шарттың ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.

20-бап
Басқа да халықаралық шарттарға қатынасы

      Осы Шарттың ережелерi Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.

21-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Шарт оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi және Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тараптың оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн қолданыста болады.

      Астана қаласында 2001 жылғы шiлдеде әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тілдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды, әрi барлық мәтіндердiң күшi бiрдей.
      Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру мақсатында орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ      TYPIKMEHCTAH ҮШІН
      YШIН

Жазасын әрi қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы
ШАРТ

      Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан,
      - мемлекеттiк егемендiк, тең құқықтық және өзара сыйластық қағидаттарына сүйене отырып,
      - халықаралық құқық нормаларын негiзге ала отырып және қылмыстық құқық саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға тiлек бiлдiре отырып,
      - сотталғандардың өздерi азаматтары болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу жазаның орындалу мақсатының анағұрлым тиiмдiлерiне қол жеткiзуге және құқық бұзушылардың қалыпты қоғамдық өмiрге қайта оралуына септiгiн тигiзетiндiгiн ескере отырып,
      - адамгершiлiк және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап
Терминдердiң анықтамасы

      Осы Шарттың мақсаттарына қол жеткiзу үшiн төменде көрсетiлген терминдер мынадай мағына бередi:
      а) "үкiм шығарушы мемлекет" - соты арқылы адамды бac бостандығынан айыру түрiнде жазалауға соттау туралы үкiм шығарған Уағдаласушы Тарап;
      ә) "үкiмдi орындаушы мемлекет" - бас бостандығынан айыруға сотталған және оның азаматы болып табылатын адам жазасын әрi қарай өтеу үшiн берiлетiн Уағдаласушы Тарап;
      б) "сотталушы" - қылмыс жасағаны үшiн Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң соты арқылы бас бостандығынан айыруға сотталған адам;
      в) "жақын туыстары" - Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес жақын туыстары болып табылатын адамдар;
      г) "заңды өкiлдерi" - Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңдары белгiлеген тәртiппен заңды өкiлдерi деп танылған адамдар;
      д) " құзiреттi органдар" - Уағдаласушы Тараптардың сотталғандарды беру туралы шешiм қабылдайтын органдары;
      e) "жазаның орындалуын жүзеге асырушы органдар" - Уағдаласушы Тараптардың сотталушыны беру туралы шешiмдi орындайтын органдары.

2-бап
Жалпы қағидаттар

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тарап бас бостандығынан айыру жазасына соттаған азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын бас бостандығынан айыру жазасына сотталған азаматтығы жоқ адамдар осы Шарттың ережелерiне сәйкес жазасын өтеу үшiн, оның азаматтары болып табылатын немесе аумағында тұрақты тұратын адамдар сол Уағдаласушы Тарапқа берiлуi мүмкiн.
      2. Сотталушыны беру туралы өтiнiштi үкiмдi шығарушы мемлекет те, сондай-ақ үкiмдi орындаушы мемлекет те жасауы мүмкiн.

3-бап
Сотталған адамды беру рәсiмдерiн қозғаудың негізі

      Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын сотталған адамды немесе оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ сотталған адамдарды осы Тарапқа тапсыру рәсiмдерiн қозғау үшiн осы адамдардың немесе олардың жақын туыстарының не олардың заңды өкiлдерiнiң кез келген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органына жолдаған арызы негiз болып табылады.

4-бап
Құзыреттi органдар

      Осы Шарттың орындалуына қатысты барлық мәселелер бойынша бiр-бiрiмен ынтымақтастықты тiкелей жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Түрiкменстанның Бас прокуратурасы Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары болып табылады.

5-бап
Сотталған адамды беру туралы сұрау салу және қажеттi құжаттар

      1. Сотталған адамды тапсыру туралы сұрау салу жазбаша түрде жасалып, оған мыналар қоса тiркеледi:
      а) сотталған адамның жеке басы туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған уақытысы мен жерi);
      ә) сотталған адамның азаматтығын немесе оның тұрақты тұратын мекен-жайын растайтын құжат;
      б) адамды соттауда негiз болған қылмыстық заң баптарының мәтiнi;
      в) сотталған адамның немесе оның заңды өкiлiнiң жазаны одан әрi өтеу үшiн беруге келiсетiндiгi туралы өтiнiшi;
      г) сот үкiмiнiң және жоғары сот органдарының iс бойынша қолда бар шешiмдерiнiң, үкiмнiң заңды күшiне енгендiгi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
      д) өтелген жаза мерзiмi мен жазаның одан әрi өтелуге тиiс мерзiмi туралы құжат;
      e) қосымша жаза тағайындалған болса оның орындалғандығы туралы құжат;
      ж) сотталған адамның денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды және мiнез-құлқындағы ерекшелiктерi туралы мәлiметтер;
      з) сотталған адам арқылы жасалған қылмыс келтiрген материалдық шығынның өтелгендігi туралы мәлiметтер.
      Қажет болған жағдайда сотталған адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары қосымша құжаттар немесе мәліметтер сұратуы мүмкін.
      2. Аталған барлық құжаттарға өкiлеттiк берiлген адамның қолы қойылып, ол елтаңбалы мөрмен куәландырылуы тиiс.

6-бап
Сотталған адамды берудiң шарттары

      1. Сотталған адам осы Шартқа сәйкес мынадай жағдайларда:
      а) егер ол үкiмдi орындаушы мемлекеттiң азаматы немесе оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам болып табылса;
      ә) егер үкiм заңды күшiне енсе;
      б) егер сотталған адам беруге келiссе не жасына, денсаулығына немесе психикалық жағдайына байланысты сотталған адам өзiнiң еркiн бiлдiре алмаса - оның заңды өкiлi беруге келiссе;
      в) егер үкiм шығарылған iс-әрекет үкiмдi орындаушы мемлекет заңы бойынша қылмыс болып табылса және ол үшiн бас бостандығынан айыру түрiнде жаза белгiленетiн болса;
      г) егер үкiм шығарушы мемлекет пен үкiмдi орындаушы мемлекет сотталған адамды беруге келiссе берiлуi мүмкiн.
      2. Сотталған адамға не оның заңды өкiлiне үкiм шығарушы мемлекеттiң құзыреттi органдарының лауазымды aдамдаpы тапсыpу мүмкiндiгi және оның құқықтық салдары туралы түсiндiруi тиiс.

7-бап
Сотталған адамды беруден бас тартудың негiздерi

      1. Егер:
      а) бұл Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мүдделерiне нұқсан келтiретiн болса;
      ә) тапсыру туралы өтiнiштi алған сәтте сотталушының бас бостандығынан айыру жазасын әлi де өтеу мерзiмi aлты айдан кем болса;
      б) қылмыс жасалғанда келтiрiлген материалдық зиянның орны толтырылмаса;
      в) сұрау салушы Уағдаласушы Тарап осы Шарттың 6-бабындағы талаптарды тиiстi түрде орындамаса сотталған адамды тапсырудан бас тартылуы мүмкін.
      2. Ерекше жағдайларда Уағдаласушы Тараптар сотталған адамды беруге, тiптi оның жазасын өтеп шығуына алты айдан аз уақыт қалса да немесе қылмыс арқылы келтiрiлген материалдық зиян толық емес көлемде өтелсе де, келiсiм беруi мүмкiн.

8-бап
Сотталған адамды беру туралы сұрау салу бойынша шешiм

      Сотталған адамды тапсыру туралы келiп түскен сұрау салу бойынша келiсiм беру немесе бас тарту жөнiндегi шешiмдi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары осы Шарттың 5-бабындағы тiзбеленген құжаттарды алған күннен бастап 40 күн iшiнде қабылдайды. Бас тартылған жағдайда қабылданған шешiм туралы беруге кедергi болған себептер мiндеттi түрде көрсетiле отырып, сұрау салған құзыреттi органға, сондай-ақ оған қатысты сұрау салынған адамға немесе тапсыру туралы өтiнiш жазған адамға жазбаша нысанда хабарланады.

9-бап
Сотталған адамды тапсыру рәсiмi

      Сотталған адамды тапсырудың орнын, уақытын және тәртiбiн Уағдаласушы Тараптардың жазаның орындалуын жүзеге асыратын органдары белгілейдi.

10-бап
Шығыстар

      Үкiм шығарған мемлекеттiң аумағында ғана пайда болған шығыстарды есептемегенде, сотталғандарды тапсыруға байланысты барлық шығыстарды үкiмдi орындаушы мемлекет көтередi.

11-бап
Жазаны орындау

      1. Үкiмдi орындаушы мемлекет өзiнiң ұлттық заңдарын басшылыққа ала отырып, үкiмнiң толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Үкiмдi орындаушы мемлекет сотталған адамның жағдайын қиындатпай өзiнiң ұлттық заңдарына сәйкес оның жазаны өтеудi жалғастыруын қамтамасыз етедi.
      3. Сотталған адамға белгiленген жаза үкiмдi шығарушы мемлекеттiң сот үкiмiнiң негiзiнде өтеледi. Үкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты шығарылған үкiмдi негiзге ала отырып, оны орындау туралы шешiм қабылдайды.
      4. Егер үкiмдi орындаушы мемлекеттiң заңдары бойынша осы әрекет үшiн бас бостандығынан айырудың шектi мерзiмi үкiмде белгіленген мерзiмнен аз болса, үкiмдi орындаушы мемлекеттің соты мұндай әрекет үшiн бас бостандығынан айырудың осы мемлекеттiң заңдарында көзделген ең көп мерзiмiн белгiлейдi.
      5. Егер үкiм екi немесе одан да көп әрекеттерге байланысты болса әрi олардың бipeуi немесе бiрнешеуi үкiмдi орындаушы мемлекетте қылмыс болып есептелмесе, осы мемлекеттiң соты қылмыс болып табылатын әрекетке жазаның қандай бөлiгi қолданылатынын анықтайды.
      6. Қосымша жазаны орындау жөнiндегi шешiмдi, егер сол мемлекеттiң заңдарында жасалған әрекет үшiн осындай жаза қолдану көзделсе, үкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты қабылдайды.
      7. Үкiмдi орындаушы мемлекеттің құзыреттi органы сот қаулысы шыққан сәттен бастап бiр ай iшiнде үкiм шығарушы мемлекеттiң құзыреттi органына үкiмдi орындау бойынша қабылданған сот шешiмi туралы хабарлайды.

12-бап
Кешiрiм және рақымшылық жасау

      Әрбiр Уағдаласушы Тарап берiлген сотталған адамға кешiрiм немесе рақымшылық жасауға құқылы.

13-бап
Соттар құзыретi

      1. Берiлген сотталған адамға қатысты үкiмнiң негiздiлiгiн қайта қарауға үкiм шығарушы мемлекеттiң соты ғана құқылы.
      2. Егер сотталған адам жазасын өтеу үшiн берiлгеннен кейiн үкiмдi шығарушы мемлекетте ол үкiм бұзылса және жаңа тергеу немесе соттың iс қарауы көзделсе, бұл жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi, қылмыстық iстiң материалдары және сотталған адамның жоқ кезiнде болуы мүмкiн қажеттi iстердi жүргiзу нәтижелерi бойынша басқа да материалдар, үкімді орындаушы мемлекетке осы мемлекеттiң заңдары бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшiн жiберiледi.
      3. Ақтау негiздерiмен қосымша тергеу нәтижелерi бойынша қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда немесе сот ақтау үкімін шығарса, қылмыстық жауапкершiлiкке негiзсiз тартылған адамға келтiрiлген шығынды үкiмдi шығарушы мемлекет өтейдi.
      4. Жазасын өтеу үшiн сотталған адам берiлгеннен кейiн, егер де үкiмдi оны шығарушы мемлекет бұзатын болса, бұл туралы шешiмнiң куәландырылған көшiрмесi және басқа қажеттi құжаттар үкiмдi орындаушы мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi. Үкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты осы Шарттың 11-бабында көзделген тәртiппен ол шешiмдi орындау туралы мәселенi шешедi.

14-бап
Сотталған адамды тапсырудың құқықтық салдары

      1. Жазасын өтеу үшiн үкiмдi орындаушы мемлекетке тапсырылған адамға қатысты сотталудың құқықтық салдары осындай iс-әрекет жасағаны үшiн сол мемлекеттiң аумағында сотталған адамдарға қатысты туындайтын зардаптармен бiрдей болады.
      2. Екiншi Уағдаласушы Тараптың соты шығарған үкiмдi орындау үшiн тапсырылған адам үкiмдi орындаушы мемлекеттің аумағында заңды күшiне енген үкiм шығарылған iс-әрекетiне байланысты қайтадан қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмайды.

15-бап
Транзиттiк тасымалдау

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша өзiнiң аумағы арқылы осы Уағдаласушы Тарап үшiншi бiр мемлекетке тапсыратын сотталған адамдарды транзиттiк тасымалдауға pұқсат етедi. Бұл орайда coтталған адамды қамауда ұстаудың жағдайларына қойылатын қажеттi заңды талаптар қамтамасыз етiледi.
      2. Бұл ереже әуе көлiгiн пайдалану кезiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында қону жоспарланбаған жағдайда қолданылмайды.
      3. Әуе кемесiнiң жоспарланбаған қонуы кезiнде оның аумағы арқылы ұшып өту жүзеге асырылатын Уағдаласушы Тарап, сотталған адамды алып келе жатқан екiншi Уағдаласушы Тарап өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес берiлетiн транзиттiк тасымалдау туралы өтiнiш алынғанға дейiн сотталған адамды 72 сағат бойы қамауда ұстауы мүмкiн. Мұндай өтiнiш телеграф, телекс, телефакс, электрондық поштаны қоса алғанда, байланыстың техникалық құралдарының көмегімен берiлуi мүмкiн.
      4. Сотталған адамды транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды осылайша тасымалдау туралы өтiнiш бiлдiрген Уағдаласушы Тарап көтередi.

16-бап
Даулы мәселелерді шешу

      Осы Шартты түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындайтын даулы мәселелер Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдарының арасындағы консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.

17-бап
Екi жақты байланыс жасау тілі

      1. Осы Шартты орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң мемлекеттiк тiлдерiн немесе орыс тiлiн пайдаланады.
      2. Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде әзiрленген құжаттарға куәландырылған орыс тiлiндегi аудармалары қоса тiркеледi.

18-бап
Шарттың қолданыста болу уақыты

      Осы Шарттың күшi Уағдаласушы Тараптардың соттары бұл Шарт күшiне енгенге дейiн соттаған адамдарға да қолданылады.

19-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Шартқа қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Шарттың ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.

20-бап
Басқа да халықаралық шарттарға қатынасы

      Осы Шарттың ережелерi Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.

21-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Шарт оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi және Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тараптың оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн қолданыста болады.

      Астана қаласында 2001 жылғы 5 шiлдеде әрқайсысы қазақ, түрiкмен және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру мақсаты үшiн орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылатын болады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН      ТҮРIКМЕНСТАН ҮШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады