Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2022 № 114 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Кекілбаев Әбіш - Қазақстан Республикасының
Парламенті Сенатының депутаты
(келісім бойынша);
Омашұлы Дәуітәлі - Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
Аппаратының редакциялау және
аударма бөлімнің меңгерушісі
(келісім бойынша);
мына:
"Тұяқбаев - Қазақстан Республикасы
Төрегелді Рахманбердіұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Бақылау және құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлімінің сектор
меңгерушісі, саясат
ғылымдарының кандидаты"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұяқбаев - Қазақстан Республикасы
Төрегелді Рахманбердіұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау
және құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімі меңгерушісінің орынбасары,
саясат ғылымдарының кандидаты";
көрсетілген құрамнан: Жандар Кәрібайұлы, Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |