2003 жылдың 1 маусымынан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерiн арттыру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру жөніндегi ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен 10000000 (он миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртіппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі