Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Бас Консулдығын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Бас Консулдығын ашу туралы
Қаулы етемін:
1. Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Бас Консулдығы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті