Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 516 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен "Байқоңыр" монтаждау-сынау кешенiндегi 2002 жылғы 12 мамырдағы оқыс оқиғаның салдарынан асыраушысынан айрылған Қазақстан Республикасының азаматтарына Ресей тарабынан төленген бiржолғы жәрдемақының шамасы мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бiржолғы жәрдемақы шамасы арасындағы айырманы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне 5 640 474 (бec миллион алты жүз қырық мың төрт жүз жетпiс төрт) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады