Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия
Республикасының Үкiметi арасындағы Байланыс
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi,
байланыс саласында өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға, Тараптар мемлекеттерiнде электр және пошта байланысы желiлерi мен құралдарының үзіліссіз қызмет етуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы салада құқықтық реттеуді жетілдіруге ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1. Тараптар байланыс саласындағы өз қарым-қатынасын халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен қағидаттарына, Дүниежүзiлiк Пошта Одағы Актiлерiнiң ережелерiне және Халықаралық электрлiк байланыс одағының ұсынымдарына сәйкес құрады.
2. Осы Келiсiммен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық келiсiмдермен реттелмеген мәселелер екi жақтың келiсуi бойынша Тараптар мемлекеттерiнің заңдарына сәйкес шешiледi.
Осы Келiсiмнiң шеңберiнде құзыреттi органдар мыналар болып табылады:
Қазақстан Тарапы үшiн - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
Латвия Тарапы үшiн - Латвия Республикасының Көлiк министрлiгi;
Құзыреттi органдардың функцияларын басқа органдарға берген немесе құзыреттi органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бiр бiрiне кiдірiссiз хабарлайды.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында адресаттарға жiберiлетiн барлық пошта жөнелтiлімдерi мен құжаттық хабарлардың үзiлiссiз қабылдануын, өңделуiн, тасымалдануын және жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген мерзiмдiк басылымдарды таратуға қатысты өзара қызмет көрсетудi ұсынады.
Тараптар құзыреттi органдар арасында бөлек жасалған халықаралық шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасында ақшалай пошта аударымдарымен алмасуды қамтамасыз етедi.
Тараптар өзара тиiмдi шарттармен өз мемлекеттерiнің аумақтары арқылы электрлiк байланыстың, пошта жөнелтiлiмдерiнiң барлық түрлерiнiң еркiн транзитiн жүзеге асыруға және телевизия мен радиохабарлардың бағдарламаларын беруге кепілдік бередi.
Осы Келiсiмдi орындаудан туындайтын есеп айырысулар мен төлемдер құзыреттi органдардың арасында жасалған халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.
Тараптар байланыс кәсiпорындарында мемлекетаралық хабарларды және ақпаратты берудiң технологиялық процестерiнде жергiлiктi уақытты қолданады.
Тараптар өзара тиiмдi шарттармен электрлiк және пошта байланысының мемлекеттiк желiлерiн пайдалану мен оларды басқару саласында ынтымақтасады.
1. Тараптар төтенше жағдайларда байланыс құралдары арқылы хабарлардың басымдылықпен берiлуiн қамтамасыз етедi.
2. Тараптар мемлекетаралық байланыс желiлерiндегi апаттардың салдарын жоюда өзара көмек көрсетедi. Қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн құзыреттi органдар әзiрлейдi және келiседi.
1. Тараптар осы Келiсiмдi түсiндiруде және қолдануда туындауы мүмкiн барлық даулы мәселелердi құзыреттi органдар арасында тiкелей келiссөздер және консультациялар жүргiзу жолымен шешедi.
2. Осы Келiсімде көзделген мiндеттемелердi орындау кезiнде туындайтын келiспеушілiктердi уақытша негiзде арнайы құрылатын және Тараптар өкілдерiнiң тең санынан тұратын үкіметаралық комиссия қарайды.
Тараптар пошта және электр байланысы ұйымдарына кез келген өзгерiстердiң, сондай-ақ көрсетiлген қызметтер үшiн өзара есеп айырысу тәртiбінiң болжамды енуiнен тоқсан күн бұрын бұл туралы екiншi Тарапқа хабарлайды.
Тараптар өзара қызмет көрсетудiң бағыттары мен көлемдерiн және өзара есеп айырысу тәртiбiн анықтау және нақтылау үшiн Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының Байланыс әкiмшiлiктерi мен кәсiпорындарының арасында тiкелей байланыс орнатылуына мүмкіндік туғызады.
Тараптар қызмет көрсетуге қатысатын Тараптар мемлекеттерiн барлық байланыс кәсiпорындары тұтынушы алдында дер кезiнде және сапалы қызмет көрсету үшiн бiрдей жауапты болатыны туралы келiстi және Дүниежүзiлiк Пошта Одағы актiлерiнiң ережелерi мен Халықаралық электрлiк байланыс одағының ұсынымдарына сәйкес халықаралық байланыстың сапасыз жұмысына жасалған шағымдарды қарау тәртiбiн белгiлеу қажеттілігін мойындады.
1. Тараптар телефонистер, телеграфистер, техникалық қызметкерлер, байланыс кәсiпорындарының пошта жұмыскерлерi арасында қызметтiк ақпарат алмасу үшiн, сондай-ақ қызметтiк құжаттармен алмасу үшiн орыс немесе ағылшын тілдерiн қолдануға уағдаласты.
2. Тараптар мемлекеттерi арасында жiберiлетiн пошта жөнелтiлiмдерi мен жеделхаттардың мекен-жайлары орыс немесе ағылшын тілдерiнде ресiмделедi. Жеделхаттардың мәтiндерi латын әрiптерiмен қабылдануы және жіберiлуi мүмкiн.
Осы Келiсiм Тараптардың олар жасасқан басқа да халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелеріне ықпал етпейдi.
Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнің ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделедi.
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсімдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiрi кезектi бесжылдық кезең аяқталардан кемінде алты ай бұрын осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарламаса, әрбiр келесi бес жылға қолданыс мерзiмi ұзартылып бес жыл бойы күшінде болады.
Астана қаласында 2001 жылғы 6 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, латыш және орыс тілдерінде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлдегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасының
Үкiметi үшін Үкiметi үшін