Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы бекiтілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
      3. Таратылатын Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның функциялары Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияға берілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Yкiметiнiң             
2003 жылғы 11 маусымдағы      
N 554 қаулысымен          
бекiтiлген              

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, хатшы
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары
      «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша)
      «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі
      Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Қоғамының президенті (келісім бойынша)
      "Сейсмология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
2003 жылғы 11 маусымдағы      
N 554 қаулысына          
қосымша               

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшін жойған
кейбiр шешiмдерінің тiзбесi

      1. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 26, 215-құжат).
      2. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 107-құжат).
      3. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 578 қаулысы.
      4. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 671 қаулысының 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады