Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 556 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президентiнің "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

      Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы "Ақпараттық технологиялар паркi"
арнайы экономикалық аймағын құру туралы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру, елде ақпараттық технологиялардың жаңа экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы саласын құру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық мүмкiндігін неғұрлым толық пайдалану мақсатында қаулы етемін:
      1. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) 2013 жылғы 1 шілдеге дейiнгi мерзiмге құрылсын.
      2. АЭА туралы ереже (1-қосымша) бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 108-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында:
      6-бөлім 8 "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын қалыптастыру және дамыту" кiшi бағдарламасымен (2-қосымша) толықтырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) бір айлық мерзімде 8 "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын қалыптастыру және дамыту" кiшi бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шараларды енгiзе отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 мамырдағы N 674 қаулысымен бекiтiлген 2001-2003 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ұлттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарына тиiстi өзгерiстер енгiзсін;
      2) жеңiлдiкпен салық салуда жеңiлдiк беру және АЭА қызметiн қамтамасыз ету мақсатында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiн өзгерту мен толықтыру жөнінде ұсыныстар енгiзсiн;
      3) АЭА қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшілiгiне жүктелсiн.
      6. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 шілдеден бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2002 жылғы "__"__________
N ____ Жарлығына    
1-қосымша       

"Ақпараттық, технологиялар паркi"
арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында шаруашылық қызметiн жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Алматы қаласының Медеу ауданы Алатау кентiнiң аумағында және Алматы облысының iргелес жерлерiнде орналасқан.
      АЭА аумағы кемiнде 300 гектар, бiрақ 400 гектардан артық болмайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      2. АЭА:
      ақпараттық технологиялар саласын дамыту;
      республика экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне кiруiн жандандыру;
      жоғары тиiмдiлiктi, оның iшiнде жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған жаңа ақпараттық технологиялар өндiрiстерiн құру, ақпараттық технологиялар өнiмдерiнiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру;
      инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
      3. АЭА аумағындағы негiзгi қызмет түрлерi:
      1) АЭА-тың бизнес-жоспарлардың, техно-жұмыс жобаларының, жобалау-сметалық құжаттаманың; құрылыс-жөндеу жұмыстарының; АЭА аумағын жайландыру жөнiндегi жұмыстарды әзiрлеудi қамтитын қазiргi заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру;
      2) халықаралық стандарттар бойынша ақпараттық технологиялар саласында жоғары бiліктi сертификациялық мамандарды дайындау және қайта дайындау;
      3) мыналар бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мен деректер базасын жобалау, әзiрлеу, енгiзу, тәжiрибелi өндiрiс және өндiрiс:
      жетекшi өндiрушiлердiң бағдарламалық өнiмдерiн мемлекеттiк тiлге жергiлiктендiру;
      стратегиялық маңызды салаларда математикалық үлгiлеу;
      деректер берудiң ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерi мен желiлерi;
      басты салалардағы интернет жүйелер;
      ақпараттық қауiпсiздiк жүйелерi;
      өндiрiстегi технологиялық процестердi басқару мен бақылаудың автоматтандырылған жүйелерi;
      4) мыналар бойынша аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу, тәжiрибелi өндiрiс және өндiрiс:
      GPS GPNS және басқа да негiздегi мобильдiк жүйелер саласындағы жаңа технологиялар;
      ақпаратты сақтау, өңдеу және беру деңгейiндегi ақпараттық қауiпсiздiк құралдары;
      деректер берудiң ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерi мен желiлерi;
      ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдарына арналған элементтiк база;
      жер аумағын арақашықтықта зондтау жүйелерi;
      5) жасанды иммундық және нейрондық жүйелердiң негiзiнде жаңа ақпараттық технологиялар құру;
      6) ақпараттық технологиялар саласында маркетингілiк зерттеулер;
      7) ақпараттық технологиялар саласында жобалар жасау және енгiзу жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар жүргiзу.
      4. АЭА қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен реттеледi.
      АЭА аумағында акцизделетiн өнiм өндiрiсiмен байланысты қызметке тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақ туралы заңнамада көзделгендерден басқа өзге де ережелер көзделiнсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2. АЭА басқару және атқарушы органның өкілеттерi

      5. АЭА басқаруды Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейтін және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын (бұдан әрi - Атқарушы орган) орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
      6. Атқарушы орган мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, айрықшаландырылған мүлкi болады, өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды сатып ала алады, мiндеттеме арқалайды, сотта қуынушы және жауап берушi бола алады, сондай-ақ өзiнiң атауы бар мөрi болады және басқа да қажеттi реквизиттерi болады.
      7. Атқарушы орган АЭА аумағында жалпыға мiндеттi күшi бар кесiмдер шығарады.

3. Атқарушы органның өкілеттерi

      8. Атқарушы орган:
      АЭА даму стратегиясы мен бағдарламасын әзiрлеудi және iске асыруды жүзеге асырады;
      АЭА аумағында мемлекеттiк және басқа да органдардың өзара қимылын қамтамасыз етедi;
      АЭА дамыту және оның құру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн отандық және шетелдiк инвестицияларды, сондай-ақ несиелiк қаражаттар тартуды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттiктердi жүзеге асырады.

4. АЭА аумағында салық салу

      9. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес реттеледi.

5. Кедендiк реттеу

      10. АЭА аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркiн кеден аймағының режимi қолданылатын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының бөлiгi болып табылады. АЭА шекаралары оның периметрi бойынша арнайы қоршаумен жасақталады.
      11. АЭА аумақтарында кедендiк pecімдеу және бақылау кеден заңнамасымен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      12. ЕЭА құру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн Сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасының тауарлық кодтарының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) жiктемесiне сәйкес тауарлар тiзбесi

-----------------------------------------------------------------
СЭҚ   !                      СЭҚ TH атауы
TH N  !
-----------------------------------------------------------------
3923    Пластмассадан жасалған тауарларды тасымалдау немесе
        буып-түюге арналған бұйымдар; пластмассадан жасалған
        тығындар, қақпақтар, қалпақшалар мен тығындауға арналған
        басқа да бұйымдар

3925    Басқа жерлерде аталмаған пластмассадан жасалған құрылыс
        материалдары

3810    Металдардың жоғарғы қабаттарын жебiрлеу үшін препараттар;
        флюстер мен соның iшiнде нашар балқитын дәнекермен, немесе
        пiсiру үшiн дәнекерлеуге қосалқы өзге де препараттар; соның
        iшiнде нашар балқитын дәнекермен, немесе пiсiру үшiн
        металдар мен басқа да материалдардан тұратын ұнтақтар мен
        пасталар; пiсiру электродтары немесе сымдар үшiн өзекшелер
        немесе жабулар ретiнде пайдаланылатын материалдар

4010    Вулкандалған рәзеңкеден жасалған конвейерлiк таспалар
        немесе жетек белдiктер немесе бельтинг (белдiктер үшiн
        рәзеңкеленген мата)

4407    Бойлай кесiлген немесе жарылған, сүрілген немесе аршылған,
        жонылған немесе жонылмаған, тегiстелген немесе
        тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам жалғау қапсырмасы бар
        немесе жоқ ағаш материалдар

4411    Ағаштан немесе шайыр немесе басқа да органикалық заттар
        қосылған немесе қосылмаған басқа да ағаштандырылған
        материалдардан жасалған ағаш талшықты тақталар

4802    4801 немесе 4803 тауар шебiндегi қағаздан басқа жазуға,
        баспаға немесе басқа да графикалық мақсаттарға
        пайдаланылатын жылтыратылған қағаз бен қатырма,
        перфокарталық қағаз бен орамдағы немесе парақтағы
        перфотаспа үшiн қағаз, қолдан құйылатын қағаз бен қатырма.

4809    Беттiк суретi бар немесе суретi жоқ, орамдағы немесе
        парақтағы көшiрмелiк көмiртегi қағазы, өздiгiнен
        көшiрiлетiн немесе басқа да көшiрме немесе аударма қағаз
        (трафареттер, көшiру аппараттары немесе офсеттiк баспа
        пластиналары үшiн жабындалған немесе сiңдiрілген қағаз)

4810    Орамдағы немесе парақтағы байланыстырушы заттарды
        пайдаланумен немесе байланыстырушы заттарсыз, қандай да бір
        басқа да жабуларсыз, оның iшiнде боялған әрлік жабуы бар
        немесе баспамен түсiрiлген бейнелер салынған бiр немесе екi
        жағынан кволинмен (қытай балшығы) немесе басқа да
        органикалық емес заттармен жылтыратылған қағаз бен қатырма

5904    Нысан бойынша пiшiлген немесе пiшiлмеген линолеум; нысан
        бойынша пiшiлген немесе пiшiлмеген тоқымалық негiздегi
        едендiк жабу үшiн материалдар

6806    Шлакмақта, минералдық силикаттық мақта және соған ұқсас
        минералдық мақта; қабатталған вермикулит, кеуектелген
        балшық, көбіктелген шлак және соған ұқсас басқа да
        минералдық өнiмдер; 6811 немесе 6812 тауарлық шептiң немесе
        69 топтың бұйымдарынан басқа жылуоқшаулағыш,
        дыбысоқшаулағыш немесе дыбысты жұтқыш минералдық
        материалдардан жасалған қоспалар мен бұйымдар

6808    Панельдер, тақталар, тақташалар, блоктар және өсiмдiк
        талшықтарынан, сабаннан немесе жоңқадан, жаңқадан,
        бөлшектемелерден, үгiннен немесе цементпен, гипспен немесе
        басқа да минералдық байланыстырғыш заттармен
        жымдастырылған басқа да ағаш қалдықтарынан жасалған осыған
        ұқсас бұйымдар

6809    Гипстен немесе соның негiзiндегi қоспалардан жасалған
        бұйымдар

6810    Цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған,
        бекемдетiлген немесе бекемдетiлмеген бұйымдар

6811    Асбоцементтен, целлюлоза талшықтары бар цементтен немесе
        соған ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар

6901    Кiрпiштер, блоктар, тақташалар және кремнийлi тас ұнының
        (мысалы кизельгурдан, триполиттен немесе диотомиттен)
        немесе басқа да осыған ұқсас кремний жыныстарынан жасалған
        басқа да керамикалық бұйымдар

6902    Кремнийлi тас ұнының немесе басқа да соған ұқсас кремний
        жыныстарынан жасалған бұйымдардан басқа отқа төзiмдi
        кiрпiштер, блоктар, тақташалар мен соған ұқсас отқа төзiмдi
        керамикалық құрылыс материалдары

6904    Құрылыс кiрпiшi, еден үшiн блоктар, көтергiш немесе
        қаптамалық тақташалар, және керамикадан жасалған осыған
        ұқсас бұйымдар

6905    Черепица, дефлекторлар, түтiн трубалары үшiн зонттар, түтiн
        шығатын бөлiктер, сәулеттiк әшекейлер және керамикадан
        жасалған өзге де құрылыс бөлшектерi

6906    Керамикалық трубалар, оқшаулағыш құбыр өткiзгiштер, су
        қайтарғыштар мен құбыр фитингтерi

6907    Tөceу үшiн тақталар, еденге, пешке, каминдерге немесе
        қабырғалар үшiн қаптаулық глазурленген керамикалық
        тақташалар, мозаикалық жұмыстарға арналған глазурленген
        керамикалық текшелер және соған ұқсас соның негiзiндегi
        және сонсыз жасалған бұйымдар

6908    Tөceу үшiн тақталар, еденге, пешке, каминдерге немесе
        қабырғалар үшін қаптаулық глазурленген керамикалық
        тақташалар, мозаикалық жұмыстарға арналған глазурленген
        керамикалық текшелер және соған ұқсас соның негiзiндегi
        және сонсыз жасалған бұйымдар

6909    Зертханалық, химиялық немесе басқа да химиялық мақсаттар
        үшiн бұйымдар, керамикалық науалар, күбiлер және ауыл
        шаруашылығында пайдаланылатын соған ұқсас резервуарлар,
        керамикалық түбектер, банкiлер (құмыралар) және тауарларды
        тасымалдауға немесе буып-түю үшін пайдаланылатын соған
        ұқсас бұйымдар

6910    Раковиналар, қол жуғыштар, раковиналардың консолдары,
        ванналар, биде, унитаздар, су құятын бачоктар, писсуарлар
        және соған ұқсас керамикадан жасалған санитарлық-техникалық
        бұйымдар

7003    Жұтатын, шағылысатын немесе шағылыспайтын қабаты бар немесе
        жоқ, бiрақ қандай да болмасын тәсiлмен өңделмеген құйылған
        және тегiс, парақтық немесе кескiнделген әйнек

7017    Зертханалық, гигиеналық немесе фармацевтикалық мақсаттар
        үшiн градуирленген немесе градуирленбеген, калибрленген
        немесе калибрленбеген ыдыс

7210    Темiрден немесе берiктелмеген болаттан жасалған қалыңдығы
        600 мм немесе одан да астам жалпақ, плакирленген,
        гальваникалық немесе басқа да жабуы бар прокат

7216    Темiрден немесе берiктелмеген болаттан жасалған бұрыштар,
        фасондық және арнаулы кескiндер

7304    Қара металдан (болат құймасынан басқа) жасалған қуыс, жiгi
        жоқ, құбырлар, түтiкшелер мен кескiндер

7307    Трубалар немесе түтiкшелерге арналған қара металдан жасалған
        фитингiлер (мысалы, жалғағыштар, иiндер, бұрандакемерлер)

7308    Қара металдан жасалған металл конструкциялар (9406 тауарлық
        шептегi жиналмалы құрылыс конструкцияларынан басқа) және
        олардың бөлiктерi (мысалы, көпiрлер және олардың
        секциялары, шлюздер қақпасы, мұнаралар, торлы мачталар,
        төбе жапқыштары, құрылыс фермалары, есiктер мен терезелер
        және олардың жақтаулары, есiктерге арналған табалдырықтар,
        суағарлар, балюстрадтар, тiреуiштер мен бағандар);
        парақтар, сымшалар, бұрыштар, фасондық кескiндер, құбырлар
        мен металл конструкциясында пайдалану үшiн қара металдан
        жасалған соған ұқсас бұйымдар

8473    Айрықша немесе негiзiнен 8469-8472 тауарлық позиция
        машиналарына арналған бөлiктер мен керек-жарақтар
        (қораптарды, қаптауларды және ұқсас бұйымдарды қоспағанда)

8475    Электрлiк немесе электрондық шамдарды, түтiкшелердi немеce
        электрондық-сәулелiк түтiкшелердi немесе шыны колбаларда газ
        разрядты шамдарды құрастыруға арналған машиналар; шыныны
        дайындау немесе ыстықтай өңдеу немесе шыныдан бұйымдар
        дайындауға арналған машиналар

8477    Резинаны немесе пластмассаны өңдеуге арналған немесе басқа
        жерлерде аталмаған осы материалдардан жасалатын өнiмдердi
        өндiру үшiн жабдық

8504    Электрлiк трансформаторлар, статикалық электрлiк қайта
        жасаушылар (мысалы түзеткiштер), индуктивтiк катушкалар
        және дросселдер

8505    Электромагниттер; тұрақты магниттер және магниттеуден кейiн
        тұрақты магниттерге айналдыруға арналған бұйымдар;
        электромагниттiк немесе тұрақты магниттермен қыспалы
        қысқылар, қарпығыштар және осыған ұқсас жазып алушы
        құрылмалар; электромагниттi ұстасулар, муфталар және
        тежегiштер; электромагниттiк көтергiштер бастиектер

8506    Бастапқы элементтер және бастапқы батареялар

8514    Өнеркәсiптiк немесе зертханалық электрлiк пештер мен
        камералар (индукциялық немесе диэлектрлiк қыздыру пештерiн
        қоса алғанда);
        индукциялық термикалық өңдеу немесе басқа диэлектрлiк
        қыздыруға арналған өнеркәсiптiк немесе зертханалық жабдық

8515    Электрлiк (оның iшiнде газды электрлiк қыздырумен),
        лазерлiк немесе басқа жарық немесе фотондық,
        ультрадыбыстық, электрондық-сәулелiк, магниттiк-импульстiк
        немесе плазмалық-доғалық және басқа баяу балқитын
        дәнекерлегiштер немесе кесу операцияларын олардың орындай
        алатындығына немесе орындай алмайтындығына қарамастан,
        пiсiргiштер үшiн машиналар мен аппараттар; металдарды немесе
        металлокерамикаларды ыстық шаңдатуға арналған электр
        машиналары мен аппараттары

8517    Электрлiк телефондық немесе сымсыз трубкалы телефон
        аппараттарын қоса алғанда, сымдық байланыс үшiн телеграфтық
        аппараттар және жеткiзiлетiн жиiлiктегi сымдық байланыс
        жүйесiне немесе цифрлық сымдық байланыс жүйелерiне арналған
        аппараттар; көрiнiс фондары

8518    Микрофондар және оларға арналған тұғырықтар: корпустарда
        құрастырылған немесе құрастырылмаған дауыс күшейткiштер;
        басты телефондар, құлақтықтар және микрофон/дауыс күшейткiш
        кешендерi; дыбыс жиiлiгiндегi электрлiк күшейткiштер;
        электрлiк дыбыс күшейту құрылғылары

8523    Дыбыс жазу немесе 37 топ бұйымдарынан басқа осыған ұқсас
        басқа құбылыстардың жазбалары үшiн дайын, жазылмаған
        тасымалдағыштар

8524    Табақшалар, ленталар және дыбыс немесе осыған ұқсас
        жазбаларды жазу үшiн басқа тасымалдағыштар, 37 топ
        бұйымдарынан басқа грампластинкаларды дайындау үшiн
        матрицалар мен нысандарды қoca алғанда жазылғандар

8525    Радиотелефонға, радиотелеграфтық байланысқа, радио
        хабарларына немесе теледидарға арналған берушi, өзiне
        қабылдауды қамтитын немесе қамтымайтын, дыбыс жазушы немесе
        аппаратураны ұдайы өндiрушi аппаратурa; телевизиялық
        камералар; кадрлық бейнелеу видеокамералары және басқа
        жазу видеокамералары

8526    Радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура және
        дистанциялық басқару радиоаппаратура

8528    Радио хабарларын қабылдағышпен немесе жазатын немесе дыбысты
        немесе бейнелеудi ұдайы өндiретiн аппаратурамен қосарланған
        немесе қосарланбаған телевизиялық байланысқа арналған
        қабылдау аппаратурасы; видеомониторлар және видеопроекторлар

8529    Айрықша немесе негiзiнен 8525-8528 тауарлық позициялар
        аппаратураларына арналған бөлiктер

8531    8512 немесе 8530 тауарлық позициядағы жабдықтардан басқа
        дыбыстық немесе жарық дабыл беру электр жабдығы (мысалы,
        қоңыраулар, дыбыс тудырғыштар, индикаторлық панельдер,
        күзет жабдығы немесе автоматтық өрт белгiлерiн беруге
        арналған жабдық)

8532    Тұрақты, ауыспалы немесе үйлестiрiлетiн электр
        конденсаторлар

8533    Жылытқыш элементтерден басқа электр резисторлары
        (реостаттар мен потенциометрлердi қоса алғанда)

8534    Баспалық схемалар

8536    Коммутацияларға немесе электрлiк тiзбектердi қорғауға немесе
        электрлiк тiзбектерге жалғауға немесе электрлiк мақсаттарға
        арналған кернеуi 1000 В артық емес электрлiк аппаратура
        (мысалы, қосқыштар, ауыстырып-қосқыштар, үзгiштер, реле,
        тербелiстердi сөндiрушiлер, ашалық ашалар және розеткалар,
        электр шамдарына арналған патрондар, жалғаушы коробкалар)

8537    Электр тоғын басқару немесе тарату үшiн 8535 немесе 8536
        тауарлық позициядағы екi немесе одан көп құрылғылармен
        жабдықталған оның iшiнде өзiне 90 топ аспаптары немесе
        құрылғыларын және 8517 тауарлық позициядағы коммутациялық
        құрылғылардан басқа басқарудың цифрлық аппараттарын
        қамтитын пульттер, панелдер, консолдар, столдар, үлестiру
        щиттерi және басқа электр аппаратураларына үшiн негiздер

8538    Айрықша немесе негiзiнен 8535, 8536 немесе 8537 тауарлық
        позициялар аппаратураларына арналған бөлiктер

8539    Жарыққа бағытталған бiтеу шамдарды, сондай-ақ ультракүлгiн
        немесе инфрақызыл шамдарды қоса алғанда, электрлiк
        газразрядтық қыздыру шамдары; доғалық шамдар

8540    Жылу катодты, суық катодты немесе фотокатодты электронды
        шамдар мен түтiкшелер (мысалы, вакуумдық немесе бу- немесе
        газбен толтырылған шамдар мен түтiкшелер, сынаптық
        түзеткiштерге арналған шамдар мен түтікшелер және
        электрондық сәулелiк түтiкшелер, таратқыш телевизиялық
        түтiкшелер)

8541    Диодтар, транзисторлар және осындай шала өткiзгiштi
        аспаптар; модулге жинақталған немесе жинақталмаған,
        панельге қоса салынған немесе қоса салынбаған
        фотогальваникалық элементтердi қоса алғанда, фотосезгiш
        шала өткiзгiштi аспаптар; жарық шығарушы диодтар;
        жинақтағы пьезоэлектрлiк кристалдар

8542    Электрондық интегралдық схемалар және микрожинақтар

8543    Жеке функцияларға ие болатын, басқа жерде аталмаған
        электрлiк машиналар және аппаратура

8544    Оқшауланған сымдар (эмальданған немесе анодталғандарды қоса
        алғанда), кабельдер (коаксильдiлердi қоса алғанда) және
        басқа жалғастырушы бөлшектермен және оларсыз оқшауланған
        электрлiк сымдар; электр өткiзгiштермен немесе жалғастырушы
        элементтермен жинақта бар немесе жоқ екендiгiне қатыссыз
        жеке қабықшалар талшықтарынан құралған талшықты-оптикалық
        кабельдер

8609    Бiр немесе бiрнеше көлiк түрлерiмен тасымалдау үшiн арнайы
        мақсатталған және жабдықталған контейнерлер (сұйық жүктердi
        тасымалдауға арналған ыдыстарды қоса алғанда)

9006    Фотокамералар (кинокамераларды қоса алғанда); 8539 тауарлық
        позициядағы газразрядты шамдардан басқа фотожарығы
        (тұтану) және жарық-шамдары

9010    Басқа жерде осы топта аталмаған фото- және кинозертханаларға
        арналған аппаратура және жабдық (түрлi сәулелермен
        әсерленген шала өткiзгiш материалдарға схемалардың
        бейнелерiн салуға немесе үлкейтiп көрсетуге арналған
        аппаратураны қоса алғанда); негатоскоптар; проекциялық
        экрандар

9011    Микрофототүсiрулерге, микрокинотүсірулерге немесе
        микроүлкейтулерге арналған микроскоптарды қоса алғанда,
        оптикалық күрделi микроскоптар

9012    8539 оптикалықтан басқа микроскоптар; дифракциялық
        аппараттар

9016    Сезгiштiгi 0,05 г немесе одан көбiрек түрлi гiрлермен
        немесе оларсыз таразылар

9017    Сызуға, таңбалауға және математикалық есептеулерге арналған
        құрал-саймандар (мысалы, сызу машиналары, пантографтар,
        транспортирлер, сызу жинақтары, логарифмдiк сызғыштар,
        дискілiк калькуляторлар);
        басқа жерде аталмаған сызықтық мөлшерлердi өлшеуге арналған
        қол құрал-саймандары (мысалы, өлшеу өзекшелерi және
        рулеткалар, микрометрлер, кронциркульдер)

9029    Айналымдар саны мен өнiм санын есептегiштер, таксометрлер,
        милеометрлер, қадам өлшегiштер және осындай аспаптар; 9014
        немесе 9015 тауарлық позицияда көрсетiлгендерден басқа
        спидометрлер және тахометрлер; стробоскоптар

9031    Басқа жерде осы топта аталмаған өлшеу немесе бақылау
        аспаптары, құрылғылар мен машиналар; профильдiк проекторлар

9033    90 топтағы машиналарға, аспаптарға, құрал-саймандарға немесе
        аппаратураға арналған бөлiктер және керек-жарақтар (басқа
        жерде осы топта аталмаған)

9106    Тәулiк уақытын тiркеуге арналған аппаратура және кез келген
        сағат механизмiмен немесе синхронды қозғалтқышпен (мысалы,
        уақытты тiркегiштер, уақытты жазу құрылғылары) уақыт
        аралығын қандай да болсын тәсiлмен өлшеу, тiркеу немесе
        индекстеуга арналған аппаратура

9107    Кез келген түрдегi немесе синхронды қозғалтқышпен сағаттық
        механизмдi уақытша қайта алып қосқыштар

9401    Кереуетке немесе оның бөлшегiне өзгертiлетiн отыруға
        арналған жиhаз (9402 тауарлық позицияда көрсетiлгеннен
        басқа)

9403    Басқа жиhаз және оның бөлiктерi

9406    Құрылыстық жинақтық құрылымдар

7313    Қара металдан жасалған тiкенек сым: өрме немесе жалпақ сым,
        тiкенек немесе тiкенек емес, еркiн қос бұрамалы, қара
        металдан қоршауға арналып жасалған сым

7314    Meталдан жасалған мата (үздiксiз таспаны қоса алғанда),
        қара металдан жасалған решоткалар, торлар мен сымнан
        жасалған қоршаулар, қара металдан жасалған еленiп-сорылған
        табақ

7317    Шегелер, бастырмалар, сызбалық бастырмалар, қырлы шегелер,
        қапсырмалар (8305 тауарлық жайғасымға енгiзiлгеннен басқа)
        және қара металдан жасалған ұқсас бұйымдар, мыс қалпақты
        бұйымдардан басқа, қалпақты және қалпақсыз басқа
        материалдардан жасалған шегелер

7318    Болттар, бұрандалар, сомындар, глухарлар, күшпен енгiзетiн
        iлмектер, тойтармалар, кiлтектер, сiргелер, тығырықтар
        (серiппелiнi қоса алғанда) және қара металдан жасалған
        ұқсас бұйымдар

7322    Қара металдан жасалған орталықтан жылытуға арналған
        электрлiк емес радиаторлар және олардың бөлiктерi;
        электрлiк емес қоса салынған желдеткiштерiмен ауа
        жылытқыштар мен ыстық ауа беруге арналған тарату
        құрылғылары (таза немесе конденсатталған ауа берілуге
        арналған құрылғыны қоса алғанда) немесе қара металдан
        жасалған двигателден жетегi бар ауа үрлегiштер мен олардың
        бөлiктерi

7408    Мыс сым

7410    Қорғасын фольгасы (негiзсiз немесе қағаздан, қатырма
        қағаздан, пластмассадан немесе ұқсас материалдан жасалған
        негiзi бар), қалыңдығы 0,15 мм ден аспайтын (негiзiн
        есептемегенде)

7415    Шегелер, бастырмалар, сызбалық бастырмалар, қапсырмалар
        (8305 тауарлық жайғасымға енгiзiлгеннен басқа) және мыстан
        немесе қара металдан жасалған мыс қалпақты ұқсас бұйымдар,
        болттар, бұрандалар, сомындар, глухарлар, күшпен енгiзетiн
        iлмектер, тойтармалар, кiлтектер, сiргелер, тығырықтар
        (серiппелiнi қоса алғанда) және мыстан жасалған ұқсас
        бұйымдар

7605    Алюминий сым

7607    Алюминий фольгасы (негiзсiз немесе қағаздан, қатырма
        қағаздан, пластмассадан немесе ұқсас материалдан жасалған
        негiзi бар), қалыңдығы 0,2 мм ден аспайтын (негiзiн
        есептемегенде)

7610    Алюминий метал құрылымы (9406 тауар жайғасымындағы
        құрастырмалы құрылыс метал құрылымынан басқа) және олардың
        бөлiктерi (мысалы, көпiрлер мен олардың секциялары,
        башнялар, решоткалы мачталар, баспана үшiн жабындар,
        құрылыс фермалары, есiктер мен терезелер және олардың
        рамалары, есiктердiң табалдырықтары, балюстрадалар,
        тiректер мен колонналар); табақтар, тоғандap, құбырлар мен
        құрылыс метал құрылымдарына пайдалану үшiн қалайыдан
        жасалған ұқсас бұйымдар

8005    Қалайы фольгасы (негiзсiз немесе қағаздан, қатырма қағаздан,
        пластмассадан немесе ұқсас материалдан жасалған негiзi бар),
        қалыңдығы 0,2 мм-ден аспайтын (негiзiн есептемегенде),
        ұнтақтар мен қалайы қабықтар

8007    Қалайынан жасалған басқа бұйымдар

8203    Егеулер, қылауықтар, түрпiлер, қысқаштар (тiстеуiктi қоса
        алғанда), атауыздар, пассатиждер, пинцеттер, iскектер,
        метал кесу үшiн қайшылар, құбыр кесу құрылғысы, болт
        кесетiн қайшылар, тескiштер мен осыған ұқсас қол аспаптары

8205    Қол аспаптары (алмас шыны кескiштердi қоса алғанда) басқа
        жерде аталмаған; дәнекерлегiш шамдар; iскенжелер, қыспақтар
        мен бiлдектердiң керек-жарақтары мен бөлiктерiнен басқа
        осыған ұқсас бұйымдар, төстер, қозғалмалы ошақтар, тiрек
        рамалары бар қол немесе аяқ жетектерiмен қажақты дөңгелектер

8303    Брондалған немесе армирленген сейфтер, банк қоймалары үшiн
        берiктелген контейнерлер мен есiктер, банк қоймаларында
        құндылықтарды қауiпсiз сақтау үшiн жабылатын жәшiктер, ақша
        мен құжаттарды сақтауға арналған арнайы жәшiктер және
        қымбат емес металдардан жасалған ұқсас бұйымдар

8304    Досье шкафы, iс қағаздары, картотектер, мөрлердi сақтау үшiн
        жәшiктер, қағаздар үшiн лотоктар мен қағаз қойғыштар және
        9403 тауар жайғасымындағы кеңсе жиhаздарынан басқа қымбат
        емес металдардан жасалған кеңселiк немесе канцеляриялық
        осындай жабдықтар

8311    Қымбат емес металдардан немесе метал карбиттерiнен жасалған
        жабынмен немесе флюс материалдарынан жасалған өзектi
        дәнекерлеу, соның iшiнде қатты дәнекерлеу металдарды немесе
        метал карбиттерiнен пiсiру немесе тұндыру үшiн
        пайдаланылатын сым, тоғандар, құбырлар, пластиналар,
        электродтар мен ұқсас бұйымдар; бүркумен металдандыру үшiн
        пайдаланылатын қымбат емес метал ұнтақтарынан пiсiрiлген
        сым және тоғандар

8415    Ылғалдылығы бөлек реттелмейтiн конденционерлердi қоса
        алғанда двигателi бар желдеткiшпен және температура мен ауа
        ылғалдылығын өлшеуге арналған аспаппен жабдықталған
        жабдықталған ауаны кондиционерлеу үшiн пайдаланылатын
        қондырғылар

8418    Тоңазытқыштар, мұздатқыштар және басқа да тоңазытатын немесе
        мұздататын электрлiк немесе басқа тұрпаттағы жабдықтар;
        8415 тауар жайғасымының ауа конденционерлеуге арналған
        қондырғыларынан басқа жылу насостары

8419    Тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарды
        қоспағанда температураның жылыту, пiсiру, қуыру,
        дистилляциялау, ректификациялау, стерилизациялау,
        пастерлеу, булау, кептiру, құрғату, кондинсерлеу немесе
        суыту сияқты өзгеруiн пайдаланып материалдарды өңдеу үшiн
        электрлiк немесе электрлiк емес жылытумен машиналар,
        өндiрiстiк немесе лабораториялық жабдықтар

8422    Ыдыс жуатын машиналар; бөтелке немесе басқа ыдыстарды жуу
        немесе құрғатуға арналған жабдықтар; бөтелке, банкаларды
        тығындау, жәшiктердi, қаптарды немесе басқа ыдыстарды
        жабуға, оларды мөрлеуге немесе этикеттеуге арналған
        жабдықтар; бөтелке, банка, түтiкшелердi (тюбиктердi) және
        ұқсас ыдыстарды ауа кiрмейтiн етiп қалпақшалармен
        тығыздауға арналған жабдықтар

8423    Өлшеуге (сезiмталдығы 0,05 г немесе одан жоғары
        таразылардан басқа) тауардың массасын есептеу мен бақылау
        қондырғыларымен жабдықталған таразыларды қоса алғанда
        арналған жабдықтар

8424    Механикалық (қолмен басқарылатын және онысыз) сұйықтар мен
        ұнтақтарды шашырататын немесе бүркетiн құрылғылар;
        зарядталған немесе зарядталмаған өрт сөндiргiштер;
        пульверизаторлар және соған ұқсас құрылғылар; бу
        сорғалатқышты немесе құм сорғалатқышты және соған ұқсас
        лақтыру қондырғылары

8427    Айырлы ұстатқышы бар өздiгiнен жүк артқыштар; көтергiш
        немесе арту-түсіру жабдықтарымен жабдықталған өзге де жүк
        артқыштар

8428    Көтеру, орнын ауыстыру, арту немесе түсiру (мысалы,
        лифтердi, эскалаторларды, конвейерлердi, арқан жолдарды)
        үшiн машиналар мен құрылғылар

8440    Брошурлейтiн машиналарды қоса алғанда түптеу жабдықтары

8456    Материалды лазерлiк немесе басқа жарықтық немесе фотондық
        сәулелермен, электр разрядты, электр химиялық,
        электронды-сәулелiк, ионды-сәулелiк немесе
        плазмалық-доғалық жолмен кез келген материалдарды өңдеуге
        арналған станоктар

8461    Ұзыннан cүргілеу, көлденең сүргiлеу, қашау, ұзарту,
        тiскесу, тiсажарлау, немесе тiсөңдеу, аралау, кесу
        бiлдектерi және басқа жерлерде аталмаған материалды кесу
        аспаптарымен келтiру жолымен металдарды немесе
        металкерамикаларды өңдеуге арналған белдiктер

8462    Металдарды (престеудi қоса алғанда) көлемдi қалыппен,
        соғумен немесе қалыптап өңдеуге арналған машиналары;
        металдарды ию, жиектеп ию, түзу, кесiп тесу немесе кесiп
        алып өңдеуге арналған машиналар; металдарды немесе карбит
        металдарды өңдеуге арналған жоғарыда аталмаған прecтeр

8467    Пневматикалық, гидравликалық немесе жеке электрлiк емес
        двигательдерi бар қол аспаптары

8470    Деректердi калькулятордың функцияларымен жазуға, жаңғыртуға
        және көрiнiспен беруге арналған калькуляторлар мен қалта
        машиналары; бухгалтерлiк машиналар, пошта маркiлеу
        машиналары, билет аппараттары және басқа осыған ұқсас
        есептеу қондырғылары бар машиналар; кассалық аппараттар

8471    Есептеп шығару машиналары мен олардың блоктары; магниттiк
        немесе оптикалық оқитын қондырғылар, деректердi ақпарат
        тасымалдауышқа кодталған нысанда ауыстыратын машиналар мен
        басқа жерлерде аталмаған осыған ұқсас ақпараттарды өңдеу
        машиналары

8472    Кеңселiк жабдықтар (мысалы, гектографикалық немесе
        трафареттiк көбейткiш аппараттар, атаулы машиналар, банкнот
        беруге арналған автоматты құрылғылар, тиын сұрыптау,
        есептеу немесе қаптауға арналған машиналар, қарандаш
        ұштауға арналған машинкалар, перфарациялық машиналар немесе
        бекiтугe арналған машиналар
------------------------------------------------------------------

      АЭА аумағында осы ережедегi қызметтердiң негiзгi түрлерiне сәйкес АЭА құру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажеттi тауарлар мен жабдықтарды қайта өңдеу мен қолдану, пайдалану, сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi операцияларды жасауға жол берiледi.

6. Шетел азаматтарының АЭА аумағында болу тәртiбi

      13. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық шартымен белгiленген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының кiру, шығу, транзитi және болу тәртiбi қолданылады.

7. Қорытынды ережелер

      14. Осы Ережемен белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiле алады.
      15. АЭА "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңымен көзделiнген негiздер бойынша таратылады.
      16. АЭА тарату ресiмiн Атқарушы орган жүзеге асырады.
      17. АЭА таратылуы кезiнде құрылған мерзiмiнiң бiтуiмен байланысты Атқарушы орган:
      көрсетiлген мерзiмнiң бiтуiне кемiнде үш ай қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы уақытта таратылатындығы, оның таратылуына байланысты өтiнiштер мен талаптарды қабылдаудың тәртiбi мен мерзiмдерi туралы хабарландыру жариялайды;
      АЭА аумағында қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік режимге қайта ресiмдеудi түсiндiрудi қамтамасыз етедi;
      хабарландыру жарияланған сәттен бастап екi ай өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне АЭА қызметiнiң нәтижесi туралы есеп бередi.
      18. АЭА Қазақстан Республикасының Жарлығымен мерзiмiнен бұрын таратылған жағдайда ресiм осы Ереженiң 17-бабымен көзделген ресiмдер сақтала отырып, кемiнде алты ай мерзiм бұрын аяқталуы тиiс.
      19. Осы Ережемен реттелмеген АЭА-тың қызметi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2002 жылғы "__"_______ 
N __________ Жарлығына
2-қосымша      

8 кішi бағдарлама. "Ақпараттық технологиялар паркi"
арнайы экономикалық аймағын құру және дамыту

      Қазiргi уақытта көптеген елдер негiзгi сипаттамасы ақпараттық өнiмдер мен қызмет көрсетулерi елдiң iшкi ұлттық өнiмiнде артықшылықты болып табылатын ақпараттық қоғамға тездетiп көшудi жүзеге асыруда. Осыған байланысты қазiргi заманғы жағдайларда ақпараттық технологиялар саласында технологиялық өрлеудi қамтамасыз ету Қазақстан үшiн көкейтестi болып табылады. Бұл ғылыми, технологиялық, техникалық және қаржылық ресурстарды ақпараттық өнiмдердi өндiру жөнiндегi iрi ғылыми-техникалық кешенге шоғырландыру есебiнен орындалуы мүмкiн.
      "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - АЭА) құрудағы мақсат:
      ақпараттық өнiм өндiрiсi және қызмет көрсетулердi әлемдiк стандарттар деңгейiнде қамтамасыз ету жөнiндегi ғылыми-техникалық кешен құру;
      келешектi зерттеулер нәтижелерiн өндiрiске тездетiп беру жолымен ақпараттық технологиялар деп аталатын сыни маңызды ғылыми-техникалық бағытты кешендi дамыту болып табылады.
      Қазақстан Республикасындағы ақпараттық өнiмдер өндiрiсiнiң жай-күйiн талдау негiзiнде мынадай қорытындылар жасауға болады:
      1. Республикадағы компьютерлiк жабдық өндiрiсi саласында ұлттық рыноктың қажетiн толықтай қанағаттандырып отырған "ағытпалы" деп аталатын өндiрiс жеткiлiктi жоғары деңгейде жолға қойылған. Мониторлар мен компьютерлердiң өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң үлгiлерi бар.
      2. Телекоммуникациялық жабдықты өндiру саласында бұл сала дамудың бастапқы сатысында деп айтуға болады.
      3. Қазақстанда жүйелiк және тораптық бағдарламалық өнiмдер мүлдем әзiрленбейдi және өндiрiлмейдi.
      Қазiргi уақытта бiздiң елiмiзде ақпараттық технологиялар саласында технологиялық өрлеудi қамтамасыз ету көкейтестi болып табылады. Бұл ғылыми, технологиялық, қаржылық ресурстарды ақпараттық өнiмдердi өндiру жөнiндегi iрi ғылыми-техникалық кешенге шоғырландыру есебiнен орындалуы мүмкін.
      Бұл мәселелер мынадай жолмен шешiледi:
      1) СЭС-тiң арнайы экономикалық аймағының озық ақпараттық инфрақұрылымын құру;
      2) Ақпараттық технологиялар саласында жоғары бiлiктi кадрлар дайындау және қайта даярлау;
      3) Мына бағыттар бойынша ақпараттық өнiмдер өндiру жөнiнде технологиялық желiлер құру;
      жетекшi өндiрушiлердiң бағдарламалық өнiмдерiн мемлекеттiк тiлге жергiлектендiру;
      стратегиялық маңызды салалардағы математикалық үлгiлеу процестерiнiң қолданбалы жүйелерiнiң бағдарламалық өнiмдерi;
      қоғамдық өндiрiстiң басты салаларындағы, мемлекеттiк басқару органдарындағы интернет/интернет жүйелерiнiң бағдарламалық кешендерi;
      ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ақпараттық (аппараттық және бағдарламалық) өнiмдерi;
      Интернетке жаппай қол жеткiзудiң жаңа телекоммуникациялық технологиялары;
      4) Информатика мен байланыстың қазiргi заманғы экспортқа бағытталған және импорт алмастырушы бағдарламалық және техникалық құралдарын өндiру.
      Кiшi бағдарламаның iске асырылуы ақпараттық өнiмдер саласындағы келешектi зерттеулер нәтижелерiнің өндiрiске тездетiп берiлуiн және, салдары ретiнде:
      мемлекеттiк басқару мен ұлттық қауiпсiздiк міндеттерiн шешу үшiн, аймақтық аумақтық кешендердi жоспарлау және басқару үшiн, экологиялық мониторинг мiндеттерi үшiн, табиғи ресурстарды, жердi ұтымды пайдалану, навигация, геодезия және картография жай-күйi үшiн қазiргi заманғы геоақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және дамыту;
      телекоммуникациялар саласында жаңа ақпараттық технологиялар әзiрлеу және енгiзу және микропроцессорлық техниканы қолдана отырып, қазiргi бар аппараттық базаны жаңарту;
      ақпараты қорғаудың отандық бағдарламалық-аппараттық құралдарын әзiрлеу және өндiру;
      көлiк, энергетикалық және мұнай-газ кешендерiндегi технологиялық процестердi басқарудың автоматтандырылған жүйелерiн енгiзу сияқты қолданбалы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуын қамтамасыз етедi.
      Кiшi бағдарламаның орындалу мерзiмi - 2004-2005 жылдар.
      Негiзгi қаржы көздерi - республикалық бюджет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады