"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 557 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

жоба 

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына толықтыру енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      1-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
      "3-1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген салық мiндеттемелерi Қазақстан Республикасының заң актісінде айқындалатын тәртіппен жария етiлетін жер телiмдерiне қатысты жер телiмдерiн заңды деп таныған сәттен бастап жер телiмдерiн жария ететiн адамдарда туындайды.".
      2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады