Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501
қаулысына
мынадай өзгерiс енгiзiлсін:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі