Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 590 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 265 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 101-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн:
Ахметов                    - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы           Премьер-Министрi, жетекшi

Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы          Премьер-Министрiнiң орынбасары

Есенбаев                   - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Мәжит Төлеубекұлы            көмекшiсi (келiсiм бойынша)

      мына жолдар:

"Жандосов                  - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ораз Әлиұлы                  көмекшiсi (келiсiм бойынша)

Досаев                     - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы          монополияларды реттеу және
                             бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
                             агенттiгiнiң төрағасы"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Жандосов                  - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ораз Әлиұлы                  монополияларды реттеу және
                             бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
                             агенттiгiнiң төрағасы
                             (келiсiм бойынша)

Досаев                     - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы          Қаржы министрi";

      көрсетiлген құрамнан Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады