"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне зияткерлiк меншік мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 631 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

      1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 237-құжат):
      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-бап. Негiзгi ұғымдар
      Осы Заңның мақсаты үшiн төменде көрсетiлген терминдердiң мынадай мәнi бар:
      автор - шығармашылық еңбегiмен туынды жасаған жеке тұлға;
      авторлық құқық - автордың мүліктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары;
      ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны немесе деректер базасын бейiмдеу - тек қана пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын ЭEM-ге арналған бағдарламаға немесе деректер базасына өзгерiстер енгiзу;
      дыбыс-бейнежазу туындысы - тиiстi техникалық құрылғылардың көмегiмен көрiп және естiп (дыбыспен сүйемелденген жағдайда) қабылдауға арнап жазып алынған өзара байланысты кадрлар немесе бейнелеулер серияларынан құралатын (дыбыспен сүйемелденетiн немесе сүйемелденбейтiн) туынды. Дыбыс-бейнежазу туындылары кинематографиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейiнгi түсiрiлу әдiсiне қарамастан кинематографияға ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың бәрiн: теле- және бейнефильмдердi, диафильмдер мен слайдфильмдердi және сол сияқты туындыларды қамтиды;
      деректер базасы - деректер (мақалалар, есептер, фактiлер және сол сияқтылар) жиынтығы, ол деректер материалдардың iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын, сол деректер электрондық есептеу машинасының (ЭЕМ) көмегiмен табылатындай және өңделетiндей етiп жүйеге түсiрiлген құрама туынды. Деректер базасының материалдарына электрондық кiрудiң жүзеге асырылуына мүмкiндiк беретiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға деректер базасы деген ұғым қолданылмайды;
      қайта шығару - туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектілерiнiң бiр немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез келген нысанда, түгел немесе жартылай, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, екi өлшемдiк туындының бiр немесе одан да көп үш өлшемдiк даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерiн кез келген материалдық нысанда кез келген уақытша немесе тұрақты сақтау қайта шығарудың түрлерi болып табылады;
      ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны декомпиляциялау - ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның құрылымын зерттеу және кодтау мақсатында объектілiк кодты бастапқы мәтiнге өзгертудi қамтитын техникалық тәсіл;
      жалпы жұрттың назарына жеткiзу - авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн көпшiлiк оларға өзiнiң жеке қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта (интерактивтiк режимде) қол жеткiзудi жүзеге асыра алатын сым немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы хабарлау;
      жазу - дыбыстарды және (немесе) бейнелердi көп рет қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр материалдық нысанда техникалық құралдардың көмегiмен жазып алу;
      дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушы - осындай туындыны дайындаудың бастамасы мен жауапкершiлігiн мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдер болмаған кезде, осы туындыда есiмi немесе атауы белгiленген тұлға дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушы деп танылады;
      санаткерлiк меншiк - шығармашылық қызметтiң объектілендiрілген нәтижелерiне меншiк;
      құқықтарды басқару туралы ақпарат - туындыны, туынды авторын, орындаушыны, орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны, фонограмманы, туындыға, орындаушылыққа немесе фонограммаға немесе туындыны пайдалану шарттары туралы ақпаратқа қандай да бiр құқық иеленушісiн теңдестiретiн кез келген ақпарат. Сондай-ақ, осы ақпараттың кез келген элементi туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың данасына қоса берiлген жағдайда немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы жалпы жұрттың назарына хабарлауға және/немесе жеткiзуге байланысты пайда болатын ақпарат көрсетiлген кез келген сандар мен кодтар ақпарат деп ұғынылады;
      айрықша құқық - автордың немесе сабақтас құқықтар иесiнiң туындыны, орындаушылықты, фонограмманы, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарын осы Заңмен белгiленген мерзiм iшiнде өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалану жөнiндегi мүлiктiк құқығы;
      орындау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды, ойынды, әндi, бидi тiкелей орындап немесе қандай да болсын техникалық құралдардың (телерадио хабарлар, кабельдiк теледидар және сол сияқтылар) көмегiмен көрсету. Дыбыс-бейнежазу туындысының кадрларын ретi бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету;
      орындаушы - актер, әншi, музыкашы, бишi немесе рөл ойнайтын, ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет және/немесе өнер туындыларын (соның iшiнде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмiрлерiн, халық шығармашылығының туындысын) қандай да бiр басқа жолмен орындайтын өзге адам, сондай-ақ дирижер;
      авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактілік данасы - жасалуы, таратылуы немесе өзгеше пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне сәйкес авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың не Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар ережелерінің бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Бұдан басқа, құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпарат жойылған немесе өзгертiлген, немесе объектiлердi қорғаудың кез келген техникалық әдiстерiн елемеуге мүмкiндiк беретiн кез келген заңсыз пайдаланылатын құралдардың көмегiмен жасалған авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың объектiлерi контрафактiлiк болып танылады;
      ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны немесе деректер базасын түрлендiру (қайта өңдеу) - бейiмделуге жатпайтын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының кез келген өзгерiстерi;
      айрықша емес құқық - авторлық құқық пен сабақтас құқықтар иесiмен бiрге бұған автордың тиiстi рұқсатын алған басқа адамның осы Заңда белгiленген жағдайлардан басқа ретте туындыны пайдалана алатын құқығы;
      туындыны жариялау - автордың келiсiмiмен жариялау, көпшiлiкке көрсету, көпшiлiк алдында орындау, жалпы жұрттың назарына хабарлау арқылы және өзге де әдiспен туындыны көпшiлiкке алғаш рет қол жеткiзетiн iс-әрекеттi жүзеге асыру;
      жариялау - автордың немесе авторлық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне өзге құқық иеленушiнiң келiсiмi бойынша туындының немесе фонограмманың даналарын көпшiлiктiң орынды қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын көлемде меншiк құқығын немесе туындының не фонограмманың данасын иелену құқығын сату, жалға беру немесе өзгеше беру арқылы көпшiлiкке ұсыну;
      туындыны аудару - туынды шығарманы төлтума туындының тiлiнен басқа тiлде бiлдiру. Аударма дұрыс және төлтума туындының мазмұнын да, стилiн де бұзбайтын болуы тиiс.
      эфирге беру - туындыларды, орындаушылықтарды, фонограммаларды, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (кабельдiк теледидарды қоспағанда) радио немесе теледидармен беру арқылы көпшiлiкке (көрсетудi немесе орындауды қоса) тарату. Туындыларды, орындаушылықтарды, фонограммаларды, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын жерсерiктерi арқылы эфирге беру кезiнде туындыларды, орындаушылықтарды, фонограммаларды, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын көпшiліктiң нақты қабылдауына қарамастан жалпы жұрттың назарына жеткiзу мүмкiн болатын жердегi станциядан жерсерiктерiне сигналдарды қабылдау мен жерсерiгiнен сигналдар беру эфирге беру деп түсiнiледi. Кодталған сигналдарды бepу, егер көпшiлiкке декодтау құралдарын эфирлiк хабар тарату ұйымы берсе немесе оның рұқсаты бойынша берiлсе эфирге беру болып табылады;
      эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының хабары - эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының өзi, сондай-ақ өз қаражаты есебiнен оның тапсырысы бойынша басқа ұйым жасаған хабар;
      туындыны қайта өңдеу - төлтума туындының бiр жанрдан екiншi жанрға өзгеруi. Төлтума туындыны сахналау, қою және оған аранжировка жасау туындыны қайта өңдеудiң түрлерi болып табылады;
      құқық иеленушi - автордан басқа:
      мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық;
      айрықша мүліктiк құқықтарды беру туралы авторлық шарт жасасу нәтижесiнде мүлiктiк құқықтарды иеленген кез келген (жеке немесе заңды) тұлға.
      Сондай-ақ дыбыс-бейне туындысын жасаушы, фонограмма жасаушы, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымы да құқық иеленушi болып табылады;
      мүлiктiк құқықтар берiлген жеке немесе заңды тұлға;
      автордан немесе орындаушыдан өзге жеке тұлға немесе осындай жеке немесе заңды тұлғаға бастапқыда мүлiктiк құқықтар берiлген жағдайда - заңды тұлға;
      ЭЕМ-ге арналған бағдарлама - машинада оқылатын материалдық жеткiзгiшке жазу кезiнде, жаратылысы ЭЕМ-ге арналған бағдарлама тым кейiнiрек кезеңдегi нәтижесi болып табылатын дайындық материалдарын қоса алғанда, электрондық есептеу машинасының (ЭEM) белгiленген мiндетке не нәтижеге жетуi қамтамасыз етiлетiн сөз, сызба немесе бейнелеудiң өзге де кез келген нысанында көрсетілген командалар жиынтығы;
      сәндiк-қолданбалы өнер туындысы - көркемдiк кәсiпшiлiк туындысын немесе өнеркәсiптiк әдiспен дайындалған туындыны қоса алғанда iс жүзiнде пайдаланылатын заттарға көшiрiлген екi өлшемдi немесе үш өлшемдi өнер туындысы;
      халық шығармашылығының туындысы - дәстүрлiк көркемдiк мұраларға (халық ертегiлерi, халық поэзиясы, халық әндерi, халық аспаптық музыкасы, халық билерi және пьесалар, халықтық дәстүрлердің көркемдiк нысандары және басқалар) тән элементтердi қамтитын туындылар;
      фонограмманы шығарушы - белгiлi бiр орындаушылықты немесе өзге де дыбыстардың тұңғыш дыбыс жазбасының бастамасы мен жауапкершiлiгiн мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдер болмаған кезде, есiмi немесе атауы сол фонограммада және (немесе) соның сыртындағы қорапта жазылған адам фонограмманы дайындаушы деп танылады;
      туынды шығарма - бұрыннан бар басқа туындыны шығармашылықпен қайта өңдеу нәтижесiнде жасалған туынды;
      көпшiлiк алдында орындау - туындыны мәнерлеп оқу, ойын, би немесе қандай да бiр өзге жолмен, соның iшiнде техникалық құралдардың көмегiмен (дыбыс-бейне туындысына қатысты кадрларды дыбыспен сүйемелдеу арқылы олардың ретiмен көрсету) отбасы ортасына жатпайтын тұлғалар болатын немесе болуы мүмкiн орындарда көрсету;
      көпшiлiкке көрсету - туындының түпнұсқасын немесе данасын тiкелей немесе слайд, кино-, экрандағы телекадр ретiнде, басқа кез келген техникалық құралдың көмегiмен немесе кез келген өзге әдiспен (дыбыс-бейнежазу туындысына қатысты - олардың жүйелiлiгiнен тыс жеке кадрларды көрсету) отбасы ортасына жатпайтын тұлғалар болатын немесе болуы мүмкiн орындарда көрсету;
      спектакльдi қоюшы-режиссер - театр, цирк, қуыршақ, эстрада спектаклiн немесе өзге де спектакль (көрсетiлiм) қойылымын жүзеге асырған адам;
      көшiрмелеу (репрографиялық қайта шығару) - хатқа түскен және басқа да жазба туындыларының түпнұсқаларынан немесе көшiрмелерiнен суретке түсiру жолымен немесе басып шығарудан өзге басқа да техникалық құралдар арқылы кез келген мөлшерде және нысанда бiр немесе одан да көп данасын дәлме-дәл көшiрме түрде қайта шығару. Репрографиялық қайта шығаруға аталып өткен көшiрмелердi электрондық (сан көшiрмелерiн қоса), оптикалық немесе машинамен оқылатын өзге де нысанда сақтау немесе қайта шығару кiрмейдi;
      жалға беру (жалдау) - туындының немесе фонограмманың данасын тiкелей немесе жанама коммерциялық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға ұсыну;
      жалпы жұрттың назарына хабарлау - бейнелердi немесе дыбыстарды немесе туындының, орындаушылықтың, фонограмманың бейнелерi мен дыбыстарын, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарын, бейнелер мен дыбыстарды отбасы ортасына жатпайтын тұлғалардың қабылдауына осындай бейнелер мен дыбыстар хабарлау жерiнен хабарлаусыз қабылдауға қол жетпейтiндей жерден сонша алыс жерлерде қол жеткiзуге мүмкiн болатындай әдiспен сым немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы хабарлау, сондай-ақ туындыны, орындауды, фонограмманы көпшiлiк туындыға өзiнiң қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта қол жеткiзудi жүзеге асыра алатындай етiп, жалпы жұрттың назарына жеткiзу;
      жалпы жұрттың назарына кабель бойынша хабарлау - туындыларды, фонограммаларды, орындаушылықтарды, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдары хабарларын жалпы жұрттың назарына кабель, сым, оптикалық талшықтар арқылы немесе солар сияқты құралдардың көмегiмен хабарлау;
      техникалық құрал - осы Заңмен берiлетiн кез келген авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзушылықтың алдын алуға немесе жолын кесуге арналған амалды, құрылғыны немесе бұйымды құрайтын бөлiк болып табылатын кез келген құрылғы, бұйым немесе құрауыш;
      уәкiлеттi орган - авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласындағы өкiлеттiгi заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн мемлекеттiк орган;
      фонограмма - орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың не дыбыс бейнелерінің кез келген тек қана дыбыстық жазбасы. Дыбыс-бейнежазба туындысына енгiзiлген дыбыстардың жазбасы фонограмма болып табылмайды;
      туындының данасы - туындының кез келген материалдық нысанда дайындалған көшiрмесi;
      фонограмманың данасы - фонограммадан тiкелей немесе жанама түрде дайындалған және сол фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бөлiгiн қамтитын кез келген материалдық жеткiзгiштегi фонограмма көшiрмесi";
      2) 5-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша "бiрақ деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен толықтырылсын";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұратын жерi бар авторлардың, олардың құқықтық мұрагерлерiнiң, сондай-ақ осы баптың алдыңғы ережелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес өзге де тұлғалардың құқығы деп танылады.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындыға, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттардың ережелерi бойынша белгiленетiн туындының шыққан елiнде авторлық құқықтың осы елдегi белгiленген қолдану мерзiмi бiтуiне байланысты қоғамның игiлiгiне айналмаса және авторлық құқықтың қолдану мерзiмi бiтуiне байланысты Қазақстан Республикасында қоғамның игiлiгiне айналмаса қорғау беріледi.";
      3) 6-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген реттердi қоспағанда, сол объектіде көрсетілген туындыға авторлық құқықтың ауысуына әкеп соға алмайды.";
      4) 7-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында "(кино-, теле- және бейнефильмдер, диафильмдер және басқа да кино- және телетуындылар)" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу дерегiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықтың сақталуы талап етілмейдi.
      Автор және/немесе құқық иеленушi өздерiнiң айрықша мүліктік құқықтары туралы хабарлау үшiн авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:
      1) қоршауға алынған латынша "С" әрпi: (C);
      2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
      3) туындының алғаш жарияланған жылы.
      Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленушi туындыға айрықша мүлiктiк құқықтарын иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерге тiркеуге құқылы. Тiркеудi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген ережелерге сәйкес уәкілеттi орган жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Бiр заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бiртектi тауарларынан (қызметтерiнен) ажырату үшiн қолданылатын (арналған) туындылар авторлық құқық объектiсi ретiнде тiркелмейдi.";
      6) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, олардың арасындағы келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.";
      7) 11-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Құрама туындыларға авторлық құқық
      8) 12-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Туынды шығармаларға авторлық құқық;
      9) 13-баптың 2-тармағында "дайындаушыға" және "дайындаушы" деген сөздер тиiсiнше "жасаушыға" және "жасаушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 14-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жұмыс берушi автормен жасасқан шарт бойынша өзiне тиесiлi қызметтiк туындыға мүлiктiк құқықтарды он жыл iшiнде пайдаланбаған жағдайларда, жұмыс берушiге қандай да болсын өтемақы төленбестен мүлiктiк құқықтар туындының авторына немесе оның мұрагерлерiне ауысады.
      5. Осы баптың ережелерi осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетiлген энциклопедияларға, ғылыми еңбектердiң жинақтарына және басқа да мерзiмдi басылымдарға қолданылмайды.";
      11) 16-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасында "жалға өткiзу" деген сөздер "прокатқа (жалға) беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Автор немесе құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартта, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдар жасайтын шарттарда белгіленедi.";
      6-тармақ "автордың" деген сөзден кейiн "және құқық иеленушiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
      "16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары
      Мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртiппен іс жүзiнде жүзеге асыру туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, соның iшiнде радио және теледидарда орындау, механикалық, магниттiк немесе өзгеше жазу арқылы туындыны қайта шығару, көшiрмелеу және басқа да жағдайларда) байланысты мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын белгiлей алады.";
      қазақ тiлiндегi мәтiнде баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бейнелеу өнер туындыларына қол жеткiзу құқығы. Қолдану құқығы";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Бейнелеу өнерi туындысына меншiк құқығының автордан басқа тұлғаға (өтемдi немесе өтеусiз) ауысуы осы туындының бiрiншi сатылуын бiлдiредi.";
      14) 18-бапта:
      баптың тақырыбында "автордың" деген сөзден кейiн "немесе құқық иеленушiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта "автордың" деген сөзден кейiн "немесе құқық иеленушiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 19-бапта:
      тақырыбында "автордың" деген сөзден кейiн "немесе құқық иеленушiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi абзацта "автордың" деген сөзден кейiн "немесе құқық иеленушiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада "суретке түсiру" деген сөздерден кейiн "немесе кинематография" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "21-бап. Еркiн кірiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған туындыларды еркiн пайдалану
      Туындыны бейнелеу осындай көшiрмелеудiң және жалпы жұрттың назарына хабарлаудың негiзгi объектiсi болатын немесе туындыны бейнелеу коммерциялық мақсат үшiн пайдаланылатын реттердi есептемегенде, еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған сәулет, суретке түсiру, бейнелеу өнерi туындыларын автордың немесе құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеуге және жалпы жұрттың назарына хабарлауға жол беріледi.";
      17) 24-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшада "жұмыс iстеуiне байланысты" деген сөздер "жұмыс iстеуiне қажеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "жасауға" деген сөздерден кейiн "немесе жасауды тапсыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны немесе деректер базасын бейiмдеудi жүзеге асыруға.";
      18) 25-бапта:
      бiрiншi абзацта:
      "авторлық құқықтардың өзге де иесiнiң" деген сөздер "құқық иеленушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "таратуға" деген сөз "беруге"
      2) тармақшада: "авторымен", "авторының" деген сөздерден кейiн "немесе құқық иеленушiмен", "немесе құқық иеленушiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы баптың 1-тармағында аталған көшiрмелеу үшiн сыйақыны осындай көшiрмелеу үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердi дайындаушы немесе импорттаушы тұлғалар төлейдi.
      Осындай жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
      20) 28-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындыны қорғаған кезде, авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi туындының шыққан елiнде белгіленген мерзiмнен аса алмайды (осы Заңның 5-бабының 4-тармағы).
      Осы бапта көзделген мерзiмдер мерзiмiнiң өтуiнiң басталуына негiз болып табылатын заңдық факт осы Заң күшiне енгенге дейiн 50 жылдан аспай тұрып орын алған барлық жағдайларда қолданылады.";
      21) 29-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      22) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Заңның 16-бабында аталған автордың мүлiктiк құқықтары түгел немесе iшiнара берiлуі, сондай-ақ айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша немесе айрықша емес құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша пайдалану үшiн берілуi мүмкін.
      Мүлiктiк құқықтарды қалай да болсын басқаға беру автордың және мүліктік құқықтар берілетiн тұлғаның (құқық иеленушiнiң) қолы қойылатын жазбаша шартпен ресiмделуi тиiс.";
      23) 32-бапта:
      2-тармақта "бес жыл" деген сөздер "бiр жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "алты ай" деген сөздер "үш ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта "құқықтары" деген сөзден кейiн ", осы Заңның 14 және 33-баптарында көзделген жағдайларды есептемегенде," деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Электрондық нысанда жасалған туындылардың, соның iшiнде ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның және деректер базасының даналарын сату кезiнде, сондай-ақ көптеген пайдаланушыларға оған кiруге рұқсат беру кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де шарт нысандары мен оларды жасасу тәртiбiн қолдануға болады.";
      24) 36-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасында "эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн хабарға" деген сөздер "эфирлік немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының хабарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиiстi орындаушылық, фонограмма, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының хабары Қазақстан Республикасы бекiткен тиiсті халықаралық шарттың ережелерi бойынша анықталатын олардың шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың ол елде белгiленген қолдану мерзiмiнiң өткенiне байланысты қоғамдық игiлiкке айналмаған болса, және Қазақстан Республикасында сабақтас құқықтардың қолдану мерзiмi өткенiне байланысты қоғамдық игілiкке айналмаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес танылады.";
      25) 37-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) орындаушының ар-намысына және/немесе қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғау құқығы (беделiн қорғау құқығы);
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Мүлiктiк емес жеке құқықтар орындаушыға оның мүлiктiк құқықтарына қарамастан тиесiлi және орындаушылықты пайдалануға айрықша мүлiктiк құқықтарын берген жағдайда да олар өзiнде сақталып қалады.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Орындаушының орындаушылықты пайдалануға айрықша құқықтары мынадай әрекеттердi:
      1) бұрын жазылмаған орындаушылықты жазуды;
      2) орындаушылықтың жазбасын кез келген нысанда тiкелей немесе жанама көшiрмелеудi;
      3) орындаушылықтың жазбасын пайдаланбай орындаушылықты эфирге берудi, көпшiлiктiң назарына кабель арқылы хабарлауды немесе көпшілiктің назарына жеткiзудi;
      4) осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды есептемегенде, орындаушылықтың жазбасын эфирге берудi, жалпы жұрттың назарына кабель бойынша хабарлауды немесе жалпы жұрттың назарына жеткiзудi;
      5) орындаушының қатысуымен орындаушылық жазылған, коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы жалға берудi жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын ұғындырады.
      Орындаушылықты фонограммаға жазу туралы шарт жасалған кезде бұл құқық фонограмманы шығарушыға ауысады. Бұл ретте орындаушы мұндай фонограмманың даналарын жалға бергенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.";
      26) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Фонограмманы пайдалануға айрықша құқықтар мынадай әрекеттердi:
      1) фонограмманы тiкелей және жанама түрде және кез келген нысанда көшiрмелеудi;
      2) меншiк құқығын сату немесе өзгеше беру арқылы фонограмманың түпнұсқасы мен даналарын таратуды, сонымен бiрге импорттауды;
      3) фонограмманы шығарушы немесе оның рұқсаты бойынша жүзеге асырылып отырған таратудан кейiн де оларды жалға берудi;
      4) фонограмманы қайта жасауды немесе кез келген әдiспен өңдеудi;
      5) фонограмманы жалпы жұрттың назарына жеткiзудi жүзеге асыруға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын бiлдiредi.";
      27) 40-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Хабарды пайдалануға айрықша құқықтар мынадай әрекеттердi:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) хабарды эфирге берудi жүзеге асыруға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын ұғындырады;";
      28) 41-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "эфир хабарларын, кабель арқылы берiлетiн хабарларды" деген сөздер "эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi түзету қазақ тiлiндегi мәтiнде өзгерiссiз қалады;
      1) тармақшада "эфирде немесе кабель арқылы берiлген хабардан" деген сөздер "эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының хабарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мұндай дәйектеме ақпараттық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайда орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының хабарынан шағын үзiндiлер түрiнде дәйектеме келтiруге жол беріледi. Бұл орайда, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма даналарын эфирге беру, жалпы жұрттың назарына кабель арқылы хабарлау үшiн немесе жалпы жұрттың назарына жеткiзу үшiн пайдалануының қандайы болса да осы Заңның 39-бабындағы ережелердi сақтаған жағдайда ғана мүмкiн болады;";
      4) тармақшада "әдебиет, ғылым" деген сөздер "ғылым, әдебиет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "эфирге немесе кабель арқылы" деген сөздер "эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сондай-ақ фонограмманы" деген сөздерден кейiн "тек қана" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi абзацта: "эфирге" деген сөз "эфирлiк немесе кабельдiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада:
      "алты ай" деген сөздер "белгiленген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "әдебиет, ғылым" деген сөздер "ғылым, әдебиет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жалғыз данасын" деген сөздер "жазбасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "эфирге немесе кабель арқылы берiлетiн хабарды" деген сөздер "эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының хабарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "әдебиет, ғылым" деген сөздер "ғылым, әдебиет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 42-бапта:
      1-тармақта "өзге де қолсұғушылықтан" деген сөздердiң алдынан "орындаушының ар-намысына және/немесе қадiр-қасиетiне нұқсан келтiруi мүмкiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "алғашқы хабар таратуды" деген сөздер "жалпы жұрттың назарына алғашқы хабарлауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта "эфирде немесе кабель арқылы таратылған хабарларды" деген сөздер "эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына сабақтас құқықтарын қолдану мерзiмiнiң өтуi олардың қоғамдық игiлiгiне айналғанын ұғындырады.
      Қоғамдық игілiкке айналған сабақтас құқықтар объектiлерiне қатысты осы Заңның 34-42-баптарының ережелерiн ескеріле отырып, осы Заңның 29-бабының ережелерi қолданылады.";
      31) 43-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Екi немесе одан артық құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының бiрдей мүліктiк құқықтарды бiр санаттағы құқық иеленушілердiң мүдделерiнде, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерiн бiрдей пайдалану тәсілдерiмен жүзеге асыруы жол берілмейдi. Ондай ұйымдарды тiкелей авторлар, құқық иеленушілер немесе сабақтас құқық иеленушілер құрады және олар құрылтайшы құжаттарына, берiлген өкілеттігі мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлiктік авторлық және сабақтас құқықтарын ұжымдық негізде басқаруға алған лицензияларына сәйкес әрекет етедi.";
      32) 47-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын.
      2. "Селекциялық жетістiктердi қорғау туралы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 19, 655-құжат):
      1) 2-бапта:
      2-тармақшада "Қазпатенттің" деген сөз "уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақшада "Қазпатенттің" деген сөз алынып тасталсын;
      10-тармақшада:
      "азаматтар" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазпатент" деген сөз "уәкілетті орган және сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уәкiлетті мемлекеттік орган (бұдан әpі - уәкілетті орган) селекциялық жетiстіктерді қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады, селекциялық жетiстiктерге патенттер беруге өтінімдер қабылдайды, өзіне заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды атқарады. Селекциялық жетiстіктерге сараптама жүргізуді, Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмін жүргізуді және селекциялық жетiстіктер туралы мәліметтерді жариялауды уәкілетті органның бағынысындағы сарапшылық ұйым (бұдан әрi - сарапшылық ұйым) жүзеге асырады";
      5-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "Қазпатент" деген сөз "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 4-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "патент беруге" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiктегi соңғы сөйлем алынып тасталсын;
      4) 5-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бап. Селекциялық жетiстiкке өтiнiм";
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Селекциялық жетiстiкке өтiнiм сарапшылық ұйымға берiледi.";
      екiншi және үшiншi бөлiктегi "патент алуға" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "Қазпатентте" деген сөз "уәкiлеттi органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "патент алуға" деген сөздер алынып тасталсын;
      1) тармақшадағы "патент беру" деген сөздер "сараптама жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Селекциялық жетiстiкке жасалған өтiнiмге сарапшылық ұйымның сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметiне ақы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi. Төлемнiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi. Ақы төленгенi туралы құжаттар ұсынылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген деп танылады.";
      4-тармақта "патент алуға" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақта "Қазпатент" деген сөз "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 6-бапта:
      2-тармақшадағы "патент алуға" деген сөздер "селекциялық жетiстiкке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Қазпатенттiң" деген сөз "сарапшылық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 7-бапта:
      "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "патент алу туралы өтiніш пен селекциялық жетiстiк сауал-сұрағынан тұратын" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) 8-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiм өткен соң сарапшылық ұйым ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi, оның барысында оларға қойылған талаптарды орындауға қажеттi құжаттардың бар болуын тексередi, өтiнiм берiлген күн және өтiнiмде оны берген күннен бұрынырақ басымдық сұраудың негiздiлiгiн анықтайды. Патент беруге өтiнiмге алдын ала сараптама екi ай мерзiмде жүргiзiледi.
      Қажет болған жағдайда өтiнiм берушi өтiнiм құжаттарына өтiнiм берiлген селекциялық жетiстiктiң мәнiн өзгертпей өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай iшiнде түзетулер мен нақтылаулар енгiзуге құқылы.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Алдын ала жүргiзген сараптамадан оң нәтиже алынған жағдайда, сарапшылық ұйым өтiнiмнің және селекциялық жетiстiктiң сауалнамасының көшiрмелерiн тиiстi мемлекеттiк комиссияға өтiнiмдердi одан әрi қарау үшiн жiбередi.";
      5-тармақта "Қазпатентке" деген сөз "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Алдын ала жүргiзiлген сараптаманың нәтижесiнде одан әрi қарау туралы шешім қабылданған өтiнiм туралы мәлiметтердi сарапшылық ұйым өтiнiм берiлген күннен бастап 18 ай өткеннен кейiн бюллетеньде жариялайды. Өтiнiш берушiнiң өтiнуi бойынша өтiнiм материалдары көрсетiлген мерзiмнен бұрын жариялануы мүмкін.";
      8) 10-бапта:
      тақырыбы "және селекциялық жетiстiкке патент беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың үшiншi және төртiншi бөлiктерi алынып тасталсын;
      4, 5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сорт, тұқым патент қабiлетi талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттiк комиссия сорттың, тұқымның ресми сипаттамасын жасайды.
      5. Мемлекеттiк комиссия сараптаманы өткiзгеннен кейiн өтiнiм берушi уәкілеттi органға селекциялық жетiстiкке патент беру туралы өтiнiш бередi. Өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркеледi:
      1) мемлекеттiк комиссияның оң тұжырымы;
      2) селекциялық жетiстiкке берiлген өтiнiмнiң көшiрмесi;
      3) iстi өкiл арқылы жүргiзген жағдайда - сенiмхат.
      6. Өтiнiм беруші осы баптың 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынғаннан кейiн уәкiлеттi орган оны қарайды және селекциялық жетiстiкке патент беру туралы немесе патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Патент беру салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж төленгеннен кейiн және уәкiлеттi органға төлемдi растайтын құжат ұсынылғаннан кейiн жүзеге асырылады.";
      "7. Өтiнiм берушi патент беруден бас тарту туралы шешiмге оны алған күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Апелляциялық кеңес қарсылықты ол түскен күннен бастап үш ай мерзiмде қарауға тиiс.
      Өтiнiм беруші апелляциялық кеңестiң шешiмiне ол шешiмдi алған күннен бастап алты ай мерзiм iшiнде сотқа шағымдана алады.
      8. Өтiнiм берушi сараптаманың барлық қарама-қарсы қойылған материалдарымен таныса алады. Сарапшылық ұйым немесе мемлекеттiк комиссия өтiнiм берушiге оған сұрау салуды алған күннен бастап бiр ай мерзiмде сұратылатын материалдардың көшiрмелерiн жiбередi.";
      9) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уәкілеттi орган патент иеленушi болып табылмайтын, Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген селекциялық жетiстiктiң авторына оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.";
      10) 13-баптың 3) тармақшасындағы:
      "патент бepугe" деген сөздер "селекциялық жетiстiкке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне селекциялық жетiстiк тiркелген кезге дейiн" деген сөздер "селекциялық жетiстікке патент беру туралы шешiм қабылдаған сәтке дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 14-баптағы:
      3-тармақта:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бастапқысынан көрiнеу ерекшеленуiмен:
      генотиптi немесе бастапқы селекциялық жетiстiктiң генотиптерiнiң комбинациясын айқындайтын негiзгi белгiлерiн бұл ретте сақтай отырып, бастапқы селекциялық жетiстiктiң немесе бастапқы селекциялық жетiстiктiң маңызды белгiлерiн өзi тұқымға алатын селекциялық жетiстiктiң неғұрлым маңызды белгiлерiн тұқымға алатын;
      бастапқы сорттан, тұқымнан жеке iріктеу, индукцияланған немесе сомаклонды мутанттарды iрiктеу сияқты әдiстердi қолданудан туындаған ауытқуларды, керi шағылыстыру және гендік инженерияны қоспағанда генотипке немесе бастапқы селекциялық жетiстiк генотиптерiнiң комбинациясына сәйкес келетiн селекциялық жетiстiк басқа (бастапқы) селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi түрде тұқым қуалайтын селекциялық жетiстiк болып есептеледі;";
      4-тармақ алынып тасталсын;
      12) 16-бап "мұра" деген сөзден кейiн "немесе құқықтық мирасқорлық ретiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 18-баптың 4-тармағында "Қазпатентте" деген сөз "уәкiлеттi органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 19-бапта "Қазпатентке", "Қазпатентте" деген сөздер тиiсiнше "уәкілеттi органға", "уәкілеттi органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 21-баптың 2-тармағында "Қазпатентке" деген сөз "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 22-бапта "Қазпатент", "Қазпатентке" деген сөздер тиiсiнше "уәкілеттi орган", "уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 25-бап алынып тасталсын;
      18) 26-бапта:
      1-тармақта "Қазпатент ресми бюллетень шығарады, онда:" деген сөздер "Бюллетеньде селекциялық жетiстiктердi тiркеуге қатысты мәлiметтер жарияланады:" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген адам өтiнiм материалдарымен танысуға құқылы.";
      19) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Шет елдерде селекциялық жетiстiктердi патенттеу
      Өтiнiм беруші Қазақстан Республикасы селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы екi жақты немесе көпжақты халықаралық шартпен байланысы бар басқа мемлекеттiң құзырлы органына селекциялық жетiстiктi қорғауға алғашқы өтiнiм беруге құқылы.
      Өтiнiм беруші өзi алғашқы өтiнiм берген мемлекеттің құзырлы органы оған қорғау құжатын бергенiн күтпей-ақ басқа мемлекеттердiң құзырлы органдарына өтiнiм бере алады.
      Селекциялық жетiстiктерге құқықтарды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс қорғауға байланысты шығындарды өтiнiм берушi өтейдi.".
      3. "Қазақстан Республикасының патент заңы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 718-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақшада "Қазпатент", "шығарып тұратын" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) тармақшада:
      "азаматтар" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазпатент" деген сөз "уәкiлеттi орган мен сарапшылық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-баптың 1-тармағында "Қазпатент" деген сөз "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган және сарапшылық ұйым
      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне өтiнiмдердi қабылдайды, қорғау құжаттарын бередi, оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      2. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне сараптама жүргiзудi, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзудi және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi туралы мәлiметтер жариялауды уәкілеттi органға ведомстволық бағынысты сарапшылық ұйым (бұдан әрi - сарапшылық ұйым) осы Заңның шеңберiнде жүзеге асырады.";
      4) 5-бапта:
      3-тармақта "Қазпатентке", "Қазпатент" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақта:
      "ұсынылған" деген сөзден кейiн "және өнеркәсiптiк үлгінiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ұсынылуы мүмкiн" деген сөздер "пайдаланылуы мүмкiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 10-баптың 3-тармағында:
      "Қазпатентке" деген сөз алынып тасталсын;
      "өтiнiм беру" деген сөздер "қорғау құжаттарын алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға ерекше құқығын осы қорғау құжатын беру туралы мәлiмет ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолдану кезеңiнде жүзеге асырады.";
      3-тармақтың екiншi бөлiгiнде "олардың" деген сөз "патент иеленушілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "өнертабысқа", "өнертабыс" және "өнертабысты" деген сөздер тиiсiнше "өнеркәсіптiк меншiк объектiсiне", "өнеркәсiптiк меншiк объектiсi" және "өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi түзету қазақ тілiндегi мәтiнінде өзгерiссiз қалады;
      6-тармақта "Қазпатентте" деген сөз "уәкілеттi органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн салық заңнамасымен белгіленген мөлшерде және тәртiппен жыл сайын ақы төлеген жағдайда қорғау құжаты күшiн сақтайды.";
      7) 13-бапта:
      1-тармақта:
      "жасап," деген сөзден кейiн "адал" деген сөзбен толықтырылсын;
      "оның" деген сөз "осындай пайдаланудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қазақ тiлiндегi мәтiнде "тегiн" деген сөздiң алдынан "оны" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақта "Қазпатентке" деген сөз алынып тасталсын;
      8) 14-бапта:
      4 және 5-тармақтарда "Қазпатентте", "Қазпатентке" деген сөздер "уәкілеттi органда", "уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Лицензиялық шарт жасалған жағдайда, қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн ақы осы шарт жасалған жылдан кейiн келесi жылдан бастап толық көлемде жүргiзiледi.";
      9) 15-бапта:
      2-тармақтың 2), 3) тармақшалары "бұзушының", "қорғау құжатын" деген сөздердің алдынан тиiсiнше "қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
      қазақ тiлiндегi мәтiнiнде 4) тармақшасы "талап етуге" деген сөздерден кейiн "құқылы." деген сөзбен толықтырылсын;
      қазақ тiлiндегi мәтiнiнде 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғаш жариялаған күннен бастап, азаматтық айналымға енгiзілетiн немесе осы мақсатта сақталатын және қорғау құжатын бұзушы деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы арналған құралдарды өз пайдасына алып қоюды;";
      қазақ тiлiндегi мәтiнiнде 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, орын алған құқық бұзушылық туралы мiндеттi түрде жариялауды талап етуге құқылы.";
      10) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "16-бап. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм
      Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi уәкiлеттi органға осы Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi - өтiнiм берушi) бередi. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм мемлекеттiк тілде немесе орыс тiлiнде берiледi.
      Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      1) сарапшылық ұйымның оң тұжырымы;
      2) өнеркәсiптiк меншiкке берiлген өтiнiмнiң көшiрмесi;
      3) iс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат.";
      11) 17-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-бап. Өнертабысқа өтiнiм".
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өнертабысқа өтiнiм сарапшылық ұйымға берiледi. Өнертабысқа өтiнiм бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына қатысты болуға тиiс (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).";
      2-тармақта:
      1) тармақшада "қорғау құжатын беру" деген сөздер "сараптама жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өнертабысқа өтiнiмге сарапшылық ұйымның сараптама жүргiзу қызметiне ақы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi. Төлем туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.";
      3-тармақта:
      "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қорғау құжатын беру" деген сөздер "сараптама жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "Қазпатент" деген сөз "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 18-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-бап. Пайдалы модельге өтiнiм"
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Пайдалы модельге өтiнiм сарапшылық ұйымға берiледi. Пайдалы модельге өтінiм бiр пайдалы модельге немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына қатысты болуға тиiс (пайдалы модель бiрлiгiнiң талабы).";
      2-тармақта:
      1) тармақшада "қорғау құжатын беру" деген сөздер "сараптама жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пайдалы модельге өтiнімге сарапшылық ұйымның сараптама жүргізу қызметiне ақы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi. Төлем туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.";
      3-тармақта "Қазпатентке" деген сөз сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "пайдалы модельге қорғау құжатын бepу" деген сөздер "сараптама жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "Қазпатент" деген сөз "уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 19-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Өнеркәсiп үлгісiне өтiнiм".
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
      "1. Өнеркәсiп үлгісiне өтiнiм сарапшылық ұйымға беріледi. Өнеркәсiп үлгісiне өтінiм бiр өнеркәсiп үлгісiне немесе өзара байланыстылығы өнеркәсiп үлгiсiнiң бiрлiгi талабын қанағаттандыратын өнеркәсiп үлгілерi тобына қатысты болуға тиіс.";
      2-тармақта:
      1) тармақшада "қорғау құжатын беруге" деген сөздер "сараптама жүргізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      Өнеркәсiп үлгiсiне өтінiмге сараптама жүргiзу бойынша сарапшылық ұйымның қызметтерiне ақы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының 24 заңнамасына сәйкес белгіленедi. Төлем туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.";
      3-тармақта:
      "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатын беру" деген сөздер "сараптама жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "Қазпатент, деген сөз "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 20-бапта:
      2-тармақта:
      "Қазпатентке" деген сөздер "сарапшылық ұйымға, деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "көшiрмесiн" деген сөздiң алдынан "куәландырылған" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "Қазпатенттiң" деген сөз "сарапшылық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "болса" деген сөзден кейiн ", және оны берген күнi көрсетiлген қосымша материалдар ұсынылған өтiнiм қайтарылып алынбаса және қайтарылып алынды деп саналмаса," деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
      "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "көрсететiн" деген сөзден кейiн "оған дейiн өтiнiмнiң берiлген күнге қайтарып алынбаған және қайтарып алынды деп саналмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Өнеркәсіптiк меншiк объектiсiнiң белгіленген өтiнiм бойынша басымдығы осы өтiнiш берушiнiң оның мәнiн ашатын сарапшылық ұйымға берiлген бастапқы өтiнiмiнiң күнi бойынша, ал бастапқы өтiнiм бойынша бұрынырақтағы басымдығын белгiлеу құқығы болған жағдайда - оның басымдығы күнiнен бастап белгiленедi, егер белгiленген өтiнiм шағым жасау мүмкiндiгi таусылған бастапқы өтiнiм бойынша сарапшылық ұйым терiс тұжырым шығарғанға дейiн берiлсе, оның басымдық күнi бойынша, ал аталған өтiнiм бойынша сарапшылық ұйым оң тұжырым шығарған жағдайда - уәкiлеттiк органға қорғау құжатын беруге өтiнiм берген күнге дейiн белгiленедi.";
      7-тармақта:
      "қорғау құжаты" деген сөздер "басымдық" ауыстырылсын; деген  сөзбен "дәлелденген" деген сөзден кейiн "сол" толықтырылсын; деген  сөзбен "Казпатентке", "Казпатентте" деген сөздер тиiсінше "сарапшылық ұйымға", "сарапшылық ұйымда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өтiнiм берушiнің қорғау құжатын алуға құқығын беру кезiндегi нұсқауына қатысты немесе өтiнiм берушiнің атауының өзгеруi нәтижесiндегi өзгерiстер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы көрiнеу және техникалық қателердi түзету уәкiлеттi орган қорғау құжатын беру туралы шешiм қабылдаған күнге дейiн жасалуы мүмкін.";
      16) 22-бапта:
      баптың түгел қазақ тілiндегi мәтiнi бойынша "ресми сараптама" деген сөздер "формальды сараптама" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "Ресiмдеу талаптарын" деген сөздер "Құжаттарға қойылатын талаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бiрiншi бөлігінде "дербес" деген сөз "бөлiп алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "алдын ала патент беру туралы шешiм қабылданады." деген сөздер "алдын ала патентке сарапшылық ұйымның оң тұжырымы берiледi." деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      6-тармақта:
      "алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады." деген сөздер "сарапшылық ұйымның терiс тұжырымы беріледi." деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "Қазпатентке" деген сөз "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм" деген сөздер "сарапшылық ұйымның терiс тұжырымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн өтiнiм берушiнің немесе үшiншi тұлғалардың өтiнiшi бойынша, бiрақ осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алдын ала патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзартуға өтiнiм берiлген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей сарапшылық ұйым өтiнiмнiң мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Мәнi бойынша өтінімге сараптама техника деңгейiн анықтау үшiн өтiнiм жасалған өнертабысқа қатысты ақпараттық iзденiс жүргiзудi, өтінім жасалған шешiмнiң осы Заңның 6-бабында белгіленген өнертабыс бiрлiгiнiң талаптарына және патентке қабiлет жағдайына сәйкес келетiнiн тексерудi қамтиды және мәнi бойынша өтiнiм сараптамасына ақы төленгенiн растайтын құжат, сондай-ақ өтiнiм берушi өтiнiш жасаған болса, алдын ала патенттiң қолданылуын күшiнде сақтайтын ақы төленгенiн растайтын құжат табыс етiлген жағдайда жүзеге асырылады.";
      "8-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сарапшылық ұйымның сұрау салуы бойынша қосымша материалдар, сұрау салу немесе өтiнуге қарама-қарсы материалдардың көшiрмелерi жiберiлген күннен бастап өтiнiм берушi аталған көшiрмелердi оған сараптаманың сұрау салуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде ұсынылуы тиiс.";
      9-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "патент беру туралы шешiм қабылданады" деген сөздер "патентке сарапшылық ұйымның оң тұжырымы берiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өтiнiм берушiмен келiсiлген" деген сөздердiң алдынан "белгіленген басымдықты көрсете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      10-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады." деген сөздер "сарапшылық ұйымның терiс тұжырымы берiледi." деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады" деген сөздер "сарапшылық ұйымның терiс тұжырымы берiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "Қазпатентке" деген сөз "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "патент беруден бастарту туралы шешiм" деген сөздер "сарапшылық ұйымның терiс тұжырымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақта:
      "қатысты" деген сөзден кейiн "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жүргiзбеуге құқылы" деген сөздер "жүргiзбейдi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      соңғы сөйлем алынып тасталсын;
      12-тармақта "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтiнiмдi қарау кезiнде онда қамтылатын мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтыны анықталған жағдайда өтiнiм Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.";
      17) 23-бапта:
      баптың түгел қазақ тiлiндегі мәтiнi бойынша "ресми сараптама" деген сөздер "формальды сараптама" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай өткен соң сарапшылық ұйым ол бойынша формальды сараптама жүргiзедi. Өтiнiм берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша формальды сараптама көрсетiлген мерзiм өтпестен бұрын басталуы мүмкiн. Бұл жағдайда өтiнiм берушi өтiнiш берген сәттен бастап, осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көзделген құқығынан айырылады.
      Формальды сараптама жүргiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiм берiлген күн белгiленедi, өтiнiм жасалған ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi анықталады, сондай-ақ пайдалы модельдiң бiрлiгi тексеріледi.
      Өтiнiм берiлген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгіленген патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.";
      2-тармақта:
      екiншi бөлiктегi "патент беру туралы шешiм қабылданады" деген сөздер "патентке сарапшылық ұйымның оң тұжырымы беріледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiк алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылданады" деген сөздер "сарапшылық ұйымның терiс тұжырымы берiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылданады" деген сөздер "сарапшылық ұйымның терiс тұжырымы берiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екіншi бөлiкте:
      "Қазпатентке" деген сөз "уәкiлетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "патент беруден бас тарту туралы шешiм" деген сөздер "сарапшылық ұйымның терiс тұжырымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 24-бапта:
      баптың түгел қазақ тiлiндегi мәтiнi бойынша "ресми сараптама" деген сөздер "формальды сараптама" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 25-бапта:
      1-тармақта "Қазпатент" деген сөз "Сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өтiнiм берушi осы Заңның 16-бабында көрсетiлген құжаттарды ұсынғаннан кейiн уәкiлеттi орган оларды қарайды және қорғау құжатын беру туралы не беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Қорғау құжатын беру салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж төленгеннен кейiн және уәкілетті органға төлемдi растайтын құжат ұсынылғаннан кейiн жүзеге асырылады. Сарапшылық ұйым бiр мезгілде қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды. Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау құжаты берiледi.";
      3 және 4-тармақтарда "Қазпатент" деген сөз "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 26-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi сөйлемде "Қазпатент" деген сөз "Сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлемде "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Қазпатент" деген сөз "Сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "Қазпатент" деген сөз "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ "материалдарымен" деген сөзден кейiн "және сарапшылық ұйым әзiрлеген ақпараттық үйлестiру туралы есеппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта:
      "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мәлiметтер" деген сөздiң алдынан ", сондай-ақ Мемлекеттiк тiзілiмдегі жазбалардың кез келген өзгерiстерi туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      21) 28-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "шешiм шыққанға" деген сөздер "сарапшылық ұйымның тұжырымы берiлгенге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      22) 29-баптың 2-тармағында "Қазпатентке" деген сөз "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 30-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасында:
      "Қазпатентке" деген сөз "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қорғау құжаты бiр топ өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне берiлген болса, ал патент иеленушiнiң өтiнiшi осы объектілер тобының бiр бөлiгiне ғана қатысты берілсе, қорғау құжатының күшi тек өтiніште көрсетiлген өнеркәсiптiк меншiк объектілерiне қатысты ғана тоқтатылады."  деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта "Қазпатент" деген сөз "Сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 31-бапта:
      1-тармақта:
      "Қазпатент" деген сөздер "Сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", дәлелдi себептер болған жағдайда және" деген сөздер алынып тасталсын;
      "патенттiң қолданылуын қалпына келтіруге" деген сөздер "патенттiң күшiн сақтаған үшiн барлық өткен жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "көлемiн" деген сөздiң алдынан "осындай пайдаланудың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "көлемiн" деген сөздiң алдынан "осындай пайдаланудың" деген сөздермен толықтырылсын;
      25) 32-баптың 1-тармағында "Қазпатенттiң", "Қазпатент" деген сөздер тиiсiнше "уәкілеттi органның" "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 33-баптың 2-тармағында "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 35-бап алынып тасталсын;
      28) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
      1. Бiлiктiлiк деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оның азаматы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл бола алады. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды аттестаттау және тiркеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      2. Уәкiлеттi органмен және сарапшылық ұйыммен iс жүргiзудi өтiнiш берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлет орган тiркеген патенттiк сенiм білдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады.
      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және сарапшылық ұйымда өтiнiш берушiнiң, патент иеленушiнiң, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасынан тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар өтiнiш берушiнiң, патент иеленушiнiң, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын Қазақстан Республикасының шегiнде хат жазысу үшiн мекен-жайын көрсетiп, патенттік сенiм білдiрiлген өкiлсiз жүзеге асыра алады.
      4. Патенттiк сенiм бiлдiрілген өкiл сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат құпия болып табылады, егер сенiм бiлдiрушi өзгенi көрсетпесе немесе оның iс-қимылынан анық белгiлi болмаса.
      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша iс жүргiзуге өтiнiш білдiрген тұлғаның мүдделерiне қайшы келетiн тұлғаларға өкiлдiк етсе немесе оларға кеңес берсе, немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ iстi қарауға патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлмен туыстық қатынастардағы лауазымды тұлға қатысса, тапсырманы қабылдауға құқылы емес.
      5. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi өтiнiм берушiнiң, құқық иесiнiң оған берген сенiмхатымен куәландырылады.";
      29) 37-бапта "Қазпатентке", "Қазпатент" деген сөздер тиiсiнше "сарапшылық ұйымға", "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Taуap таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 776-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақшада "Қазпатенттiң" деген сөз алынып тасталсын;
      6) тармақша "тауар таңбасының" деген сөздiң алдынан "тауар таңбасын немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақшада:
      "бұл" деген сөз алынып тасталсын;
      "танылған" деген сөзден кейiн "тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жалпыға бiрдей белгiлi танылған" деген сөздер қазақша мәтiнде өзгерiссiз қалады;
      11) тармақшада:
      "азаматтар" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазпатент" деген сөз "уәкiлеттi орган мен сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-бап. Уәкілеттi мемлекеттiк орган және сарапшылық ұйым
      1. Уәкілеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады, тауар таңбаларын тiркеуге, тауар шығарылған жерлердiң атауларын пайдалану, сондай-ақ тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп тану туралы құқығын беруге және тiркеуге өтінiмдердi қабылдайды, куәлiктердi және сертификаттарды бередi, заңнамамен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      2. Тауар таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына, сондай-ақ тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп тану туралы өтiнiмдер бойынша сараптама жүргiзудi, тауар таңбаларының, тауар шығарылған жерлердiң атауларының, жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбаларының Мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзудi және тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлердiң атаулары, жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбалары туралы мәлiметтердi жариялауды уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты сарапшылық ұйым (бұдан әрi - сарапшылық ұйым) осы Заң шеңберiнде жүзеге асырады.";
      3) 6-бапта:
      1-тармақта:
      "атап айтқанда" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақшаның қазақша мәтiнiндегi "тауар таңбаларын тiркеуге жол берiлмейді" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) белгілеу үшін пайдаланылатын тауарлармен немесе қызметтермен тiкелей сипаттық және (немесе) ұқсастық байланысы бар;
      7) сызықтарды, нүктелердi, қарапайым геометриялық нысандарды, сондай-ақ олардың бiртұтас графикалық композицияны құрмайтын және әрбiр жеке құрамдық элементтен басқа сапалы жаңа қабылдау деңгейiн бермейтiн үйлесiмiн көрсететiн;
      8) сөздiк сипаты жоқ қалыпты қарiппен орындалған және тiлдiң (әрiптердiң және (немесе) сандардың, белгiлердiң) кемiнде үш жеке бiрлiктерiнен құрылған жеке сандардың, белгiлердiң немесе әрiптердiң үйлесiмiн көрсететiн;
      9) нысаны оның функционалдық мiндетiне ғана негiзделген үш өлшемді объектiнi көрсететiн;
      10) жарнамалық сипатта болатын;
      11) егер сөздердiң әрбiр жеке құрамды бөлiгiнiң айырмашылық қабiлетi болмаса, ал бiрге олар сапасы өзге қабылдау деңгейiн бермесе күрделi құрамды жасанды құрылған сөздер;
      12) ұйымдардың, экономика салаларының жалпыға бiрдей қабылданған қысқартылған атаулары мен олардың аббревиатуралары;
      13) патенттелмейтiн дәрілік құралдар болып саналатын тауар таңбаларын тiркеуге жол берілмейді.";
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiгi "атауларын," деген сөзден кейiн "және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Eгep белгi солардан ғана құрылған болмаса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келiсiмi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдалануы мүмкiн.";
      4) 7-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасында "Қазпатентке" деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Өтiнiм берiлген күнi Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, авторлық құқықтарын бұзушылықпен белгілi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi, егер осындай құқықтар Қазақстан Республикасының, заңнамасында белгіленген тәртiппен тiркелетiн тауар белгiсiне басымдық берiлген күннен бұрын тiркеуден өтсе;";
      5) 8-бапта:
      1-тармақта:
      "Тауар таңбасын тiркеуге" деген сөздер "Taуap таңбасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "Ұжымдық тауар таңбасын тiркеуге" деген сөздер "Ұжымдық тауар таңбасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 9-бапта:
      тақырыпта "Taуap таңбасына тiркеуге" деген сөздер "Taуap таңбасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өтінiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) тұрғылықты жерi немесе мекен-жайы көрсетілiп белгiге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;";
      3) тармақшада "тауар таңбасын тiркеу үшiн өтiнiш жасалып отырған" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      1) тармақшада "өтiнiм беру" деген сөздер "сараптама жүргізу жөнiндегi сарапшылық ұйымның қызметтерiнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленедi;";
      3-тармақтың қазақша мәтiнінде 2) тармақшада "қоса тiркелуге тиiс" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын;
      "3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тіркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасының жарғысын бұзғаны үшін жауапкершіліктi қамтитын ұжымдық тауар таңбасының жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс;",
      5-тармақта "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", ал егер аталған құжаттар бiр мезгілде ұсынылмаса - соңғы ұсынылған құжаттар келiп түскен күнi бойынша." деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта "Қазпатент" деген сөз "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 10-бапта:
      1-тармақта "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi сөйлемде "бiрiншi өтінiм" деген сөздер "бiрiншi өтiнiм (өтiнiмдер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "eгep өтiнiм Қазпатентке аталған күннен бастап алты ай iшiнде түссе" деген сөздер "eгep сарапшылық ұйымға өтiнiм беру аталған күннен бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "егер өтiнiм Қазпатентке көрсетiлген уақыттан бастап алты ай iшiнде түссе" деген сөздер "eгep сарапшылық ұйымға тауар таңбасына өтiнiм беру жүзеге асырылса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "өтiнiм Қазпатентке түскен күннен бастап" деген сөздер "өтiнiмдi сарапшылық ұйымға берген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бөлектелген өтiнiмдер бойынша басымдық сол өтiнiм берушiнiң алғашқы өтiнiмiнiң басымдық күнi бойынша, ал алғашқы өтiнiм бойынша неғұрлым ертерек басымдық белгiлеу құқығы бар болған кезде, егер бөлiнген өтiнiм берiлген күнi алғашқы өтiнiм қайтарылып алынбаса және қайтарылып алынған болып саналмаса әрi бөлінген өтiнiмдi беру алғашқы өтiнiм бойынша шешiм қабылдағанға дейiн жүзеге асырылса - осы басымдық күнi бойынша белгiленедi.";
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Түрлi тауарларға қатысты тауар таңбасының көптiк бас өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша әртүрлi тауарларға қатысты бiр белгіге берiлген оның бiрнеше өтiнiмi болғанда анықталуы мүмкін.";
      8) 11-бапта:
      1-тармақта:
      "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада "өтiнiм түскен күннен бастап" деген сөздер "өтiнiм берген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 12-бапта:
      2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Толық сараптама нәтижелерi бойынша сарапшылық ұйым оң немесе терiс тұжырым бередi.
      3. Сараптама шешiмiмен келiспеген жағдайда өтінiм берушi өзiне сараптама шешiмi жiберілген күннен бастап оған үш ай iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылық келіп түскен күннен бастап төрт ай iшінде оны апелляциялық кеңес қарауға тиiс.
      4. Сараптама жүргiзiлгеннен кейiн өтiнiм берушi уәкілеттi органға тауар таңбасын тiркеу туралы өтiнiм бередi. Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) сарапшылық ұйымның оң тұжырымдамасы;
      2) тауар таңбасына өтінiмнiң көшiрмесi;
      3) iс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзілетiн жағдайда - сенiмхат.
      Өтiнiш берушi осы баптың 4-тармағында көрсеткен құжаттарды ұсынғаннан кейiн уәкілетті орган оларды қарайды және тауар таңбасын тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Заңға сәйкес тiркелген тауар таңбасына уәкiлеттi орган белгiленген үлгідегі куәлiк бередi.
      Куәлiктi беру салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж төленiп растайтын құжат көрсетілгеннен кейiн жүзеге асырылады.";
      10) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын;
      "3-1) алғашқы өтiнiмде көрсетілген тауарлар мен қызметтердi бөлектелген өтiнiмдер арасында бөле отырып өтiнімдi бөлектеу туралы оны қараудың кез келген кезеңінде сараптама аяқталғанға дейiн өтiнiш бiлдiруге;";
      11) 14-бапта:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      бiрiнші абзац "Taуap таңбаларының" деген сөздердiң алдынан "Taуap таңбасына куәлiк берiлгеннен кейiн сарапшылық ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақша "тауар таңбасына деген сөздердiң алдынан "қорғалатын тауар таңбасына құқықты беру туралы мәлiметтердi қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Taуap таңбасының иесi" деген сөздерден кейiн ": заңды тұлғалар үшiн - атауының, ұйымдық-құқықтық нысанының және орналасу жерiнiң, ал жеке тұлғалар үшiн - тегiнiң, атының, әкесiнiң атының, тұратын жерiнiң өзгеруi туралы мәлiметтердi қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзгерiстердi, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателердi түзету үшiн өзгерiстердi сарапшылық ұйым Мемлекеттiк тiзiлiмге, ал уәкiлеттi орган Тауар таңбасына берілген куәлiкке енгiзедi.";
      12) 16-бапта:
      "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк тiзiлiмге және ұжымдық тауар таңбасына берiлген куәлiкке ұжымдық тауар таңбасын пайдалану құқығы бар ұйымдар туралы мәлiметтер қосымша енгізіледi.";
      13) 18-бапта:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақта "Қазпатент" деген сөз "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
      "18-1-бап. Тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп тану
      1. Заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттармен қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ тауар таңбасы ретiнде Қазақстан Республикасында құқықтық қорғаусыз, бiрақ белсендi пайдаланылу нәтижесiнде Қазақстан Республикасында тиiстi халық топтары арасында кеңiнен танымал болған белгi Қазақстан Республикасы. 
      2. Жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісiне тауар таңбасы үшiн осы Заңмен көзделген құқықтық қорғау берiледi.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген белгiнi немесе тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгілi деп тану негізiнде оның иесiне тауар таңбасы жалпыға бiрдей белгілi деп танылған күннен бастап он жыл бойы қолданылатын сертификат берiледi.
      Сертификаттың қолданылу мерзiмi оның иесiнiң өтiнiшi бойынша және тауар таңбасының жалпыға бiрдей белгiлi екенiн растайтын мәлiметтердi беру бойынша келесi он жылдық мерзiмге ұзартылуы мүмкін.
      Жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасын тiркеу туралы, оның иесi туралы мәлiметтер және осындай тiркеуге қатысты кейiнгi өзгерiстер жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбаларының Мемлекеттiк тiзілiмiне енгізiледi және бюллетенде жарияланады.
      Сертификатты беру туралы шешiм қабылданған кезде тиiсiнше осы Заңның 12-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.";
      15) 19-бапта:
      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте "Қазпатентке" деген сөз "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiнде "қолданылуы" деген сөз "тауар таңбасы иесiнiң немесе осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес тауар таңбасына құқық беру туралы шарттың негізінде осындай құқық берiлген тұлғаның қолдануы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Taуap таңбасының иесi ұсынатын тауар таңбасын пайдаланудың дәлелдемесi қарсылықта көрсетілген уақыт мерзiмiне жатуға тиic.";
      5-тармақта "Қазпатент" деген сөз "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Жалпыға бiрдей белгілi тауар таңбасымен араласып кеткен деңгейге дейiн бiрдей немесе ұқсас және тауар таңбасы жалпыға бiрдей белгілi деп танылғанға дейiн тiркелген тауар таңбаларының иелерi уәкiлетті орган белгiлеген, бiрақ кемiнде жетi жыл мерзiм iшiнде оларды әрi қарай пайдалану құқығын сақтайды.";
      16) 21-баптың 1 және 3-тармақтарында "Қазпатентте" деген сөздер "уәкiлетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 22-баптың бiрiншi бөлiгінде "беріледi" деген сөздер "ауысады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 23-баптың 2-тармағында "Қазпатентке" деген сөз "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 24-баптың 3-тармағында "Қазпатент" "Сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 28-бапта:
      "жер атауын тіркеуге" деген сөздер "жер атауына" деген сөздер сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 29-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) тұрғылықты жерi немесе мекен-жайы көрсетiлген, атаудың сараптамасын жүргiзу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтiнiшi;";
      3-тармақтың 1) тармақшасында "өтiнiм бepу" деген сөздер "сараптама жүргiзу жөнiндегi сарапшылық ұйым қызметтерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi;";
      22) 30-бапта:
      1-тармақта "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер
      1. Алдын ала сараптама нәтижелерi бойынша өтiнiм берушiге өтiнiмнің қарауға қабылданғаны, оған тиiстi нөмiр берілгенi, берілген күні және басымдық күнi белгіленген өтiнiмдi қарауға қабылдау не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы дәлелдi қорытынды түрiнде хабарланады.
      2. Толық сараптама нәтижелерi бойынша сарапшылық ұйым оң немесе терiс тұжырым бередi.
      3. Сараптама шешiмiмен келiспеген жағдайда өтiнiм берушi сараптама шешiмi жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде уәкілеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылық келiп түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде оны апелляциялық кеңес қарауға тиiс.
      4. Сараптама жүргізілгеннен кейiн өтiнiм берушi уәкiлеттi органға тауар шығарылған жер атауын тiркеу және/немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы өтінім бередi.
      Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) сарапшылық ұйымның оң тұжырымдамасы;
      2) өтiнiмнің көшiрмесi;
      3) iс өкiл арқылы жүргiзілетін жағдайда - сенiмхат.
      5. Өтiнiш берушi осы баптың 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды бергеннен кейiн уәкiлетті орган оларды қарайды және тауар шығарылған жер атауын тiркеу және/немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Заңға сәйкес тiркелген тауар таңбасына уәкiлетті орган белгіленген үлгідегi куәлiк бередi.
      Куәлiктi беру салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж төленгеннен кейiн және уәкiлеттi органға төлемдi растайтын құжат ұсынылғаннан кейiн жүзеге асырылады.";
      24) 33-бапта:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақ "Тауар шығарылған" деген сөздердiң алдынан "Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк берiлгеннен кейiн сарапшылық ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта "Қазпатентке", "Қазпатент" деген сөздер тиісiнше "сарапшылық ұйымға", "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмi жалпыға бiрдей қолы жетерлiктей болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сарапшылық ұйым Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен көшiрмесiн ұсынады.";
      25) 34-баптың 2-тармағында "Қазпатентке" деген сөз "сарапшылық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 35-бапта "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 36-бапта:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақта "Қазпатент" деген сөз "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 39-баптың 2-тармағында "Қазпатентке" деген сөз "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 40-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасында "Қазпатентке" деген сөз "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 41-баптың 1-тармағында "Қазпатенттiң", "Қазпатент" деген сөздер тиiсiнше "уәкілеттi органның", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 42-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп танудың заңдылығы туралы;";
      2-тармақта "Қазпатент" деген сөз "Сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      32) 43-бапта:
      1-тармақта:
      "қатысты" деген сөзден кейiн ", ал жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасы болғанда - кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты." деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Taуap таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану әлемдiк компьютерлiк Интернет желiсiнде рұқсатсыз пайдалану, тауар таңбасы иесiнiң құқығын немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзу болып танылады.";
      33) 45-бап алынып тасталсын;
      34) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
      1. Бiлiктiлiк деңгейi қойылатын талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оның азаматы патенттiк сенiм бiлдiрілген өкiл бола алады. Уәкiлетті орган патенттiк сенiм білдiрiлген өкiлдерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарды, оларды аттестаттау және тiркеу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Өтiнiш берушi, патент иеленушi уәкiлеттi органмен және сарапшылық ұйыммен iс жүргiзудi дербес немесе уәкiлеттi органда тiркелген патенттiк сенiм бiлдірiлген өкіл арқылы жүзеге асыра алады.
      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және оның ұйымдарында өтiнiш берушiнiң, тауар таңбасы мен тауар шыққан жердiң атауының иесiнiң құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын патенттік сенiм бiлдірiлген өкiлдер арқылы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар өздерiнiң өтiнiш берушiнiң, тауар таңбасы мен тауар шыққан жер атауы иесiнiң құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын Қазақстан Республикасы шегiнде хат жазысу үшiн мекен-жайын көрсете отырып, патенттiк сенiм білдiрiлген өкілсiз жүзеге асыра алады.
      4. Патенттік сенiм білдiрілген өкiл сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат, егер сенiм бiлдiрушi өзгенi көрсетпесе немесе оның iс-қимылынан анық белгiлi болмаса, құпия болып танылады.
      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл, егер осы iс бойынша мүдделерi iс жүргiзуге өтiнiш бiлдiрген тұлғаның мүдделерiне қайшы келетiнi анық тұлғаларға өкiлдік етсе немесе оларға кеңес берсе, немесе оны қарауға өзге де жолмен қатысса, сондай-ақ iстi қарауға патенттiк сенiм білдiрілген өкiлмен туыстық қатынастардағы лауазымды адам қатысса, тапсырманы қабылдауға құқығы жоқ.
      5. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.";
      35) 47-баптың екiншi бөлiгiнде "Қазпатент" деген сөз "сарапшылық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5. "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 181-құжат):
      1) -бапта:
      1) тармақшада "уәкілеттi органның" деген сөздер "интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшада "азаматтар" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың 1) тармақшасында "олар жөнiнде сараптама жүргiзедi" деген сөздер ", оларды қарайды және топологияларды тiркеудi жүзеге асырады;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 11-бапта:
      3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Куәлiктi беру салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж төленгеннен және уәкілеттi органға төлемдi растайтын құжат ұсынылғаннан кейiн жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Құқық иеленуші болып табылмайтын топология авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.";
      6-тармақ алынып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады