Қазақстанның оңтүстік өңірлерін 2003 жылғы көктеу кезеңінде суармалы сумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 шілдедегі N 696 қаулысы

      Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiн 2003 жылғы көктеу кезеңiнде суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстары тұтынушыларының Қырғыз Республикасынан электр энергиясын алуы және өтеу тәртiбiмен Бiшкек қаласының ЖЭО-ға дейiн көмiр мен мазутты төте жеткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.
      2003 жылғы көктеу кезеңiнде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына келетiн электр энергиясының барлық ағыны осы қаулының шеңберiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қырғыз Республикасынан электр энергиясын алу, көмiр мен мазутты төте жеткiзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтынушылары бойынша осы энергия ресурстарын кейiннен тиiстi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында келiсiм-шарттар жасасу арқылы жеткiзу көлемдерi жөнiндегi операторларды белгiлесiн.

      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi - оңтүстiк өңiрлердiң суармалы жерлерiн суару үшiн су жеткiзу жөніндегi үйлестiрушi;
      2) "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "KEGOC" ААҚ) Қырғыз Республикасынан жеткiзiлетiн электр энергиясын беру жөнiндегi оператор болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп 2003 жылғы көктеу кезеңiнде өтеу тәртiбiмен Қырғыз Республикасынан алынатын электр энергиясы үшiн берiлетiн көмiр мен мазутты экспорттық қатынаста темiр жол көлiгімен тасымалдауға арналған тарифтерге 0,5 төмендету коэффициентiн белгiлеу мүмкiндiгiн қарастырсын.

      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының Бiшкек қаласының ЖЭО-ға дейiн көмiр мен мазут жеткiзу үшiн жылжымалы құрамды iркілiссiз беруiн қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына және 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге сәйкес осы қаулының шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттар бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлер беретiн электр энергиясын, көмiр мен мазутты кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден алымдарын 2003 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданбайтын болсын.

      7. Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкiмдерiне бiр апта мерзiмде көк өнiм суаруға арналған суды үнемдеу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi көктеу кезеңінде судың ұтымды пайдаланылуына бақылау орнатуды қамтамасыз eтcін.

      8. "KEGOC" ААҚ-на заңнамада белгiленген тәртiппен Орталық Азия жиілiк реттеушi энергия жүйелерiнен қуатты реттеу жөнiндегi қызмет көрсетулердi сатып алу және технологиялық шығындарды өтеу үшiн электр энергиясын Қырғыз Республикасына көмiр мен мазут берушi бір көзден сатып алу жолымен Қазақстан БЭЖ оңтүстiк бөлiгiне электр тогының стандартты жиiлiгiн қолдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.

      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады