Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 720 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен еске алу әдісімен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлігі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндірістік мұқтаждар үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлігі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндірістік мұқтаждар үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 187-1 жолдармен толықтырылсын:
      "187-1 Азаматтық тікұшақтар және ұшақтар 8802 11 100-ден
                                               8802 12 100-ден
                                               8802 20 100-ден
                                               8802 30 100-ден
                                               8802 40 100-ден.".

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады