Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдары туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 734 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдары туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының
медальдары туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметтiң беделiн көтеру мақсатында және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының қабылданғанына 10 жыл толуына байланысты қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мынадай медальдары тағайындалсын:
      1) "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін";
      2) "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi";
      3) I, II, III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн".
      2. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары медальдарының сипаттамалары бекiтілсiн.
      3. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдарымен наградтау тәртiбi бекiтiлсiн.
      4. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдарына куәлiктердiң сипаттамалары мен үлгiлерi бекiтiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдары мен оларға куәлiктердi дайындау жөнiндегi шығыстар мемлекеттiк бюджетте Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын ұстауға көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2003 жылғы _____    
N ______ Жарлығымен  
бекітілген      

"Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалiнiң сипаттамасы

      "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдің беткi жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы орналасқан.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" деген жазу жазылған.
      Meдальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның ортасында енi 3 мм екi қызыл жолақ, олардың ортасында ені 2 мм көгілдiр жолақ, қызыл жолақтардың жиектерiнде енi 8 мм көгiлдiр жолақтар орналасады. Лентаның жиектерiнде енi 3 мм сары жолақтар бар. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштің көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдiң эскизi қоса берiлiп отыр.

      ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ҮЗДІК ШЫҚҚАНЫ ҮШІН

      Суретін қағаз мәтіннен қараңыз

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2003 жылғы _____    
N ______ Жарлығымен  
бекітілген      

"Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiнiң сипаттамасы

      "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалi жезден жасалады және жетi бұрышты рельефтi шығыңқы жұлдыз нысанында болады. Жұлдыздың ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi: сәуле шашқан күн және оның астында қалықтаған бүркiт бейнеленген дөңгелек шығыңқы қалқан орналасқан. Қалқан лавр бұтақтарынан жасалған гүлдестемен жиектелген. Жұлдыздың төменгi жағында бұтақтардың үстiнен "IIМ" деген аббревиатурасымен бiрге эмальданған қызыл лента орналасқан. Қалқанның реңi мөлдiр көгiлдiр эмальмен боялған. Әрiптерге, Мемлекеттiк тудың элементтерiне, лавр жапырақтарына және қалқанның ернеуiне алтын жалатылған.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" деген жазу, төменгi жағында "25 жыл" деген жазу бар.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
      Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы медаль мөлшерi - 37 мм.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның ортасында енi 17 мм көгiлдiр жолақ, лентаның оң жиегінде енi 1 мм үш қара жолақпен кезектескен енi 1 мм төрт сары жолақ орналасады. Лентаның сол жиегiнде арасында енi 2 мм көгілдiр жолағы бар енi 3 мм және 1 мм екi сары жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдiң эскизi қоса беріліп отыр.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ

      Суретін қағаз мәтіннен қараңыз

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2003 жылғы _____    
N ______ Жарлығымен  
бекітілген      

I, II, III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiнiң сипаттамасы

      I дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалі жезден жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің қылыш бейнесi жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдiң жоғарғы жағында эмблеманың үстiнде бес бұрышты жұлдыз, эмблеманың астында "IIМ" деген жазу орналасқан.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында - "20 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар, лентаның ортасында арасында енi 6 мм сары жолағы бар енi 5 мм екi қызыл жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.

      II дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің қылыш бейнесi жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдiң жоғарғы жағында эмблеманың үстiнде бес бұрышты жұлдыз, эмблеманың астында "IIМ" деген жазу орналасқан. Эмблемаға, жазуға және жұлдызға алтын жалатылған.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында - "15 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ортаңғысының енi 2 мм үш қызыл жолақпен кезектескен енi 3 мм екi сары жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.

      III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылыш бейнесi жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдiң жоғарғы жағында эмблеманың үстiнде бес бұрышты жұлдыз, эмблеманың астында "IIM" деген жазу орналасқан.
      Медальдің тыс жағының ортасында "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағына - "10 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерiнiң енi 4 мм, ал ортаңғыларының енi 1 мм төрт қызыл жолақпен кезектескен енi 2 мм үш сары жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдардың эскиздерi қоса берiлiп отыр.

      ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН 20 ЖЫЛ

      ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН 15 ЖЫЛ

      ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН 10 ЖЫЛ

      Суреттерін қағаз мәтіннен қараңыз

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2003 жылғы _____    
N ______ Жарлығымен  
бекітілген      

"Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалімен наградтау
ТӘРТIБI

      1. "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін" медалiмен құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде және қылмысқа қарсы күресте сiңiрген еңбегi үшiн қызмет бабында оң баға алған, өз қызметтiк борышын үлгілі орындаған iшкi iстер органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ батылдық пен жанқиярлық таныта отырып, қоғамдық тәртіптi қорғауға белсене қатысқаны үшiн басқа да адамдар наградталады.
      3. Медальмен наградтау туралы қолдаухаттарды берудiң және қараудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгілейдi.
      4. "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалiмен наградтау Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнің немесе оны ауыстырушы адамның бұйрығымен жүргiзiледi.
      5. Медаль тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерінің, мекемелерiнің және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жүргiзедi.
      6. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      7. Медаль наградталған адамдарға ішкi iстер органдарының, бөлiмшелерінің, мекемелерінің және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жасаған және бекiткен тiзiмдердiң негiзiнде тапсырылады.
      Медальдiң тапсырылғандығы туралы наградталғандар тiзiмiнде тиiстi жазба жасалады.
      8. "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалi кеуденiң сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болғанда, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағында мемлекеттiк наградалардың нышандарынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2003 жылғы _____    
N ______ Жарлығымен  
бекітілген      

"Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен наградтау
ТӘРТIБI

      1. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен қызмет бабында оң баға алған және қолданыстағы заңнамаға сәйкес күнтiзбелiк есептеу бойынша 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек сiңiрген жылдары бар iшкi iстер органдарының қызметкерлерi наградталады.
      3. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен наградтау туралы қолдаухаттарды берудiң және қараудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
      4. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен наградтау Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оны ауыстырушы адамның бұйрығымен жүргiзiледi.
      5. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жүргiзедi.
      6. Әрбiр наградталған адамға мерекелiк медальдi тапсырумен бiр мезгілде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      7. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалi кеуденiң сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болғанда, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағында мемлекеттік наградалардың нышандарынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2003 жылғы _____    
N ______ Жарлығымен  
бекітілген      

"Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн"
медалiмен наградтау
ТӘРТIБI

      1. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi үш дәрежеден тұрады:
      I дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 20 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн;
      II дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 15 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн;
      III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызмет үшiн" медалi - 10 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн;
      I дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi жоғарғы дәрежелi болып табылады.
      3. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау төменгi дәрежеден жоғарыға қарай сатыланып жүргiзiледi. Төменгi дәрежелi медальдi алмағандарды одан жоғары дәрежелi медальмен наградтауға жол берiлмейдi.
      4. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалімен Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 және одан да көп жыл еңбек сiңiрген, қызмет бабында оң баға алған және өздерiнiң қызметтiк борышын үлгiлi орындаған iшкi iстер органдарының қызметкерлерi наградталады.
      "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау үшiн мемлекеттiк органдардағы еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Бұрынғы КСРО-ның қандай да бiр дәрежелi "3a безупречную службу" медалiмен 1991 жылғы 16 желтоқсанға дейiн наградталған қызметкерлер осындай дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтауға ұсынылмайды.
      5. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау туралы қолдаухат берудi iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) лауазымы оларға теңестiрiлген және олардан жоғары адамдар осы органдар мен бөлiмшелердiң аттестаттау комиссияларының пiкiрiн ескере отырып, жүзеге асырады.
      Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтауға ұсынуға болмайтын себептердi iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң бастықтары (командирлерi) аттестаттау парағында жазып көрсетедi. Қабылданған шешiм iшкi iстер органының (бөлiмшесiнiң) қызметкерiне хабарланады.
      6. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оны ауыстырушы адамның бұйрығымен жүргiзiледi.
      7. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жүргiзедi.
      8. Әрбiр наградталған адамға мерейтой медалiн тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi кеуденiң сол жағына дәрежелердiң жоғарылау ретiмен тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болғанда солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағында мемлекеттiк наградалар нышандарынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2003 жылғы _____    
N ______ Жарлығымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдарына куәлiктердiң сипаттамасы мен үлгiлерi

      Куәлiктер "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi үшiн сегiз парақты және "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн", "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медальдары үшiн төрт парақты өлшемi 8x11 см кiтапшадан тұрады. Куәлiктердiң тысы көгілдiр түстi бумвинилдi негiзде жасалған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен жазулар қысып түсiру арқылы алтын түспен жасалған.
      Куәлiктердiң эскиздерi қоса берілiп отыр.

  ____________________________________________________________
  |                                                          |
  |                                                          |
  |                                       Елтаңба            |
  |                                       суреті             |
  |                                                          |
  |                                                          |
  |                                        КУӘЛІК            |
  |                                                          |
  ____________________________________________________________

  ____________________________________________________________
  |                                                          |
  |                              ҚР ________________ жылғы   |
  |                               ______________________     |
  |  ______________________          N ___ бұйрығымен        |
  |          тегі                                            |
  |  ______________________             ІІІ дәрежелі         |
  |          аты               "Ішкі істер органдарындағы |
  |                               мінсіз қызметі үшін"      |
  |  ______________________       медалімен наградталды      |
  |        әкесінің аты                                      |
  |                             Қазақстан                    |
  |                             Республикасының              |
  |                             Ішкі істер министрі          |
  |             1                          2                 |
  ____________________________________________________________

  ____________________________________________________________
  |                                                          |
  |                              ҚР ІІМ-нің ________ жылғы   |
  |                              __________________________  |
  |                                                          |
  |     орыс тілінде                  N ___ бұйрығымен       |
  |                                                          |
  |                                     ІІ дәрежелі          |
  |                            "Ішкі істер органдарындағы |
  |                               мінсіз қызметі үшін"      |
  |                               медалімен наградталды      |
  |                                                          |
  |                              Қазақстан                   |
  |                              Республикасының             |
  |                              Ішкі істер министрі         |
  |             3                            4               |
  ____________________________________________________________

  ____________________________________________________________
  |                                                          |
  |                              ҚР ІІМ-нің ________ жылғы   |
  |                              __________________________  |
  |                                                          |
  |     орыс тілінде                  N ___ бұйрығымен       |
  |                                                          |
  |                                      І дәрежелі          |
  |                            "Ішкі істер органдарындағы |
  |                               мінсіз қызметі үшін"      |
  |                               медалімен наградталды      |
  |                                                          |
  |                              Қазақстан                   |
  |                              Республикасының             |
  |                              Ішкі істер министрі         |
  |             5                           6                |
  ____________________________________________________________

  ____________________________________________________________
  |                                                           |
  |                                  ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ        |
  |                                                           |
  |    орыс тілінде                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |            7                            8                 |
  ____________________________________________________________

  _____________________________________________________________
  |                                                            |
  |                              ҚР ________________ жылғы     |
  |                               ______________________       |
  |  ______________________          N ___ бұйрығымен          |
  |          тегі                                              |
  |                            "Қазақстан Республикасы ішкі |
  |  ______________________    істер органдарының ардагері" |
  |          аты                    медалімен наградталды      |
  |  ______________________                                    |
  |        әкесінің аты                                        |
  |                             Қазақстан                      |
  |                             Республикасының                |
  |                             Ішкі істер министрі            |
  |             1                          2                   |
  _____________________________________________________________

  _____________________________________________________________
  |                                                           |
  |                                  ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ        |
  |                                                           |
  |    орыс тілінде                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |            3                            4                 |
  ____________________________________________________________

  _____________________________________________________________
  |                                                            |
  |                              ҚР ________________ жылғы     |
  |                               ______________________       |
  |  ______________________          N ___ бұйрығымен          |
  |          тегі                                              |
  |                             "Құқық тәртібін қамтамасыз  |
  |  ______________________      етуде үздік шыққаны үшін"  |
  |          аты                    медалімен наградталды      |
  |  ______________________                                    |
  |        әкесінің аты                                        |
  |                             Қазақстан                      |
  |                             Республикасының                |
  |                             Ішкі істер министрі            |
  |             1                          2                   |
  _____________________________________________________________

  _____________________________________________________________
  |                                                           |
  |                                  ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ        |
  |                                                           |
  |    орыс тілінде                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |                                                           |
  |            3                            4                 |
  ____________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады