Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынастары туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсінің қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы
Халықаралық автомобиль қатынастары туралы
келісімді бекіту туралы
Омбы қаласында 2003 жылғы 15 сәуірде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынастары туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы
Халықаралық автомобиль қатынастар туралы
Келісім
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің арасында және олардың аумақтары бойынша транзитпен автомобиль жолаушы және жүк қатынастарын өзара негiзде дамытуға, сондай-ақ осы қатынастарды жеңілдетуге тiлек білдіре отырып,
мыналар туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмге сәйкес Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерi арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе Ресей Федерациясында тiркелген автокөлiк құралдарымен үшiншi мемлекеттерге (мемлекеттерден) жолаушылар мен жүктердің тұрақты және тұрақты емес тасымалдары жүзеге асырылады.
2-бап
Осы Келiсiмде пайдаланылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
а) "құзыреттi органдар":
Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, ал 12-баптың 2-тармағына қатысты, сондай-ақ - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi.
Ресей Федерациясында - Ресей Федерациясының Көлiк министрлiгi, ал 7-баптың 1-тармағына және 12-баптың 2-тармағына қатысты, сондай-ақ - Ресей Федерациясының Iшкi iстер министрлiгi.
Осы тармақта көрсетiлген құзыреттi органдар өзгерген жағдайда жаңа құзыреттi органдардың атаулары екiншi Уағдаласушы Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы берiледi;
б) "тасымалдаушы" - Уағдаласушы Тараптардың бiрiнің мемлекетi аумағында тiркелген және осы Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жолаушылардың немесе жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға рұқсат етiлген кез келген жеке немесе заңды тұлға;
в) "рұқсат" - екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетi тасымалдаушысының автокөлiк құралының жүруiне (сол жаққа және керi қарай) құқық беретiн құжат;
г) "арнайы рұқсат" - Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң тасымалдаушысына тиесiлi ауыр салмақты, габариттi емес немесе қауiптi жүгi бар автокөлiк құралының екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағы бойынша жүруіне бiр жолғы рұқсат, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетi тасымалдаушысына тиесiлi жүгi немесе жолаушылары бар автокөлiк құралының екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан үшiншi мемлекеттiң аумағына немесе үшiншi мемлекеттiң аумағынан екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына жүруге (сол жаққа және керi қарай) бiр жолғы рұқсат;
д) "автокөлік құралы":
жүктердi тасымалдау кезінде - жүк автомобилi, тiркемелi жүк автомобилi, автомобиль тартқышы немесе жартылай тiркемелi автомобиль тартқышы;
жолаушыларды тасымалдау кезінде - автобус, яғни жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушi орнын қоса алғанда, отыратын 9-дан артық орны бар автокөлiк құралы, теңдеме жүктi тасымалдауға арналған тiркемелi құрал мүмкiн;
меншiк құқығымен, немесе лизинг не болмаса жалға алу шарты негiзiнде тасымалдаушының иелiгiндегi көлiк құралы;
e) "шекара маңындағы қатынастар" - Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің шекара маңындағы аумақтарында орналасқан елдi мекендер арасындағы жолаушы қатынастары. Арасында шекара маңындағы қатынастар жүзеге асырылатын шекара маңындағы елдi мекендер тiзбесiн Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары белгiлейдi;
ж) "жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау" - Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары арасында келiсiлген бағыт, кесте, тарифтер және тасымалдаушы жолаушыларды отырғызу мен түсiрудi жүргiзетiн аялдау пункттерi бойынша жүзеге асырылатын жолаушылардың автобуспен тасымалы;
з) "жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау" - автобустармен жолаушыларды тасымалдаудың барлық қалған түрлерi;
и) "санитарлық бақылау" - санитарлық, ветеринарлық, сондай-ақ фитосанитарлық бақылау.
3-бап
1. Жолаушылардың екi жақты шекара маңындағы және транзиттiк қатынастағы тұрақты тасымалдары Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары олардың мемлекеттерi аумағы бойынша өтетiн бағыттың сол учаскесiне берген рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары рұқсаттың шарттары мен қолданылу мерзiмiн, кестенi, тарифтердi, тасымалдаушы жолаушыларды отырғызу мен түсiрудi жүзеге асыратын аялдау пункттерiн көрсету арқылы бағыт схемасын, сондай-ақ тасымалдаушылар жүрiп өтуi тиiс мемлекеттiк шекара арқылы өту пункттерiн келiседi.
2. Жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру туралы өтiнімдi тасымалдаушы мемлекетiнің аумағында тiркелген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы қарайды және де екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органына жiбередi.
3. Өтiнiм мен рұқсаттың нысандарын Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары белгiлейдi.
4-бап
Шекара маңындағы қатынастарда жолаушыларды автобустармен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары белгiлейдi.
5-бап
1. Жолаушылардың екi жақты және транзиттiк қатынастағы тұрақты емес тасымалдары, осы баптың 2-тармағында көзделген тасымалдарды қоспағанда, рұқсат негiзінде жүзеге асырылады.
Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiне ақысыз негiзде көрсетiлген рұқсаттардың келiсiлген бланкiлер санын бередi. Бұл бланкілерде жауапты тұлғаның қолы мен рұқсатты берген құзыреттi органның мөрi болуы тиiс.
2. Жолаушылардың екi жақты және транзиттiк қатынастағы тұрақты емес тасымалдарын жүзеге асыру үшiн, бiр ғана құрамдағы жолаушылар тобы бiр ғана автобуспен тасымалданғанда, бұл ретте:
а) сапар автобус тiркелген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында басталып және аяқталғанда;
б) сапар автобус тiркелген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында басталып және де екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында аяқталғанда, автобус бұл аумақтан бос кеткен жағдайда рұқсат талап етiлмейдi.
в) автобус екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағына бұрын осы тасымалдаушы жеткiзген жолаушылар тобын алу үшiн барады.
3. Ақаулы автобусты басқа автобуспен ауыстырған кезде де рұқсат талап етілмейді.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жолаушылардың тұрақты емес тасымалдарын орындау кезінде автобустың жүргiзушiсінде Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдарымен келiсiлген, арнайы нысанда жасалған жолаушылардың тiзiмi болуы тиiс.
6-бап
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің арасында немесе олардың аумақтары бойынша транзит түрiнде жүктердi тасымалдау, бос автокөлiк құралдарының жүруi рұқсатсыз жүзеге асырылады, iрi көлемдi, ауыр салмақты және қауiптi жүктердi тасымалдау, сондай-ақ үшіншi мемлекеттен (мемлекетке) тасымалдауды қоспағанда.
7-бап
1. Егер бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетi тасымалдаушысының автокөлiк құралының көлемдерi, бiлiкке түсетiн салмақтық жүктемелерi немесе салмағы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында белгiленген нормалардан асып кеткен жағдайда, тасымалдаушы екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органының арнайы рұқсатын алуы тиiс.
2. Уағдаласушы Тараптар аумағында қауiптi жүктердi тасымалдау 1957 жылғы 30 қыркүйектегi Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келiсiмге, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң сондай тасымалдарды реттейтiн заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Егер қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру аталған Еуропалық келiсiмге немесе Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің заңнамасына сәйкес арнайы рұқсат болуын талап еткен жағдайда, оны бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің тасымалдаушысы екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органынан тасымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейiн алуы тиiс.
3. Егер осы бапта аталған арнайы рұқсат автокөлiк құралының белгiлi бiр бағыт бойынша қозғалысын көздесе, тасымалдау осы бағыт бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
8-бап
Осы Келiсiмнің негiзiнде жүктердi тасымалдау, 1956 жылғы 19 мамырдағы Жүктердiң халықаралық жол тасымалдары шарты туралы Конвенцияның талаптарына сәйкес келуi тиiс көлiктік жүкқұжаттарды ресімдеумен жүргiзіледi.
9-бап
1. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарында өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi болуы тиiс.
2. Жүк автомобильдерi, автомобиль тартқыштары және автобустарда Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің тiркеу және айырым белгiлерi болған жағдайда, тiркемелер мен жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттердің тiркеу және айырым белгiлерi болуы мүмкін.
10-бап
Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің тасымалдаушысына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушылар мен жүктердің тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
11-бап
1. Бiр Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушысы жолаушылар мен жүктердiң тасымалдарын екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi аумағынан үшiншi мемлекеттiң аумағына, сондай-ақ үшiншi мемлекеттiң аумағынан екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi аумағына, егер ол осыған екіншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органының арнайы рұқсатын алса, жүзеге асыруы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiне ақысыз негiзде үшінші мемлекеттерге (мемлекеттерден) тасымалдауға арналған рұқсаттар бланкiлерiнiң келiсiлген санын бередi. Бұл бланкілерде жауапты тұлға мен рұқсатты берген құзыреттi органның мөрi болуы тиiс.
12-бап
1. Автокөлiк құралының жүргiзушiсінде ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiгi және 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Вена Конвенциясында белгiленген талаптарға сәйкес автокөлiк құралының ұлттық тiркеу құжаттары болуы тиiс.
2. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес талап етiлетiн рұқсат және басқа құжаттар автокөлiк құралының жүргiзушiсінде болуы және құзыреттi бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетiлуi тиiс.
13-бап
Уағдаласушы Тараптардың тасымалдаушылары, ақылы автомобиль жолдарын, автомагистральдарды, көпiрлердi және тоннельдердi пайдаланғаны үшiн алымдарды қоспағанда, егер мұндай алымдар кемсiтпеушiлiк негiзiнде бiр, сондай-ақ екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысының автокөлiк құралдарынан да өндiрiп алынуға жатса, осы Келiсiмнің шеңберінде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезінде автокөлiк құралдарын иеленуге немесе пайдалануға, екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң автомобиль жолдарын пайдалануға немесе күтiп ұстауға байланысты алымдар мен төлемдерден өзара негiзде босатылады.
14-бап
1. Осы Келiсiмнің негiзінде тасымалдарды орындау кезiнде кедендiк алымдардан, салықтар мен баждардан екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi аумағына әкелiнген:
а) автокөлiк құралының кез келген моделi үшiн жасаушы зауытта көзделген, қозғағыштың отын жүйесiмен технологиялық және конструкциялық жағынан байланысты сыйымдылықтардағы, сондай-ақ жасаушы зауыт тiркемелер мен жартылай тiркемелерде орнатқан және осы автокөлiк құралының жылу немесе салқындату қондырғыларының жұмысына арналған сыйымдылықтардағы жанармай;
б) тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарын пайдалану үшiн қажеттi мөлшердегi жағармай материалдары;
в) халықаралық тасымалды орындайтын жолда зақымдалған автокөлiк құралын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен құралдар босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер мен саймандар керi әкетiлуге жатады. Ауыстырылған қосалқы бөлшектер керi әкетiлуi немесе аумағында осы қосалқы бөлшектерге қатысты кедендiк режимнiң өзгерiсi болған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң кедендiк заңнамасында белгiленген тәртiппен жоюдың кедендiк режимiне немесе өзге кедендiк режиммен етiп орналастырылуы тиiс.
15-бап
Жолаушылар мен жүк тасымалдары осы Келiсiмнің негiзiнде автокөлiк құралдары иелерiнің үшiншi тұлғаларға келтiрiлген залал үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырған жағдайда жүзеге асырылады. Тасымалдаушы көрсетiлген тасымалдарды орындайтын әрбiр автокөлiк құралын алдын ала сақтандыруға міндеттi.
16-бап
Шекаралық, кедендiк, көлiктік және санитарлық бақылауға, сондай-ақ кедендiк ресімдеу жүргiзуге қатысты Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады, ал осы шарттармен реттелмеген мәселелердi шешу кезінде Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің заңнамасы қолданылады.
17-бап
Жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды тасымалдау, жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау кезінде, сондай-ақ жануарларды және тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау кезінде шекаралық кедендік, көлiктiк және санитарлық бақылау кезектен тыс жүзеге асырылады.
18-бап
Уағдаласушы Тараптардың тасымалдаушылары мен автокөлiк құралдарының экипаждары, аумағы бойынша тасымалдау жүзеге асырылатын Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң жол қозғалысы ережелерi мен ұлттық заңнамасын сақтауға міндеттi.
19-бап
1. Осы Келiсiмнің ережелерi бұзылған жағдайда, автокөлiк құралы тiркелген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдары, аумағында бұзушылық орын алған екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдарының өтiнiшi бойынша шаралардың бiрiн қолдануға міндеттi:
а) тасымалдаушыға ескерту жасауға;
б) тасымалдаушыны бұзушылық жiберiлген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында тасымалдарды орындау құқығынан уақытша, жартылай немесе толық айыруға.
2. Екi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдары бiр-бiрiн қабылданған шаралар туралы хабардар етедi.
3. Осы баптың ережелерi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің тасымалдаушысы мен автокөлiк құралының экипажына, бұзушылық жасалған мемлекеттiң заңнамасында көзделген санкцияларды қолдануды жоққа шығармайды.
20-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнің ережелерiн түсіндiрумен және қолданумен байланысты туындауы мүмкін барлық даулы мәселелердi өзара консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.
21-бап
Осы Келісiммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттармен peттeмеген мәселелер Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің заңнамасына сәйкес шешiлетiн болады.
22-бап
Осы Келiсiмнің ережелерiн орындау және туындаған даулы мәселелердi шешу үшiн Уағдаласушы Тараптар Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдарының өкілдерiнен аралас комиссия құрады.
23-бап
Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерiн қозғамайды.
24-бап
1. Келiсiммен бiр мезгiлде қол қойылатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсімді қолдану туралы Хаттама осы Келiсiмнің ажырамаc бөлiгi болып табылады.
2. Осы Келiсiм мен Хаттамаға енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды Уағдаласушы Тараптар, осы Келiсiмнің 25-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен күшiне енетiн хаттамалар түрiнде ресiмдейді.
25-бап
1. Осы Келiсiм дипломатиялық арналар арқылы оның күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшiлік рәсімдердi Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
2003 ж. 15 сәуір Омбы қ. екі данада қазақ және орыс тілінде жасалды және екі мәтіннің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi арасындағы Халықаралық
автомобиль қатынастар туралы келiсiмдi қолдану туралы
Хаттама
Омбы қ. 2003 ж. 15 сәуірде қол қойылған, бұдан әрi Келiсiм деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынастар туралы келiсімдi қолдануға қатысты мынадай уағдаластыққа қол жеткiзілдi:
1. Келісімді орындау үшін Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары тұрақты жолаушы тасымалдарына мерзiмi 5 жылға дейiнгi рұқсаттар береді.
2. Арнайы рұқсаттың бланкiсiн:
Қазақстан Тарапы - қазақ және орыс тілдерiнде;
Ресей Тарапы орыс тiлiнде жасайды.
Арнайы рұқсаттардың бланкiлерiнде бiр жылға жасалған реттiк нөмiрлерi, сондай-ақ рұқсаттарды берген Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдарының жауапты тұлғаларының қолдары мен мөрлерi болуы тиiс.
3. Қауiптi, ауыр салмақты немесе iрi көлемдi жүктi тасымалдауға бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетi тасымалдаушысының осы жүктердi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағынан үшiншi мемлекетке (мемлекеттен) тасымалдау кезiнде арнайы рұқсат алуы, аталған тасымалдаушыны екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органынан үшiншi мемлекетке (мемлекеттен) тасымалдауды жүзеге асыру үшiн арнайы рұқсат алу қажеттiгiнен босатпайды.
4. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң орындалу барысы, халықаралық автомобиль тасымалдарымен, Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң салық және кеден алымдарымен байланысты заңнамадағы өзгерiстер, өткен жылдағы тасымалдардың жай-күйi, мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнiң жұмыс режимдерi және тасымалдарды жетілдiруге бағытталған басқа да мәселелер туралы бiр-бiрiн хабардар ететiн болады. Көрсетiлген ақпарат осы Келiсiмнiң өзгерiсi болып табылмайды.
5. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалды және Уағдаласушы Тараптардың бiрi дипломатиялық арналар бойынша екiншi Уағдаласушы Тарапты оның қолданылуын өзiнiң тоқтату ниетi туралы жазбаша хабардар еткен күннен бастап алты ай өткенге дейiн қолданылады.
2003 ж. 15 сәуір Омбы қ. екi данада қазақ және орыс тілдерiнде жасалды және екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiліндегi мәтіндi басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін