"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталында даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен мынадай акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) құрылсын:
1) "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" (бұдан әрi - Орталық);
2) "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" (бұдан әрi - Инжиниринг орталығы).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1201 қаулысымен .
2. Орталықтың негiзгi мiндеттерi мыналар:
әлемдiк экономикада олардың дамуының негiзгi үрдiстерiн анықтау және Қазақстанның бәсекелестiк артықшылықтарын табу мақсатында отандық және халықаралық рыноктарды, экономиканың салалары мен секторларын, әртүрлi өндiрiстердi талдау;
инвестициялық жобаларды олардың перспективалы бәсекелестiк қабiлетi, жүзеге асырылу және пайдалылық мәнiне талдау жүргізу;
Қазақстан Республикасындағы iскерлiк ахуалын және экономикалық конъюнктураны талдау болып белгiленсiн.
3. Инжиниринг орталығының негiзгi мiндеттерi мыналар:
инжинирингтiк қызметтер көрсету;
озық шетелдiк технологиялар, өзге де инновациялық өнiмдер трансфертi және оларды Қазақстан Республикасында енгiзу;
технологиялар трансфертi кезiнде консультациялық, ақпараттық, заңдық және өзге де қызметтер көрсету;
технологиялардың сыртқы және iшкi рыноктарының маркетингi және осы саладағы дамудың әлемдiк үрдiстерiн талдау болып белгiленсiн.
4. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен:
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Орталықтың жарғылық капиталын қалыптастыруға 100000000 (жүз миллион) теңге;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне Инжиниринг орталығының жарғылық капиталын қалыптастыруға 100000000 (жүз миллион) теңге;
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер гранттары түрiнде мақсатты қаржыландыру үшiн Ғылым қорына белгiленген тәртiппен оларды аудару үшiн 100000000 (жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Индустрия және сауда министрлiктерiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен тиiсiнше мыналарды:
1) құрылатын Қоғамдардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруды;
2) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында Қоғамды мемлекеттiк тiркеудi;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi мыналардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын:
1) Орталықтың - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне;
2) <*>
Ескерту. 6-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.19. N 742 қаулысымен .
7. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының құрамында ғылыми коммерцияландыру және инновациялық даму бөлiмшесiн құру жөнiндегi шараларды қабылдасын.
8. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi бiр апта мерзiмде гранттық негiзде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiгiн жетiлдiру мақсатында "Ғылым қорының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қыркүйектегi N 1048 қаулысымен бекiтiлген Ғылым қоры туралы ережеге тиісті өзгерiстер мен толықтыруларды әзiрлесiн.
9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-2-жолмен толықтырылсын:
"268-2 "Маркетингтік-талдамалық
зерттеулер орталығы АҚ";
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-14-жолмен толықтырылсын:
"237-14 "Инжиниринг және технологиялар
трансфертi орталығы АҚ";
2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-51-жолмен толықтырылсын:
"21-51 "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ";
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-86-жолмен толықтырылсын:
"123-86 "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ".
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының 4-тармағына сәйкес бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
11. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі