Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы
25 наурыздағы N 575 Жарлығына толықтырулар
енгiзу туралы
Шетел мемлекеттерi аумағында бейбiтшiлiк пен қауіпсiздіктi қолдау жөнiндегi Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн тікелей орындайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілерiне қосымша кепілдiктер белгiлеу мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) басқа мемлекеттердің аумағында бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау жөнiндегi Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) атқарып жүрген лауазымы бойынша көзделген ай сайынғы ақшалай үлесi үш есе арттырылады.
Басқа мемлекеттердiң аумағында бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау жөнiндегi Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн тiкелей орындайтын мерзімдi қызметтегi әскери қызметшiлерге 16-қосымшаға сәйкес I-VI тарифтiк разрядтар бойынша лауазымдық жалақылар және әскери қызметшiлер үшiн осы Жарлықта көзделген қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн тиiстi үстемақылар төленедi;
9) басқа мемлекеттердiң аумағында бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау жөнiндегi Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн тiкелей орындайтын әскери қызметшілердiң барлық санаттарына жауынгерлiк iс-қимылдарға (жауынгерлiк ұшуларға) тiкелей қатысқаны үшiн жауынгерлік iс-қимылдарға қатысқан әрбiр күнiне 3,0 коэффициентiмен осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген арттырылған ақшалай үлес төленедi.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi