Төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау және Ақмола облысы облыстық орталығының коммуналдық шаруашылығын қысқы жағдайда жұмыс істеуге уақтылы дайындауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақмола облысының әкіміне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 300000000 (үш жүз миллион) теңге, оның ішінде жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін отын сатып алуға 158000000 (бір жүз елу сегіз миллион) теңге және коммуналдық меншіктегі жылу көздерінің, жылу құбырларының авариялық жай-күйіне және оларды жөндеуге байланысты жұмыстарды орындауға 142000000 (бір жүз қырық екі миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі