"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 824 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiн сайлауды мынадай құрамда қамтамасыз етсiн:
      Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнің төрағасы, төраға
      Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Мәжренов Жомарт Рақымбекұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметiнiң директоры (келiсiм бойынша);
      Сәрсембаев Өмiрзақ Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстік сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы
      Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
      Исин Нұрлан Құрманғалиұлы.
      2) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесi "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамының президентi лауазымына сайлау үшiн Нұрлан Құрманғалиұлы Исиннiң кандидатурасын ұсынсын.
      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.13. N 33 , 2004.07.26. N 791, 2005.03.19. N 250 қаулыларымен .

      2. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 қыркүйектегi N 1063 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады