Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Жаһандық Экологиялық Қордың Атқарушы Агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Сенiмгерлiк Қорының Гранттық Келiсiмiне (Қуаң жерлердi басқару жөнiндегi жоба) қол қою туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы N 839 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мен Жаһандық Экологиялық Қордың Атқарушы Агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Сенiмгерлiк Қорының Гранттық Келiсiмiне (Қуаң жерлердi басқару жөнiндегi жоба) қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы мен Жаһандық Экологиялық Қордың Атқарушы Агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық
Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Сенiмгерлiк
Қорының Гранттық Келiсiмiне
(Қуаң жерлердi басқару жөнiндегi жоба)
қол қою туралы

      Жердi тиiмдi пайдалану жөнiндегi iс шараларды iске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Жаһандық Экологиялық Қордың Атқарушы Агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Сенiмгерлiк Қорының Гранттық келiсiмiнiң (Қуаң жерлердi басқару жөнiндегi жоба) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi Айткүл Байғазықызы Самақоваға Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Жаһандық Экологиялық Қордың Атқарушы Агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Сенiмгерлiк Қорының Гранттық Келiсiмiне (Қуаң жерлердi басқару жөнiндегi жоба) қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

ЖЭҚ Сенімгерлік Қорының Гранты N TF052161-KZ

Жаһандық Экологиялық Қор Қазақстан Республикасы
мен Жаһандық Экологиялық Қордың
Атқарушы Агенттігі
ретінде әрекет ететін
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы
Сенімгерлік қорының
Гранттық келісімі
(Қуаң Жерлерді Басқару жөніндегі жоба)

      күні                                                2003 ж.

      ЖЭҚ Сенімгерлік Қорының Гранты N TF052161-KZ

      Қазақстан Республикасы (Алушы) мен Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) атқарушы агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (Банк) арасындағы Банктiң кейбiр өкiлдерiнiң ЖЭҚ мүшелерi ретiнде ЖЭҚ сенiмгерлiк қорына берген гранттық қаражатына қатысты 2003 жылғы _________ ЖЭҚ Сенімгерлік Қорының Гранттық Келісімі.
      (А) Банк Банктiң атқарушы директорларының 1991 жылғы 14 наурыздағы N 91-5 шешiмiне сәйкес жаһандық қоршаған ортаны қорғауға көмек көрсету және осылайша, экологиялық негiзделген және тұрақты экономикалық дамуды алға жылжыту жөнiнде Жаһандық Экологиялық Қор құрғандығын;
      (В) ЖЭҚ қайта құрылымдалғаннан кейiн, Банктiң Директорлар Кеңесiнiң 1994 жылғы 24 мамырдағы N 94-2 шешiмi негiзiнде қабылданған мұндай шаралар Сенiмгерлiк Қорын құрғандығын және Банктi ЖЭҚ Сенiмгерлiк қорының қамқоршысы қылып сайлағандығын (N 94-2 шешiм);
      (С) ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының екiншi толықтыруы Банктiң Директорлар Кеңесiнiң 1998 жылғы 14 шiлдедегi N 98-2 шешiмi негiзiнде мақұлданғандығын (N 98-2 шешiм);
      (D) ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының үшiншi толықтыруы Банктiң Директорлар Кеңесiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсанындағы N 2002-0005 шешiмi негiзiнде мақұлданғандығын (N 2002-0005 Шешiм);
      (Е) Алушы осы Келiсiмнiң (Жоба) 2-қосымшасында сипатталған жобаның орындалатындығына және басымдылығына куәланғаннан кейiн, Жобаны ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының қаржы көздерiнен қаржыландыруға ықпал ету туралы өтiнiш бiлдiргенiн және берiлген өтiнiш N 94-2 шешiммен мақұлданған Қайта құрылымдалған Жаһандық Экологиялық Қор мекемесiнiң шарттарына сәйкес мақұлданғандығын, және N 94-2 шешiмге сәйкес ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының бастапқы толықтыру қаражатын қамтуы мүмкiн N 98-2 Шешiмге сәйкес ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорына салынатын салымдардан қаржыландырылуы тиiс екендiгiн назарға ала отырып;
      Банк жоғарыда сипатталғандардың негiзiнде осы Келiсiмде тұжырымдалған шарттарды сақтаған кезде ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының Грантын Алушыға берудi ұзартуға келiсетiндiктен;
      Тараптар мына төмендегiлерге келiседi:

1-бап
Жалпы шарттар

      1.01 (а) бөлiм. Осы бөлiмнiң (жалпы шарттар) (b) параграфында тұжырымдалған өзгерiстерiмен бiрге банктiк қарыздар мен 1985 жылғы 1 қаңтардағы кепiлдiк келiсiмдерге қолданылатын Жалпы Шарттардың мынадай ережелерi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайды:
      i) І-бап.
      іі) 2.01 (1), (2), (3), (4), (6), (8), (9), (10), (11), (15), (18) және (20), 2.02 және 2.03 бөлiмдер
      ііi) 3.01-бөлiм
      iv) 4.01-бөлiм және 4.09-бөлiмнiң бiрiншi сөйлемi
      v) v Бап
      vi) 6.01, 6.02 (а), (с) (d) (e) (f) (i) және (k), 6.03, 6.04 және 6.06 бөлiмдер
      vii) 8.01 (b) бөлiмi
      viii) 9.01 (а) және (с), 9.04, 9.05, 9.06, 9.07, 9.08 және 9.09-бөлiмдер
      ix) 10.01, 10.03 және 10.04-бөлiмдер
      х) XI бап; және
      xi) 12.01 (с), 12.03 және 12.04-бөлiмдер.
      (б) Жалпы шарттар былайша өзгертiлетiн болады:
      i) 2.01 (8) және содан кейiн 6.02 (f) бөлiмдерiнен басқа Жалпы Шарттарда қолданылатын "Банк" терминi және осындай терминнiң 5.01-бөлiмде соңғы рет қолданылуы 6.02-бөлiмде "Банк" терминiнiң өз құзiретiнде әрекет ететiн Банктi бiлдiруi тиiстiгiн қоспағанда, ЖЭҚ-дың атқарушы агенттiгi ретiнде әрекет ететiн Банктi бiлдiредi;
      iі) Жалпы Шарттарда қолданылатын "Қарыз алушы" терминi Алушыны бiлдiредi;
      iіі) Жалпы Шарттарда қолданылатын жердiң бәрiнде "Қарыз бойынша Келiсiм" терминi осы Келiсiмдi бiлдiредi;
      iv) "Қарыз" және "қарыздар" терминдерi Жалпы Шарттардың қай жерiнде қолданылмасын, ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының Гранты дегендi бiлдiредi;
      v) "Қарыз шоты" терминi Жалпы Шарттардың қай жерiнде қолданылмасын, ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының шотын бiлдiредi;
      vi) 5.01-бөлiмнiң екiншi сөйлемi өзгертiлген және Банк пен Алушы өзгеше келiспеген жағдайды қоспағанда, шоттан: Банктiң мүшесi болып табылмайтын кез-келген басқа елдiң аумағында жасалатын шығыстар немесе осы аумақтарда шығарылған тауарларға немесе ұсынылатын қызметтерге (а); немесе адамдарға немесе ұйымдарға немесе кез-келген импортталатын тауарлар үшiн ақы төлеу мақсатында, егер мұндай ақы немесе импорт Банктiң пiкiрi бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауында қабылданған Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған болса (b), қаржы бөлiнбейдi деп оқылуы тиiс; және
      vii) Жалпы Шарттардың 6.02-бөлiмiнде (j) тармақшасынан кейiн жаңа тармақша қосылды: "eгep ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының Гранты бойынша кез келген кейiнгi шығыстар ЖЭҚ қаражатын жұмсаудың қол жетiмдi ресурсынан асып кеткен жағдайда, төтенше жағдай туындайды".
      1.02-бөлiм. Жалпы Шарттардың кейбiр терминдерi осы келiсiмнiң қай жерiнде қолданылса да, егер осы Келiсiмнiң мазмұнымен, сондай-ақ сипатталуында өзгеше көзделмесе, тиiстi белгiлi бiр мәндi болады және мынадай қосымша терминдердiң мынадай мәнi болады:
      (а) "ҚОБЖ" 2002 жылғы 24 сәуiрдегi қабылданған Қоршаған Ортаны Басқару Жоспарын бiлдiредi;
      (b) "ҚМЕ" осы Келiсiмнiң 4.02-бөлiмiне сәйкес дайындалған Қаржы Мониторингi жөнiндегi кез келген Есептердi бiлдiредi;
      (с) "ҚОҚМ" Қазақстан Республикасының Қоршаған Ортаны Қорғау Министрлiгiн бiлдiредi;
      (d) Осы Келiсiмнiң 5.01-бөлiмiне сәйкес құрылған Жобаны Басқару тобын бiлдiредi;
      (e) ЖБК Қоршаған Ортаны Қорғау Министрлiгiнiң, Ауыл Шаруашылығы Министрлiгiнiң, Экономика және Бюджеттi Жоспарлау Министрлiгiнiң, жергiлiктi басқару органдарының өкiлдерiнен, Жобаның орындалуын қадағалау үшiн қоғам мен жеке сектор өкiлдерiнен тұратын Жоба бойынша Басқару Комитетiн бiлдiредi;
      (f) "iрiктелген аудан" Шет ауданын немесе Алушы (Қарыз алушы) мен Ассоциация араға уақыт салып келiсе алатын өзгерiстерге қарай Алушының (Қарыз алушының) кез келген басқа ауданын бiлдiредi;
      (g) "Арнайы шот" осы Келiсiмнiң 2.02 (b) бөлiмiнде айтылған шотты бiлдiредi.

II бап
ЖЭҚ Сенімгерлік қорының гранты

      2.01-бөлiм. Банк осы Келiсiмде анықталған шарттарда және ережелерде 5 270 000 АҚШ долларына (бec миллион екi жүз жетпiс мың АҚШ доллары) баламалы мөлшерде әр түрлi валюталарда ЖЭҚ Сенiмгерлiк Қорының Грантын беруге келiседi.
      2.02-бөлiм. (А) ЖЭҚ Грантының қаражаты Жобаны iске асыру үшiн талап етiлетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн қажеттi жүргiзiлген шығындарды төлеу үшiн (немесе, Банктiң келiсiмiмен жоспарланған шығыстарға ақы төлеу үшiн) осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының белгiлi бiр шарттарына сәйкес ЖЭҚ гранттық шотынан алуына алады.
      (В) Алушы Жобаның мүдделерiнде жоюдан, тәркiлеуден немесе жауып тастаудан тиiстi қорғауды қоса алғанда, Банктi қанағаттандыратын шарттарда және өкiлеттерде АҚШ долларында арнайы депозиттiк шотты (Арнайы шот) аша және ұстай алады.
      2.03-бөлiм. Соңғы мерзiмi - 2009 жылғы 31 наурыз немесе Банк белгiлейтiн кез келген неғұрлым кеш мерзiм. Банк Алушыны неғұрлым кеш мерзiм туралы тез арада хабардар етуi тиiс.

III бап
Жобаның орындалуы

      3.01 бөлiм. (А) Алушы осы Келiсiмнiң 2-қосымшасында айтылғандай, Жобаға қатысты өзiнiң мiндеттемелерi туралы жариялайды және осы мақсатта Жобаны ЖБТ арқылы тиiстi ықыласпен және тиiмдiлiкпен iске асырады және тиiстi әкiмшiлiк және қаржылық тәсiлдерге сәйкес және қоршаған орта факторларына деген тиiстi қарым-қатынаспен және қажеттiлiгiне қарай құралдармен, үй-жаймен, қызметтермен және Жобаны icкe асыру үшiн талап етiлетiн басқа да ресурстармен қамтамасыз етедi.
      (b) осы Бөлiмнiң (а) параграфының ережелерiн шектемей және Банк пен Алушының басқа келiсiмге келетiндiгi қоспағанда, Алушы осы Келiсiмiнiң 4-қосымшасында анықталған Iске асыру бағдарламасына сәйкес жобаны iске асыратын болады.
      3.02-бөлiм. Банк басқа келiсiмге келетiн жағдайларды қоспағанда, Жоба үшiн талап етiлетiн және ЖЭҚ Грантының қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен консультанттар қызметiн алу осы Келiсiмнiң 3-қосымшасының шарттарына сәйкес реттелуi тиiс.
      3.03-бөлiм. Жалпы ережелердiң 9.08-бөлiмiнiң мақсатында және сол сияқты олардың шектелуiнсiз Алушы:
      (а) Банк қабылдаған Нұсқау негiзiнде мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi алты айдан немесе осы мақсатта Алушымен және Банкпен келiсiлген басқа да неғұрлым кешiрек күннен кешiктiрмей кейiнгi жобалау iс-қимылдарының жоспарын дайындауы және ұсынуы; және
      (b) Банкке жоғарыда көрсетiлген жоспар бойынша Алушымен пiкiр алмасу үшiн негiзделген мүмкiндiк беруi тиiс.
      3.04-бөлiм. Алушы: КОБЖ дер кезiнде iске асуы үшiн барлық қажеттi шаралар қабылдайтынына (а) және Банктi қанағаттандыратын жұмыстардың орындалу барысы туралы есепте осы шаралардың iске асырылуы жөнiндегi барлық тиiстi ақпаратты енгiзетiнiне (б) кепiлдiк бередi.
      3.5-бөлiм. Алушы 2003 жылдың қазанына дейiн Банк талаптарына сәйкес келетiн қаржы басқару жөнiндегi маманды тағайындайды.

IV бап
Қаржылық шарттар

      4.01-бөлiм. (а) 5.1. а) Алушы Жобаны немесе оның бөлiмiн iске асыруға жауапты Алушы департаменттерiнiң, агенттiктерiнiң қолданыстағы бухгалтерлiк тәжiрибесiне сәйкес жобалау операцияларды, ресурстарды ойдағыдай көрсететiн жазбалар мен шоттар жүргiзетiн болады және олардың жүйесiн жүргiзудi ұйымдастырады.
      б) Алушы ЖБТ арқылы:
      i) Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлар орындайтын аудиторлық стандарттарға сәйкес Арнайы шот бойынша қоса алғанда, осы бөлiмнiң (а) параграфында айтылған жазбалар мен шоттарды әрбiр қаржы жылы аудитке беретiн;
      іі) Банкке мүмкiндiгiне қарай, тезiрек, бiрақ әр жыл аяқталғаннан кейiн төрт айдан кешiктiрмей Банк негiздi түрде сұратқан осындай көлем мен осындай детальдарда аталған аудиторлардың осындай аудиттерi бойынша есеп беретiн; және
      iii) Мезгiл-мезгiл Банкке оның негiздi сұрауы бойынша жазбаларға, шоттар мен аудитке қатысты басқа ақпаратты беретiн болады.
      с) Шығыстар туралы растаулардың негiзiнде Гранттық шоттан қаражат алынған барлық шығындар үшiн Алушы:
      i) осы бөлiмнiң (а) параграфына сәйкес осындай шығындарды көрсететiн жазбалар мен есептер жүргiзетiн және олардың жүргiзiлуiн ұйымдастыратын;
      іі) Банк қаржы жылы аудиторлық есептi алғаннан кейiн Гранттық шоттан соңғы қаражат алынған бiр жыл бойына осындай шығыстарды растайтын барлық жазбаларды (келiсiм-шарттар, бұйрықтар, чектер, инвойстар, есепшоттар мен басқа да құжаттар) сақтайтын;
      iіі) Банктiң өкiлдерiне осы жазбаларды тексеруге мүмкiндiк беретiн; және
      iv) Осы жазбалар мен есептер осы бөлiмнiң (b) параграфында айтылған жыл сайынғы тексеруге берiлетiндiгiне, және осындай аудит туралы есеп аталған аудиторлардың әрбiр қаржы жылы көрсетiлетiн, шығындарды растайтын шоттан қаражат алулары, сондай-ақ олардың дайындығына қатысты рәсiмдер мен iшкi тексерулердiң қаншалықты дұрыстығы туралы жеке пiкiрiнен тұратындығына кепiлдiк беретiн болады.
      4.02. Алушы ЖБТ арқылы Банк талаптарына сәйкес келетiн нысанда Қаржылық Мониторинг жөнiндегi Есептi дайындауға және Банкке беруге мiндеттенедi. Осындай Есепте:
      (а) (i) Жоба қаржысының жалпы және есептi кезеңдегi көздерi мен пайдалану бағыттары белгiленедi, бұл ретте Гранттың есебiнен берiлген қаражат жеке жолмен көрсетiледi, сондай-ақ осындай қаражатты iс жүзiнде және жоспарланған пайдалану арасындағы айырмашылықтар түсiндірiледi;
      (іі) Жобаны iске асыру жөнiндегi iс жүзiндегi прогресс жалпы және есептi кезең үшiн жазылады, сондай-ақ Жобаны iс жүзiнде және жоспарланған iске асыру арасындағы айырмашылықтар түсiндiрiледi;
      (iii) Есеппен жабылатын (есептi кезең) кезең соңындағы Жоба бойынша сатып алу процестерiнiң қай деңгейде (сатып алу мәртебесi) екендiгi анықталады.
      (б) Қаржы мониторингi бойынша Бастапқы Есеп Күшiне ену күнiнен бастап бiрiншi күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күн iшiнде Банкке берiлуi тиiс және Жоба бойынша бiрiншi келтiрiлген шығыс күнiнен бастап бiрiншi күнтiзбелiк тоқсан аяқталғанға дейiнгi кезеңдi жабуы тиiс; тиiсiнше әрбiр келесi Қаржылық Мониторинг жөнiндегi Есеп келесi күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күннен кешiктiрiлмей Банкке берiлуi тиiс және осындай Есеп тиiстi күнтiзбелiк тоқсанды (есептi кезең) қамтиды.

V бап
Мерзiмнiң бiтуi

      5.01-бөлiм. Осы Келiсiм жасалған күннен кейiнгi тоқсан (90) күн мерзiмде Жалпы Шарттардың 12.04-бөлiмi мақсатында анықталған.
      5.02-бөлiм. Осы Келiсiм ЖЭҚ Грантының қаражаты толығымен жұмсалып болғанша және тараптар осы Келiсiм бойынша өздерiнiң мiндеттемелерiн орындағанша қолданылатын болады.

VI бап
Алушының өкiлдерi; Мекен-жайлары

      6.01-бөлiм. Алушының ҚОҚМ Жалпы Шарттардың 11.03-бөлiмiн жүзеге асыру үшiн Алушының өкiлi ретiнде белгiленген.
      6.02-бөлiм. Мына мекен-жайлар Жалпы Шарттардың 11.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн анықталған.

      Алушы үшiн:
      Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
      Қазақстан Республикасы
      Астана қаласы
      Жеңiс даңғылы, 31
      тел: 7 (3172) 59-19-50, 59-19-65, 59-19-71
      факс: 7(3172) 59-19-73

      Банк үшін:
      Халықаралық қайта құру және даму банкi
      International Bank for
      Reconstruction and Development
      1818 H Street N W
      Washington D С 20433
      United States of America

      Cable address                  Telex:

      INTBAFRAD                      248423 МСI
      Washington D С                  64145 МСI

      Осыны куәландыру үшін Тараптар өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерi арқылы тиiстi түрде Қазақстан Республикасының Астана қаласында жоғарыда көрсетiлген күнi және жылы осы Келiсiмге қол қойды.

      Қазақстан Республикасы

      Уәкiлеттi Өкiл

      Қайта Құру және Даму Банкі
      (ЖЭҚ-ның атқарушы агенттiгi ретiнде)

      Уәкiлеттi Өкiл

1-қосымша
ЖЭҚ Грантының қаражатын шоттан алу

      1. Төмендегi кестеде ЖЭҚ Грантының қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге арналған шығыстардың санаттары мен баптары, ЖЭҚ Гранты қаражатының әрбiр санат бойынша бөлiнуi және әрбiр санаттың баптары бойынша шығыстар пайызы келтiрiлген:

      ЖЭҚ Грантының бөлiнетiн қаражаты     Қаржыландырылатын
                                             шығыстардың %

Санаты              АҚШ долларымен         100 % шетелдiк шығын
(1) тауарлар        2 300 000              100 % жергiлiктi шығын
                                           (экс-фабрикалық құны)
                                           және 84 % жергiлiктi
                                           жерде сатып алатын
                                           басқа пункттер бойынша
                                           жергiлiктi шығындар
(2) аудиттi қоса                           81 % фирмалар үшiн
алғанда             1 650 000              және 84 % жеке адамдар
консультанттардың                          үшiн және 100 % қолданған
қызметi                                    әлеуметтiк шығындар

(3) Оқыту           320 000                100 %

(4) Өсiп отыратын   1 000 000              2005 жылдың желтоқсанына
пайдаланушылық                             дейiн 80% және онан
шығындар                                   кейiн 65%, қолданған
                                           әлеуметтiк шығыстар 100%

БАРЛЫҒЫ             5 270 000

      2. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн мынадай анықтаулар қолданылады:
      (а) "шетелдiк шығыстар" терминi осы параграфта Алушының елiнен басқа кез келген елдiң валютасымен алғандағы Алушының елiнен басқа кез келген елдiң аумағынан жеткiзiлетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге шығыстарды бiлдiредi;
      (b) "жергiлiктi шығындар" терминi Алушының валютасымен алғандағы немесе Алушының аумағынан жеткiзiлетiн қызметтер мен тауарларға шығыстарды бiлдiредi;
      (с) "оқыту" терминi барып оқыту мен семинарларды қоса алғанда, жобаға қатысы бар фермерлер мен қызметшiлердi оқыту дегендi бiлдiредi;
      (d) "өciп бара жатқан пайдаланушылық шығыстар" терминi коммуникацияны, басып шығару мен жариялауды, күнделiктi шығындарды, тасымалдауды және далаға шыққанда кететiн шығыстарды және Ассоциациямен келiсiлген басқа да сондай шығыстарды қоса алғанда, жобаның iс-шараларын iске асыру үшiн ЖБТ жасайтын кезеңдi шығыстарды бiлдiредi.
      (e) "қолданған әлеуметтiк шығыстар" терминi ЖБТ жалдау шарты бойынша Қарыз алушы белгiлеген әлеуметтiк және медициналық шығыстарға жұмыс берушiнiң және Қарыз алушы азаматтарының жеке-жеке консультанттарының қатысуын бiлдiредi.
      3. Жоғарыда көрсетiлген 1-параграфтың шарттарына қарамастан, осы Келiсiм жасалған күнге дейiн жасалған шығыстарды төлеуге шоттан қаражат бөлiнбейдi.
      4. Банк Гранттық шоттан қаражатты алу: а) 100.000 АҚШ долларынан кем баламалы құнымен келiсiм-шарттар бойынша тауарларға; б) 50.000 АҚШ долларынан кем баламалы құнымен консультациялық фирмалардың көрсететiн қызметтерiне арналған келiсiм-шарттарға; в) 25.000 доллардан кем баламалы құнымен жеке консультанттардың қызметiне; г) 25.000 АҚШ долларына дейiнгi құнмен келiсiм-шарттар бойынша оқытуға; және г) артатын пайдалану шығыстарына арналған шығыстар туралы есептердiң негiзiнде жүргiзiлсiн деп сұрата алады, әрбiр жағдайда шарттар мен өкiлеттер негiзiнде Алушыны Банк арнайы хабардар етiп отырады.
      5. Егер Банк бiр уақытта ЖЭҚ Грантының арнайы шотынан қандай да болмасын төлем осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес қолайлы емес деп табылатын шығыстарды төлеу үшiн жүргiзiлдi деп шешсе, Алушы Банктiң тиiстi хабарламасынан кейiн төлем сомасына немесе оның Банк қолайлы деп тапқан бөлiгiнiң сомасына тең соманы Банкке ЖЭҚ Грантының депозиттiк шотына тез арада өтеуi тиiс.

2-қосымша
Жобаның сипаты

      Жобаның мақсаты тым қуаңшылық жағдайдағы экожүйеде жердi пайдаланудың тұрақты жүйелерiн көрсету және жылжыту болып табылады.
      Жоба уақыт өте келе төмендегiдей мақсаттарға жету үшiн Алушымен және Банкпен келiскен кезде өзгеруi мүмкiн мынадай бөлiктерден тұрады:
      А бөлiмi. Жердi пайдаланудың тұрақты жүйелерiн дамыту.
      1. Ығыстырылып тасталған дәндi дақылдарды қалпына келтiру үшiн таңдап алынған Шет ауданында тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну.
      2. Жердiң үстiңгi қабатын жақсарту және деградацияға ұшыраған жайылымдар мен шабындықтарды басқару үшiн таңдап алынған Шет ауданында тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну.
      3. Таңдап алынған Шет ауданында жем түрiнде неғұрлым көп кiрiс әкелетiн ең төменгi баға бойынша көпжылдық және бiржылдық шөп өсiруге мүмкiндiк беретiн әртүрлi тәсiлдердi енгiзу үшiн консультациялық қызмет ұсыну.

      В бөлiмi. Өндiрушi топтарға алғашқы сервистiк көмек көрсету.
      Таңдап алынған Шет ауданында кiрiстi арттыруға ықпал ететiн мүмкiндiктердi дамыту үшiн: (а) сүт жинау мен аймақтық ауылшаруашылығы рыногы жөнiндегi орталықтарды ұйымдастыру және басқару үшiн өндiрушiлердiң жергiлiктi ассоциациясын құру; және (b) мал шаруашылығы мен егiншiлiк жөнiндегi консультациялық қызметтердi ұсыну.

      С бөлiмi. Көмiртегiнiң сiңiрiлу мөлшерiн анықтау
      Қуаң далалы экожүйелердегi көмiртегiнiң сiңiрiлу потенциалына баға беру, зерттеулерді қамтамасыз ету және эмпирикалық деректердi ұсыну үшiн консультациялық қызметтер көрсету.

      D) бөлiмi. Қоғамдық ағарту және репликация стратегиясы
      Қоғамдық ағарту стратегиясын дамыту үшiн консультациялық қызметтердi және тым құрғақ жағдайдағы жерлердегi табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға қатысты саясат пен реттейтiн құрылымды күшейтудi қоспағанда, әлеуеттi арттыру жөнiндегi iс-шараларды ұсыну.

      E бөлiмi. Жобаны басқару
      Жобалық iс-шаралардың тиiмдi iске асырылуына ықпал ету үшiн тауарлар мен консультациялық қызметтер ұсыну.
      Жоба 2008 жылғы 30 қыркүйекке қарсы аяқталады деп күтiлуде.

3-қосымша
Сатып алу

      1-бөлiм. Тауарларды сатып алу
      А бөлiмi. Жалпы ережелер
      Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер 1995 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1996 жылдың қаңтары мен тамызында, 1997 жылдың қыркүйегінде және 1998 жылдың қаңтарында қайта қаралған ХҚДБ қарыздары мен МАР кредиттерi бойынша сатып алу жөнiндегi нұсқаудың (Нұсқау) 1-бөлiмiнiң шарттарына сәйкес; және осы Қосымшаның 1-бөлiмiнiң мынадай шарттарына сәйкес сатып алынатын болады.

      Б бөлiмi. Халықаралық Бәсекелесуге қабiлеттi Сауда-саттықтар
      1. Тауарлар Нұсқаудың 2-бөлiмi мен осы Нұсқауға қосымшаның 5-параграфының шарттарына сәйкес, осы қосымшаның В бөлiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес сатылып алынуы тиiс.
      2. Келесi шарттар Б бөлiмнiң 1-параграфының шарттарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес тауарлар сатып алу үшiн қолданылатын болады.
      (а) Келiсiм-шарттарды топтау
      Шынайылық дәрежесiне қарай, құны 100.000 АҚШ долларына баламалы немесе одан жоғары тауарларды сатып алуға келiсiм-шарттар үлкен лоттарға топталуы тиiс.
      (б) Отандық өндiрiстiң тауарларына артықшылықтар беру және iшкi келiсiм-шарттар
      Нұсқаудың 2.54 және 2.55-параграфтарының және 2-қосымшасының шарттары Алушының (Қарыз алушының) аумағында тауарлар сатып алу үшiн қолданылатын болады.
      (в) Шақыру және Жарнама
      Құны 10.000 000 АҚШ долларына баламалы және одан жоғары әрбiр келiсiм-шарт бойынша алдын ала бағалауға немесе тендерге қатысуға шақыру Нұсқаудың 2.8-параграфына сәйкес үлкен келiсiм-шарттар үшiн қолайлы рәсiмдерге сәйкес жариялануы тиiс.

      В бөлiм. Сатып алу бойынша басқа да рәсiмдер
      1. Халықаралық сатып алу.
      Әрбiр келiсiм-шарт бойынша құны кемiнде 100.000 АҚШ долларына баламалы тауарлар Нұсқаудың 3.5 және 3.6-параграфтарының шарттарына сәйкес халықаралық сатып алудың рәсiмдерi негізiнде жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес алынуы тиiс.
      2. Ұлттық сатып алу.
      Әрбiр келiсiм-шарт бойынша құны кемiнде 50.000 АҚШ долларынан тауарлар Нұсқаудың 3.5 және 3.6-параграфтарының шарттарына сәйкес ұлттық сатып алудың рәсiмдерi негiзiнде жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес алынуы тиiс.
      3. Келiсiм-шарттарды тiкелей жасасу.
      Түпкi жеткiзушiден алынуы тиiс, қолда бар жабдыққа дәл келетiн және 220 000 АҚШ долларынан кем немесе жиынтық баламалы құнымен тауарларды Нұсқаудың 3.7-параграфының шарттарына сәйкес Банкпен алдын ала келiскен кезде сатып алуға болады.
      4. Тұлғалар (қоғамдар) топтарының қатысуы
      Фермерлерге арнайы тұқым өндiруге қолдау көрсетудi, оларды басқа фермерлердiң сатып алуын немесе басқа фермерлерге берiлуiн қамтитын 1 800 000 АҚШ долларына бағаланған баламалы құн көлемiндегi дала жұмыстары Нұсқаудың 3.15-параграфының қосымшаларына сәйкес Жоба дайындау жөнiндегi топ дайындаған нұсқауға сәйкес сатып алынуы тиiс.

      Г бөлiмi. Банктi сатып алу туралы шешiмдi қарауы
      1. Сатып алуды жоспарлау
      Келiсiм-шарт жасасуға (сауда-саттыққа қатысуды алдын ала бағалау үшiн немесе) тендерге қатысу үшiн Жоба бойынша сатып алудың ұсынылған жоспары Нұсқаудың 1-қосымшасы 1-параграфының шарттарына сәйкес алдын ала қарау және мақұлдау үшiн Банкке ұсынылуы тиiс. Барлық тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу Банк мақұлдаған сатып алу жоспарына сәйкес және жоғарыда аталған 1-параграфының шарттарына сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
      2. Алдын ала қарау.
      (а) Б бөлiмi бойынша әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Нұсқауға қосымшаның 2 және 3-параграфтарында анықталған сатып алу рәсiмдерi қолданылуы тиiс.
      (б) В бөлiмi бойынша әрбiр бiрiншi келiсiм-шартқа қатысты мынадай рәсiмдер қолданылуы тиiс:
      - сатып алу рәсiмдерi бойынша қандай да болмасын берушiнi iрiктеуге дейiн Алушы (Қарыз алушы) Банкке алған өтiнiмдерi бойынша салыстырмалы және бағалау есептерiн ұсынуы тиiс;
      - сатып алу рәсiмдерiне сәйкес жасасқан келiсiм-шарттар әрекет еткенге дейiн Алушы (Қарыз алушы) Банкке спецификациялардың көшiрмесi мен келiсiм-шарт жобасын ұсынуы тиiс; және
      - Нұсқауға 1-қосымшаның 2 (e), 2 (ж) және 3-параграфтарында анықталған рәсiмдерге сүйену қажет.
      3. Кейiннен қарау.
      Осы бөлiмнiң 2-параграфының ережелерiмен реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Нұсқауға қосымшаның 4-параграфында айтылған рәсiмдер қолданылады.
      2. Консультанттардың қызмет көрсетуi.
      А бөлiмi. Жалпы ережелер.
      Консультанттар көрсететiн қызметтер 1997 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1997 жылдың қыркүйегiнде, 1999 жылдың қаңтары мен 2002 жылдың мамырында қайта қаралған Дүниежүзiлiк Банк қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi және жалдауы жөнiндегi нұсқаудың (Консультанттар жөнiндегi нұсқау) I және IV бөлiмдерiнiң, 1-қосымшаның 1-параграфының сонда, 2-қосымшаның шарттарына сәйкес; және осы бөлiмiнiң келесi 2-тармағының шарттарына сәйкес сатып алынатын болады.
      Б бөлiмi. Сапа мен құнға негiзделген iрiктеу.
      1. Осы бөлiктiң В бөлiмiнде көрсетiлген жағдайлардан басқа, консультанттардың қызмет көрсетулерi консультанттар жөнiндегi нұсқаудың II бөлiмiнiң шарттарына және сапа мен құнға негiзделген iрiктеуге қолданылатын 3.13 бастап 3.18 дейiнгi тармақтардың шарттарына сәйкес төленетiн келiсiм-шарт негiзiнде сатып алынатын болады.
      2. Келесi шарттар алдыңғы параграфтың шарттарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттарға сай консультанттардың қызметiн сатып алу үшiн қолданылатын болады; құны әрбiр келiсiм-шарт бойынша 100.000 АҚШ долларына кем болатын қызмет көрсетуге арналған консультанттардың қысқа тiзiмi 2.7-параграфтың және консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 8-ecкертуінің шарттарына сәйкес толығымен ұлттық консультанттардан тұра алады.

      В бөлiмi: Консультанттарды iрiктеу жөнiндегi басқа да рәсiмдер.
      1. Белгiленген бюджетке сәйкес iрiктеу.
      Қоғамдық ағарту жөнiндегi кампанияның мiндеттерiн орындауға арналған қызметтер Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 3.1 және 3.5-параграфының шарттарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес төленуi мүмкiн.
      2. Консультантты бiлiктiлiгiне сәйкес iрiктеу.
      Құны кемiнде 100.000 АҚШ долларына баламалы аудит бойынша қызмет көрсетулер Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 3.1 және 3.7-параграфтарының шарттарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес төленуi мүмкiн.
      3. Қызмет көрсетудiң бiр ғана көзiн iрiктеу.
      Банкпен алдын ала келiсу бойынша топырақ үлгiлерiн алу мен талдауды, модель жасауды қамтитын көмiр қышқыл газының сiңiрiлу деңгейiн бағалау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтер Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 3.8 және 3.11-параграфтарының шарттарына сәйкес төленуi мүмкiн.
      4. Жеке консультанттар.
      Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 5.1-тармағында айтылған талаптарға жауап беретін мiндеттердi орындау үшiн жеке консультанттардың қызметi Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 5.1 және 5.3-тармақтарының шарттарына сәйкес жеке консультанттарға төленетiн келiсiм-шарттар негiзiнде сатып алынатын болады; және жобаның В және Г бөлiмдерi бойынша көрсетiлетiн қызметтер банк алдын ала мақұлдаған жағдайда Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 5.3 және 5.4-тармақтарының шарттарына сәйкес қызмет көрсетудiң бiр ғана көзi негiзiнде төленетiн болады.

      Г бөлiмi. Банктiң консультанттарды iрiктеудi қарауы
      1. Ірiктеудi жоспарлау.
      Консультанттардан Банктiң қарауы және мақұлдауы үшiн қызмет көрсетуге өтiнiмдер алғанға дейiн келiсiм-шарттардың құнын бағалаудан, келiсiмдер пакетiнен, iрiктеу өлшемдерi мен рәсiмдерден тұратын консультанттарды iрiктеу жоспары ұсынылуы тиiс. Консультанттарды iрiктеу жоспары iрiктеудiң (apa-арасында жаңарып отыратын) және Банк мақұлдаған осы жоспарына сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
      2. Алдын ала қарау.
      (а) Құны 90.000 АҚШ долларына тең және одан жоғары консультациялық фирманың жалдау туралы әрбiр келiсiм-шартқа қатысты консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 1-қосымшасының 2, 3 және 5-тармақтарында белгiленген рәсiмдер қолданылуы тиiс.
      (б) Қызмет көрсетудiң бiр ғана көзi негiзiндегi жеке консультанттарды жалдау туралы немесе құны 25.000 AҚШ долларына тең және одан жоғары әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Банктiң қарауы мен мақұлдауына кандидаттардың бiлiктiлiгi мен тәжiрибесiн салыстыру туралы есеп, консультанттардың бiлiктiлiгi, тәжiрибесi, техникалық тапсырмасы және жалдау шарттары туралы деректер берiлуi тиiс. Келiсiм-шарт көрсетiлген мақұлдауды алғаннан кейiн ғана жасалады. Сол сияқты мұндай келiсiм-шарттарды жасасу үшiн Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 1-қосымшасы 3-тармағының шарттары қолданылатын болады.
      3. Кейiннен қарау.
      Осы бөлiмнiң 2-тармағымен реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Консультанттар жөнiндегi нұсқаудың 1-қосымшасының 4-тармағында айтылған рәсiмдер қолданылатын болады.

4-қосымша
Арнайы шот

      1. Бұл қосымшаның мақсаттары үшiн:
      (а) "тиiстi санаттар" терминi осы Келiсiмге қосымшаның 1-параграфының кестесiнде берiлген (1)-ден (4)-кe дейiнгi санаттарды бiлдiредi.
      б) "тиiстi шығыстар" терминi Жобаны iске асыру үшiн талап етiлетiн, ЖЭҚ Грантының қаражатынан қаржыландырылатын, уақыт өте келе тиiстi санаттар үшiн осы Келiсiмге қосымшаның ережелерiне сәйкес бөлiнетiн, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң орынды құнына сәйкес шығысты бiлдiредi.
      в) "Рұқсат етiлген сома" терминi 400 000 АҚШ долларына тең, Грант шотынан алынған және осы Қосымшаның 3 (а) параграфына сәйкес арнаны шотта орналастырылған соманы бiлдiредi, егер Банк өзге шешiм көздемеген жағдайда, ЖЭҚ Грантының шотынан алынған сома мен жалпы ережелердiң 5.02-бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық төленбеген арнайы мiндеттемелердiң қосындысы 1 500 000 АҚШ долларына тең болмайынша немесе одан аспайынша, рұқсат етiлген сома 200 000 АҚШ долларына баламалы сомаға дейiн шектелетiн болады.
      2. Осы арнайы шоттан төлемдер осы Қосымшаның шарттарына сәйкес тек тиiстi шығындарға берiлетiн болады.
      3. Банк Арнайы шоттың тиiстi деңгейде ашылатындығын растайтын мәлiмет алғаннан кейiн рұқсат етiлген қаражатты алу және арнайы шотты толықтыру үшiн кейiннен алу мынадай тәртiппен жүргiзiлуi тиiс:
      а) рұқсат етiлген жерiнен қаражатты алу үшiн Алушы Банкке Арнайы шотқа жалпы көлемi рұқсат етiлген мөлшерден аспайтын соманы немесе сомаларды орналастыруға өтiнiш немесе өтiнiштер бередi. Мұндай өтiнiмнiң негiзiнде Банк Алушының атынан Гранттық шоттан Алушы сұратқан соманы немесе сомаларды алады да, Арнайы шотқа салады.
      б) (і) Арнайы шотты толықтыру үшiн Алушы Банкке Банк белгiлеген мерзiммен арнайы шотқа қаражат салуға өтiнiш бередi.
      ii) Әрбiр осындай өтiнiммен бiрге Алушы Банкке осы толықтырудың 4-тармағына сәйкес төлеудi немесе төлемдердi талап ететiн құжаттарды немесе басқа да дәлелдердi бередi. Осындай өтiнiмнiң негiзiнде Банк Алушының мүддесi үшiн ЖЭҚ Грантының шотынан қаражат алады. Алушы сұратқан және тиiстi шығындарды жабу үшiн Арнайы шоттан қаражаттың төленуi үшiн тиiстi құжаттармен немесе басқа да дәлелдермен расталған соманы арнайы шотқа салады. Бұл салымдардың барлығын Банк Гранттық шоттан аталған құжаттармен немесе басқа да дәлелдермен расталатын тиiстi баптар бойынша және тиiстi ақшалай балама түрiнде ала алады.
      4. Арнайы шоттан Алушы жүргiзген әрбiр төлем бойынша Алушы алдағы уақытта Банктiң негiзделген өтiнiшi бойынша Банкке төлемнiң тек қана тиiстi шығындарға жiберiлгендiгiн растайтын құжаттарды немесе дәлелдердi көрсетедi.
      5. Осы қосымшаның 3-тармағының шарттарына қарамастан:
      а) егер, кез келген уақытта Банк әрi қарай қаражат алу тiкелей жалпы ережелердiң 5-бабының шарттарына және осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiмiнiң (а) параграфына сәйкес ЖЭҚ Грантының шотынан жүргiзiлетiн болады деп шешсе;
      б) егер Алушы осы Келiсiмнiң 4.01. б) ii) бөлiмiнде көрсетiлген уақыт iшiнде осы бөлiмге сәйкес Банкке беру үшiн талап етiлетiн, арнайы шот бойынша жазбалар мен есептер аудитiне жататын аудиторлық есептердiң бiрiн бермесе;
      в) Егер Банк Жалпы Ережелердiң 6.02-бөлiмiнiң шарттарына сәйкес ЖЭҚ Грантының шотынан қаражат алуға деген Алушының құқығын толықтай немесе iшiнара тоқтату туралы өзiнiң ойын кез келген уақытта бiлдiрсе; немесе
      г) ЖЭҚ Грантының қалған қаражатының жалпы сомасы минус жоба бойынша жалпы ережелердiң 5.02 бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық төленбеген арнайы мiндеттемелердiң барлық сомасы рұқсат етiлген соманың екi есесiне балама болып шықса, арнайы шотқа әрi қарай қаржы салу туралы өтiнiшiн қанағаттандырмайтын болады.
      Тиiстi санаттарға бөлiнген, ЖЭҚ Грантының қалған қаражатын Гранттық шоттан алу Банк Алушыны арнайы хабардар ететiн рәсiмдерге сәйкес жүретiн болады. Мұндай алу арнайы шотта қалған қаражат тиiстi шығындарды жабуға кететiндiгiн растайтын хабарды алғаннан кейiн және жағдайда жүзеге асырылатын болады.
      6. а) Егер де Банк кез келген уақытта Арнайы шоттан қандай да болмасын төлем:
      i) осы Қосымшаның 2-параграфына сәйкес емес шығындарға немесе мөлшерде жүргiзiлгендiгін анықтаса; немесе
      ii) Банкке берiлген дәлелмен расталмаса, Алушы Банктiң хабарламасын алғаннан кейiн бiрден: А) Банктiң өтiнiшi бойынша мұндай дәлелдi тапсырады; немесе Б) Арнайы шотқа (немесе Банктiң өтiнiшi бойынша) сәйкес келмейтiн немесе расталмаған төлемнiң немесе оның бөлiгiнiң сомасына тең соманы салады. Егер Банк өзгеше көрсетпесе, оқиғасына байланысты Банк Алушы осындай дәлелдердi бергенше немесе осындай салымды жүзеге асырмағанша немесе орнын толтырмағанша Арнайы шотқа одан әрi салым салуды жүргiзбейдi.
      б) Егер Банк қандай да болмасын уақытта Арнайы шотта қалған сома тиiстi шығыстарға одан әрi төлем төлеу үшiн талап етiлмейдi деп анықталса, Алушы бiрден Банк хабарлама жасағаннан кейiн Банкке осы қалған соманы өтейдi.
      в) Алушы Банктi осындай ниетi туралы хабардар етiп Арнайы Шотта депозиттегi қаражатты Банкке толық немесе iшiнара қайтаруға құқылы.
      г) Осы Қосымшаның 6 п. (а), (б) және (в) параграфына сәйкес Банкке қайтарылған (өтелген) қаражат Жалпы Шарттардың ережелерiн қоса алғанда, осы Келiсiмнiң қолданылатын ережелерiне сәйкес кейiннен алу немесе жою үшiн ЖЭҚ Сенiм Қорының Гранттық Шотына алынатын болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады