1997 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсімдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы техникалық көмек көрсету жөнiндегi ноталар алмасу нысанындағы жобалық келiсiмдер (бұдан әрi - жобалық келiсiмдер) жобалары мақұлдансын:
1) "Таңдап алынған өңiрлердегi экономикалық дамуға көмек көрсетудің модельдiк құрылымдарын жасау";
2) "Зерттеулер және мамандар қоры".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев жоғарыда көрсетiлген ноталар алмасу нысанындағы жобалық келiсiмдерге қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 22 тамыздағы
N 847 қаулысымен
мақұлданды
Германия Федеративтiк
Республикасының Елшiсi Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi мырза,
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi арасындағы 1997 жылғы 26 қарашадағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi орындау үшiн және Германия Федеративтiк Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы 2000/2001 жылдары дамуға көмек көрсету саласындағы екi жақты ынтымақтастық туралы 2000 жылғы 28 қыркүйектегi үкiмет келiссөздерi нәтижелерi хаттамасының 1.2-тармағының 2-тармақшасына сiлтеме жасай отырып, Сiзге Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң атынан "Таңдап алынған өңiрлердегi экономикалық дамуға көмек көрсетудiң модельдiк құрылымдарын жасау" жобасын (жобаның бұрынғы атауы: "Iстi жаңа бастаған кәсiпкерлер мен шағын және орта кәсiпорындарға көмектесу") жалғастыру туралы төмендегi уағдаластықты ұсынуды өзiме құрмет санаймын:
1. Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi "Таңдап алынған өңiрлердегi экономикалық дамуға көмек көрсетудiң модельдiк құрылымдарын жасау" жобасын жалғастыруды бiрлесiп қолдайтын болады.
2. Жобаның мақсаты - қазақстанның таңдап алынған аймақтарында (Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) iстi жаңа бастаған кәсiпкерлердiң, сондай-ақ шағын және орта кәсiпорындардың ойдағыдай дербес-экономикалық қызметпен айналысуы үшiн жағдайды жақсарту.
Жоғары Мәртебелi
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi
Қасымжомарт Тоқаев мырзаға
Астана қаласы
3. Германия Федеративтiк Республикасы Yкiметiнiң осы жоба шеңберiндегi мiндеттемелерi:
Ол
а) мыналарды:
- 44 адам - айға дейiн мерзiммен шағын және орта кәсiпорындарға жәрдемдесу жөнiнде үш маманды;
- қаржыландыру, өнiм әзiрлеу, кәсiпкерлiк бiрлестiктердi дамыту және бiлiктiлiктi арттыру сияқты шағын және орта кәсiпорындарға қолдау көрсетудiң арнайы салалары бойынша 16 адам - айға дейiн жалпы мерзiммен қысқа кезеңдерге сарапшыларды;
- қажет болған жағдайда Герман техникалық ынтымақтастық қоғамының (ГТЦ) жас кадрларға көмектесудiң жеке қаржыландырылатын бағдарламасы шеңберiнде жобаны iске асыру үшiн жұмыс iстейтiн және жоба бойынша арнайы тапсырмалар орындайтын жоба ассистенттерiн және/немесе тәлiмгерлерiн өздерi үйренуi және бiлiктiлiгiн арттыруы мақсатымен iссапарға жiберiп тұрады;
б) жергiлiктi жерлерде
- 18 адам-айға дейiн жалпы мерзiммен ұзақ кезеңге үйлестiрушi ретiнде бiр маман;
- 414 адам-айға дейiн жалпы мерзiммен мамандар мен техникалық қызметшiлер;
- 40 адам-айға дейiн жалпы мерзiммен қысқа кезеңдерге жергiлiктi мамандарды бередi;
в) атап айтқанда, үш жобалау бюросын жаңғырту және қосымша жарақтандыру үшiн жалпы құны 120.000 (жазбаша: жүз жиырма мың) немiс маркасына дейiн тиiсiнше 61.355,03 (жазбаша: алпыс бiр мың үш жүз елу бес евро және үш цент) евроға дейiн болатын керек-жарақ заттар (офистiк жабдық, деректердi электрондық жолмен өңдеуге арналған аппаратура) жеткiзiп бередi;
г) мыналарды:
- iссапарға жiберiлген мамандардың еңбекақысын төлеу;
- iссапарға жiберiлген мамандарды және олардың отбасы мүшелерiн орналастыру;
- "в" тармақшасында көрсетiлген материалдарды сатып алу;
- iссапарға жiберiлген және жергiлiктi жерлерде тартылған мамандардың Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi қызметтiк сапарлары;
- жоба iске асырылатын жерге дейiн осы тармақтың "с" тармақшасына сәйкес жеткiзiп берiлетiн керек-жарақ заттарды тасымалдау және сақтандыру;
- жәрмеңкелерге бару (iшiнара қаржыландыру), жұртшылықпен жұмыс iстеу, жергiлiктi жерлерде арнайы тақырыптар бойынша зерттеулер жүргiзу, герман салымын басқару, iссапарға жiберiлгендер және жергiлiктi жерлерде тартылған мамандар пайдаланатын қызметтік көлiк құралдарын пайдалану және күтіп ұстау жөнiндегi шығындарды өз мойнына алады;
д) әрiптес-мамандардың, сондай-ақ iстi жаңа бастаған, шағын және орта кәсiпкерлердiң, оның iшiнде қайтып келгеннен кейiн жобаға қатыстырылатын және iссапарға жiберiлген мамандардың мiндеттерiн орындауды одан әрi өздiгінен жалғастыратын олардың қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды жобадан тыс жүргiзуге дайын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы жоба шеңберiндегi мiндеттемелерi:
Ол
а) мыналарды:
- жоба iске асырылатын жергiлiктi жерлерде байланыс жасап тұратын әрiптестер, сондай-ақ қажеттi қызметшiлер;
- жобаны басқару жөнiндегi комитеттiң төрағасын;
- Германия Федеративтiк Республикасы шығындарын өзi көтермейтiн болса, қажеттi жер телiмдерiн, ғимараттар, үй-жайлар мен офистер;
- мамандар даярлау және олардың бiлiктiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларға қатысу үшiн алатын айлықақыларын сақтай отырып, олардың жұмыс орындары (лауазымдары) сақталып, қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылатын қызметкерлер бередi.
б) мыналарды:
- Германия Федеративтiк Республикасының Yкіметi жобаның ағымдағы шығындарын мойнына алмаған жағдайда оларды;
- iстi жаңа бастаған, шағын және орта кәсiпкерлерге бiрқалыпты және ойдағыдай экономикалық қызмет атқаруға мүмкiндiк беретiн жағдайларды;
- жобаны iске асыру үшiн басқа да маңызды мекемелермен және басқа өзге донорлармен жобалау жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
в) iссапарға жiберiлген мамандарға оларға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде барынша қолдау көрсетедi және олардың қарауына барлық қажеттi құжаттаманы бередi;
г) жобаны толассыз жүзеге асыру мақсатында дербес сараланған бюджеттiк жоспарлауды қамтамасыз етедi.
5. Іссапарға жiберiлген мамандар қазақстандық әрiптес-мамандарға консультациялар бередi және оларға:
а) iстi жаңа бастаған кәсiпкерлер, сондай-ақ шағын және орта кәсiпорындар үшiн қажет жағдайларды реформалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
б) iстi жаңа бастаған кәсiпкерлерге, сондай-ақ шағын және орта кәсiпорындарға жәрдем берудiң неғұрлым тиiмдi саясатын жүргiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
в) жоба iске асырылатын жерлерде бiрлестiктер және басқа да жеке экономикалық ұйымдар шағын және орта кәсiпорындарға қызмет көрсету жөнiнде шаралар әзiрлеуi кезiнде оларға қолдау көрсету;
г) бизнес-консультанттар мен iстi жаңадан бастағандардың, шағын және орта кәсiпкерлердiң, сондай-ақ олардың қызметкерлерiнiң бiлiктiлігін арттыру;
д) iстi жаңадан бастаған кәсiпкерлерге, сондай-ақ шағын және орта кәсiпорындарға бастапқы кезеңде консультациялар беру;
e) шағын және орта кәсiпорындарға бастапқы капиталға және кредитке қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мiндеттерiн шешу кезiнде оларға жәрдем бередi.
6. Орындаушы-ұйымдарды тағайындау:
а) Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi өзiнiң мiндеттемелерiн орындауды Герман техникалық ынтымақтастық қоғамына (ГТЦ, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, Эшборн қаласы) тапсырады;
б) Қазақстан Республикасының Үкiметi жобаны жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне (Астана қаласы), сондай-ақ уәкiлеттi орган ретiнде Индустрия және сауда министрлігіне тапсырады. Уәкiлеттi мекеме жекелеген компоненттердiң ерекшелiгiне байланысты көпжақты әрiптес құрылымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының қалалық және облыстық әкiмшiлiктерi басты әрiптестер болып табылады;
в) осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларына сәйкес уәкiлеттi орындаушылар жобаны жүзеге асырудың егжей-тегжейiн бiрлесе отырып жедел түрде немесе басқа бiр ыңғайлы жолмен анықтайды және қажет болған жағдайда, оларды оны жүзеге асыру барысымен үйлестiредi.
7. Жоба орындалмаған немесе тек iшiнара орындалған жағдайда ол, екi Yкiметтiң арасындағы келiсiм бойынша, басқа жобамен ауыстырылуы мүмкiн.
8. Қалған тұсында жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 26 қарашадағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң ережелерi қолданылады.
9. Осы Келiсiм немiс, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады, барлық мәтiндердiң де күшi бiрдей. Осы келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiнге басымдық берiледi.
Қазақстан Республикасының Yкiметi 1-9-тармақтарда көрсетiлген ұсыныстармен өзiнiң келiсетiнiн мәлiмдеген жағдайда, осы нота және Сiздiң Үкiметiңiздiң келiсiмiн бiлдiретiн Жоғары Мәртебелi сiздiң жауап нотаңыз бiздiң Үкiметтерiмiздiң арасындағы Келiсiм болып табылады, ол Сiздiң жауап нотаңыз алынған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi мырза, менiң Сiзге деген аса жоғары құрмет сезiмiмдi қабыл алыңыз.
(Андреас Кертинг)
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi Астана қаласы
Жоғары Мәртебелiм,
Сiздiң _______ жылғы ______ N ___ нотаңызды алғанымды хабарлау құрметiне иемiн, оның мәтiнi төменде келтiрiлiп отыр:
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi мырза,
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi арасындағы 1997 жылғы 26 қарашадағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi орындау үшiн және Германия Федеративтiк Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы 2000/2001 жылдары дамуға көмек көрсету саласындағы екi жақты ынтымақтастық туралы 2000 жылғы 28 қыркүйектегi үкiмет келiссөздерi нәтижелерi хаттамасының 1.2-тармағының 2-тармақшасына сiлтеме жасай отырып, Сiзге Германия Федеративтiк Республикасы Yкiметiнiң атынан "Таңдап алынған өңiрлердегi экономикалық дамуға көмек көрсетудiң модельдiк құрылымдарын жасау" жобасын (жобаның бұрынғы атауы: "Iстi жаңа бастаған кәсiпкерлер мен шағын және орта кәсiпорындарға көмектесу") жалғастыру туралы төмендегі уағдаластықты ұсынуды өзіме құрмет санаймын:
1. Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi "Таңдап алынған өңiрлердегi экономикалық дамуға көмек көрсетудiң модельдiк құрылымдарын жасау" жобасын жалғастыруды бiрлесiп қолдайтын болады.
2. Жобаның мақсаты - Қазақстанның таңдап алынған аймақтарында (Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) iстi жаңа бастаған кәсiпкерлердiң, сондай-ақ шағын және орта кәсiпорындардың ойдағыдай дербес-экономикалық қызметпен айналысуы үшiн жағдайды жақсарту.
3. Германия Федеративтік Республикасы Yкiметiнiң осы жоба шеңберiндегi мiндеттемелерi:
Ол
а) мыналарды:
- 44 адам-айға дейiн мерзiммен шағын және орта кәсiпорындарға жәрдемдесу жөнiнде үш маманды;
- қаржыландыру, өнiм әзiрлеу, кәсiпкерлiк бiрлестiктердi дамыту және бiлiктiлiктi арттыру сияқты шағын және орта кәсiпорындарға қолдау көрсетудiң арнайы салалары бойынша 16 адам - айға дейiн жалпы мерзiммен қысқа кезеңдерге сарапшыларды;
- қажет болған жағдайда Герман техникалық ынтымақтастық қоғамының (ГТЦ) жас кадрларға көмектесудiң жеке қаржыландырылатын бағдарламасы шеңберiнде жобаны iске асыру үшiн жұмыс iстейтiн және жоба бойынша арнайы тапсырмалар орындайтын жоба ассистенттерiн және/немесе тәлiмгерлерiн өздерi үйренуi және бiлiктiлiгiн арттыруы мақсатымен iссапарға жiберiп тұрады;
б) жергiлiктi жерлерде
- 18 адам-айға дейiн жалпы мерзiммен ұзақ кезеңге үйлестiруші ретiнде бiр маман;
- 414 адам-айға дейiн жалпы мерзiммен мамандар мен техникалық қызметшiлер;
- 40 адам-айға дейiн жалпы мерзiммен қысқа кезеңдерге жергiлiктi мамандарды бередi.
в) атап айтқанда, үш жобалау бюросын жаңғырту және қосымша жарақтандыру үшiн жалпы құны 120.000 (жазбаша: жүз жиырма мың) немiс маркасына дейiн тиiсiнше 61.355,03 (жазбаша: алпыс бiр мың үш жүз елу бес евро және үш цент) евроға дейін болатын керек-жарақ заттар (офистiк жабдық, деректердi электрондық жолмен өңдеуге арналған аппаратура) жеткiзiп бередi;
г) мыналарды:
- iссапарға жiберiлген мамандардың еңбекақысын төлеу;
- iссапарға жiберiлген мамандарды және олардың отбасы мүшелерiн орналастыру;
- "в" тармақшасында көрсетiлген материалдарды сатып алу;
- iссапарға жiберiлген және жергілiктi жерлерде тартылған мамандардың Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi қызметтiк сапарлары;
- жоба iске асырылатын жерге дейiн осы тармақтың "с" тармақшасына сәйкес жеткiзiп берiлетiн керек-жарақ заттарды тасымалдау және сақтандыру;
- жәрмеңкелерге бару (iшiнара қаржыландыру), жұртшылықпен жұмыс iстеу, жергiлiктi жерлерде арнайы тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізу, герман салымын басқару, iссапарға жiберiлгендер және жергiлiктi жерлерде тартылған мамандар пайдаланатын қызметтiк көлiк қиялдарын пайдалану және күтiп ұстау жөнiндегі шығындарды өз мойнына алады;
д) әрiптес-мамандардың, сондай-ақ iстi жаңа бастаған, шағын және орта кәсiпкерлердiң, оның iшiнде қайтып келгеннен кейiн жобаға қатыстырылатын және iссапарға жiберiлген мамандардың мiндеттерiн орындауды одан әрi өздiгiнен жалғастыратын олардың қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды жобадан тыс жүргiзуге дайын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы жоба шеңберiндегі мiндеттемелерi:
Ол
а) мыналарды:
- жоба iске асырылатын жергілiктi жерлерде байланыс жасап тұратын әрiптестер, сондай-ақ қажеттi қызметшiлер;
- жобаны басқару жөнiндегi комитеттiң төрағасын;
- Германия Федеративтік Республикасы шығындарын өзi көтермейтiн болса, қажеттi жер телiмдерiн, ғимараттар, үй-жайлар мен офистер;
- мамандар даярлау және олардың бiлiктiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларға қатысу үшін алатын айлықақыларын сақтай отырып, олардың жұмыс орындары (лауазымдары) сақталып, қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылатын қызметкерлер бередi.
б) мыналарды:
- Германия Федеративтiк Республикасының Yкіметi жобаның ағымдағы шығындарын мойнына алмаған жағдайда оларды;
- iстi жаңа бастаған, шағын және opтa кәсiпкерлерге бiрқалыпты және ойдағыдай экономикалық қызмет атқаруға мүмкiндiк беретiн жағдайларды;
- жобаны iске асыру үшiн басқа да маңызды мекемелермен және басқа өзге донорлармен жобалау жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
в) iссапарға жiберiлген мамандарға оларға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде барынша қолдау көрсетедi және олардың қарауына барлық қажеттi құжаттаманы бередi.
г) жобаны толассыз жүзеге асыру мақсатында дербес сараланған бюджеттiк жоспарлауды қамтамасыз етедi.
5. Іссапарға жiберiлген мамандар қазақстандық әрiптес-мамандарға консультациялар бередi және оларға:
а) iстi жаңа бастаған кәсiпкерлер, сондай-ақ шағын және орта кәсiпорындар үшiн қажет жағдайларды реформалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
б) iстi жаңа бастаған кәсiпкерлерге, сондай-ақ шағын және орта кәсiпорындарға жәрдем берудiң неғұрлым тиiмдi саясатын жүргiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
в) жоба iске асырылатын жерлерде бiрлестiктер және басқа да жеке экономикалық ұйымдар шағын және орта кәсiпорындарға қызмет көрсету жөнiнде шаралар әзiрлеуi кезiнде оларға қолдау көрсету;
г) бизнес-консультанттар мен iстi жаңадан бастағандардың, шағын және орта кәсiпкерлердiң, сондай-ақ олардың қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгін арттыру;
д) iстi жаңадан бастаған кәсiпкерлерге, сондай-ақ шағын және орта кәсiпорындарға бастапқы кезеңде консультациялар бepу;
e) шағын және орта кәсiпорындарға бастапқы капиталға және кредитке қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мiндеттерiн шешу кезiнде оларға жәрдем бередi.
6. Орындаушы-ұйымдарды тағайындау:
а) Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi өзiнiң мiндеттемелерiн орындауды Герман техникалық ынтымақтастық қоғамына (ГТЦ, жауапкершiлігі шектеулi серiктестiк, Эшборн қаласы) тапсырады;
б) Қазақстан Республикасының Үкiметi жобаны жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне (Астана қаласы), сондай-ақ уәкiлеттi орган ретiнде Индустрия және сауда министрлігіне тапсырады. Уәкiлетті мекеме жекелеген компоненттердiң ерекшелiгiне байланысты көпжақты әрiптес құрылымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының қалалық және облыстық әкiмшiлiктерi басты әрiптестер болып табылады;
в) осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларына сәйкес уәкiлетті орындаушылар жобаны жүзеге асырудың егжей-тегжейiн бiрлесе отырып жедел түрде немесе басқа бiр ыңғайлы жолмен анықтайды және қажет болған жағдайда, оларды оны жүзеге асыру барысымен үйлестiредi.
7. Жоба орындалмаған немесе тек iшiнара орындалған жағдайда ол, екi Yкiметтің арасындағы келiсiм бойынша, басқа жобамен ауыстырылуы мүмкiн.
8. Қалған тұсында жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 26 қарашадағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң ережелерi қолданылады.
9. Осы Келiсiм немiс, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады, барлық мәтiндердiң де күшi бiрдей. Осы келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiнге басымдық берiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi 1-9-тармақтарда көрсетiлген ұсыныстармен өзiнiң келiсетiнiн мәлiмдеген жағдайда, осы нота және Сiздiң Үкiметiңiздiң келiсiмiн бiлдiретiн Жоғары Мәртебелi сiздiң жауап нотаңыз бiздiң Үкiметтерiмiздiң арасындағы Келiсiм болып табылады, ол Сiздiң жауап нотаңыз алынған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi мырза, менiң Сiзге деген аса жоғары құрмет сезiмiмдi қабыл алыңыз.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң ұсынысымен келiсетiнiн және Жоғары Мәртебелi Сiздiң нотаңыз бен осы нотаның екi мемлекет үкiметтерiнiң арасындағы Келiсiм болып табылатынын, ол осы нота алынған күннен бастап күшiне енетiнiн хабарлау құрметiне иемiн.
Жоғары Мәртебелiм, менiң жоғары құрмет сезiмiмдi қабыл алыңыз.
Қ. Тоқаев
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 22 тамыздағы
N 847 қаулысымен
мақұлданды
Германия Федеративтiк
Республикасының Елшiсi Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi мырза,
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 26 қарашадағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi, сондай ақ 2000 жылғы 28 қыркүйектегi 2000/2001 жылдары Германия Федеративтiк Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы дамуға көмек көрсету саласындағы екi жақты ынтымақтастық туралы үкiметаралық келiссөздер нәтижелерi хаттамасының 1.2 және 1.3-тармақтарын орындау үшiн Германия Федеративтiк Республикасы Yкiметiнiң атынан Сiзге Зерттеулер мен мамандар қорын құру туралы мына төмендегі уағдаластықты ұсынуды өзiме құрмет санаймын.
1. Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi Зерттеулер мен мамандар қорын құруға келiстi. Шеңберiнде мамандар жiберу, зерттеулер жүргізу, сондай-ақ кадрлар даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар қаржыландырылуы мүмкiн осы қор үшiн Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi 3.350.000 (жазбаша: үш миллион үш жүз елу мың) немiс маркасы мөлшерiнде қаржы бөледi, бұл 1.712.827,80 евроға (жазбаша: бiр миллион жетi жүз он екi мың сегiз жүз жиырма жетi евро және сексен цент) тең.
2. Мамандар жiберу сараптамалар және зерттеулер жүргiзу, сондай-ақ оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруды, сондай-ақ екi жақты ынтымақтастық жобаларын анықтауды және әзiрлеудi мақсат етедi.
Жоғары Мәртебелi
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi
Қасымжомарт Тоқаев мырзаға
Астана қаласы
3. Германия Федеративтiк Республикасы Yкiметiнiң осы жоба шеңберiндегi мiндеттемелерi:
Ол
а) ғылыми зерттеулер жүргiзедi;
б) негізiнен қысқа мерзiмдерге мамандарды iссапарға жiберiп отырады және оларды орналастыру мен тамақтандыру жөнiндегі, сондай-ақ алға қойылған мiндеттер шеңберiнде iссапарлар жасау үшiн қажет шығындарды көтередi;
в) егер бұл "а" тармақшасында аталған зерттеулердi жүргізу үшiн немесе мамандардың "б" тармақшасында аталған мiндеттерiн орындау үшiн қажет болса, СIҒ талаптарына сәйкес жоба жүзеге асырылатын жерге шектеулi көлемде техникалық жабдық пен қосымша құралдар жеткiзiп бередi;
г) жобаларды дайындау мақсатында немесе аса қажет болған жағдайда мамандарды оқыту және бiлiктiлігiн арттыру жөнiндегі шараларды қаржыландыруға дайын.
Осы қордың шеңберiнде Германия Федеративтiк Республикасы Yкiметiнiң тапсырмасы бойынша жеткiзiлген материалдар Қазақстан Республикасына келгеннен кейiн Қазақстан Республикасының меншiгiне көшедi. Бұл материалдар қолдау көрсетiлiп отырған жобалар мен iссапарға жiберiлген мамандардың иелiгiне олар өз мiндеттерiн орындауы үшiн әлдеқандай шектеусiз берiледi.
4. Осы жоба шеңберiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi:
Ол
а) iссапарға жiберiлген мамандарға олардың өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындауы кезiнде барынша қолдау көрсетедi және олардың қарамағына барлық қажеттi құжаттамалар мен басқа да қосалқы құралдарды бередi;
б) 3-тармақтың "а" тармақшасында аталған зерттеулердi жүргізуге байланысты және 3-тармақтың "б" тармақшасында аталған мамандарды пайдалануға байланысты, сондай-ақ кадрларды оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларға байланысты Германия Федеративтiк Республикасының Алматы қаласындағы Елшiлiгi арқылы Германия Федеративтiк Республикасының Федеральдық экономикалық ынтымақтастық және даму министрлiгiне өтiнiш - тiлектердi жiбередi. Өтiнiш - тiлектер мiндеттер мен күтiлетiн нақты нәтижелердiң егжей-тегжей сипаттамасын қамтуға тиiс;
в) Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша жобаны жүзеге асыру үшiн 3-тармақтың "в" тармақшасына сәйкес жеткiзiлетiн материалдарды лицензиялық, импорттық, экспорттық және өзге де мемлекеттiк алымдардан, сондай-ақ оларды қоймаларда сақтауға жұмсалатын шығындардан босатады және материалдардың кеденнен дереу өтуiн қамтамасыз етедi.
5. Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi өз тарапынан осы уағдаластық шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне 3-тармақтың "а" тармақшасында аталған зерттеулердi жүргiзуге байланысты және 3-тармақтың "б" тармақшасында аталған мамандарды пайдалануға байланысты, сондай-ақ кадрларды оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларға байланысты Германия Федеративтiк Республикасының Алматы қаласындағы Елшiлiгi арқылы ұсыныстар жолдай алады.
6. Мыналар:
а) 3-тармақтың "а" тармақшасында аталған зерттеулер аяқталғаннан кейiн олар дереу Германия Федеративтiк Республикасының Алматы қаласындағы Елшiлiгі арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiлетiн болады;
б) 3-тармақтың "б" тармақшасында аталған мамандар өздерiнiң жұмысын аяқтағаннан кейiн, екi үкiметке де жазбаша есеп бередi. Бұл орайда олар өз жұмыстарынан буындаған ұсыныстарын бepe алады.
7. Орындаушы ұйымдарды тағайындау:
a) Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi өзiнiң мiндеттемелерiн орындауды Герман техникалық ынтымақтастық қоғамына (ГТЦ, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, Эшборн қаласы) тапсырады;
б) Қазақстан Республикасының Үкiметi Зерттеулер мен мамандар қорын басқаруды Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне тапсырады, ол жекелеген iс-шараларды өткiзуге жауапты орындаушы ұйымдарды тағайындайды;
в) Осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларына сәйкес уәкiлеттiк берiлген орындаушылар бiрлесе отырып, жобаны жүзеге асырудың егжей-тегжейiн жедел түрде немесе басқа бiр ыңғайлы нысанда анықтай алады және қажет болған жағдайда, оларды оны жүзеге асыру барысымен үйлестiредi.
8. Осы Келiсiм немiс, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады, барлық мәтiндердiң де күшi бiрдей. Осы келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiнге басымдық берiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi 1-8-тармақтарда көрсетiлген ұсыныстармен өзiнiң келiсетiнiн мәлiмдеген жағдайда, осы нота және Сiздiң Yкiметiңiздiң келiсiмiн бiлдiретiн Жоғары Мәртебелi Сiздiң жауап нотаңыз бiздiң Yкiметтерiмiздiң арасындағы Келiсiм болып табылады, ол Сiздiң жауап нотаңыз алынған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi мырза, менiң Сiзге деген аса жоғары құрмет сезiмiмдi қабыл алыңыз.
(Андреас Кертинг)
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi Астана қаласы
Жоғары Мәртебелiм,
Сiздiң _______ жылғы _________ N _______ нотаңызды алғанымды хабарлау құрметiне иемiн, оның мәтiнi төменде келтiрiлiп отыр:
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi мырза,
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 26 қарашадағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi, сондай ақ 2000 жылғы 28 қыркүйектегi 2000/2001 жылдары Германия Федеративтiк Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы дамуға көмек көрсету саласындағы екі жақты ынтымақтастық туралы үкiметаралық келiссөздер нәтижелерi хаттамасының 1.2 және 1.3-тармақтарын орындау үшiн Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң атынан Сiзге Зерттеулер мен мамандар қорын құру туралы мына төмендегі уағдаластықты ұсынуды өзiме құрмет санаймын.
1. Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi Зерттеулер мен мамандар қорын құруға келiстi. Шеңберiнде мамандар жiберу, зерттеулер жүргiзу, сондай-ақ кадрлар даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар қаржыландырылуы мүмкiн осы қор үшiн Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi 3.350.000 (жазбаша: үш миллион үш жүз елу мың) немiс маркасы мөлшерiнде қаржы бөледi, бұл 1.712.827,80 евроға (жазбаша: бiр миллион жетi жүз он екi мың сегiз жүз жиырма жетi евро және сексен цент) тең.
2. Мамандар жiберу, сараптамалар және зерттеулер жүргiзу, сондай-ақ оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруды, сондай-ақ екi жақты ынтымақтастық жобаларын анықтауды және әзiрлеудi мақсат етедi.
3. Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң осы жоба шегiндегi мiндеттемелерi:
Ол
а) ғылыми зерттеулер жүргiзедi;
б) негiзiнен қысқа мерзiмдерге мамандарды iссапарға жiберiп отырады және оларды орналастыру мен тамақтандыру жөнiндегі, сондай-ақ алға қойылған мiндеттер шеңберiнде iссапарлар жасау үшiн қажет шығындарды көтередi;
в) егер бұл "а" тармақшасында аталған зерттеулердi жүргiзу үшiн немесе мамандардың "б" тармақшасында аталған мiндеттерiн орындау үшiн қажет болса, CIF талаптарына сәйкес жоба жүзеге асырылатын жерге шектеулi көлемде техникалық жабдық пен қосымша құралдар жеткiзiп бередi;
г) жобаларды дайындау мақсатында немесе аса қажет болған жағдайда мамандарды оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды қаржыландыруға дайын.
Осы қордың шеңберiнде Германия Федеративтiк Республикасы Yкiметiнiң тапсырмасы бойынша жеткiзiлген материалдар Қазақстан Республикасына келгеннен кейiн Қазақстан Республикасының меншігіне көшедi. Бұл материалдар қолдау көрсетiлiп отырған жобалар мен iссапарға жiберiлген мамандардың иелiгiне олар өз мiндеттерiн орындауы үшiн әлдеқандай шектеусiз берiледi.
4. Осы жоба шеңберiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мiндеттемелерi:
Ол
а) iссапарға жiберiлген мамандарға олардың өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындауы кезiнде барынша қолдау көрсетедi және олардың қарамағына барлық қажеттi құжаттамалар мен басқа да қосалқы құралдарды бередi;
б) 3-тармақтың "а" тармақшасында аталған зерттеулердi жүргiзуге байланысты және 3-тармақтың "б" тармақшасында аталған мамандарды пайдалануға байланысты, сондай-ақ кадрларды оқыту және бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi шараларға байланысты Германия Федеративтiк Республикасының Алматы қаласындағы Елшiлiгі арқылы Германия Федеративтiк Республикасының Федеральдық экономикалық ынтымақтастық және даму министрлiгiне өтiнiш-тiлектердi жiбередi. Өтiнiш-тiлектер мiндеттер мен күтiлетiн нақты нәтижелердiң егжей-тегжей сипаттамасын қамтуға тиiс;
в) Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша жобаны жүзеге асыру үшiн 3-тармақтың "в" тармақшасына сәйкес жеткiзiлетiн материалдарды лицензиялық, импорттық, экспорттық және өзге де мемлекеттiк алымдардан, сондай-ақ оларды қоймаларда сақтауға жұмсалатын шығындардан босатады және материалдардың кеденнен дереу өтуiн қамтамасыз етедi.
5. Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi өз тарапынан осы уағдаластық шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне 3-тармақтың "а" тармақшасында аталған зерттеулердi жүргiзуге байланысты және 3-тармақтың "б" тармақшасында аталған мамандарды пайдалануға байланысты, сондай-ақ кадрларды оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларға байланысты Германия Федеративтiк Республикасының Алматы қаласындағы Елшiлiгi арқылы ұсыныстар жолдай алады.
6. Мыналар:
а) 3-тармақтың "а" тармақшасында аталған зерттеулер аяқталғаннан кейiн олар дереу Германия Федеративтiк Республикасының Алматы қаласындағы Елшiлiгi арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiлетiн болады;
б) 3-тармақтың "б" тармақшасында аталған мамандар өздерiнiң жұмысын аяқтағаннан кейiн, екi үкiметке де жазбаша есеп бередi. Бұл орайда олар өз жұмыстарынан туындаған ұсыныстарын бере алады.
7. Орындаушы ұйымдарды тағайындау:
а) Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi өзiнiң мiндеттемелерiн орындауды Герман техникалық ынтымақтастық қоғамына (ГТЦ, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, Эшборн қаласы) тапсырады;
б) Қазақстан Республикасының Үкiметi Зерттеулер мен мамандар қорын басқаруды Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгіне тапсырады, ол жекелеген iс-шараларды өткiзуге жауапты орындаушы ұйымдарды тағайындайды;
в) Осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларына сәйкес уәкiлеттiк берiлген орындаушылар бiрлесе отырып, жобаны жүзеге асырудың егжей-тегжейiн жедел түрде немесе басқа бiр ыңғайлы нысанда анықтай алады және қажет болған жағдайда, оларды оны жүзеге асыру барысымен үйлестiредi.
8. Осы Келiсiм немiс, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады, барлық мәтiндердiң де күшi бiрдей. Осы келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiнге басымдық берiледi.
Қазақстан Республикасының Yкiметi 1-8-тармақтарда көрсетiлген ұсыныстармен өзiнiң келiсетiнiн мәлiмдеген жағдайда, осы нота және Сiздiң Yкiметiңiздiң келiсiмiн бiлдiретiн Жоғары Мәртебелi Сiздiң жауап нотаңыз бiздiң Үкiметтерiмiздiң арасындағы Келiсiм болып табылады, ол Сiздiң жауап нотаңыз алынған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi мырза, менiң Сiзге деген аса жоғары құрмет сезiмiмдi қабыл алыңыз.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Германия Федеративтiк Республикасы Yкiметiнiң ұсынысымен келiсетiнiн және Жоғары Мәртебелi Сiздiң нотаңыз бен осы нотаның екi мемлекет үкiметтерiнiң арасындағы Келiсiм болып табылатынын, ол осы нота алынған күннен бастап күшiне енетiнiн хабарлау құрметiне иемiн.
Қ. Токаев