"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 тамыздағы N 865 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясы белгiлеген және кепiлдiк берген азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының сөз бостандығын ақпаратты алу мен таратуды, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi бiртұтас мемлекеттiк саясатты қамтамасыз етудi және онымен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тiркеу - журналистке мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және ұйымдардың ақпараттарына рұқсат ету рәсiмi;
      2) хабар таратушы - теледидар және радио хабарларды тарататын және/немесе уақытпен қоятын, дайындайтын, монтаж жасайтын бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi;
      3) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын iске асыратын редакцияны басқаратын, бұқаралық ақпарат құралының шығарылымына, эфирге шығуына қатысты соңғы шешiмдi қабылдайтын және оның мазмұны үшiн жауап беретiн жеке тұлға;
      4) қосымша ақпарат - теледидар және радио хабарларын тарату белгiлерiнiң құрамында берiлетiн және барлық адамдардың өзiндiк шексiз қабылдауына арналған, негiзгi бағдарламаның мазмұнымен байланысты емес кез келген (әрiптiк, сандық, кескiндемелiк, дыбыстық) ақпарат;
      5) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) - бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдарды жинау, өңдеу және дайындау жөніндегi қарекеттi атқаратын жеке тұлға;
      6) қызмет көрсету аймағы - өзiндiк қабылдау шарттары қолданыстағы стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкесетiн телерадиохабарларын таратудың жоспарлы немесе пайдаланып жүрген таратқышының қызмет аймағы;
      7) баспагер - мерзiмдi баспасөз басылымын белгiленген тәртiпте, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық, технологиялық және басқа жақтан қамтамасыз етумен бiрге шығарылымды iске асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      8) жеке қабылдау - теледидар және/немесе радио бағдарламаларды қарапайым тұрмыстық құрылғылар арқылы, одан ары қайта тарату құқығынсыз тiкелей қабылдау;
      9) ақпарат - қандай формада берiлгенiне байланыссыз адамдар, заттар, фактiлер, оқиғалар, құбылыстар, рәсiмдер және олар туралы пiкiрлер туралы мәлiметтер;
      10) ақпарат көзi - бұқаралық ақпарат құралының редакциясына немесе журналистке жеке және заңды тұлғаның әрi қарай тарату үшiн ұсынған ақпараты;
      11) кабельдi, эфирлiк-кабельдi, цифрлы көпбағдарламалы эфирлi теледидар - белгiлi аумақтағы теледидар және/немесе радио бағдарламаларды және басқа электрбайланыс хабарламаларын таратуды ашық немесе кодталған формада (ақылы немесе ақысыз) қамтамасыз ететiн кабельдi, эфирлiк-кабельдi, цифрлы көпбағдарламалы эфирлi бөлiп тарату жүйесi мен ұйымдастырушылық - басқару процестерiнiң жиынтығы;
      12) ғимараттар кешенi - ортақ қызмет атқаратын және бiртұтас өндiрiстiк құрылымды құрайтын ғимараттар жиынтығы;
      13) бұқаралық ақпарат - мерзiмдi баспасөз басылымдары арқылы тарайтын ақпарат және дыбыс-бейне және басқа хабарлар, шектеусiз, барлық адамдарға арналған хабарламалар мен материалдар;
      14) қоғамдық имандылық - тиiстi қоғамда үстемдiк етiп отырған тәртiп, идея, әдет-ғұрып, салт-дәстүр ережелерi мен нормаларының жүйесi;
      15) оператор - эфирлiк, эфирлiк-кабельдi және спутниктiк желiлер арқылы теледидар мен радио бағдарламаларды таратуды қамтамасыз ете отырып, радиоэлектронды құралдарды техникалық пайдалануды iске асыратын заңды тұлға;
      16) ресми хабарлама - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатында мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары беретiн ақпарат;
      17) хабар - тұтынушының тiкелей қабылдауына арналған ақпаратты қамтитын және бағдарламаның басқа бөлiмдерiнен бөлiп қолдануға мүмкiн болатын, теледидар және/немесе радио бағдарламаның шығармашылық және тақырыптық жағынан дербес мағынаға ие бөлiгi;
      18) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде жарты жылда бiр рет шығатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;
      19) бұқаралық ақпарат құралының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе жекелеген нөмiрiнiң таралымы, радио-, телебағдарламаның жекелеген шығарылымы, желiлiк бұқаралық ақпарат құралында орналастырылған ақпарат;
      20) эротикалық сипаттағы өнiм - мерзiмдi баспасөз басылымдарының немесе теле-, радио хабарлардың сексуалды-эротикалыққа жатпайтын, эротикалық компоненттердi (фотосуреттер, коллаждар, суреттер, карикатуралар, мақалалар, новеллалар, мамандар түсiнiктемелерi, өлеңдер, күлдiргi әңгiмелер (анекдоттар, жарнама) пайдаланатын хабарламалары мен материалдары;
      21) сексуалды-эротикалық сипаттағы өнiм - мерзiмдi баспасөз басылымдарының немесе теле-, радио хабарларының толықтай және/немесе жүйелi түрде секске қызығушылықты туғызатын хабарламалары мен материалдары;
      22) порнографиялық сипаттағы өнiм - мерзiмдi баспасөз басылымдарының немесе теле-, радио хабарларының негiзгi мазмұны сексуальды қимылдардың анатомиялық және физиологиялық бүгешiгесiне дейiн көрсету болып саналатын хабарламалары мен материалдары;
      23) қатыгездiк пен зорлыққа табынуды насихаттау - бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық немесе қатыгездiк тәсiлiн көрсететiн (баулитын), оларды қолдауды айғақтайтын және адамдар арасында зорлық немесе қатыгездiк мінез құлықты таратуды мақсат етiп қойған хабарламалар мен материалдарды таратуы;
      24) бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын, дыбыс- және/немесе бейнежазбаларды, бағдарламаларды немесе жекелеген хабарларды көтерме және/немесе бөлшек сауда арқылы сату, тегiн тарату, жаздырып алынған және бөлшек таралымдарын жеткiзу, теледидар мен радио бағдарламаларды тарату/қайта тарату, бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн тұтынушыға жеткiзу қызметiнiң басқа түрлерi;
      25) таратушы - бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн оның меншiк иесi, шығарушымен келiсiм-шарт арқылы немесе өзге заңдық негiзде таратуды iске асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      26) аймақтық хабар таратушы - Қазақстан Республикасының теледидар және радио әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң шегiнде бағдарламаларын тұрақты таратуды қамтамасыз ететiн бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi;
      27) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, дайындауды, шығарылымы мен эфирге шығуын қамтамасыз ететiн, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын жеке тұлға немесе шығармашылық ұжым;
      28) республикалық хабар таратушы - Қазақстан Республикасы тұрғындарының үштен екi бөлiгi үшiн теледидар және радио бағдарламаларының тұрақты таралуын қамтамасыз ететiн бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi;
      29) қайта тарату - өзге бұқаралық ақпарат құралының теледидар немесе радио бағдарламаларын (теледидар немесе радиохабарлардың жиынтығы) қабылдау және бiр мезгiлде я қандай техникалық құралдарды пайдаланғанына байланыссыз жазып алған түрiнде, я толық және өзгертпей тарату;
      30) мәлiметтер - адамдар, заттар, фактiлер, оқиғалар, құбылыстар және рәсiмдер туралы ақпараттар түрi;
      31) желiлiк бұқаралық ақпарат құралы - бұқаралық ақпаратты арнаулы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегiмен және жалпыға ортақ телекоммуникациялық желiлер арқылы электронды-сандық түрде таратуға арналған тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде жарты жылда бiр рет жаңартылып отыратын электрондық басылым;
      32) хабар тарату кестесi - белгiленген уақыт кезеңiнде эфирге шығу уақыты, атауы көрсетiлген теледидар немесе радиохабарлардың тiзбесi;
      33) теледидар және/немесе радио хабарлар тарату желiсi - аумақтық жақтан бөлінген тұрғындардың кең көлемiне теледидар және радио хабарларды өндiру, қалыптастыру және/немесе таратуды қамтамасыз ететiн техникалық құралдардың жиынтығы;
      34) бұқаралық ақпарат құралы - жаппай қол жетерлiк телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқа) қоса желiлiк бұқаралық ақпарат құралын алғандағы мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және телебағдарламалар және бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз ашық таратудың басқа түрi;
      35) жарнамалық сипаттағы бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi басылымның кез келген санының 40 пайыздан астам, ал теледидар және радио бағдарламалардың хабар таратуының 20 пайыздан астам көлемiн қамтитын жарнамасы бар бұқаралық ақпарат құралы;
      36) теледидар мен радиохабарларын тарату - шектеусiз, барлық тұтынушылардың жеке қолдануына арналған, ашық немесе жасырын түрдегi жердегi, спутниктiк немесе кабельдiк (сымдық, сандық компьютерлiк және басқа) желiлердiң электрмагниттiк толқындар көмегiмен теледидар бағдарламаларын (теледидар арқылы хабар тарату), дыбыстық бағдарламаларды (радиохабар тарату) және қосымша ақпаратты тарату;
      37) теледидар немесе радиобелгi - теледидар (дыбыстық) бағдарламаларын және қосымша ақпаратты жiберу үшiн бiр немесе бiрнеше сипаттары өзгеруi мүмкiн радио сәулелену;
      38) теледидар немесе радио хабарлары - теледидар немесе радио хабарларын тарату бағдарламасының ұйымдастырушылық және тақырыптық жағынан жеке аяқталған бөлiгi;
      39) теле-, радио бағдарлама - толық атауы бар, эфирге жылына кемiнде бiр рет шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарламалары мен хабарларының жиынтығы;
      40) теледидар және радио хабарларын таратудың техникалық құралдары - теледидар немесе радио бағдарламаларын жасауды, қалыптастыруды және/немесе таратуды қамтамасыз ететiн, радиоэлектронды құралдар мен қабылдайтын-жiберетiн техникалық құрылғылардың жиынтығы;
      41) таралым - мерзiмдi баспасөз басылымының осы Заңмен белгiленген шарттарды сақтай отырып таратылатын бiр шығарылым даналарының жиынтығы;
      42) шекарадан тыс теле радио хабарларын тарату - қызмет көрсету өңiрi өзге мемлекеттердiң аумақтарын қамтитын теледидар және радио хабарларын тарату;
      43) тарату - теледидар және/немесе радио бағдарламалар тарату үшiн жiберушi радиоэлектрондық құралдарды, кабельдiк желiлердi және радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарын пайдалану арқылы ақпараттарды беру процесiн жүзеге асыру;
      44) бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттық агенттiктерi қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      45) цензура - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары мен материалдарын немесе олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатында мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен және басқа ұйымдармен олардың талап етуi бойынша немесе өзге негiздерде хабарламалар мен материалдарға алдын ала келiсу;

2-бап. Сөз бостандығы, бұқаралық ақпаратты алу
және тарату

      1. Сөз бостандығы, шығармашылық, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа беттерiнде немесе басқалай түрде бiлдiруге, бұқаралық ақпаратты кез келген, заңмен тыйым салынбаған жолмен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк бередi.
      Цензураға тыйым салынады.
      2. Мүдделерiне немесе мiндеттерiне бұқаралық ақпаратқа цензураны жүзеге асыру кiретiн органдарды құру мен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      3. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысуына мүмкiндiк берудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

3-бап. Бұқаралық ақпарат бостандығын асыра
пайдалануға жол берiлмеуi

      1. Бұқаралық ақпарат құралын:
      1) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi;
      2) Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды;
      3) мемлекет қауiпсiздiгiн бұзуды;
      4) соғысты, әлеуметтік, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-таптық және рулық артықшылықты;
      5) қатыгездiктi, зорлықты, порнографияны насихаттайтын материалдарды таратуды немесе жарнамалауды насихаттау және үгiттеу үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
      2. Бұқаралық ақпарат құралдарын:
      1) мемлекеттiк сырды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын басқа да құпияларға жататын мәлiметтердi жария етуге;
      2) лаңкестiк пен экстремизмдi насихаттау мен ақтауға;
      3) Қазақстан Республикасындағы лаңкестiкке қарсы операциялардың жүргiзу барысында осы операциялардың техникалық әдiс-тәсiлдерiн, тактикасын ашатын ақпараттарды таратуға;
      4) есiрткi құралдары, психотропты заттар мен прекурсорларды тарату мен насихаттау үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
      3. Бұқаралық ақпарат құралдары мен олардың өнiмдерiнде адамдардың сана-сезiмдерiне ықпал ететiн және (немесе) олардың денсаулығына зиянды әсер ететiн жасырын енгiзулердi пайдалануға тыйым салынады.

4-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметiнiң
қағидаттары

      Бұқаралық ақпарат құралдары қызметiнiң негiзгi қағидаттары:
      1) сөз бостандығы, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен ақпарат алу және тарату;
      2) жариялылық;
      3) таратылатын ақпараттың шынайылығы;
      4) заңдылықтың сақталуы;
      5) жалпы көпшiлiк мойындаған мораль және қоғамдық имандылық нормаларын сақтау болып табылады.

5-бaп. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер бекiтiлген болса, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

6-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының таратылу тiлi

      1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк және басқа тiлдерде таратылады.
      2. Бұқаралық ақпарат құралының, теледидар және радио хабарларының мемлекеттiк тiлдегi апталық көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi хабарларының жиынтық көлемiнен кем болмауы тиiс.
      Мемлекеттiк тiлдегi хабарларды хабар таратудың тәулiктiк кестесiнде орналастыру олардың эфирге шығуының барлық кезеңi аралығында бiркелкi iске асырылуы тиiс.
      Кабельдiк, эфирлiк-кабельдiк, сандық көпбағдарламалы эфирлi теледидар желiлерiне және теледидар мен радио бағдарламаларын жер серiгi арқылы жеке қабылдауға бұл талап қойылмайды.

7-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметiне араласуға
жол берiлмеуі

      1. Қызметi Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу мақсатында жүргiзiлiп жатқан жағдайлардан басқа кезде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, олардың лауазымды тұлғаларының бұқаралық ақпарат құралының, оның құрылтайшысының, меншiк иесiнiң, баспагердiң, таратушының, журналистiң қызметiне араласуына жол берiлмейдi.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен өзгеше көзделген болмаса, бұқаралық ақпарат құралы редакциясы қабылдамай тастаған материалды жариялатуға және/немесе халыққа таратуды мiндеттеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

8-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
мемлекеттiк реттеу

      1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк саясатты уәкiлеттi орган iске асырады.
      2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетелдiк аудиторияға арналғандарды да есепке қоюды iске асырады;
      2) бұқаралық ақпарат құралы арқылы мемлекеттiк сатып алуды қалыптастырады және орындалуын бақылайды;
      3) Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi заңдарының сақталуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн жинақтайды;
      4) теледидар және радиохабарларын тарату үшiн радиожиiлiк номиналдарын бөлу жөнiнде ашық конкурстар ұйымдастырады;
      5) лицензиясында теледидар мен радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметi көрсетiлген шарттарды лицензия иесiнiң орындауына бақылау жүргiзедi;
      6) бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қызметiн уақытша тоқтату немесе керi қайтарып алу туралы куәлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген тәртiппен теледидар және радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметiне берiлген лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды;
      7) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды iске асырады;
      8) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз етедi және халықаралық ынтымақтастықты iске асырады;
      9) Қазақстан Республикасы аумағында таралатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының eceбiн жүргiзедi;
      3. Мемлекет Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi заңнамасына сәйкес бұқаралық ақпарат субъектiлерiнiң меншiк түрiне қарамастан мемлекеттiк тапсырыс алу конкурстарына тең дәрежеде қатысуларын қамтамасыз етедi.
      4. Теледидар мен радио хабарларын тарату үшiн радиожиiлiктер номиналдарын бөлудi құрамы мен қызмет тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Теледидар және радио хабарларын тарату құқығын беру жөнiндегi комиссия iске асырады.

2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының субъектiлерi 9-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын құруға
берiлетін құқық

      1. Бұқаралық ақпарат құралдарын құруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқығы болады.
      2. Заңды тұлғаның - Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншік иесiнiң немесе осы саладағы қызметтi жүзеге асырушының акцияларының (үлесiнiң, пайының) 20 проценттен астамын шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.

10-бап. Бұқаралық ақпарат құралы меншігінің
құрылтайшысы

      1. Құрылтайшы - бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiнiң - заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiнiң құрылтайшысы болуы мүмкiн тұлғалардың саны шектелмейдi.
      2. Құрылтайшы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнiң жарғысын бекiтедi.
      3. Бұқаралық ақпарат құралын тiркеу кезiнде айтылған жалпы тақырыпты және/немесе мамандандырылуды өрескел және үнемi бұзған жағдайда құрылтайшы бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын iске асыратын меншiк иесiнен шығарылымды, эфирге шығуды тоқтатуды талап етуге құқылы. Бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнiң бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын тоқтатудан бас тартуы сот тәртiбiмен шешiледi.
      4. Қазақстан Республикасы заңнамасында, редакция жарғысында не бас редактормен (редактормен) келiсiм-шартта қарастырылған жағдайлардан басқа уақытта құрылтайшының бұқаралық ақпарат құралы редакциясының қызметiне араласуына құқығы жоқ.
      5. Құрылтайшы меншiк иесiн - заңды тұлғаны заттық кешен ретiнде құрылтайшының және ол көрсеткен үшiншi тұлғаның заттық және жеке заттық емес мүдделерi тұрғысында басқаруды жүзеге асыруға тиiс басқа тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген шекте сенiмдi басқаруға (сенiмдi басқарушыға) беруге және одан айыруға құқылы.

11-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi

      1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi - бұқаралық ақпарат құралын құрған, оның шығарылымы, эфирге шығуы жөнiнде өзiне мiндеттеме алған, иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүргiзетiн жеке немесе заңды тұлға.
      2. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi өзiнiң, белгiленген келiсiм-шартқа сәйкес өзге де бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, бас редакторы (редакторы), журналисi, баспагерi, таратушысы ретiнде таныла алады.
      3. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi бұқаралық ақпарат құралының тiркелген кездегi берiлген атауын пайдалануға, иеленуге және билiк етуге, сондай-ақ бұл атауды басқа тұлғалардың қолдануына тыйым салуға айрықша құқылы. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иeci уәкiлеттi органды меншiк иесiнiң өзгергенi туралы хабардар ете отырып, бұл айрықша құқықты үшiншi тұлғаға беруге құқылы. Бұқаралық ақпарат құралы қайта тiркелген күннен бастап оған айрықша құқық берiлген болып саналады.
      4. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi бұқаралық ақпарат құралы редакциясының iшкi құжаттарын бекiтедi, бас редактормен (редактормен) келiсiм-шарт жасасады.
      5. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi:
      1) құрылтайшымен оған тиiстi бұқаралық ақпарат құралының редакциялық саясатын келiсуге;
      2) аталған бұқаралық ақпарат құралының өнiмiне және оның шығарылымы, эфирге шығуы процесiнде құрылған ақпараттық ресурстарына;
      3) құрылтайшымен келiсе отырып, бұқаралық ақпарат құралы қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға;
      4) осы заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен бекiтiлген басқа да құқықтарды iске асыруға құқылы.
      6. Егер бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi сонымен бiрге бұқаралық ақпарат құралының баспагерi, хабар таратушысы, операторы да болып табылмаса, онда меншiк иесiнiң және баспагердiң, хабар таратушының, оператордың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi жеке келiсiм-шарт арқылы белгiленедi.

12-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы

      1. Бұқаралық ақпарат құралы редакциясы өз жұмысын қызметiнiң тұжырымдамалық ережелерiн, журналистiк әдеп ережелерiн, қызметкерлердiң жауапкершiлiгiн, олардың мәдени деңгейi мен кәсiби шеберлiгiне қойылатын талаптарды айқындайтын iшкi құжаттар негiзiнде атқарады:
      1) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы мен меншiк иесi әр түрлi тұлғалар болған жағдайда олардың ортақ құқықтары мен мiндеттері;
      2) бас редактордың (редактордың) өкiлеттiгi;
      3) бас редакторды (редакторды) және редакция алқасын сайлау тәртiбi;
      4) бұқаралық ақпарат құралы редакциясының өкiлеттiгi және оның кәсiби дербестiгi кепiлдiгi;
      5) бұқаралық ақпарат құралы редакциясының қызметiн тоқтату және тоқтата тұру негiздерi мен тәртiбi;
      6) құрылтайшысын, меншiк иесiн өзгерту, бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiнiң қызметiн тоқтату немесе қайта ұйымдастырудың құқықтық салдары белгiленуi тиiс.
      2. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы меншiк иесiнiң тапсырмасы бойынша бұқаралық ақпарат құралын дайындайды және оның шығарылымы мен эфирге шығуын iске асырады.
      3. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясын бас редактор (редактор) басқарады.
      Бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы) қызметке меншiк иесiмен тағайындалады немесе бұқаралық ақпарат құралының жарғысымен, редакцияның ішкi құжаттарымен белгiленген тәртiппен сайланады және қызметiнен босатылады.
      Бас редактор (редактор) меншiк иесiмен, құрылтайшымен, таратушымен, азаматтармен, азаматтық бiрлестiктермен, заңды тұлғалармен, мемлекеттiк билiк органдары және ұйымдарымен қарым-қатынаста, сондай-ақ сотта бұқаралық ақпарат құралы редакциясының өкiлi болады.
      4. Бас редактор (редактор):
      1) шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      2) сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп танығандар;
      3) тағайындау кезеңiне сотталу мерзiмi аяқталмаған азаматтар;
      4) кәмелетке толмағандар үшiн шығарылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарын қоспағанда, кәмелетке толмағандар бола алмайды.
      5. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi және журналист, редакция жұмыскерлерi арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.

13-бап. Ақпарат агенттiгi

      1. Ақпарат агенттiгi - қызметi ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды жинауға, өңдеу мен таратуға бағытталған заңды тұлға.
      2. Ақпарат агенттiгiнiң хабарламалары мен материалдарында оның атауы және шығарылған күнi қоса берiлуi тиiс.
      3. Бұқаралық ақпарат құралдары ақпарат агенттiгiнiң хабарламалары мен материалдарын таратуда ақпарат агенттiгiне сiлтеме жасауға мiндеттi.
      4. Ақпарат агенттiгiне осы Заңның күшi жүредi.

3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының
қызметiн ұйымдастыру 14-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою

      1. Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдары мiндеттi түрде уәкiлеттi органда есепке қойылуға тиiс.
      2. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе оның уәкiлеттi тұлғасы есепке тұру үшiн осы Заңның 15-бабының талаптарына сәйкес арыз бередi.
      3. Бұқаралық ақпарат құралын есепке алу жөнiндегi арыз ол түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Арызды қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi немесе төмендегi негiздер бойынша:
      1) егер уәкiлеттi орган бұдан бұрын осындай атауы бар және осы аумаққа таратылатын бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлiк берген болса;
      2) егер арыздың мазмұны осы Заңның 15-бабының талаптарына сәйкес келмейтiн болса;
      3) егер меншiк иесiнiң арызы бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын тоқтату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенiне бiр жыл толмай тұрып берiлген болса;
      4) бұқаралық ақпарат құралының атауы, тақырыптық мазмұны осы Заңның 3-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
      5) арыз осы Заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралын құруға құқығы жоқ жеке немесе заңды тұлға атынан берiлсе;
      6) тауар белгiсiнiң иесi дәл осындай атауы бар бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюға қарсылық бiлдiрмеген жағдайдан басқа кезде, бұқаралық ақпарат құралының атауы қорғалып отырған тауар белгiсiмен айырғысыз дәрежесi бар болса;
      7) берiлген бұқаралық ақпарат құралы және аталатын тұлғалар арасында бар байланысқа қатысты жұртшылық арасында адасушылық тудыру мақсатында құқық иесiнiң келiсiмiнсiз азаматтың жеке аты, заңды тұлғаның фирмалық атауы немесе Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық үкiметтiк емес ұйымның атауы бұқаралық ақпарат құралының атауында қолданылса, арыз керi қайтарылады.
      4. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан бас тарту туралы хабар меншiк иесiне осы Заңда қарастырылған бас тарту негiздерiн көрсете отырып, жазбаша түрде жiберiледi.
      5. Арыз және оған қоса берiлген құжаттар жөнiнде қосымша түсiнiктеме алу қажет болған жағдайларда арызды қарау мерзiмi уәкiлеттi орган шешiмi бойынша тоқтатылады.
      6. Мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығаруға кiрiсу құқығын есепке қою туралы куәлiк алған күннен бастап алты айға дейiн өзiнде қалдырады.
      7. Теле-, радио бағдарламаның, ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң шығарылымы, эфирге шығуы, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды тарату құқығын есепке қою туралы куәлiк алған күннен бастап бiр жылға дейiн өзiнде қалдырады.
      Егер осы баптың 6- және 7-тармақтарында көрсетiлген уақыт аралығында бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң шығарылымы, эфирге шығуы басталмаса, уәкiлеттi органның шешiмi бойынша есепке қою туралы куәлiк күшiн жойған болып есептеледi.
      8. Меншiк иесiнiң құрылтайшысы, меншiк иесi, оның ұйымдық-құқықтық нысандары немесе атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауыстырылған, шығарылым не хабар тарату тiлi, таратылу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты өзгерген жағдайларда бұқаралық ақпарат құралы қайта тiркелуi тиiс.
      Бұқаралық ақпарат құралын немесе ақпараттық агенттiктi қайта есепке қою алдыңғы есепке қою тәртiбiмен бiрдей өтедi.
      9. Қазақстан Республикасында таралатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
      10. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiк бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын iске асыру, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды тарату үшiн негiз болып табылады.
      11. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiк уәкiлеттi органның арызы бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылуы мүмкiн.
      Егер:
      1) есепке қою туралы куәлiк алдау жолымен алынса;
      2) берiлген бұқаралық ақпарат құралын қайтадан есепке қою орын алса;
      3) осы Заңның 17-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралының шығарылымы, эфирге шығуы тоқтатылуы есепке қою туралы куәлiктiң күшi жоқ деп тануға негiз бола алады.

15-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою
туралы арыз

      1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы арыз уәкiлеттi органға берiледi.
      2. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы арызда:
      1) бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiнiң атауы, тұрғылықты жері, ұйымдық-құқықтық нысаны;
      2) бұқаралық ақпарат құралының аты, түрi;
      3) бұқаралық ақпарат құралының тiлi (тiлдерi);
      4) шығарылымның болжалды мерзiмдiлiгi;
      5) негiзгi тақырыптық бағыты;
      6) таратылу аумағы;
      7) редакцияның мекен-жайы;
      8) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      9) болжалды қаражат көздерi;
      10) бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын iске асыратын құрылтайшы мен меншiк иесi басқа қандай бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты құрылтайшы, меншiк иесi, сенiмдi басқарушы, бас редактор (редактор), баспагер, хабар таратушы немесе таратушы болып табылатындығы туралы мәлiметтер;
      3. Арызға:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иесi болып табылатын жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiкпен шұғылдану құқығын растайтын құжат;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иесi болып табылатын заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарының (жарғының, құрылтайлық келiсiм-шарттың) көшiрмелерi қоса берiледi.
      4. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою кезiнде басқа талаптарды алға тартуға тыйым салынады.

16-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату

      Есепке қоюды:
      1) таралымы жүз данадан кем мерзiмдi баспасөз басылымдары;
      2) нормативтiк құқықтық және өзге актiлер;
      3) сот тәжiрибесiнiң бюллетендерi;
      4) қызмет көрсету өңiрi бiр ғимаратпен немесе ғимараттар кешенiмен шектелген кабельдi немесе жер серiгi желiлерi арқылы таратылатын теле-, радио бағдарламалар;
      5) желiлiк бұқаралық ақпарат құралдары қажет етпейдi.

17-бап. Бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын тоқтата тұру және жою

      1. Бұқаралық ақпарат құралының шығарылымы, эфирге шығуы меншiк иесiнiң немесе соттың шешiмiмен тоқтатыла тұруы не мүлдем тоқтатылуы мүмкiн.
      2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрлерiнiң шығарылымын, сондай-ақ теледидар және радио хабарларының эфирге шығуын, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылымын уақытша тоқтату түсiнiледi. Бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға жол берiледi.
      3. Осы Заңның 3, 6-баптары, 14-баптың 8-тармағы, 19-баптың 5 және 7-тармағы және 20-баптың талаптары бұзылған жағдайда, сондай-ақ бұрын сот тәртiбiмен шығарылымы, эфирге шығуы тоқтатыла тұрған бұқаралық ақпарат құралы бiр жылдың iшiнде осы Заң талаптарын қайтара бұзған жағдайда, сот ол бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын тоқтата тұрады.
      4. Осы Заңның талаптарын бiрнеше рет бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншiк иесiнiң қызметiн тоқтатуы бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын тоқтатуға негiз болып табылады.
      5. Меншiк иесiнiң не соттың шешiмiмен бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын тоқтата тұрған немесе тоқтатқан жағдайда уәкiлеттi органға хабар жiберiледi.
      Бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын тоқтату тiркеу туралы куәлiктiң күшiнiң жойылуына, теледидар мен радио хабарларын тарату лицензиясын керi қайтарып алуға әкеп соғады.

18-бап. Ерекше жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн ұйымдастыру

      1. Сайлау науқаны кезiнде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңымен реттеледi.
      2. Соғыс жағдайы кезеңiндегi, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар кезiндегi бұқаралық ақпарат құралдары қызметiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбе бойынша мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекетте iске асырылады.
      3. Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге төтенше жағдайлар кезiнде мемлекеттiк органдар ведомстволық тәуелдiлiгiне және меншiк түрiне қарамастан кез келген теледидар және радио хабарларын тарату желiсiн басымырақ пайдалануға құқылы.
      4. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы Қазақстан Республикасындағы қорғаныс, қауiпсiздiк және тәртiптi қорғау салаларында жедел iс-шаралар өткiзу, теңiзде, жерде, ауада, ғарыштық кеңiстiкте адам өмiрi қауiпсiздiгiне қатысты, сонымен бiрге табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы барлық хабарламаларға басым бағыт беруге тиiс.

4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату 19-бап. Бұқаралық ақпарат құралының таратылуы

      1. Бұқаралық ақпарат құралының таратуды меншiк иесiнiң шешiмi бойынша оның өзi не болмаса келiсiм-шарт немесе өзге заңдық негiздерде қызмет ететiн редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар немесе азаматтар жүзеге асырады.
      2. Эротикалық, сексуалды-эротикалық сипаттағы мерзiмдi баспасөз басылымдарын мөлдiр ораммен буылған күйiнде, орнын және оларда сату тәртiбiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген, осы үшiн әдейi бөлiнген стационарлық жайларда ғана бөлшек сауда арқылы сатуға жол берiледi және көпшiлiк алдына ұсынылмайды.
      3. Жасы 18-ден кiшi жастарды сексуалды-эротикалық сипаттағы бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн тарату және сату үшiн тартуға тыйым салынады.
      4. Жасы 18-ге дейiнгi жастарға эротикалық, сексуалды-эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi басылымдарды сатуға тыйым салынады.
      Аталған мерзiмдi баспа басылымдарын сырт тұлғасына қарағанда жасы он сегiзге толмаған адамдарға сату кезiнде сатушы олардан:
      1) сатып алушының жасын анықтау мақсатымен жеке басын куәландыратын құжат сұрауға;
      2) жеке басын куәландыратын құжат көрсетiлмеген жағдайда сауда жасаудан бас тартуға мiндеттi.
      5. Порнографиялық, сексуалды-эротикалық сипаттағы теледидар және радио бағдарламаларын эфирге шығаруға, сондай-ақ кино-, бейне өнiмдерiн көрсетуге, қатыгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады.
      Эротикалық сипаттағы теледидар және радио бағдарламаларын, эротикалық көрiнiстерi бар жекелеген хабарларды кодталмаған белгiмен жергiлiктi уақыт бойынша тек 24.00-ден таңғы 4.00-ге дейiнгi уақыт аралығында ғана эфирге шығаруға рұқсат етiледi.
      6. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңына сәйкес таратылады.
      7. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теледидар және радио бағдарламаларын қайта тарату хабар таратудың апталық жалпы көлемiнiң 20 пайызынан аспауы тиiс.
      Эфирлi, кабельдi, эфирлiк-кабельдi және сандық көпбағдарламалы теледидар мен радио желiлерi арқылы хабар таратуға бұл талап қойылмайды.
      8. Операторлардың, теледидар және радио бағдарламаларын тарату жөнiндегi техникалық құралдар иелерiнiң немесе осы техникалық құралдарды пайдаланушылардың техникалық құралдарды теледидар және радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi лицензиясы жоқ ұйымдарға пайдалануға беруге құқығы жоқ.

20-бап. Шығару деректерi

      1. Мерзiмдi баспасөз басылымының әрбiр шығарылымы мына мәлiметтердi қамтуы тиiс:
      1) бұқаралық ақпарат құралының аты;
      2) бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiнiң атауы;
      3) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      4) есепке қою туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы;
      5) шығарылымның мерзiмдiлiгi;
      6) бұқаралық ақпарат құралының peт саны мен шығарылған күнi;
      7) таралымы;
      8) баспаның атауы, оның мекен-жайы мен редакцияның мекен-жайы.
      2. Бұқаралық ақпарат құралының эфирге шығуы:
      1) радиоэфирде өз атауын (дабылын), үздiксiз хабар тарату кезiнде - тәулiгiне кемiнде төрт рет жариялаумен;
      2) телеэфирде логотиптi тұрақты орналастыру немесе экрандағы эмблема түрiнде өз атауын жариялаумен бiрге жүруi тиiс.

21-бап. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi даналары және теледидар мен радио хабарлары материалдарын сақтау

      1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi не оның тапсырмасы бойынша үшiншi тұлға мерзiмдi басылымдардың ақысыз мiндеттi даналарын, оның iшiнде осы Заңның 15-бабының күшiмен есепке қоюдан босатылған даналарын, дайын болғаннан кейiнгi үш күн iшiнде Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасына, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағатына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң кiтапханасына, уәкiлеттi органға жiбередi.
      2. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары күндегi эфирге шыққан бағдарламалардың жазбаларын бiр ай сақтауға мiндеттi, сондай-ақ оларды өз эфирлiк жұмысын тiркеу журналында белгiлеп және оны соңғы жазылған жазбадан кейiн кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар бейнелiк, дыбыстық және басқа материалдар уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен сақталады.
      3. Тiркеу журналында хабардың тақырыбы, қысқаша мазмұны, эфирге шыққан күнi, басталуы мен аяқталу уақыты, теледидар және радио хабарларын шығарушы авторлардың, редактордың аты-жөнi тiркелiп отырады.
      4. Уәкiлеттi органның сұрауы бойынша бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi эфирге шыққан бейнелiк, дыбыстық материалдарды арыз түскен күннен бастап он күннен аспайтын мерзiм iшiнде беруге мiндеттi.

5-тарау. Теледидар мен радио хабарларын
таратуды ұйымдастыру 22-бап. Теледидар және радио хабарларын
таратуды ұйымдастыру

      1. Теледидар мен радио хабарларын таратуды ұйымдастыруға эфирге шығу және/немесе теледидар және/немесе радио бағдарламаларын тарату/қайта тарату жатады.
      2. Хабар таратушы:
      1) телекөрермендер мен радиотыңдаушыларға хабар тарату кестесiндегi өзгерiстер туралы алдын ала ескертуге;
      2) егер өзiнiң теледидар және/немесе радио бағдарламаларына төлемақы алатын болса, өз хабарларындағы хабар таратудың аумағы және сипатын телекөрермендер мен радиотыңдаушыларға кемiнде бiр ай бұрын хабарламай өзгертпеуге;
      3) хабар таратудың тұжырымдамасын және бұқаралық ақпарат құралының атауын өзгерту туралы уәкiлеттi органды, сонымен бiрге телекөрермендер мен радиотыңдаушыларды кемiнде бiр ай бұрын ескертуге;
      4) егер келiсiм немесе жазылу шарттарында өзгеше айтылған болмаса, келiсiмнiң немесе жазылудың мерзiмi аяқталғанша теледидар және/немесе радио бағдарламалар үшiн төлемақы мөлшерiн бiр жақты өсiрмеуге мiндеттi.
      3. Теледидар мен радиобелгiлердiң жоғары сапалылығын қамтамасыз ету мақсатында хабар тарату антенналары жүйесiн осы мақсаттарға белгiленген арнайы құрастырылған тiректерге (дiңгектерге, мұнараларға) ғана орналастыруға рұқсат етiледі.
      Теледидар мен радиобелгiлердiң техникалық параметрлерi Қазақстан Республикасының iс жүзiндегi мемлекеттiк стандарттарының және өзге де нормативтiк құжаттарының талаптарына сәйкес болуға мiндеттi.
      Теледидар және радио белгiлерi теледидар және радио хабарларын таратудың белгiлерiн қалыптастырудың күре жолында және сондай-ақ белгiлердi тарату күре жолының буынындағы мемлекеттiк стандарттары мен техникалық параметрлерiне сәйкес болуға тиiс.
      4. Кабельдiк тарату жүйесiн құру және пайдалану тиiстi қызмет көрсету өңiрлерi түйiскен облыстар эфирiнде таратылатын теледидар және/немесе радио бағдарламаларының қабылдау сапасын төмендетпеуге тиiс.
      5. Кабельдiк, эфирлi-кабельдiк және сымдық желiлер бойынша қайта таратылатын теледидар және радио бағдарламалары пакетiнiң құрамына мiндеттi түрде және екi жақтан төлемақы алусыз, жарғылық қорында мемлекеттiң қатысы бар республикалық хабар таратушылардың бағдарламалары кiргiзiлуге тиiс.
      Жоғарыда аталған желiлер операторлары тұтынушыларға осы бағдарламаларды қосымша төлемақы алусыз жеткiзуi тиiс.
      6. Теледидар және радио бағдарламаларды тарату/қайта тарату теледидардың және/немесе радио хабарларын таратудың жер серiгi, жерүстi эфирлiк, эфирлi-кабельдiк, кабельдiк және сымдық желiлерi арқылы iске асырылуы мүмкiн.
      Телерадио хабарларын тарататын ұйымдар өз бағдарламаларының тарату және көрсету үшiн меншiгiндегi теледидар және радио хабарларын тарату желiлерiне қоса, келiсiм-шарт бойынша өзге де телекоммуникациялық желiлердi пайдалана алады.
      Теледидар және радио бағдарламаларын тарату, қайта таратуды iске асыратын хабар таратушы мен оператордың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

23-бап. Шекарадан тыс жерлерде теледидар және
радио хабарларын тарату

      1. Қазақстан Республикасы аумағынан шекаралық жерлерге теледидар және радио хабарларын тарату байланыс саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен iске асырылады.
      2. Белгiлердi транзиттi түрде беруге арналған теледидар және радио бағдарламаларын тарату уәкiлеттi органның және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша iске асырылады.

24-бап. Теледидар және радио бағдарламаларын қабылдау

      1. Тұтынушылар теледидар және радио бағдарламаларын, жекелеген телерадио бағдарламаларын және қосымша ақпаратты, оның iшiнде жер серiгiн, ақылы және тегiн түрде кодтаушы (декодирующие) қондырғыларды пайдалану арқылы, сондай-ақ теледидар мен радио хабарларын таратудың ашық желiсi арқылы да еркiн қабылдауға құқылы.
      2. Теледидар және радио бағдарламаларын тұрақты қабылдау аумағы шегiнде хабарларды қабылдауға немесе оның техникалық сапасына бөгеуiлдер келтiретiн жұмыстар жүргiзуге тыйым салынады. Бұған кiнәлi деп танылған заңды және жеке тұлғалар теледидар мен радио бағдарламаларының сапасын қалпына келтiруге байланысты барлық шығындарды өз есебiнен өтеуге мiндеттi.
      Теледидар мен радио хабарларын тарату процесiнде пайда болатын индустриалдық бөгеуiлдердi жою, осы бөгеуiлдер болған жердегi меншiк иесiнiң (қарауында, басқаруында) есебiнен жасалуға тиiстi.

6-тарау. Теледидар және радио хабарларын таратуды
лицензиялау 25-бап. Теледидар және радио хабарларын
таратуды лицензиялау

      1. Жеке және заңды тұлғаның теледидар және радио хабарларын тарату саласында радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып және пайдаланбай да қызмет етуi лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Лицензиялауға теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызмет жатады.
      Теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды уәкiлеттi орган iске асырады.
      3. Радиожиiлiк спектрiн (теледидар арнасын) пайдалануға рұқсатты теледидар және/немесе радио хабарларын тарату/қайта таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметiне берiлген лицензиясы бар болған жағдайда байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бередi.
      4. Радиожиiлiктi пайдалану рұқсатында мiндетті түрде техникалық құралдардың орналасқан жерi, оның iшiнде географиялық координаттары көрсетiлген антенналық құрылғылардың орналасуы, сондай-ақ пайдаланылатын таратқыш құралдардың нақты қуаты көрсетiлуi тиiс.
      Жоғарыда аталған параметрлер өзгерген жағдайда, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша байланыс саласындағы уәкiлеттi органнан жаңа рұқсат алу қажет.
      5. Теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру қызметiне берiлген лицензия теледидар және радио хабарларын тарату/қайта тарату мақсаттары үшiн хабар таратушы мен техникалық құралдардың операторы арасында техникалық құралдарды жалға алу келiсiм-шартын жасауға негiз болып табылады.
      6. Теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлетiн лицензияларды беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      7. Теледидар және радио хабарларын тарату желiсiн телекоммуникациялық қызмет көрсетулер таратылуына пайдаланған жағдайда (мәлiметтердi бepу, интернет, тақырыптық қызмет көрсетулер, жергiлiктi теледидар байланысы және т.б., сондай-ақ теледидар және дыбыстық хабар таратудың бағдарламаларын беретiн арналарды жалға беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi ұсынған кезде) хабар таратушының қызметi лицензиялау туралы заңға сәйкес байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен берiлген тиiстi лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

26-бап. Хабар тарату құқығы лицензиясының iс-әрекетiн
тоқтата тұру және керi қайтарып алу

      1. Теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру қызметiне берiлген лицензия iс-әрекетi лицензиялау туралы заңнамада қарастырылған тәртiппен, сондай-ақ лицензиялық талаптар бұзылғандығы анықталған жағдайда және лицензия иесiнiң азаматтардың құқықтарына, заңдық мүдделерiне, имандылықтарына және денсаулықтарына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      2. Теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензияны қайтарып алу лицензиялау туралы заңнамада қарастырылған негiздерден басқа төмендегi жағдайларда керi қайтарып алынады, егер лицензия иесi:
      1) әкiмшiлiк жаза қолданғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде осы заңның ережелерi немесе оның берiлу шарттарын қайтадан бұзса;
      2) өз iс-әрекетiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiнгi алты ай iшiнде теледидар және радио хабарларын таратуды iске асырмаса;
      3) теледидар және  радио хабарларын тарату хабар таратуға берiлген лицензияны тоқтата тұрған кезеңде қайта жаңғыртуға рұқсатсыз iске асырылған болса.
      3. Теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензияның керi қайтарылып алыну заңдылығы сотқа шағым беру тәртiбiмен шешiлуi мүмкiн. Төленген лицензиялық алым керi қайтарылмайды. Хабар таратушының шығарған шығындарына хабар таратуға берiлген лицензияны керi қайтару заңды болғандықтан, лицензия берушi жауап бермейдi.
      4. Теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру қызметiне берiлген лицензияны керi қайтарып алу уәкiлеттi органның талабы бойынша заңда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

27-бап. Теледидар және радио хабарларын
лицензиясыз тарату

      1. Теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензия талап етiлмейдi, егер:
      1) кабельдiк және сымдық желiнiң қызмет көрсету өңiрi заңды бiр тұлғаның қарамағындағы бip ғимаратпен (тұрғын үйлер үшiн) немесе ғимараттар кешенiмен шектелген болса;
      2) салтанатты, мәдени-бұқаралық, спорттық iс-шараларды өткiзуге байланысты қырық бес күннен аспайтын мерзiм iшiнде уәкiлеттi орган берген уақытша рұқсат негiзiнде хабар тарату жүзеге асырылуы тиiс деп жорамалданған жағдайда.
      2. Лицензиясыз хабар таратуға жауапты жеке немесе заңды тұлға хабар таратуға уақытша рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға жоспарлы хабар тарату басталардан отыз күн бұрын жазбаша түрде арыз жiберуi керек, онда:
      1) осындай хабар таратуды iске асыратын жауапты тұлға туралы;
      2) қызмет көрсету өңiрi туралы;
      3) теледидар және радио хабарларын таратудың шамалас тақырыптық бағыттары және мамандандыру туралы;
      4) теледидар және радио хабарларын тарату кезеңi туралы мәлiметтер бар хабарлама жiберуге мiндеттi.
      3. Лицензиясыз теле және радио хабарларды тарату лицензиясыз теле радио хабарларын таратудың қызмет көpceтулepі өңiрiнде басқа хабар таратушылардың теледидар және радио бағдарламаларын қабылдау сапасының нашарлауына ықпал етпеуi, сондай-ақ өзге де техникалық құралдарға бөгеуiлдер жасамауы керек.
      4. Осы Заңның талаптарын бұзу арқылы жүзеге асырылатын лицензиясыз хабар таратуға тыйым салынады және шұғыл тоқтатуға жатады.

7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтармен және ұйымдармен қарым-қатынасы 28-бап. Авторлық туындылар мен хаттар

      1. Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, зияткерлiк меншiкке авторлық құқықты және өзге де құқықтарды қоса сақтауға мiндеттi. Автор немесе туындыға айрықша құқығы бар иеленушi басқа тұлға ұсынылып отырған туындыларды пайдаланудың ерекше шарттары мен сипатын ескерте алады.
      2. Редакцияға жолданған оқырмандар хаттарын жариялау кезiнде олардың мәтiнiн қысқартуға және хаттың мазмұнына нұқсан келтiрмей, редакциялауға жол берiледi.

29-бап. Ресми хабарламалар

      1. Мемлекеттiк органдардың ресми хабарламалары бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орналастырылады.
      2. Егер ресми хабарлама бұқаралық ақпарат құралдары үшiн мемлекеттiк органдармен немесе ұйымдармен дайындалса, оған сiлтеме жасалып, еш өзгерiссiз басылуға тиiс.
      3. Мемлекеттiк органдар бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне өтiнiш жасаған кезде, олардың меншiк нысанына және кiмге қарайтынына қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сырлары болып табылатын және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардан басқаларды тең шарттармен беруге мiндеттi.
      Лауазымды адамдардың әдейi жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұралып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру мерзiмiн немесе бермеу салдарын көрсете отырып, жауабын беруге мiндеттi.
      5. Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
      6. Бұқаралық ақпарат құралы қойған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн мемлекеттiк органдарға немесе өзге де ұйымдарға өтiнiш келiп түскен жағдайда, осы өтiнiш бес күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiлiп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабарлануға тиiс.
      8. Сұралып отырған мәлiметтердi беруден бас тарту бұқаралық ақпарат құралы өкiлiнiң жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, одан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа шағым жасау арқылы шешiлуi мүмкiн.

30-бап. Мiндеттi хабарламалар

      Бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын iске асыратын меншiк иесi аталған бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау, дыбыстандыру туралы талаптары бар, күшiне енген сот шешiмiн көрсетiлген мерзiмде тегiн жариялауға, дыбыстандыруға, хабарлауға мiндеттi.

31-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы қоғамдық ұйымдар

      1. Бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерi, редакциялары, ерiктi негiзде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық ұйымдарды құра алады.
      2. Қоғамдық ұйымдар тұрақты жұмыс iстейтiн кеңестiк-алқалық орган нысанында немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарда құрыла алады.

32-бап. Терiске шығару құқығы

      1. Азамат немесе заңды тұлға шындыққа сәйкес келмейтiн, өзiнiң ар-намысына, абыройына және iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтердi терiске шығаруды сот тәртiбiмен шешуге талап етуге құқылы.
      Қоғамдық пiкiрдегi ұйымдардың заңды орындау және қоғамның моральдық қағидаттарын сақтау тұрғысынан адамның немесе ұйымның ар-намысына, абыройына және iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi жариялау арандатушылық болып табылады.
      2. Егер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған мәлiметтер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, абыройына немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiрiп, шындыққа сәйкес келмейтiн болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн түрде терiске шығарылуға тиiс.
      3. Терiске шығару көлемi терiске шығарылатын мәлiметтердiң көлемiнен аспауға тиiс. Терiске шығару мерзiмдi баспасөз басылымдарында "Терiске шығару" деген айдармен терiске шығарылатын мәлiметтер берiлген сол бетке орналастырылуға, теледидар және радио бағдарламаларының сол бағдарламасында, сол уақытта хабарлануға тиiс.
      Егер аталған мәлiмет ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе қайтарылып алынуға тиiс.
      Өзге жағдайларда терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейдi.
      4. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.
      5. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, абыройына немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығару орнына олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
      6. Егер аталған талаптар не болмаса ұсынылған терiске шығару мәтiнi шығарылымды, эфирге шығуды жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралының редакциясына осы бұқаралық ақпарат құралында терiске шығарылатын мәлiметтердiң таратылғанына бiр жыл өткеннен кейiн келiп түскен болса, терiске шығару қабылданбауы мүмкiн.
      Терiске шығарудың қабылданбауы не болмаса осы Заңмен белгiленген терiске шығару тәртiбiн бұзу терiске шығарылатын мәлiметтер жарияланған күннен бастап бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдану арқылы шешiле алады.
      7. Шығындарды өндiрiп алу көлемi мен моральдық зиян сот тәртiбiмен анықталады.

8-тарау. Журналистiң құқықтары мен мiндеттерi 33-бап. Журналистің құқықтары

      1. Журналистiң:
      1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
      2) мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн iске асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан басқа жағдайда, өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;
      3) жазбаларды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, соның iшiнде дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;
      4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда болуға, митингiлер мен шерулерге, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды бiлдiрудiң өзге де нысандарына қатысуға;
      5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысу үшiн рұқсат алуға;
      6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
      7) алынған ақпарат материалдарын тексеруде мамандарға жүгiнуге;
      8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарды өз қолын қойып, шартты атымен (бүркеншiк атымен) таратуға;
      9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейiн журналистiң жеке сенiмiне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;
      10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға;
      11) егер көпшiлiк лауазымды қызметтегi адам бұқаралық iс-шаралар өткiзу барысында немесе төлемақы үшiн түсiрiлсе, олардың ар-намысына, абыройына немесе iскерлiк беделiне кiр келтiрмейтiн бет-бейнесiн ол адамдардың келiсiмiнсiз пайдалануға құқығы бар.
      2. Мемлекет журналистiң оның кәсiби қызметiн iске асыруға байланысты ар-намысын, абыройын, денсаулығын, өмiрiн және мүлкiн қоғамға пайдалы мақсаттарды дiттеп жүрген тұлға ретiнде қорғауға кепiлдiк бередi.

34-бап. Журналистiң мiндеттерi

      Журналист:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, өзi келiсiм-шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын iске асыруға;
      2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;
      3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;
      4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;
      5) азаматтармен сұхбат жүргiзуде дыбыстық немесе бейнелiк жазбаларды пайдалануға келiсiм алуға;
      6) өзiнiң дайындаған материалдары немесе хабарламаларының таралуына байланысты заңда қарастырылған өзге iзденулер мен талаптардың болуы мүмкiндiгi туралы бас редакторды (редакторды) алдын ала хабардар етуге;
      7) кәсiптiк қызметтi iске асыруда редакциялық куәлiктi немесе өзiнiң журналист ретiндегi өкiлеттiлiгiн растайтын өзге құжатты алғашқы талаптан-ақ ұсынуға мiндеттi.

35-бап. Арнайы мәртебе

      Журналистiң осы Заңмен белгiленген кәсiби мәртебесi, сондай-ақ:
      1) осы Заң талаптарының күшiмен бұқаралық ақпарат құралы ретiнде есепке алудан босатылған, өнiмi тек бiр мекеме аумағында ғана таратылатын, редакцияның хабарламаларды редакциялаумен, жасаумен, жинаумен және дайындаумен айналысатын штаттағы қызметкерлерiне;
      2) бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, эфирге шығуын жүзеге асыратын, оның тiзiмдік құрамына кiрмейтiн, редакцияның тапсырмасы бойынша хабарларды редакциялау, жасау, жинау немесе дайындаумен айналысатын және тiлшi ретiнде онымен азаматтық-құқықтық қарым-қатынастармен жалғасқан редакция қызметкерлерiне;
      3) жеке еңбек қызметi тәртiбiнде журналистiкпен айналысатын және олардың журналист ретiндегi уәкiлеттiгiн куәландыратын құжаты бар азаматтарға таралады.

9-тарау. Журналистердi тiркеу 36-бап. Журналистердi тiркеу

      1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсiм бойынша олардың жанында өз журналистерiн тiркей алады.
      2. Журналист тiркелген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар өткiзiлетiн отырыстар, кеңестер және өзге де шаралар жөнiнде оны алдын ала хабардар етуге, стенограммалармен, хаттамалармен және мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, тiркелген журналист өзiн тiркеген мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда өткiзiлетiн отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқылы.
      4. Егер журналист тiркеу ережелерiн бұзса не өзiн тiркеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтiретiн шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, тiркеуден тек сот шешiмi бойынша ғана айрылуы мүмкін.
      5. Журналистердi тiркеу ережелерiн уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен бекiтедi.

37-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде тiркеу

      Егер халықаралық шарттармен өзгеше көзделген болмаса, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралының иесi Қазақстан Республикасының және өздерi болған мемлекеттердiң заңнамасында қарастырылған тәртiппен басқа мемлекеттерде тiлшiлер қосынын ашуға, журналистерді тiркеуге құқылы.

38-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық
ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi

      1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi.
      2. Қазақстан Республикасында тiркелген шетел журналистерiнiң және басқа да шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттеледi.
      3. Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Заңның нормаларын бұзатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға сот тәртiбiмен тыйым салынады.

10-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк 39-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк негiздерi

      1. Азаматтардың, мемлекеттiк орган мен өзге де ұйымдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал ету Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      2. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды бұзғаны үшін мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың оған кiнәлi лауазымды адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi, таратушысы, бас редакторы (редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады.
      3. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi, бас редакторы (редакторы) осы Заңның 3-бабының 1-, 2-тармағында көрсетiлген хабарлар мен материалдарды таратқаны үшiн, олардың алынған көздерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жауапты болады.
      4. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау Қазақстан Республикасының заң актілерiмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

40-бап. Шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратқаны
үшiн жауапкершiлiктен босатылатын реттер

      Меншiк иесi, бас редактор (редактор), журналист бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратқаны үшiн:
      1) егер бұл мәлiметтер ресми хабарлар мен құжаттарда айтылған болса;
      2) егер олар жарнама агенттіктерiнен немесе мемлекеттiк органдардың баспасөз қызметiнен алынса;
      3) егер олар өкiлдi органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерiнiң сөзбе-сөз қайталанып берiлуi болса;
      4) егер олар алдын ала жазылып алынбай, эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтiндерде айтылса, меншiк иесi, бас редактор (редактор), журналист жауапты болмайды.

11-тарау. Қорытынды ережелер 41-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      1. Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жинағы, 1999 ж., N 21, 771-бап; 2001 ж., N 10, 122-бап).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады