Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 906 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Баспалар үйi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Жарғыны бекiту кезiнде Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру деп айқындасын;
      2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 8 қыркүйектегі
N 906 қаулысымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-84-жолмен толықтырылсын:
      "123-84. "Баспалар үйi" АҚ".

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қоса берiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-23-жолмен толықтырылсын:
      "224-23. "Баспалар үйi" АҚ".

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады