"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 қыркүйектегі N 912 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Корпорация) "N 1 Нан базасы", "N 2 Нан базасы", "N 4 Нан базасы", "N 5 Нан базасы" "N 6 Нан базасы", N 7 Нан базасы өкiлдiктерiнiң мүлiктiк кешендерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетіне берудi қамтамасыз етсiн. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1373 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi тапсыру есебiнен Корпорацияның жарғылық капиталын ұлғайтуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есiмовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады